Шошқа гигиенасы жайлы


1. Шошқа шаруашылығы
2.Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері
3. Торай , мегежін гигиенасы
Пайдаланылған әдебиеттер
Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.Шошқа малдарына арналған фермаларда, әсіресе ірілендірілген комплекстерде, олардан аз шығынмен мол өнім алу үшін ерекше көңіл ветеринариялық-профилактикалық шараларға аударады. Малдардың ветеринариялық профилактикасы жалпы және арнайы шаралардан тұрады. Бұл прафилактиканың негізі – жалпы санитарлық-гигиеналық шаралар болып саналады, яғни ветеринариялық-санитарлық және зоотехникалық-гигиеналық нормативтер мен ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мәдениетті түрмен дамуын қамтамасыз ету.

Санитарлық-гигиеналық тұрғыдан жоғарғы мәдениетті шаруашылық берік азық қоры болып, зоогигиеналық талаптарға сәйкес тұрғызылған мал қоралары мен, малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне ылайықталған технологиямен және ветеринариялық-санитарлық объектілермен қамтамасыз етілген болуы керек. Шошқа шаруашылығындағы жұмыстардың ритімді (жүйелі) жүріп, жиі мал тобының алмасуы, механикаландырылған және автоматизацияланған процесстердің қолданылуы т.б. ұйымдастыру және ветеринариялық профилактикаға белгілі бір шамалы әсерлер тигізеді. Сондықтан ветеринариялық-санитарлық және гигиеналық шаралар шошқа өнімдерін өндірудегі технологиялық процесстерге кіріп, алынатын өнімдердің тиімділігі және сапасы ветеринариялық құжаттың талаптарына сай болуы керек.
1.Храбустовский И.Ф., Демчук В.М., Онегов А.П Практикум по зоогигиене. Уч.пособие Москва, Колос, 1984. 2.Садуақасов С. М. «Ауыл шаруашылық малдары мен құстардың гигиенасы» (ІІ кітабы). Оқулық. Алматы, 2010 ж. 88-89 бет.
3.Мырзабеков Ж. Б., Ибрагимов П. Ш. «Ветеринариялық гигиена». Оқулық. Алматы; ҚазҰАУ, «Агроуниверситет» баспасы, 2011 ж. 336-345 бет.
4.Кузнецов А.Ф., Демчук М.В и др. Гигиена сельскохозяйственныхживотных. Книга 1,2. Москва: Агропромиздат, 1991.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 6 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: : Шошқаның гигиенасы

Орындаған: Халелова.Ж
Тексерген: Cадуақасов М. С.

Жоспар
1. Шошқа шаруашылығы
2. Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері
3. Торай , мегежін гигиенасы
Пайдаланылған әдебиеттер

Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.Шошқа малдарына арналған фермаларда, әсіресе ірілендірілген комплекстерде, олардан аз шығынмен мол өнім алу үшін ерекше көңіл ветеринариялық-профилактикалық шараларға аударады. Малдардың ветеринариялық профилактикасы жалпы және арнайы шаралардан тұрады. Бұл прафилактиканың негізі - жалпы санитарлық-гигиеналық шаралар болып саналады, яғни ветеринариялық-санитарлық және зоотехникалық-гигиеналық нормативтер мен ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мәдениетті түрмен дамуын қамтамасыз ету.

Санитарлық-гигиеналық тұрғыдан жоғарғы мәдениетті шаруашылық берік азық қоры болып, зоогигиеналық талаптарға сәйкес тұрғызылған мал қоралары мен, малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне ылайықталған технологиямен және ветеринариялық-санитарлық объектілермен қамтамасыз етілген болуы керек. Шошқа шаруашылығындағы жұмыстардың ритімді (жүйелі) жүріп, жиі мал тобының алмасуы, механикаландырылған және автоматизацияланған процесстердің қолданылуы т.б. ұйымдастыру және ветеринариялық профилактикаға белгілі бір шамалы әсерлер тигізеді. Сондықтан ветеринариялық-санитарлық және гигиеналық шаралар шошқа өнімдерін өндірудегі технологиялық процесстерге кіріп, алынатын өнімдердің тиімділігі және сапасы ветеринариялық құжаттың талаптарына сай болуы керек.
Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері. Шошқа шаруашылықтары негізінен үш бағытта жұмыс істейді:
1. аяқталған өндірістік циклмен;
2. репродукторлы;
3. ет өндіру.

Өндірістік процесстері жоғарғы дәрежеде механикаландырған және автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін шошқа шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері деп атайды.
Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін үздіксіз (поток) өндіру технологиясы жатады. Ол кездерде малдарды технологиялық циклге байланысты бір орыннан екінші орынға, немесе бір қорадан екінші қораға ауыстырып отырады, яғни ұрықтандыруға жататын аналықтарды, буаз, қысыр шошқаларды, енесінен айырған және жас торайларды кезекті мезгілдерінде бір жерден екінші орынға орналастырып отырады.
Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін, оларды комплекстерде бөлектенген секцияларда ұстайды да, орын алмастыру кездерінде жасалған жоспар бойынша әр секцияны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп отырады. Шошқа фермаларының типі және размерлері, ұстау жүйелері, және қосымша салынатын объектілері әр шаруашылықтың бағытына, жер ораймен ауа райының ерекшеліктеріне байланыстырып алынады. Бағыты бойынша шошқа шаруашылықтары тұқымдық және өнімдік болып бөлінеді.
Тұқымдық бағыттағы фермалардың міндеті шошқаларды тұқымдық және өнімдік қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін шаруашылықтарды жоғарғы өнімді малдармен қамтамасыз ету болып саналады.
Аналық шошқаларды дұрыс азықтандыру және күтіп-бағу олардың денсаулығы мен өнімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Мегежін шошқалардың денсаулығы жақсы болса ғана олардың болашақ төлдерінің эмбрионалдық және постэмбрионалдық (туғаннан кейінгі) өсіп-жетілуіне тікелей әсерін тигізеді. Жас алғашқы торайлайтын мегежін шошқалардың жасы және салмағы зор рөл атқарады. Жас шошқаларды алғашқы шағылыстан өткізу мерзімі өнімдік фермаларда 10 айлығынан (салмағы 110 кг), тұқымы фермаларда - 11-12 айлығында (тірі салмағы -120-140 кг) бастаған ең қалыпты жас болып есептеледі. Жетілмеген жас мегежіндердің организмдегі жатырдағы төлдің өсуі мен сүт түзілу процесстері қатар жүреді де, аналық жүдеп арыйды, олардың желіндерінде сүт түзілу процесстері нашарлап, көбінесе туған торайлардың өсіп-жетілуі төмен болады.
Буаздық мерзіміне қарап мегежін шошқаларды жекелеп немесе шағын топтармен ұстайды.
Қалыпты жағдайда жыл ішінде әр мегежін шошқаны 2-2,2 рет тудырып орта есеппен 9-10 торайлардан, яғни жиыны 20-22 бастан алады. Буаз шошқалардың құнарлы заттарға сұранысы, олардың денсаулығын қалыпты жағдайда ұстап тұруға, жатыр ішіндегі ұрықтың өсіп-дамуына, олардың мүшелерінің қалыптасуына, желіндегі уыздың түзілуіне т.б. байланысты болады.
Ұрықтанған аналық клеткалар 3-5 тәуліктен соң жатырдың қабырғасына бекіп, ал плаценттің (төл сыртындағы қабаты-шуы) түзілуі буаздықтың 15-20 тәулігінде ғана жүреді де, бұл күндері жатырдағы төлдің қорғанысы нашар болып, шамалы сыртқы ортаның әсерінен (суық су ішу, суық өту, қысылып, соғылысу т.б.) іш тастау кездеседі.
Буаз шошқаларды торайлайтын орындарға кіргізердің алдында қораны мұқият тазалап, жабдықтарды дезинфекциялаудан өткізіп, дайындықтар жүргізеді.
Мегежін шошқаларды торайлардың алдында тексеруден өткізіп, әсіресе желін ауруына көңіл бөледі. Малдың желін ауруының негізгі көрсеткіштері байқалса (қызарған, ісік, қатайған т.б.) рационнан сулы азықтарды шығарып тастап, емдеу жұмыстарын жүргізеді.
Буаз шошқаларды тууына 5-7 күн, ал топтап ұстаған кезде10-15 күн қалғанда аналық шошқалардың қорасына ауыстырып, жекелеме станоктарға орналастырады.
Буаз шошқалардың тууына 4-5 тәулік қалғанда, олардың рационын біртіндеп азайтып, торайлайтын күніне қарсы 50 % қысқартады (жартылай аш рацион). Туғаннан соң аналыққа жылы су береді де, 10-12 сағаттан ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Шошқа гигиенасы
Шошқа гигиенасы туралы мәлімет
Шошқа гигиенасы туралы
Шошқа малдарының гигиенасы
Шошқа гигиенасы және шаруашылығы маңызы
Шошқа өнімдерін өндіру технологиясы, гигиенасы және санитариясы
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет
Шошқаның гигиенасы жайлы
Ауески ауруы. Шошқа лептоспирозы жайлы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь