Экономика жүйесін дамыту үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар



I.Кіріспе
II.Негізіг бөлім
Экономикалық жүйе
III.Қорытынды
IV. Падаланылған әдебиеттер тізімі
Экономикалық жүйе –бұл категорияның ең көп тараған анықтамасы болып, мына анықтама анықталады, яғни «өндіріс процесінде, бөлу, айырбастау және тұтынуда пайда болатын негізгі экономикалық қатынастардың мазмұны мен формасын анықтайтын қағидалар, ережелер мен заңмен бекітілген нормалардың жиынтығы». Бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.
Экономикалық ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер (критерий) негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің объективті көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.
Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
1) Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
2) Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
1.1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
1.2. Әкімшілік — әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.
2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.
3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар

Орындаған:Тоқтасынова Қымбат
Тобы:АГ­413
Тексерген:Қуатқан Б.Қ.

Семей,2015ж
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізіг бөлім
Экономикалық жүйе
III.Қорытынды
IV. Падаланылған әдебиеттер тізімі

Экономикалық жүйе - бұл категорияның ең көп тараған анықтамасы болып, мына анықтама анықталады, яғни өндіріс процесінде, бөлу, айырбастау және тұтынуда пайда болатын негізгі экономикалық қатынастардың мазмұны мен формасын анықтайтын қағидалар, ережелер мен заңмен бекітілген нормалардың жиынтығы. Бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.
Экономикалық ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер (критерий) негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің объективті көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.
Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
1) Жабық экономика - барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
2) Ашық экономикалық жүйе - халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
1.1. Дәстүрлі жүйе - ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
1.2. Әкімшілік -- әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
1.3. Нарықтық экономика -- меншікке, бәсекеге негізделеді.
1.4. Аралас экономика - мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.
Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік - экономикалық даму ең нашар деңгейде.
3. Техникалық прогресс шектеулі.
4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.
Әкімшілік -- әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.
1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.
3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
4. Орталықталынған ресурстар қоры.
5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.
Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі - таза нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген
нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
1. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.
Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономикажүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда

Экономикалық жүйенің элементтері. Әр экономикалық жүйеде өзіне тән өндірістік қатынастар мен өндірістік күштері болады. Өндірістік қатынастар ұдайы өндірістің (ҰӨ) әр сатысына тән қалыптасады.
ҰӨ = Ө + Б +ҚБ + Т (Ұдайы өндіріс = Өндіріс + Бөлу + Қайта бөлу + Тұтыну)
ӨК = ЖК + ӨҚ (Өндіріс күштері = Жұмыс күші + Өндіріс құралдары)
Экономикалық жүйенің дамуына әсер ететін факторлар.
-- елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;
-- меншік құрылымы;
-- ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;
-- мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.
Бұл факторлар келесі 3 құрылымға топтастырылады:
Шаруашылық құрылымы -- бұл шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты материалды-техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.
Әкімшілік (ұйымдық) құрылым -- лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен міндеттерінің жиыны.
Ақпараттық құрылым алғашқы екі құрылымның қызметі жайлы алынған мәліметтерді топтастырады және таратады.
Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әр түрлі сипатқа ие болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Бір елде бірнеше сипатты бір мезгілде қатар орын алуы мүмкін. Бұл жағдай экономикалық жүйенің өзінің қарама-қарсы және толқынды қозғалысына әкеледі. Осылайша, егер елде мемлекеттік сипат күшейе бастаса, ұлттандыру процесі жүруде деп білеміз. Керісінше, жеке шаруашылықтық сипат алғы кезекке шықса, орталықтандыру орталықсыздандырумен алмастырылады.
Қазіргі заманғы әлем әрқасысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды қандай да бір критерий негізінде топтастырып, жіктеуге болады. Қоғамның тарихи даму процесін әр экономист өзінше түсінетін болғандықтан, олардың таңдап алған критерийлері де біркелкі емес. Әр түрлі көзқарастар негізінде құрылған экономикалық жүйелерді классификациялаудың кейбіреулерін қарастыралық.
I. Формациялық көзқарас -- Маркстік теорияға тән. Маркс үш мүшелік классификацияны қорытып шығарды.
Алғашқы (архаистік) құрылыс -- алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс әдістерінен тұрады. Бұл топтағы көңіл аударатын азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шегінде қала отырып, рыноктың көмегінсіз, өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген шығыстық қауым.
Экономикалық оқшауланған қауымдардың күш-куатын табиғатты ірі көлемде игеру мен қорғаныстың қажеттігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік қоғамдастық
Менеджменттің Классикалық мектебі
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын және сыртқы саясатын дамытудың жолдары
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Аралас экономиканың қалыптасуының теориялық ас – пектісі
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Жаңа оқыту технологиясы арқылы колледж студенттерінің ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандыру тұжырымдамасы
Қаржы нарығы жайлы
Қазақстандағы нарықтық инфрақұрылымның қалыптасу мәселесі
Пәндер