Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы ақпарат


ҚАЗАҚСТЫН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік-технологиялық факультеті
Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: Кәсіпорынның өндірістік қорлары
Орындаған: Капсалямов К:Ш.
Топ: ТФ-205
Тексерген: Нуралина К. Т.
Семей2015
Мазмұны
Кіріспе3
1 Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорының теориялық аспектісі5
1. 1 Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен құрамы5
1. 2 Айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығы8
1. 3 Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері мен негізгі қорды қолданудың тиімділік көрсеткіштері11
2. Кәсіпорынның қаржылық қорын бағалау және жоспарлау16
2. 1 Кәсіпорорынның қаржылық қорлары және жоспары16
2. 2 Кәсіпорынның қаржылық қорларын бағалау19
2. 3Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары23
3. Индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы кәсіпорынның негізгі қорын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары29
3. 1 Кәсіпорындағы қорлардың тиімді пайдалануын жоспарлау және бөлу29
Қорытынды38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі40
![]()
Кіріспе
Нарықтық қатынастар, нарықтық экономика жағдайында қол жеткізілген ғылыми-техникалық прогресті, өндірістің шаруашылық етуі мен басқаруының тиімді нысандарын игеру негізінде кәсіпорыннан іс әрекетсіздікті жоюды, кәсіпкершілікті белсендіруді, өндіріс тиімділігін, өнім мен қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуды талап етеді.
Бұл міндетті жүзеге асырудағы маңызды рөлді шаруашылық субъектілердің қызметін экономикалық талдау алады. Оның көмегімен кәсіпорын дамуының стратегиясы мен тактикасы пайда болады, жоспарлар мен басқару шешімдері негізделеді, олардың орындалуына қадағалау жүргізіледі, өндіріс тиімділігін жоғарылату резервтері анықталады, кәсіпорын, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің қызмет нәтижесі бағаланады. Негізгі өндірістік қорлардың өндірістік және технологиялық құрылымын білу аз шығындар жұмсаумен, жоғары еңбек өнімділігіне жету мақсатында өндіріс пен жұмыс орындарын ұйымдастыруды тиімді жобалауға мүмкіндік береді.
«Болашақтың экономикасы» секторларына жеке тоқталғым келеді. Нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйе оның негізі болуы тиіс.
Негізгі өндірістік қорлар - қандай да бір өндірістің бірден бір маңызды факторы. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорынның негізгі қоры мен өндірістік қуаттарын тиімді пайдалану барлық технико-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді, оның ішінде өнім шығаруды арттыруға, өзіндік құнды, дайындаудың еңбек сыйымдылығын төмендетуге.
Кәсіпорындағы негізгі капиталдың жағдайы мен оны тиімді пайдалануды талдау міндеттері келесідегілерді анықтау болып табылады:
- негізгі өндірістік қордың құрамы мен құрылымын өзгерту;
- негізгі қорды пайдалану деңгейі және оны анықтайтын факторлар;
- айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығын анықтау;
- Өндірістік Бірлестігінің құрылымдық бөлімшесінің (ӨБ ҚБ) негізгі өндірістік қорының тиімді падалануын талдау.
1 Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорының теориялық аспектісі
1. 1 Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен құрамы
Кәсіпкерліктің ең белсенді түрі - өндіріс: өнім, тауар, жұмысты өндіру, әртүрлі қызметтер көрсету және белгілі бір рухани құндылықтарды өңдеу.
Өндірістік кәсіпорынның тиімді қызмет етуі көбінесе өндірістік факторларды, оның ішінде негізгі қорды тиімді пайдаланумен анықталады.
Негізгі қор (құндық бағада негізгі капитал) - бұл еңбек құралы ретінде қолданылатын, өзінің табиғи қалпын сақтай отырып ұзақ мерзім бойы әрекет ететін, өзінің құнын өндірген өнімге біртіндеп аударатын материалдық-заттық құндылық.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі тек қана материалды, еңбек және қаржы қорларын пайдалану есебінен ғана қамтылмайды, мұндағы негізгі қорлардың ролі айтарлықтай. Бұл еңбек құралдары және еңбек процесіндегі материалды жағдайлар, міне соның арқасында өндіріс процесі (кәсіпорын қызметі) жүзеге асырылады.
Еңбек құралдары - станоктар, жұмыс машиналары, беріліс құралдары, құрал-саймандар мен сол тәрізділер, ал еңбек процесіндегі материалды жағдайлар - өндірістік ғимараттар, көлік құралдары және өзгелер - « . . . бұл зат немесе адам өзі мен еңбек заты арасында орналастыратын заттар жиынтығы, және олар осы затқа әсер етуде жолбасшы ретінде қызмет етеді». Халық шаруашылығының негізгі қоры дегеніміз Қазақстан Республикасының ұлттық табысының айтарлықтай тез арттыратын және маңызды бөлігі. Негізгі қордың көлемі іс әрекеттегі негізгі қорды қайта құру және жаңғырту есебінен жоғары өндірісті машиналар және жабдықтармен үнемі толықтырылады. Негізгі қордың ерекшелігі өндіріс барысында бірнеше рет қолдануда және ұзақ мерзім бойы бастапқы сыртқы түрін (пішінін) сақтауда. Өндірістік процесс және сыртқы ортаның әсер етуінен олар бірте-бірте тозады және өз құнын жасаған өнімге өзінің тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп аударады
Негізгі қор дегеніміз материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада әрекет ететін, материалды-заттық құндылықтардың жиынтығы. Негізгі қор кәсіпорын мүлігі болып табылып, оның негізгі бөлігін құрайды.
Негізгі қорға өнім өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету кезінде еңбек құралы ретінде, немесе құны қырық айлық есептік көрсеткіштен асатын немесе он екі айдан асатын кезең бойы кәсіпорынның басқарушылық қажеттілігіне пайдаланылатын материалды құндылықтар жатады. Пайдалы пайдалану мерзімі дегеніміз негізгі қор объектісін пайдалану кезінде кәсіпорынға табыс әкелетін немесе кәсіпорын қызметінің мақсатын орындауға қызмет ететін мерзім [2, 75б. ] .
Есептеу және статистика тәжірибесінде негізгі қорға еңбек құралын пайдалану мерзімі бір жылдан кем емес мүліктер жатады.
Негізгі қордың кеңейтілген ұдайы өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты оларды өндірістік және өндірістік емес деп бөледі.
Негізгі өндірістік қор - материалдық өндіріс саласында тікелей қызмет етеді, өндіріс процесіне бірнеше рет қатысады, біртіндеп тозады, ал оның құны өндірілетін өнімге қолдану мөлшеріне байланысты біртіндеп ауысады. Олар қаржы салымы есебінен толықтырылады.
Негізгі өндірістік емес қор - кәсіпорын балансындағы тұрғын үйлер, бала-бақшалар және спорт мекемелері, мәдени-тұрмыстық бағыттағы басқа да объектілер жатады. Негізгі өндірістік қорға қарағанда, олар өндіріс процесіне тікелей қатыспайды, олардың құны пайдаланғанда жоғалады. Олар ұлттық табыс есебінен қайта өндіріледі.
Өндірістік емес қор өндіріс көлеміне және еңбек өнімділігіне тікелей әсер етпейді, бірақ олардың қызмет етуі кәсіпорын жұмысшыларының әл-ауқатын жақсартумен, материалдық және мәдени өмір деңгейін көтерумен байланысты, түбінде ол кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер етеді.
Еңбек процесінде негізгі қордың рөлі мынандай жағдайда анықталады яғни, өзінің жиынтығымен өндірістік-техникалық базаны құрайды, кәсіпорынның өнімді шығару бойынша мүмкіндігін, еңбектің техникалық қарулану деңгейін анықтайды. Жинақталған негізгі қор және еңбекті техникалық қаруландыруды жоғарылату еңбек процесін жеделдетеді, еңбекке шығармашылық сипат береді, қоғамның мәдени-техникалық деңгейін көтереді.
Қоғамның материалдық ресурстарының ең көп маңызды бөлігі негізгі қорда біріктірілген. Ол елдің ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды.
Негізгі өндірістік қор жүйелі түрде жаңартылуы тиіс. Негізгі қордың, әсіресе еңбек құралының дамуы, олардың сапасын жаңа техникалық және ғылыми жетістіктер негізінде жақсарту, еңбектің техникалық қарулануын жоғарылатады, аз еңбек шығынын жұмсай отырып, жоғары сапалы өнім өндірудің маңызды шарты болып табылады, сонымен қатар еңбек өнімділігін арттырып, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.
Негізгі қордың жеке бөлшектері өндірістік процесте пайдалану мақсатына және есептеу тәртібіне байланысты натуралдық көрсеткіште келесі топтарға жіктеледі:
- кәсіпорын меншігіндегі жер телімдері және табиғатты пайдалану объектілері;
- ғимараттар;
- құрылғылар;
- таратушы құрылғылар;
- машиналар мен жабдықтар;
- өлшеуіш және реттеуіш құралдар, қосалқы және лабораториялық жабдықтар;
- есептеуіш техникалар;
- транспорттық құралдар;
- пайдалану мерзімі 12 айдан асатын құрал-саймандар;
- өндірістік - шаруашылық инвентарь;
- ішкі шаруашылық жолдар;
- негізгі қорға қатысты жабдықтарды, кеңселерді, жалға берілетін ғимараттарды, жер телімдерін және басқа да объектілерді жақсартуға салынған қаржы.
Өндірістік негізгі қордың құрылымы қордың әрбір тобының өнеркәсіптегі жалпы құнымен сипатталады.
Негізгі қорды өндіріс процесіне қатысуына байланысты екі топқа жіктейміз: активті және пассивті.
Меншік иесі үшін негізгі қордың топтарына қаржы салу маңызды болып келеді. Ол негізгі қордың активті бөлігі болып саналатын машиналар мен жабдықтардың үлес салмағының оңтайлы ұлғаюына көп көңіл бөледі. Транспторттық құралдар, есептеуіш машиналар мен құрал-саймандарды активтік бөлігіне жатқызуға болады. Негізгі қордың бұл элементтері технологиялық процеске қатысады, тікелей өндіріс қуаты мен жұмыстың өнімділігіне ықпал етеді. Негізгі қордың басқа топтары өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды, бірақ олар пассивті бөлігіне жатады. Бұлар ғимараттар, құрылғылар, таратушы құрылғылар, инвентарь.
Негізгі өндірістік қордың активті бөлігінің үлес салмағы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өнім көлемі мен қорқайтарымдылық көрсеткіші артады. Сондықтан негізгі қордың құрылымының жақсаруы өндірістің маңызды мәселесі, яғни өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, фирманың қаржы салымдарының өсуі болып табылады [3, 38б. ] .
Негізгі өндірістік қордың құрылымын жақсарту мыналарға мүмкіндік береді:
- жабдықты жаңарту және жаңғырту;
- жабдықтың құрылымын машина мен станоктың, әсіресе соңғы операцияларды атқаратын станоктардың, автоматты және жартылай автоматты станоктардың, әмбебап агрегатты станоктардың, автоматты желілердің, сандық бағдарламалық басқару станоктарының прогрессивті түрлерінің үлесін арттыру арқылы жетілдіру;
- ғимараттар мен құрылғыларды тиімді пайдалану, бос алаңдарға қосымша жабдықтар орнату;
- құрылыс жобасын дұрыс өңдеу және кәсіпорын құрылысының жоспарын жоғары сапада орындау;
- артық және аз қолданылатын құралдарды жою және оның басқа бөлек топтармен дұрыс пропорциялық қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жабдықты құру.
Негізгі қорды тиімді басқаруда оның негізделген бағасы көп мағынаны білідіреді. Негізгі қордың есептеу және талдау тәжірибесінде натуралдық және ақшалай формасы қолданылады. Негізгі қордың натуралды түрін бағалауда машина саны, олардың өнімділігі, қуаты, өндірістік алаңдардың мөлшері және басқа да сандық өлшемдері анықталады. Бұл мәліметтер кәсіпорынның және оның салаларының өндірістік қуатын есептеу, өндірістік бағдарламаны жоспарлау, жабдық өнімділігінің резервін көбейту, жабдық балансын құру үшін қажет. Осы мақсатпен жабдықты құжаттау және түгендеу, оның кіруі мен шығуын есепке алу жүргізіледі.
Негізгі қордың ақшалай немесе құндық бағасы негізгі қордың кеңейтілген ұдайы өндірісін жоспарлау мен амортизациялық аударымдардың өлшемін және тозу дәрежесін анықтау үшін қажетті.
Негізгі қордың өндірістік процесте ұзақ қатысуы мен тозуы және осы кезең ішінде ұдайы өндіріс шарттарының өзгеруіне байланысты негізгі қорды бағалаудың бірнеше түрі бар, олар:
- Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны,
- Негізгі өндірістік қордың қалпына келтіру құны
- Негізгі өндірістік қордың қалдық құны.
Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны - қорды дайындауға немесе сатып алуға және оларды жеткізу мен монтаждауға кеткен шығын сомасынан тұрады. Ол амортизация нормасы мен амортизациялық аударымдардың өлшемін, кәсіпорын пайдасын, рентабелділігін және олардың көрсеткіштерінің қолданылуын анықтау үшін қолданылады. [2, б. 64] .
Негізгі қордың ликвидтік құны - бұл негізгі қордың өндірістен алынып тасталған және тозған құнын шегеруі (көп жағдайда бұл сыну құны) .
Экономикалық көрсеткіштерді есептеуде негізгі қордың орташа жылдық құны анықталады. Бұл есептеу бастапқы құн негізінде оларды енгізу және шығару арқылы есептеледі және мына формуламен анықталады:
НҚ ор. жыл. = НҚ б. қ. + (НҚ ен. * n 1 ) / 12 - (НҚ шек. * n 2 ) / 12 (1)
мұндағы, НҚ ор. жыл. - негізгі қордың орташа жылдық құны;
НҚ б. қ. - негізгі қордың жыл басындағы (баланстық) құны;
НҚ ен. - негізгі қордың енгізілген құны;
НҚ шек. - қордың ликвидтік құны;
n 1 - негізгі қорды енгізген бастап ай саны;
n 2 - негізгі қордың шығуынан бастап ай саны.
Негізгі қорды тиімді пайдаланудың ұлттық экономика үшін маңызы зор. Осы мәселені шешу қоғамға керекті өндірістің артуына, мемлекеттің жабдықтық балансының өсуіне, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, өндіріс рентабельділігінің өсуіне алып келеді.
1. 2 Айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығы
Кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін негізгі құралдармен бірге еңбек заты, материалдык ресурстар, яғни айналым, қорлары қажет. Айналым қорлары - өндіріс үдерісінің басты элементі және өзіндік құнның негізгі бөлігі болып табылады. Шикізатқа, материалдарға, отынға және энергияға кеткен шығындар аз болса, ол сондықтан арзан болады.
Кәсіпорынның айналым қоры бұл өндірістік негізгі қордың бір бөлімі. Онда әрбір өндірістік циклдар толығымен тұтынылады немесе қолданылады. Өндіріс процесінде өзінің натуралдық түрін өзгертіп толық бағасын өндіретін өнімге аударады.
Айналым өндірістік қорлары дегеніміз - еңбек үдерісінде негізгі өндірістік қорларына қарағанда әр өндірістің циклінде жұмсалатын және олардың құны еңбек өніміне бірден және тұтас көшетін өндіріс қаражаттарының бөлігі заттық элементтер. Айналым қорларының заттық элементтері еңбек үдерісінде өзінің натуралды формасы мен физикалық -химиялық қасиеттерін өзгертеді. Олар өндірістің тұтынылу шамасы бойынша өз тұтыну құнын жоғалтады. [3, 120б. ]
Айналым қорларының жеке элементтерінің проценттер немесе олардың құрамдас бөлшектері арасындағы өзара қатынасты айналым қорларының құрамы деп атайды. Осыған байланысты айналымдылық белгісіне ие 2 ұғым бар:
1. Айналым қаражаттары
2. Айналым қорлары
Айналым қорлары дегеніміз - өндірісте бірақ рет қатысып өздерінің құндарын өндіретін өнімге лезде және толығымен аударатын ресурстарды айтамыз. Айналым қорларына шикізат негізгі және қосалқы материалдар, қосалқы бұйымдар, аяқталмаған өндіріс, отын, тара және басқа да еңбек заттары жатады. Категория ретінде айналым қаражаты айналым қорларынан басымрақ (ірілеу) айналым қаражаты айналым қорларынан және айналымға арналған қорлар (фонды обращения) . Осыған орай айналым қаражаты дегеніміз - өндіріс қорлары мен айналымға арналған қорларды жасау мақсатында авансталған және ақша қаражатының үздіксіз қайта айналымын қамтамасыз ететін ақша қаражаттарының жиынтығы.
Айналымға арналған қорлар - ол кәсіпорынның дайын өнім қорларына жөнелтілген бірақ ақшасы төленбеген тауарларға кассадағы және есеп шоттағы ақшалай қаражаттардан тұрады. Бұл қорлардың мақсаты өндірістік процестің үздіксіздігін және өнімді өткізуді қамтамасыз ету. Бұл қорлар құнның пайда болуына қатыспайды бірақ онын тасымалдаушысы болып табылады. Өндірістік цикл аяқталғаннан кейін тұтынылған айналым қаражаттары өнімді өткізуден түскен табыспен қайтарылады. Бұл өндіріс процесін қайтадан жалғастырып кәсіпорынның қаражатының қайталама айналымын қамтамасыз етеді.
Жоспарлау, есеп және талдау тәжірибесінде айналым қаражаты келесі белгілер бойынша жіктеледі:
- өндіріс процесінде функционалдық роліне байланысты: өндірістік айналым қорлары және айналыс қорлары;
- бақылау, жоспарлау және басқару тәжірибесіне байланысты: нормаланатын айналым қорлары және нормаланбайтын айналым қорлары;
- айналым қаражаттарының қалыптасу көздеріне байланысты: жеке меншік айналым капиталы және қарыздық айналым капиталы;
- өтімділікке байланысты: абсолютті өтімді айналым капиталы: тез өтімді айналым капиталы, баяу өтімді айналым капиталы;
- капитал салымының тәуекел деңгейіне байланысты: салымның минималды деңгейімен айналым капиталы, салымның аз тәуекелімен айналым капиталы, салымның орташа тәуекелімен айналым капиталы, салымның жоғары тәуекелімен айналым капиталы;
- кәсіпорынның балансындағы көрінісі мен есеп стандарттарына байланысты: қорлардағы айналым қорлары, есеп айырысулар және басқа да активтер;
- материалды-заттық мазмұнына байланысты: еңбек заттары (шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс және т. б. ), дайын өнім мен тауарлар, ақша қаражаттары және есеп айырысу қорлары [4, 169б. ] .
Функционалдық белгісі бойынша айналым капиталдарын айналым қорлары мен айналыс қорларына бөлу айналым каипталының өндіріс және айналыс процесінде келу уақытын бөлек есептеу мен талдау үшін қажет (Қосымша) .
Басқару деңгейіне қарай айналым капиталдары нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді. Нормаланатын айналым капиталдарына барлық өндірістік айналым қорлары жатады. Сонымен қатар кәсіпорын қоймасында өткізілмеген дайын өнім қалдықтары түріндегі айналым қорларының бөлігі жатады.
Нормаланбайтын айналым қорларында айналыс қорының қалған элементтері жатады, яғни тұтынушыларға жіберілген, бірақ әлі де төленбеген өнімдер және де ақша қаражаттары мен есеп айырысудың барлық түрлері.
Айналым капиталының жеке меншік қарыздық болып бөлінуі олардың қалыптасу көзі мен кәсіпорындарға айналым капиталдарын тұрақты және уақытша қолданысқа беру түрлерінен көрінеді.
Кәсіпорынның меншік айналым капиталына қажеттілігі жоспарлау объектісі болып табылады және оның қаржылық жоспарында көрініс табады. Бұл қаражаттар қорларды, яғни нормаланатын айналым қаражаттарын жабудың көзі ретінде қызмет етеді. Олардың алғашқы қалыптасуы компанияның құрылуы кезінде және оның жарғы капиталының жасалуы кезінде болады.
Қарыздық айналым капиталдарының қалыптасу көздеріндегі маңызды және негізгі мән-мағынаға ие. Қарыз қаражаттары кәсіпорынның ақша қаражаттарына уақытша қосымша қажеттілігін жабады. Қарыз қаражаттарын тарту өндіріс сипатымен, нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болған қиын есеп айырысу қатынастарымен, меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіз мөлшерін толтыру қажеттілігімен және басқа да объективті және субъективті себептермен шарттасқан. Қарыздық айналым капиталдары банктік несие түрінде, сонымен қатар кредиторлық қарыз ретінде қалыптасады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі. Олардың бір бөлігі ақылы (несиелер мен қарыздар), екінші бөлігі - ақысыз (кредиторлық қарыз) . Кәсіпорынның қарыздық айналым капиталдарына қажеттілігі де жоспарлау объектісі болып, бизнес - жоспарда көрініс табады
Негізгі өндірістік құралдар мен айналым құралдары тығыз байланысты. Бухгалтерлік есептеулерде жұмыс жасап тұрған негізгі қорлар баланстық құны бойынша есептеледі.
Кәсіпорынның іс- әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым қаражаты - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады [7, 124б. ] .
Сонымен, айналым қорының заттық мазмұны - еңбек заттары. Негізгі қордан айырмашылығы сол - айналым қор өндіріс процесінде бір рет қана қатысады да, сол жолы түгелдей пайдаланылып кетеді және өзінің бүкіл құнын пайда болған жаңа өнімге қосады.
1. 3 Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері мен негізгі қорды қолданудың тиімділік көрсеткіштері
Негізгі қордың ерекшелігі - өндірістік процесте көпреттік қолданылуы болып табылады. Бірақ олардың қызмет ету уақытының шегі болады, яғни олардың тозуымен қалыптасады.
Негізгі өндірістік қордың қазіргі техникалық деңгейі мен құрылымында өнім өндірудің артуы мен өзіндік құнының төмендеуі, кәсіпорын жинағының өсуі, оны пайдалану дәрежесіне байланысты.
Негізгі қорды пайдалану көрсеткіштері үш топқа біріктіріледі:
- негізгі қорды пайдалану уақытының деңгейін көрсететін экстенсивті көрсеткіш;
- негізгі қорды қуаттылығы бойынша пайдалану деңгейін көрсететін интенсивті (өнімділік) көрсеткіш;
- негізгі қорға әсер ететін барлық факторлардың (экстенсивті және интенсивті) жиынтығын ескеретін интегралды көрсеткіш.
Экстенсивті пайдалану көрсеткіші. Оған жататындар: құрал-жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті, жабдықтың қызмет етуінің ауысымдық коэффициенті [5, 48б. ] .
Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті К экст. жабдықтың жоспар бойынша жұмыс сағатының санының, оның нақты пайдалану уақытына бөлу арқылы анықталады.
К экст. = t жаб. н. / t жаб. жос. (2)
мұндағы, t жаб. н. - жабдық жұмысының нақты уақыты, сағ;
t жаб. жос. - жабдық жұмысының жоспарланған уақыты, сағ.
Жабдықты экстенсивті пайдалану оның қызмет етуінің ауысымдық коэффициентімен де сипатталады, яғни үлкен ауысымда жұмыс жасаған станоктар санының, бір күндік станктық ауысымда жұмыс жасағандар санына қатынасымен анықталады. Демек ауысым коэффициенті, жабдықтың бір данасы орташа есеппен бір жыл ішінде неше ауысымда жұмыс жасағанын көрсетеді. Сондықтан да кәсіпорындар ауысымдық коэффициентін арттыруға ұмтылуы қажет, ол қолдағы бар қор есебінен өнім өндірісін арттырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz