Тауартану: түсінігі, пәні, мақсаттары


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет

СӨЖ

Тақырып: Тауартану: түсінігі, пәні, мақсаттары

Орындаған : Баймұханбетова А. Е.

Топ : ТК-223

Тексерген : Бауыржанова А. З.

Семей қ. 2015 жыл

Жоспар:

1. Тауартану: түсінігі, пәні, мақсаттары

2. Тауарларды стандарттау

3. Тауарлардың ассортименті

1. Тауартану: түсінігі, пәні, мақсаттары

Тауартану, тауарлардың тұтыну қасиеттерін зерттейді:

-класстарға бөлінуі және кодтау ;

-тауардың сапасын бақылау және бағалау факторлары ;

-тауардың жиынтығын құрудың заңдылықтары;

-тауарларды тасымалдау, тұтытыну және пайдалану кезінде сапасын сақтау шарттары;

К. Маркс тауартануға нақты анықтама берді: Тауарлардың тұтыну бағасын зерттеу тауартану пәніне жатады. Тауар- дегеніміз сыртқы бұйым, зат өзінің қасиеттері арқылы адамның қажеттіліктерін қанағаттандырады. Тауартану тауарлардың пайдалы қасиеттерін, оның тұтыну бағасын қарастырады. Тауартану, сондықтан тауарларды тұтыну бағасын зерттейтін техникалық пән болып табылады. Ол щығарылған заттардың сапа, тұтыну қасиеттері жөнінде тұтынушыларға керекті екенін анықтауға көмектеседі.

Тауартану көптеген химия, биоллогия, физика, экономикамен, ұйымдастырумен, техникамен, технологиямен байланысты.

Тауар саудалық жұмыстар объектісі.

Тауартану өздерінің керекті қасиеттері болу арқылы адамдарға пайдалы болады. Заттың пайдалы болуы бағасымен белгілі болады, тұтыну бағасы тек қана тауардың пайдалы қасиеттері арқылы белгіленеді. Тауардың тұтыну бағасы, оның өзінің қасиеттері арқылы қаншалықты адамдардың қажеттігін өтеуіне жарайтынын көрсетеді.

Өзінің табиғаты жағынан тұтыну қасиеттері: физикалық, химиялық, биологиялық т. б болып бөлінеді. Тұтыну қасиеттерін негізгі үш классқа бөлуге болады:

1) Материалдық қажеттілікті өтейтін қасиеттер;

2) Материалдық емес қажеттіліктерді өтейтін қасиеттер;

3) Қажеттілікті өтеудің уақытқа байланысты қасиеттері;

Тауардың тұтыну қасиеттері оны пайдалану кезінде физикалық, қоғамдық, материалдық, материалдық емес қажетттіліктерді өтеу кезінде анықталады. Тауарды үш түрге бөлуге болады: нақты тауар, кеңейтілген жалпылама.

Нақты тауар, ол негізгі физикалық мән, дәлдікпен берілген анықтама немесе шартты белгіме берілген.

Кеңейтілген тауарға оның мәні ғана емес, оны пайдалану тәртіптері кіреді.

Жалпылама тауар - бұл тауарды тұтыну қасиеттері қоғамға берген әлеуметтік экономикалық әсері бойынша көрінеді.

Барлық тауарлар екі үлкен топқа бөлінеді:

1) Халық тұтыну тауарлары(тұтыну тауарлары) .

2) Өндірістік бағыттағы тауарлар(өндірістік құралдар) .

Тұтыну тауарлары үшке бөлінеді:

1) Ұзақ пайдалану тауарлары.

2) Қысқа мерзімді пайдалану тауарлары.

3) Қызмет көрсету.

Тұтыну тауарлары тағыда негізгі категорияларға бөлінеді:

1) Негізгі жабдықтар.

2) Көмекші жабдықтар.

3) Бөліктер мен агрегаттар.

4) Негізгі материалдар.

5) Көмекші материалдар мен шикізаттар.

2. Тауарларды стандарттау

1) Стандарттаудың мәні, мақсаты, талабы.

Стандарттау -бұл белгілі бағыттағы жұмыс барлық жұмыстарды бір тәртіпке келтіру, барлығына бірдей қолдануға жататын ережелер шыға- ру және қолдану арқылы жүргізіледі, істеліп жатқан немесе алдағы жұмыстарды қолданылады.

Стандарттаудың мақсаттары:

1) Тұтынушылар мен мемлекеттің сапа және номенклатура жөніндегі талаптарын қорғау. Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіпсіз болуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиянсыз болуын қамтамсыз ету.

2) Өнімнің сапсын ғылым мен техниканың дамуына, халықтың талаптарының өсуіне сәйкес жоғарлату.

3) Өнімдердің бір-біріне сәйкес келуі және алмастыру мүмкіндігі.

4) Материалдық, адамдық ресурстарды үнемдеу, экономикалық тиімділігін арттыру.

5) Әлеуметтік - экономикалық жоспарлардың негіздерін салу.

6) Өндіру және саудадағы техникалық кедергілерді жою, отандық өнімдерін, дүниежүзілік нарықта өтімділігін арттыру.

7) Өндірістік объектілердің табиғи, технологиялық апараттарға қауіпсіздігін арттыру.

8) Елдің қорғану және жұмылу қабілетінің жоғары болуына көмектесу.

2) Нормалық актілерді класификациялау. Стандарттау әр жағынан қаралады;

1) Практикалық жұмыс

2) Басқару жұмыстары

3) Ғылым

Стандарттау ғылым ретінде мына жұмыстарды атқарды: зертейді және қортады, стандарттау заңдылықтарын жалпы түрде немесе белгілі уақытта. Мысалы: системалау, класстау, кодтау, техникалық информациялау.

Практикалық стандартау - бұл нормалық документтерде керекті ере- желерді, нормаларды белгілеу. Қайталанатын жұмыстармен өндірістерде оптимальді бағыт ұстауға көмектеседі. Өмірде және өндірістерде қолданылады. Практикалық жұмыстың нәтижесі нормалық құжаттар шығару.

Нормалық құжат - бұл құжатта ережелер, нормалар белгілі бір жұмыс бағытында қолданылады. Мысалы: стандарттар, эталондар, техникалық көрсеткіштер.

Стандарт - бұл нормалық документ ынталы жаұқтардың жалпы келісім бойынша жасалады және белгіленген орган арқылы бекітілген барлық жерде әрқашанда орындалуға тиісті әртүрлі жұмыстар- мен өнімдерге, көрсеткіштермен талаптар, нормалар белгіленеді. Стандарт - бірыңғай оптималды тәртіп орнатуға бағытталған.

Стандарттау басқару жүйесі ретінде - мемлекеттік стандарттау жүйе-сі комплектің нормалық құжаттарға негізделген. Олар өзара байланысты талаптар қояды ұйымдастыру шараларын белгілейді.

Стандарттау құжаттары әртүрлі деңгейде болады:

a) Мемлекеттік заттар.

b) Мемлекетаралық заңдар.

c) Жүйелік стандарттар.

d) Өндірістік орындардарының стандарттарымен техникалық талаптары.

Эталон - үлгі , бұл дайын өнім басқа өнімдермен салыстыру үшін бекітілген өнім. Эталон - үлгі өнімінде құжат бекітулі болады, онда өндірушінің анықтамалары, адресі, мөрі, қолдары болады. Әдетте екі үлгі жасалады. Бұл даулы жағдайлар болмас үшін істелген.

Техникалық баяндау - бұл дайын өнімнің ерекшеліктері, жасау ерекшеліктері (технология, шикізаттар) көлемі, тасымалдау, сақтау ережелері, жасаушының кепілдіктері жазылған құжат. Кейбір жағдайда суреті салынады.

Стандарттау объектісіне мыналар жатады: өнімдер, қызметтер, технологиялар, басқару, қабылдау, сақтау, тексеру, пайдалану, жөндеу және басқалалар.

3. Тауарлардың ассортименті

1) . Тауарлар ассортиментінің түрлері және оның нарықтағы рөлі.

Ассортимент деп аталады: тауарладың белгілі жиынтығы әртүрлі түрлер мен сорттардан бір белгілері бойынша іріктелген (түсі, размері т, б) . Ассортимент ұғымы тауарлық массаның құрамын көрсетуге қолданылады. Тауардың ассортиментінің көрсеткіштері: ауқымы, тереңдігі, толықтығы, жаңару дәрежесі, құрамы болып бөлінеді.

Ассотимент тереңдігі дегеніміз белгілі тауарлардың түрлері, топ- тағы бөлімдері. Мысалы, көтерме сауда мекемесінде бес түрлі құрлыс- тық материалдар бар. Сонда ассортименттің тереңдігі 15 болады. Кеңдігі - белгілі тауардың кеңдігі болып табылады. Ассортименттің толықтығы тауарлардың түрлерінің белгіленген жобаға сәйкестігі. Мысалы, прейскурант бойынша 6 түрлі металл болу керек, ал бары 4, сонда ассортимент толықтығы 0, 66.

Жаңару деңгей і - жаңа түскен тауарлардың барлық тауарларға қатынасы. Мысалы, Дүкен 25 түрлі тауарлар сатады, жаңадан 7 түрі келді. Сонда жаңару деңгейі 0, 28.

Ассотименттің құрамы - тауарлардың топтарының, түрінің жалпы көлеміндегі салыстырмалы көлемі. Егер ассотименттің құрамы сұранысқа сәйкес болмаса керексіз тауарлар жиналады, ал керек тауарлар жетіспейді.

Ассортимент өнеркәсіптік және саудалық болып бөлінеді:

Өнеркәсіптік ассортимент - ол шығарушы мекемедегі тауарлар тізімі.

Сауда ассотименті - саудаға түскен тауарлардың ассотименті. Саудалық ассотимент сауда мекемелерінің мамандандыру дәрежесіне, халық санына байланысты.

Өнеркәсіптік ассортименттің саудалыққа ауысуы дайын өнімдер қоймасында немесе жіберу қоймасында болады.

Тауарлар жай және күрделі ассортиментке бөлінеді:

Жай ассотименттегі тауарлар түрге бөлінеді, бірақ өзгешеліктер бойынша(размер, жобасы) бөлінбейді.

Күрделі ассортименттегі тауарлар бір түрдің ішінде тағы тағы размер, конструкция т. б. белгілер бойынша бөлінеді. Тауарлар шығару тегі бойынша топтарға бөлінеді (мысалы, лак - сыр материалдары, металдар, маталар, тоқыма бұйымдары) немесе тұтыну бағыты бойынша бөлінеді (шаруашылық тауарлары, мәдени тауарлар, киімдер) . Мұндай бөлу топтама ассортимент деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауартану туралы түсінікті айқындайтын күрделі мәселелер
Тауар бірлігінің әлеуметтік тұтыну құны
Тауартану пәнінің шығу тарихы
Сатып алынған жартылай фабрикаттар
Азық - түлік тауарларын тану
Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беру. тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?
Тауартану және экспертиза жайлы жалпы мағлұмат
Сот тауартану сараптамасы
Сот сараптамаларын жіктеу
ҚР сот сараптамасы пәнінен лекциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz