ҚР экономикалық, әлеуметтік және геосаяси потенциалының негізгі параметрі



1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік . экономикалық даму мақсаттары және оларды жүзеге асыру бағыттары
2. Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы
Пайдаланылған әдебиеттер
Кез келген коғам, мемелекет өзінің болашақтағы даму перспективасын жетілдіріп, әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартып, нық сеніммен қадам басып даму үшін мемлекеттің даму мақсаттары мен жолдарын анықтайды. Және мемлекеттiк билiктiң ең маңызды функцияларының бiрi осы мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық стратегиялық мақсаттарын құрастыруы болып табылады. Бұл мақсаттар барлық аймақтың кәсiпкерлiк деңгейін және оның тұрғындарының тұрмыс сапасының жоғарылатуына бағытталуы тиіс. Сондықтан елдің әлеуметтік-экономикалық мақсаттарын және оған жету жолдарын дұрыс таңдау -мемлекеттің келешегіне үлкен әсер ететін маңызды үдеріс.
Әсіресе тәуелсіздігімізді алып, өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасқан отанымыз, Қазақстан Республикасы үшін әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен жолдарын дұрыс негіздеу маңызды болып табылады. Елбасымыздың қабылдаған даму стратегияларында еліміздің келешекке қойған асқақ мақсаттары анық көрсетілген. Және де осы мақсаттарға жету үшін қолдан келер әрекеттер жасалынуда.
Қазақстан Республикасы - нарықтық экономикасына жаңадан қадам басушы жас мемлекет. Сондықтан да мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму мақсаттары мен жолдары негіздеу ел үшін өте маңызды іс болып табылады. Осы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарын басшылық әрдайым халыққа жария етіп, және жаңа мақсаттар мен қол жеткізген нәтижелерді Жолдаулар, Дамудың стратегиялық бағдарламары, халықаралық ұйыдардың қолдауымен жасалынған декларациялар және тағы да басқа жолдармен бекітіп отырады.
Солардың бірі Қазақстан Республикаы мыңжылдық даму мақсаттары Декларациясы. Мыңжылдық даму мақсаттары дамудың кедейлікті қысқарту, ана мен баланың денсаулығын жақсарту, гендерлік теңдік, ғасыр ауыруларымен күрес, бастапқы білімге және экологиялық тұрақтылыққа көптеп қол жеткізу сияқты маңызды салаларын қамтиды. Қазақстан кедейлікті қысқарту, бастапқы білімге қол жеткізу және әйелдердің құқығын қозғау сияқты МДМ қойған кейбір бастапқы мақсаттарға әлден-ақ қол жеткізгендіктен, үкімет «МДМ плюс» шақыру қағазы, демек ұлттық басымдықтарды, ұлттық статистиканы, тиісті мемлекеттік бағдарламаларды талдауға негізделген, сондай-ақ басқа елдердің тәжірибесінің негізінде Қазақстан үшін икемделген қосымша мақсаттар бойынша өзіне міндеттемелер қабылдады.Мыңжылдық Саммитінен бері Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттігінің жұмысы, Президент Назарбаевты қоса алғанда, дүниежүзі лидерлері Нью-Йоркте 2000 жылғы қыркүйекте қол қойған Мыңжылдық Декларациясында белгіленген мүдделерге сәйкес жүргізіледі. Мыңжылдық Даму Мақсаттары деп аталған осы мақтаттар мемлекеттік 2015 жылы миллиондаған адамдардың тұрмысын жақсарту ұмтылысына қол жеткізу үшін нақты және өлшемді көрсеткіштерді белгілейді.
1.Н.А. Назарбаев. 06 основных направлениях внутренней и внешней политики на 2003 год. Послание Президента народу Казахстана / Казахстанская правда, №95-96,30 апреля 2002г.
2. Н.А.Назарбаев. Стратегия созидания -Вечерняя Алматы, №84 от 25 октября 2002г.
3. Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030.Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы, «Білім», 1997;
4. Акофф Р. Планирование в болыних экономических системах. - М., 1972.
5. Байзаков С. Стратегическое планирование: опыт и проблемы. - Алматы: РИЦ ИПГС, 1997.-9с.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Баяндама
ҚР экономикалық, әлеуметтік және геосаяси потенциалының негізгі параметрі
Жоспар:
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық даму мақсаттары және оларды жүзеге асыру бағыттары
2. Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы
Пайдаланылған әдебиеттер
Кез келген коғам, мемелекет өзінің болашақтағы даму перспективасын жетілдіріп, әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартып, нық сеніммен қадам басып даму үшін мемлекеттің даму мақсаттары мен жолдарын анықтайды. Және мемлекеттiк билiктiң ең маңызды функцияларының бiрi осы мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық стратегиялық мақсаттарын құрастыруы болып табылады. Бұл мақсаттар барлық аймақтың кәсiпкерлiк деңгейін және оның тұрғындарының тұрмыс сапасының жоғарылатуына бағытталуы тиіс. Сондықтан елдің әлеуметтік-экономикалық мақсаттарын және оған жету жолдарын дұрыс таңдау -мемлекеттің келешегіне үлкен әсер ететін маңызды үдеріс.
Әсіресе тәуелсіздігімізді алып, өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасқан отанымыз, Қазақстан Республикасы үшін әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен жолдарын дұрыс негіздеу маңызды болып табылады. Елбасымыздың қабылдаған даму стратегияларында еліміздің келешекке қойған асқақ мақсаттары анық көрсетілген. Және де осы мақсаттарға жету үшін қолдан келер әрекеттер жасалынуда.
Қазақстан Республикасы - нарықтық экономикасына жаңадан қадам басушы жас мемлекет. Сондықтан да мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму мақсаттары мен жолдары негіздеу ел үшін өте маңызды іс болып табылады. Осы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарын басшылық әрдайым халыққа жария етіп, және жаңа мақсаттар мен қол жеткізген нәтижелерді Жолдаулар, Дамудың стратегиялық бағдарламары, халықаралық ұйыдардың қолдауымен жасалынған декларациялар және тағы да басқа жолдармен бекітіп отырады.
Солардың бірі Қазақстан Республикаы мыңжылдық даму мақсаттары Декларациясы. Мыңжылдық даму мақсаттары дамудың кедейлікті қысқарту, ана мен баланың денсаулығын жақсарту, гендерлік теңдік, ғасыр ауыруларымен күрес, бастапқы білімге және экологиялық тұрақтылыққа көптеп қол жеткізу сияқты маңызды салаларын қамтиды. Қазақстан кедейлікті қысқарту, бастапқы білімге қол жеткізу және әйелдердің құқығын қозғау сияқты МДМ қойған кейбір бастапқы мақсаттарға әлден-ақ қол жеткізгендіктен, үкімет МДМ плюс шақыру қағазы, демек ұлттық басымдықтарды, ұлттық статистиканы, тиісті мемлекеттік бағдарламаларды талдауға негізделген, сондай-ақ басқа елдердің тәжірибесінің негізінде Қазақстан үшін икемделген қосымша мақсаттар бойынша өзіне міндеттемелер қабылдады.Мыңжылдық Саммитінен бері Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттігінің жұмысы, Президент Назарбаевты қоса алғанда, дүниежүзі лидерлері Нью-Йоркте 2000 жылғы қыркүйекте қол қойған Мыңжылдық Декларациясында белгіленген мүдделерге сәйкес жүргізіледі. Мыңжылдық Даму Мақсаттары деп аталған осы мақтаттар мемлекеттік 2015 жылы миллиондаған адамдардың тұрмысын жақсарту ұмтылысына қол жеткізу үшін нақты және өлшемді көрсеткіштерді белгілейді.
Сонымен 2000 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте Мыңжылдық Саммитінде БҰҰ мүше мемлекеттердің басшылары Мыңжылдық Декларациясына қолдарын қойды, онда дамудың негізгі мақсаттары:
Ø шектен тыс кедейлік пен аштықты жою;
Ø жалпыға бірдей бастауыш білім;
Ø гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтары;
Ø балалар өлімін азайту;
Ø аналарды қорғау;
Ø ғасыр дерттерімен күрес;
Ø Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
Ø Даму мақсатында жаһандық әріптестік қалыптастыру;
және т.б. даму мақсаттарында жаһандық әріптестік тұжырымдалған болатын.
Бұл мақсаттар дүниежүзілік қауымдастыққа 2015 жылға адамдардың өмір сүру жағдайдарын жақсарту үшін елеулі, өлшеуге болатын нәтижелерге жетуге көмектесулері тиіс. Мемлекеттің даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жұмыс істеуге міндеттемелер мен бірге елдер өздеріне нәтижелердің мониторингі мен мемлекеттің даму мақсаттары жөнінде есептер даярлау үшін де міндеттеме алған болатын.
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты - Елбасының Қазақстан халқына Жолдауыда да осы әлеуметтік экономикалық даму мақсаттары мен оған жету бағыттарының маңыздылығы мен өзектілігі туралы айтылып өтілген.
Әл-ауқаттылықты арттыру бойынша әлеуметтік саясаттың діттеген мақсаттарға жетуі үшін экономикалық база экономикалық негіз қажет. Бұл үшін Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында қазқстандық өңірлерде өсу нүктелерін анықтау, қажеттілігін атап көрсетті. Экономикалық өсудің өзін жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс саясаты макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруі динамикасы анықтайтын ұлттық шаруашылықтың даму үстіндегі қозғалысы деп білсек, онда біздің ел үшін өндіргіш күштерді аумақтық оңтайлы орналастыруды жалғастыру күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі болып табылады. Президенттің жолдауында бұндай өсу нүктелеріне Алматы, Шымкент, Павлодар және т.б. қалалар жатқызылып отыр. Қазақстан өңірлерінде жаңа кәсіпорындар құрылысын жандандыру, олардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылымдар жүйесін дамыта түсу керек.
Осынау зор міндеттерді абыройымен атқару үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және басқарушылардың саяси табы мен тобын қалыптастыру негізінде президенттік кадрлар, корпусын жасақтау менеджерлердің жаңа типін даярлаудағы жасампаз қадам деуге әбден болады. Ал, басқарушылық қызмет іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде ұйымға үйлеспеген адамдар қатарын ұтымды, ортақ мақсатқа бағдарланған өнімді топқа айналдыруды көздейді. Басқару өзінің мәні мен мағынасында әлеуметтік өзгерістерді ынталандыратын және әлеуметтік жаңғыруларға қозғау салатын іс-әрекеттердің бастауы болатындығын ескерсек, онда Президент жолдауының соншалықты ұтымды екендігіне көз жеткіземіз.
Мемлекеттің әлеуметтік -экономикалық даму мақсаттарын негіздеу кез келген мемлекет үшін орасан зор маңызы бар екендігіне көз жеткіздік. Мемлекетке қоғамның нысаны ретінде барлық қоғам үшін, онда болып жатқан құбылыстар, қарым-қатынастар мен процестер жүйесі үшін жауапкершілік жүктеледі. Ол адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде анықтап және қорғай отырып, сонымен бірге олардың ұтымдылық пен тиімділік тұрғысынан пайдалануын қадағалайды. Ал даму мақсаттарын бекіту мемлекеттің осы жауапкершілікті орындауды жүзеге асыруға қажет бірден бір функциясы болып табылады. Және де осы мақсаттар мемлекеттердің миллиондаған адамдарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған болып келеді.
Келешекке қандай даму мақсаттарының негізделуі мемлекеттің сол таңдағы жағдайы мен мүмкіншіліктеріне байланысты. Мысалы, эканомикалық дағдарыс орын алған жағдайда, мемлекеттің даму мақсаттары сол дағдарыстан қысқа мерзімде аз шығынмен шығуға ниеттеледі. Мақсаттарді бекітпес бұрын басқарма органдары мемлекеттегі басты эканомикалық және әлеуметтік ахуалдар мен мәселелерді толық қанды, әрі жан жақты анықтап, зерттеуге тырысады. Және соған сай мақсаттарға қол жеткізулері үшін нақтылы және өлшемді көрсеткіштер белгілейді.
Қазақстан Республиксының әлеуметтік-эканомикалық даму мақсаттарына келетін болсақ, елбасымыздың жүргізіп отырған ұтымды саясаттарының арқасында дұрыс және айқын түрде белгіленген. Мемлекетіміздің ұзақ және қысқа мерзімді даму мақсаттарын стратегиялық даму бағдарламалары, жылда жарияланатын халық жолдауларынан білуге болады. Қазіргі таңда мемлекетіміз бәсекеге қабілетті тұрақты эканомикалық орта қалыптастыру, әлемнің эканомикасы дамыған елу елдің қатарына ену, кедейлік пен аштықты жою, жалпыға бірдей бастауыш білімді қамтамасыз ету, балалар өлімін азайту, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және тағы да басқа осы сияқты әлеуметтік-эканомикалық даму мақсаттарын алға қойған.
2.Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы
1991 жылы соңында 15 респубикадан тұратын алып мемлекет - Кеңес Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатты.Оның кең-байтақ аумағында Қазақстаннан басқа 14 егменді мемлекет пайда болды.Олардың барлығы біздің елге катысты алғанда шет елдік мемлекеттерге айналды. Осылайша жаңа шетел термині пайда болды.
Бір тұтас мемлекет құрамында өмір сүруден бірге, бірақ жеке-жеке өмір сүруге өту үшін 1991 жылы 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылғанын жариялады. 22 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматы қаласында жаңа шетелдер президенттерінің кездесуі өтті. Онда ТМД-ның құрамына құрылтайшылар (негізін салушылар) құқында Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-демографиялық процестер
Реал жүйелеpдің құрылысы және күй теңдеуі
Реал жүйелердің құрылысы және күй теңдеуі
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы
Халықаралық ұйымдар жайлы
Орталық азия аймағындағы интеграциялық процестер: мәселелері мен келешегі
Сақтандыру қорының түсінігі
Қазақстан Республикасының аймақты дамытудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Жаһанданудың негізгі қасиеттері, оң және теріс әсерлері
Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының экономикалық астары
Пәндер