Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі



I. Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері:
1. Маржинализмнің пайда болуы және оның методологиялық принциптері.
2. Неоклассикалық экономикалық теорияның пайда болуы.
3. Маржинализм мектептеріне сипаттама:
a) австриялық мектеп;
b) ағылшын . американдық мектеп;
c) лозандық мектеп.
4. Маржинализмнің Австрия мектебі мен Кембридж мектебінің ерекшеліктері;
II. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі
1. Меншік теориясының экономикалық негіздері.
2. Меншік формалары мен жеке меншіктің экономикадағы ролі.
3. Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу ерекшеліктері.
4. Жекешелендірудің негізгі мақсаты мен міндеттері.
III. Қолданылған әдебиеттер
Маржинализм француздың «margnyl» сөзі, қазақша «шекті» деген ұғым 1870 жылы жаңа экономикалық ілімнің методологиялық негізі болды. Жаңа классикалық ілім - шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті өнім, шекті шығындар категорияларын өмірге әкелді. Экономика тарихына бұл теория «маржиналистік революция» деген атаумен енді. Ол екі кезеңге бөлінеді:
1. XIX ғ. 70-80 жылдары.
2. XIX ғ. 90 жылдары.
XIX ғасырдың 70-80 жылдары дамыған маржинализм бағытыныңы өкілдері К.Менгер (1840-1921), Л.Вальрас (1834-1910) экономикалық құбылыстарды талдауда субективтік – психологиялық негізге сүйенді. Құн товарлар мен қызметтердің падалылығымен анықталады, тұтыну сферасы бірінші ретті деп санады.
XIX ғасырдың 90-жылдарындағы маржинализм өкілдері А.Маршалл (1842-1924), Дж.Б.Кларк (1847-1923) – жаңа классикалық теорияның негізін салды. Жаңа классиктер тұтыну және өндіріс сферасын жүйелі түрде байланыста зерттеуді ұсынды. Сонымен қатар алғаш рет экономика ғылымының тарихында экономикалық құбылыстарды зерттеуде математикалық модельдеу әдісін қолданды. Мемлекет экономиканың дамуына араласпауы қажет деген пікірде болды.
Алғашқы маржиналистік ой-пікірлерді А.Курно (1801-1877), Г.Г.Госсен (1810-1853), И.Г.Тюнен (1879-1850) сияқты ғалымдардың еңбектерінде кездестіруге болады. А.Курно-француз ғалымы, еңбегі «Байлық теориясының математикалық принциптерін зерттеу», негізгі идеясы – сұраныс пен бағаның өзара тәуелділігі. А.Курно «сұраныс икемділігі» түсінігін ғылымға енгізді.
Маржинализм бағытының өкілдері экономикалық құбылыстарды зерттеуде үш мектепке бірікті. Қысқаша сипаттайтын болсақ:
• Австриялық мектеп өкілдері К.Менгер, Ф.Визер, Э.Бем-Баверк. Экономикалық құбылыстарды зерттеуде субъективті-психологиялық әдіске сүйенді, шекті пайдалылық теориясының негізін қалады.
• Ағылшын-американдық мектебінің өкілдері Англияда А.Маршалл, Америкада – Дж. Кларк болды. А.Маршалл баға теориясының негізін қалады. Дж.Кларк шаруашылық сферасында қолданылатын шекті өнімділік, спецификалық өнімділік, өнімділіктің төмендеу заңдарының негізін қалады.
• Лозанндық мектеп өкілдері Л.Вальрас, В.Парето-алғаш рет экономикалық теңдіктің математикалық моделін жасады. Бұл мектептің негізгі идеясы – тепе-теңдік идеясы.
1. Бекбергенова Ж.Т. «Нарықтық экономика негіздері» 8-9 беттер;
2. Жанагулов А.Ш. «Экономика ілімдерінің тарихы» - Қарағанды, 2004 жыл - 233-242 беттер;
3. Доғалова Г. Н. Қазақстандағы мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәжірибесін талдау және жаңа құрылымдаудың міндеттері. Алматы “Экономика” -1998ж, 3-83 б.
4. Мәуленова С. С. “Экономикалық теория”. Алматы “Экономика” 2004ж. 43-48 б.

Интернет ресурстары:
1. http://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/ehkonomika/azirgi/29-1-0-2775;

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО

Орындаған: Солтансеитова Маржан Пд - 405
Тексерген: Габдуллина Ләззат Баглановна

Семей, 2015 жыл

Жоспары:
I. Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері:
1. Маржинализмнің пайда болуы және оның методологиялық принциптері.
2. Неоклассикалық экономикалық теорияның пайда болуы.
3. Маржинализм мектептеріне сипаттама:
a) австриялық мектеп;
b) ағылшын - американдық мектеп;
c) лозандық мектеп.
4. Маржинализмнің Австрия мектебі мен Кембридж мектебінің ерекшеліктері;
I. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі
1. Меншік теориясының экономикалық негіздері.
2. Меншік формалары мен жеке меншіктің экономикадағы ролі.
3. Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу ерекшеліктері.
4. Жекешелендірудің негізгі мақсаты мен міндеттері.
I. Қолданылған әдебиеттер

Маржинализм француздың margnyl сөзі, қазақша шекті деген ұғым 1870 жылы жаңа экономикалық ілімнің методологиялық негізі болды. Жаңа классикалық ілім - шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті өнім, шекті шығындар категорияларын өмірге әкелді. Экономика тарихына бұл теория маржиналистік революция деген атаумен енді. Ол екі кезеңге бөлінеді:
1. XIX ғ. 70-80 жылдары.
2. XIX ғ. 90 жылдары.
XIX ғасырдың 70-80 жылдары дамыған маржинализм бағытыныңы өкілдері К.Менгер (1840-1921), Л.Вальрас (1834-1910) экономикалық құбылыстарды талдауда субективтік - психологиялық негізге сүйенді. Құн товарлар мен қызметтердің падалылығымен анықталады, тұтыну сферасы бірінші ретті деп санады.
XIX ғасырдың 90-жылдарындағы маржинализм өкілдері А.Маршалл (1842-1924), Дж.Б.Кларк (1847-1923) - жаңа классикалық теорияның негізін салды. Жаңа классиктер тұтыну және өндіріс сферасын жүйелі түрде байланыста зерттеуді ұсынды. Сонымен қатар алғаш рет экономика ғылымының тарихында экономикалық құбылыстарды зерттеуде математикалық модельдеу әдісін қолданды. Мемлекет экономиканың дамуына араласпауы қажет деген пікірде болды.
Алғашқы маржиналистік ой-пікірлерді А.Курно (1801-1877), Г.Г.Госсен (1810-1853), И.Г.Тюнен (1879-1850) сияқты ғалымдардың еңбектерінде кездестіруге болады. А.Курно-француз ғалымы, еңбегі Байлық теориясының математикалық принциптерін зерттеу, негізгі идеясы - сұраныс пен бағаның өзара тәуелділігі. А.Курно сұраныс икемділігі түсінігін ғылымға енгізді.
Маржинализм бағытының өкілдері экономикалық құбылыстарды зерттеуде үш мектепке бірікті. Қысқаша сипаттайтын болсақ:
* Австриялық мектеп өкілдері К.Менгер, Ф.Визер, Э.Бем-Баверк. Экономикалық құбылыстарды зерттеуде субъективті-психологиялық әдіске сүйенді, шекті пайдалылық теориясының негізін қалады.
* Ағылшын-американдық мектебінің өкілдері Англияда А.Маршалл, Америкада - Дж. Кларк болды. А.Маршалл баға теориясының негізін қалады. Дж.Кларк шаруашылық сферасында қолданылатын шекті өнімділік, спецификалық өнімділік, өнімділіктің төмендеу заңдарының негізін қалады.
* Лозанндық мектеп өкілдері Л.Вальрас, В.Парето-алғаш рет экономикалық теңдіктің математикалық моделін жасады. Бұл мектептің негізгі идеясы - тепе-теңдік идеясы.
Австриялық мектеп ХІХғ. 70 ж. пайда болды. Аса көрнекті өкілдері Вена университетінің профессорлары: Карл Менгер, Фридрих фон Визер және Ойген фон Бем-Баверк. Олар маржинализм бағыттының негізін салды. Маржиналистердің көз қарастары классикалық экономияның басты ережелеріне қарама-қарсы болды.
Маржинализмнің Австриялық мектебінің негізін салушы Карл Менгер (1840-1921 жж.). Ол Саяси экономияның негіздері атты еңбегінде экономикалық мәселелерді жеке шаруашылық субъектілердің деңгейінде зерттеді. Зерттеудің менгерлік әдістемесі классиктер әдістемесінің жеке негізгі позицияларын сақтады.
Оның позициясының негізі:
экономикалық талдауда математикалық әдістер мен геометриялық безендірудің болмауы;
базалық категорияның - құнның принциптерін қолдану. Алайда, К. Менгердің ойынша, құн өндіріс шығындарымен емес (еңбек шығыны), шекті пайдамен табылады;
классиктерге қарағанда, Менгер өндіріс сферасын бірінші деп санайды;
К. Менгердің құндылық теориясына деген көзқарасы өзіндік болып табылады. Ғалымның айтуынша, тауар құндылығы адамның оған субъектілік қатынасынан білінеді. Барлық мәселе мынада, игілік адамға канағаттандыру әкеле ме (Австрия тілінде айтқанда пайда), жоқ па? Менгер бойынша, құндылық - бұл адамдардың игіліктері өз өміріне қажетті қорлар туралы ілім, сондықтан адамның ойысыз олар дүниеде болмайды.
Ал кіріс (пайда) теориясына К. Менгер басқаша көзқараспен қарайды. Ғалым классиктердің еңбек ақы теориясын сынайды. Оның ойынша, еңбек өндірістік процесстің тек бір ғана элементін көрсетеді, бұл экономикалық игілік өндірістік элементін басқа түрлерімен артық емес.
Сондықтан, оның ойынша, капитал иелері жұмысшылар арқасында өмір сүрмейді, олар жер мен капиталды қолданғаны арқылы өмір сүреді, бұл жеке адамға және қоғамға сіңірген еңбек сияқты, құндылықты білдіреді. К. Менгердің айырбас теориясы да классикалық көзқарастан ерекше. Менгердің айтуынша, айырбас бұл әріптестердің жеке қызметтері, оның нәтижесі екі жаққа да тиімді, бірақ балама емес. Менгер бұндай құндық тепе - теңдік әр игілік мөлшері арасында болмайды (объективтік тепе - теңдік арасындағы мағынада) деп пайымдаған.
Австриялық мектептің басқа өкілі Ойген фон Бем-Баверк (1851-1914 жж.) К. Менгердің оқушысы және ізбасары. О. Бем-Баверк негізгі ғылыми еңбектері Капитал және пайда (1884 ж.), Капиталдың позитивтік теориясы (1889 ж.), Шаруашылықтың игілік құндылығы теориясының негіздері (1986 ж.).
О. Бем-Баверк К. Менгердің пайданың шекті теориясына қарай адамның қолдануындағы игіліктердің шекті пайдалылығын белгілейді.
Осыны дәләлдеу үшін О. Бем-Баверк жалғыз қоныстанушыны мысалыға келтірді: Оны басқа дүниеден бөліп, орман ішінде оқшауланған, жеке адам өзінің жерінен жинап алған бес қап астығын дұрыс пайдаланудың есебін жасайды;
1-ші қапты келесі егінге дейін аш қалмау үшін қолданады;
2-шіні - өзінің денсаулығы мен күшін қалпында сақтау үшін тамақтану;
3-ші наннан басқа да, ет жеу үшін, құстарды асырауға жұмсайды;
4-ші наннан жасалған шарапқа жібереді;
5-ші - қап тоты құстарына кетеді.
Яғни, О. Бем-Баверктің айтуынша әрбір нақты игіліктің пайдалылығы бір қалыпта қалмайды. Ол қажетті игіліктердін ұлғаюына байланысты керектілік. Қажетердің бір қалып еместігі бес қапқа ие болып оның бағасын қанағаттандыру үшін емес, өйткені тотықұстарды ұстау + ет тағамы + денсаулықты сақтау + өмірді сақтау - бұл бес есе емес, тотықұстарды ұстаудан жоғары.
О. Бем-Баверк өзінің назарын математикасыз өндіріс факторларына баға белгілеу проблемаларына бағыттады. Оның зерттеу сферасына тек айырбас қана емес, өндіріс және бөлу категориялары да кіреді. О. Бем-Баверктің айтуынша заттың құндылығы осы заттың шекті пайдалылығының шамасымен өлшенеді. Шекті пайдалық деп Маржиналистер қосымша пайданың шамасын түсінген.
О. Бем-Баверктің жетістіктерінің бірі күту теориясы болып табылады. Онда ғалым капиталға пайданың проценттің пайда болуын негіздейді. Оның ойы бойынша капиталға пайда уақытша игілік арқасында, пайда болады онда өндіріс құралдары соңғы өнімге айналады, осы құралдар мен өнім құндылықтарынан айырмашылық туындайды (процент) дейді.
Фридрих фон Визер (1851-1926 жж.) К.Менгер жақтаушы, австриялық мектеп ілімдерін насихаттап, жетілдіруіші. Оның негізгі еңбектері: Экономикалық құндылықтар және оның заңдарының пайда болуы (1884 ж.), Табиғи құндылық (1889 ж.) және Қоғамдық шаруашылық теориясы (1914 ж.).
Фридрих фон Визер өзінің алдындағылары сияқты макроэкономикалық талдау, экономикалық мәселелерді математикалық емес әдістермен шешу, құндылықты, бағаның өндіріс шығындарын пайдануда субъективті қабылдауға артықшылық берді. Ол жалпылай тиімділікті анықтаудың мультипликативті әдісін ұсынады. Бұл әдістін мәні игіліктің шекті пайдасын бірыңғай игіліктерге көбейткенде көрінеді.
Өз ілімдерінде Фридрих фон Визер шаруашылықты жекелей ұйымдастыру тұжырымдамасын негіздеді. Ғалымның ойынша меншіктің жеке формасы ең тиімді, ең пайдалы түрі, бұл меншіктің жүз жылдаған әртүрлі формаларымен дәлелденген деді.
Дәйіктер ретінде ғалым, біріншіден шаруашылық игіліктерінің шығындарына ұқыпты қатынас қажеттілігін; екіншіден менікі және сенікі деген сұрақтардын маңыздылығын; үшіншіден, меншікті шаруашылықты пайдалану үшін құқықтық кепілдіктерді көрсетті.
Шекті тиімділік тұжырымдамасының негізгі ережелер мыналар:

1. Игіліктердің құндылығын зерттеу негізі тұтыну сұранысының талдауы қойылады. Мәні шығындарға емес, нәтижелерге ие.
2. Негізгі тұтыну сұранысын зерттеу.
3. Шекті пайданы талдау адамдардың уәжін (мотивін) зерттеуімен байланысты.
4. Өндіріс құралдырының құндылығы еңбек шығындарымен емес, тұтыну тауарлардың шекті тиімділігі мен анықталады.
5. Игіліктер айырбасы саудаға қатысушыларының субъективті бағалуларының тепе-теңдік принципі негізінде бағаның туымен бітеді.
Уильям Стенли Джевонс (1835-1882 жж.) еңбектеріндегі маржиналдық субъективтік ойлар, біріншіден, аз күш жұмсап тұтынуды максималды қанағаттандыру, оның ойынша саяси, моральдық факторлармен байланысты емес, тек қана, экономикалық мәселе болып саналады. Екіншіден, функционалды байланыс бойынша тиімділікпен құндылықты қарастыра отырып, тауар бағасы шекті тиімділікпен анықталады деп есептеген. Бұл оның А. Маршалл мен В. Парето жасаған, шығындар мен шекті тиімділіктің өзіндік мағынасын мойындамағаның көрсетеді.
Үшіншіден, У. Джевонс сатушы мен сатып алушының бір-біріне толық байланысты және толық өзара ақпаратқа ие болуына мүмкіндік беретін жетілген бәсеке туралы классиктердің ережесін мойындағаны. Оны маржинализмді бастаушылардың бірі деп есептеуге негіз берді.
У.Джевонс психологиялық категорияларды кейінен қолданып, игіліктерді тұтынуымен байланысты оң тиімділік түсінігін және игіліктерді құру бойынша еңбек күшінің нәтижесінде туындайтын теріс тиімділік түсініктерін енгізеді. Ғалымның ойынша, еңбек -ләззаттануға тікелей қайшы, бұл минус белгісі бар тиімділік, ал тұтынуды қамтамасыз етудегі еңбек шығындары - еңбек ауыртпашылықтары.
Оның ойынша, құн, осы еңбекпен игілікке оң әсер беретін еңбектің соңғы бірлігінің теріс әсерін өлшеуден тұрады. Өнімнің қосымша саны қосымша күштердің шығындарын қайтармайтындығын әрі жалғастыруға тиімсіз екендігін дәлелдеді.
Кембридж мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі Альфред Маршалл (1842-1924 жж.). Ол өзінің Экономика принциптері еңбегінде Саяси экономия немесе экономикалық ғылым адамзат қоғамының тіршілігін зерттеумен айналысады, ол игі жағдайдың материалдық негіздерін құрумен байланысты болып, қоғамдық іс-әрекеттерінің жеке салаларын тексереді, деген ойын айтты.
А.Маршалл нарықтық баға теориясын әзірлейді, сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттерінің проблемаларын зерттеп, сұраныс икемділігі деген ұғымды енгізді.
Оның зерттеулерінде маңызды орынды нарықта еркін баға белгілеу мәселелері алды. Ғалымның ойынша , баға екі фактормен анықталады: шекті пайдалылықпен және өндіріс шығындарымен.
Маршалл бойынша нарықтық баға - бұл шекті пайдалылықпен анықталатын сұраныс бағасы мен шекті шығындармен анықталатын ұсыныс бағасының қосылу нәтижесі. А.Маршалдың маңызды еңбектерінің бірі, оның баға, сұраныс және ұсыныс сияқты нарық механизімін құраушылар өзара әсерлерін көрсете білуі болды.
Жекелей алғанда, ол бағаның төмендеуімен сұраныстың өсуін, ал бағаның жоғарлауымен сұраныстың төмендеуін көрсетті. А.Маршалл тұрақты немесе тепе-тең баға деп сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік нүктесін белгілеген бағаны есептеді. Маршалдың болжамы бойынша, егер нарықта баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда ұсыныс сұраныстан артады, баға төмендей бастайды, және керісінше.
Осылармен қатар А.Маршалл сұраныс икемділігі туралы тұжырымдаманы ұсынды. А.Маршалл сұраныс пен ұсыныс әрекеттеріне үлкен әсерді уақытша факторлар беретіндігін көрсетті. Экономикалық талдауды А.Маршалл графиктер,формулалар көмегімен іске асырды. Осымен қатар А.Маршалл өндірістің шекті шығындарымен репрезентативті фирма тұжырымдамаларын жасады.
Өндірістің шекті шығындары теориясының дамуына А.Маршалл орташа фирманың көп түрлігі ретінде репрезентативті фирма түсінігін енгізді.Соңғысы үшін өндірістің жиынтық көлемі ұлғаюы жағдайында көп табыс алу тән. Осыдан ғалым екі экономиаклық заңдардың әрекет ету қорытындысына келді: ұлғаймалы қайтарым және тұрақты қайтарым.
Маржинализмнің американдық мектебінің негізін салушы Джон Бейтс Кларк (1847-1938 жж.) болды. Оның көрнекті еңбектері: Байлықтың философиясы (1886), Байлықты бөлу (1899). Оның ғылыми жетістіктерінің бірі өндіріс факторларының шекті өніділік теориясы болып табылады.
Кларктың зерттеу негізі үш принципке негізделген.
1. Пайдалылықтың кему принципі: қордағы әрбір қосымша зат аз тиімділікке ие.
2. Шекті өнімділік принципі : өндірістің әр факторы ерекше өнімділікке ие. Бірақ факторладың әр түрі әр түрлі өнімділікке ие.
3. Еркін бәсекелестік принципі : егерде баға үкіметпен реттелмесе, монополиямен кемітілмесе, онда баға әділ, ол баға шындыққа жақын.
Кларктың ойынша, жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы өнім мөлшеріне сәйкес келеді. Жұмысшыларды жалдағанда кәсіпкер қосымша табыс әкелмейтін жұмысшы санын өсірмейді Яғни шекті өнім шекті табысқа тең болады. Еңбек ақы қоры жұмысшылар санына көбейтілген шекті өнімді түсіндіреді. Кәсіпкердің кірісі - еңбек ақы қоры мен жасалған өнім шамасы арасындағы айырмашылық. Егерде еңбек ақы шекті еңбек өнімділігімен анықталса, онда кәсіпкердің кірісі - капиталдың шекті өнімділігімен анықталады. Кларктың концепциясы бойынша, кәсіпкерлердің кірісі, өндіріс құралдарына жұмсалған капиталдың проценті.
Пайда - капитал иесінің кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі. Кларктың бөлу концепциясының ерекшелігі мынада: ол шығындар принципіне сүйенбейді, ол өндіріс факторларының нәтижелік принципіне негізделеді.
Артур Пигу (1877-1959 жж.) - А.Маршаллдың оқушысы.Оның ойы бойынша ұлттық дивидент, бұл адамдар ақшалай табыстарына сатып алатын байлық, бұл қоғамдық игі жағдайдың көрсеткішісі. Қоғамның игі жағдайының өсуі мүмкін, егер табыстар қоғам мүшелерінің арасында тең бөлінсе. Табыстарды қайта бөлу кемімелі пайдаллылық приципіне сәйкес келеді.Қайта бөлуден қоғам мүшелерінің табыстары, байлардың шығындарынан көбірек болады.
А.Пигу, ойынша қоғамдық игіні нарық қамтамасыздандыра алмайды сондықтан қай жағдайларда бағаны реттеу пайдалы? Аса төмен льготалық бағалар өндірістің кеңеюіне, яғни игі жағдайдың өсуіне жағдай жасайды. Басқа жағдайларда субсидияны, салық салудың прогрессивтік жүйесін қолдануды ұсынды. Сыртқы эффектіні өтеу үшін мемлекет бюджеттік механизмді қолдануы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономика ғылымындағы Нобель сыйлығының лауреаттары,экономикалық теория қалыптасу кезеңдері
Жалпы экономикалық теорияның методологиясы мен даму кезендері
Саяси экономия ғылымы
Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері. ҚР жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
Экономикалық теория жайлы мәлімет
Нарық, оның қызметтері және қызмет ету қағидалары
Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері жайлы мәлімет
Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезенддері
Пәндер