Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. Комменсалдар. Даралардың және популяцияның ассосациялануы. Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану жайында
1. Ранункулидтер (Ranunculidae) класс тармағы
2. Сарғалдақтар (Ranunculaceae) тұқымдасы
3. Бөріқарақаттар (Berberidaceae) тұқымдасы
4. Көкнәр гүлділер (Papaverales) қатары
5. Көкнәрлар (Papaveraceae) тұқымдасы
6. Гамамелид тәрізділер (Hamamelidae) класс тармағы
7. Гамамелид гүлділер (Hamamelidales) қатары
8. Гамамелидтер (Hamamelidaceae) тұқымдасы
9. Шынарлар (Platanaceae) тұқымдасы
10. Самшиттер (Вихасеае) тұқымдасы
11. Қалақай гүлділер (Urticales) қатары
12. Қарағаштар (Штасеае) тұқымдасы
13. Тұттар (Могасеае) тұқымдасы
14. Кенепшөптер (СаппаЫпасеае) тұқымдасы
15. Қалақайлар (Urticaceae) тұқымдасы
16. Казуарин гүлділер (Casuarinales) қатары
17. Казуариндер (Casuarinaceae) тұқымдасы
18. Шамшат гүлділер (Fagales) қатары
19. Қайыңдар (Betulaceae) тұқымдасы
20. Шамшаттар (Fagaceae) тұқымдасы
21. Жаңгақ гүлділер (Juglandales) қатары

Ранункулидтер (Ranunculidae) класс тармағы
Магнолияларға қарағанда гүлдері әр түрлі болып келеді: ациклді, көбінесе гемициклді немесе циклді; бір немесе екі түсті гүлсерігі болады, кейде гүлсерігі мүлдем болмайды. Гүлдері актиноморфты (дұрыс), бірақ жоғары дамыған формаларының гүлдері зигоморфты (бұрыс) болып келеді. Гүлсерігінің мүшелері өте көп немесе тұрақты болады. Аталықтары өте көп, шеткі аталықтары күлте жапырақшалары тәрізді шірнеліктерге айналуы мүмкін.
Жеміс жапырақшаларының саны біреу немесе көп болады; бос күйінде орналасады, сирек жағдайларда белгілі бір қалыпта кірігуі мүмкін. Гүл табаны сопақшалау, кей кезде ойыс болып келеді. Шөптесін, көбінесе лианды, бұталы өсімдіктер, кейбіреулері сулы жерлерде өседі. Жапырақтары көбінесе жай жапырақтар, қосалқы жапырақшалары жоқ. Өткізгіш шоқтары кейде шашы¬раңқы орналасады. Көпшілігінің түтіктері әлсіз перфорацияланған бөліктерден тұрады. Кейбір өкілдерінде түтіктері мүлдем болмайды.
Сарғалдақ гүлділер (Ranunculales) қатары
Бұл қатар өкілдерінің магнолиялылармен шығу тегі бір, параллельді дамыған, бірақ сарғалдақ гүлділердің ішінде шөптесін формалары басым келеді.
Сарғалдақтар (Ranunculaceae) тұқымдасы
Сарғалдақтар тұқымдасының өкілдері Солтүстік жартышардың суық, қоңыржай және субтропиктік, тіпті кейбір түрлері тропиктік аймақтарында таралған. Бұл тұқымдастың 187-ге жуық түрі Қазақстанда кездеседі.
Сарғалдақтардың арасында бұталы формалары өте сирек кездеседі, негізінен шөптесін өсімдіктер және лианалар. Бұлар көбінесе орманды, шалғындықты, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер бірлестіктерін құрайды. Сарғалдақтардың басым көпшілігі жәндіктер арқылы, кейбір түрлері жел арқылы, ал тропиктік аймақтардағы түрлері колибри құсы арқылы тозаңданады.
Көбінесе жай жапырақ тақталарының жиектері бүтін, кейде сәл тілімделген, сирек жағдайларда күрделі жапырақты өсімдіктер. Қосалқы жапырақшалары жоқ, жапырақтары спираль бойымен, кейде қарама-қарсы орналасады. Қос жынысты гүлдері әр түрлі гүлшоғырларын кұрайды, кейде жекелеп түзіледі. Сарғалдақтар тұқымдасының гүлдерінің құрылыстары әр түрлі (актиноморфты және зигоморфты). Ең қарапайым құрылысты актиноморфты гүлдерінің гүлсеріктерінің саны шексіз, аталықтары мен аналықтарының саны көп. Гүлсерігі жай және күрделі болады. Саны өте көп аталықтары спираль бойымен орналасады, бірақ кейбір өкілдерінде аталықтарының саны аз (2-3) және шеңбер бойымен орналасады. Аналықтарының саны көп, кейде саны шектеулі болады (1-3-5).

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар.
Эпиконсорттар. Комменсалдар. Даралардың және популяцияның ассосациялануы.
Биотрофикалық, сапротрофикалық, экотопикалық ассосациялану.
Орындаған: Мұханова М.А
Тобы:БЛ - 409
Тексерген:
Жилкыбаева С.Д
2015 ж
Ранункулидтер (Ranunculidae) класс тармағы
Магнолияларға қарағанда гүлдері әр түрлі болып келеді: ациклді, көбінесе
гемициклді немесе циклді; бір немесе екі түсті гүлсерігі болады, кейде
гүлсерігі мүлдем болмайды. Гүлдері актиноморфты (дұрыс), бірақ жоғары
дамыған формаларының гүлдері зигоморфты (бұрыс) болып келеді. Гүлсерігінің
мүшелері өте көп немесе тұрақты болады. Аталықтары өте көп, шеткі
аталықтары күлте жапырақшалары тәрізді шірнеліктерге айналуы мүмкін.
Жеміс жапырақшаларының саны біреу немесе көп болады; бос күйінде
орналасады, сирек жағдайларда белгілі бір қалыпта кірігуі мүмкін. Гүл
табаны сопақшалау, кей кезде ойыс болып келеді. Шөптесін, көбінесе лианды,
бұталы өсімдіктер, кейбіреулері сулы жерлерде өседі. Жапырақтары көбінесе
жай жапырақтар, қосалқы жапырақшалары жоқ. Өткізгіш шоқтары кейде шашыраңқы
орналасады. Көпшілігінің түтіктері әлсіз перфорацияланған бөліктерден
тұрады. Кейбір өкілдерінде түтіктері мүлдем болмайды.
Сарғалдақ гүлділер (Ranunculales) қатары
Бұл қатар өкілдерінің магнолиялылармен шығу тегі бір, параллельді дамыған,
бірақ сарғалдақ гүлділердің ішінде шөптесін формалары басым келеді.
Сарғалдақтар (Ranunculaceae) тұқымдасы
Сарғалдақтар тұқымдасының өкілдері Солтүстік жартышардың суық, қоңыржай
және субтропиктік, тіпті кейбір түрлері тропиктік аймақтарында таралған.
Бұл тұқымдастың 187-ге жуық түрі Қазақстанда кездеседі.
Сарғалдақтардың арасында бұталы формалары өте сирек кездеседі, негізінен
шөптесін өсімдіктер және лианалар. Бұлар көбінесе орманды, шалғындықты,
батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер бірлестіктерін құрайды. Сарғалдақтардың
басым көпшілігі жәндіктер арқылы, кейбір түрлері жел арқылы, ал тропиктік
аймақтардағы түрлері колибри құсы арқылы тозаңданады.
Көбінесе жай жапырақ тақталарының жиектері бүтін, кейде сәл тілімделген,
сирек жағдайларда күрделі жапырақты өсімдіктер. Қосалқы жапырақшалары жоқ,
жапырақтары спираль бойымен, кейде қарама-қарсы орналасады. Қос жынысты
гүлдері әр түрлі гүлшоғырларын кұрайды, кейде жекелеп түзіледі.
Сарғалдақтар тұқымдасының гүлдерінің құрылыстары әр түрлі (актиноморфты
және зигоморфты). Ең қарапайым құрылысты актиноморфты гүлдерінің
гүлсеріктерінің саны шексіз, аталықтары мен аналықтарының саны көп.
Гүлсерігі жай және күрделі болады. Саны өте көп аталықтары спираль бойымен
орналасады, бірақ кейбір өкілдерінде аталықтарының саны аз (2-3) және
шеңбер бойымен орналасады. Аналықтарының саны көп, кейде саны шектеулі
болады (1-3-5).
Гинецей көбінесе апокарпты, жатыны бір ұялы.
Бұл тұқымдастың ішінде ациклді, циклді және гемициклді гүлдері бар
өсімдіктер кездеседі. Жемістері таптама, жалғыз тұқымды ашылмайтын
жаңғақша, өте сирек жағдайларда жидек немесе қорапша түрінде кездеседі.
Гинецейлері мен жемістерінің құрылыс ерекшеліктеріне қарай сарғалдақтар
тұқымдасын Helleboroideae, Anemonoideae және Paeonioideae деп үш тұқымдас
тармақтарына бөлінеді.
Хелебороидтер (Helleboroideae) тұқымдас тармағына жататын өсімдіктердің
әрбір жатынында бірнеше тұқымбүршіктері болады, жемістері таптама, сирек
жағдайларда қорапша немесе жидек түрінде болады. Осы тұқымдас тармағының
өкілдерінің шірнеліктерінің құрылысы әр түрлі. Тұқымдас тармағының ішінде
гүлдері спираль бойымен орналасқан (жанаргүл) өсімдіктермен қатар жарты
шеңбер бойымен орналасатын (қалтагүл) және толық шеңбер бойымен орналасатын
(шөмішгүл) формалары кездеседі. Шөмішгүлдің ішкі шеңберде орналасқан 5
аталығы күлте пішінді қабыршақтарға айналған. Шірнеліктері жақсы жетілген,
әрі күлте-лерінен өзгеше боялған бір формаларының гүлсеріктері күрделі, ал
шірнеліктері нашар жетілген, әрі байқалмайтын екінші бір формаларының
гүлсеріктері жай болып көрінеді.
Гүлсеріктерінің құрылысына қарай актиноморфты (қалтагүл, күнгелді),
зигоморфты (шөмішгүл, тегеурінгүл) түрлері де кездеседі.
Қалтагүл (Caltha) көп жылдық шөптесін өсімдік. Жүрек тәрізді жапырақ
тақтасы бүтін, тек жиектері аздап иректелген. Гүлсерігі жай, 5 күлте
жапырақшалары сары түсті. Шірнеліктері жоқ.
Тегеурінгүлдердің (Delphinium) басым көпшілігі көп жылдық шөптесін
өсімдіктер. Қызғылт, сиякөк түсті зигоморфты гүлдері шашақ гүлшоғырларын
түзеді. Жапырақтары қауырсын түрінде тілімшеленген. Тек қана
жарғаққанаттылар арқылы тозаңданады.
Қазақстанның флорасында тегеурінгүл туысының 28 түрі өседі. Олар көбінесе
шалғындықтарда, егіс алқаптарында және таулы аймақтарда таралған. Көптеген
түрлері өсемдік мақсатта өсірілсе, кейбір түрлері арамшөп ретінде белгілі.
Желайдарлар (Anemonoideae) тұқымдас тармагындагы өсімдіктердің жатынында
тұқымбүршігі біреу және жемісі жаңғақша болып келеді. Бұл тұқымдас
тармағына жататын туыс өкілдерінің біреулерінің гүлсеріктері жай (желайдар
- Anemone, маралоты - Thalictrum), ал кейбір өкілдерінің тостағанша
тәріздес жапырақшаларымен қатар ашық боялған, жалпақ келген күлте түріндегі
шірнеліктері болады.
Желайдарлардың гүлдері ациклді, кейде гемициклді (жанаргүл-Adonis), барлық
жағдайда актиноморфты болады. Жай гүлсерігі болған жағдайда гүлсерігінің
жапырақшалар саны әрқилы келеді. Мысалы, желайдар (Anemone) мен құндызшөпте
(Pulsatilla) 5 жапырақшаның орнына 6 жапырақша болады, бұл жағдайда 3
мүшелі гүлсеріктері 2 шеңбер бойымен орналасады.
Бұл тұқымдас тармағына ең үлкен сарғалдақ (Ranunculus) туысы жатады.
Субтропиктік аймақтан бастап тундраға дейін таралған сарғалдақ туысына 400-
ге жуық түрлер жатады, оның 57
57-сурет. Күйдіргі сарғалдақ. (Ranunculus асег):1- жаңғақша жемісі
түрі Қазақстанда кездеседі.
Шалғындықтарда, орман алқаптарында кеңінен таралған сарғалдақтар көбінесе
көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жапы-рақтары саусақ түрінде салаланып
тілімшеленген, сирек жағдайда бүтін жапырақты, гүлдері сары немесе ақ
түсті. Сарғалдақтың күлте шірнеліктері шеңбер бойымен, гүлдің басқа
бөліктері спираль бойымен орналасқан. Бұлар қосқанаттылар және қоңыздар
отрядтарына жататын жәндіктер арқылы тозаңданады.
Сарғалдақтар туысына жататын өсімдіктердің басым көпшілігі алкалоидтар
түзуіне байланысты улы болып келеді. Әдетте жануарлар бұл өсімдіктерді
жемейді. Күйдіргіш сарғалдақ (R.acer) (57-сурет) пен улы сарғалдақтың
(R.sceleratus) шырындары адамның терісін қолдыратып күйдіреді. Сарғалдақ
уының белгілі бір дәрежеде емдік қасиеті бар, сондықтан да бұл өсімдіктер
медицинада қолданылады.
Көктем жанаргүлі (Adonis vernalis) көбінесе Қазақстанның таулы қыратты
аймақтарында өсуге бейімделген.
Гүлі ашық сары түсті, жапырақтары қауырсынды немесе саусақты - салалы
тілімделген, ерте көктемде гүлдейтін өсімдік. Қазақстан флорасында
жанаргүлдің туысына жататын 8 түр өседі,оның ішінде сирек кездесетін 3 түрі
- көктем жанаргүлі (A.vernalis), жылтыр жанаргүл (A.chrizocyathus) және
Тянь-Шань жанаргүлі (A.tianschanicus) отандық Қызыл кітапқа енген. Тянь-
Шань тауының биік ендіктерінде таралған жылтыр жанаргүлі реликті өсімдік
болып саналады. Дәрілік өсімдіктер ретінде тибет медицинасының патшасы
деген атауға ие болған, көктем жанаргүлі кұрамындағы глюкозидтерге
байланысты жүрек ауруларына ем ретінде қолданылады.
Бәрпінің (Aconitum) тамыржемістері мен басқа да бөліктерінде аз мөлшерде
аурудың әсерін бәсеңдететін, ал көп мөлшерде өмірге қауіп тудыратын
аконитин деген зат түзіледі.
Құндызшөп (Pulsatilla) ерте көктемде гүлдейтін көп жылдық шөптесін
өсімдіктер. Сабақтары тік орналасқан жұмсақ қалың түктермен қапталған.
Түптеніп орналасқан жапырақтары саусактар тәрізді салаланып тілімшеленген.
Ақшыл-күлгін немесе жасыл-сары түсті ірі гүлдері салбырап орналасады. Ұзын
түктермен жабдықталған қосалқы гүл асты жапырақшалары қатты тілімшеленіп
бөліктенген. Көбінесе таулы аймақтарда, қарағайлы ормандарда таралған.
Маралоты (Thalictrum) туысының басым көпшілігі биік шөптесін өсімдіктер.
Жапырақтары екі, үш ретті қауырсын түрінде тілімшеленген. Гүлдері сыпыртқы
гүлшоғырларын түзеді. Жай гүлсерікті ұсақ гүлдері реңсіз. Аталық жіпшелері
керісінше ұзын, тозаңқаптары ашық сары түсті немесе сиякөк түсті. Бұл
туысқа жататын барлық түрлер жел арқылы тозаңданады.
Сарғалдақтардың кейбір түрлері атап айтқанда, шөмішгүл (Aguilegia),
тегеурінгүл (Delphinium), нигелла (Nigella), бәрпі(Aconitum) әдемілік үшін
өсіріледі, ал кейбір түрлері, мысалы дала тегеурінгүл (D. cosolida), кіші
тышқанқұйрық (Myosurus minimus) және т.б. егістіктерде арам шөп түрінде
кездеседі.
Таушымылдықтар (Paeonioideae) тұқымдас тармағы. Негізінен субтропиктік,
бірен-сараң қоңыржай аймақтарда кездеседі. Жабайы түрде Қазақстанның Тянь-
Шань, Жоңғар Алатауында, Алтай және Тарбағатай тауларының тау етектеріндегі
бұталы және шөптесін өсімдіктер арасында, тау беткейлерінде кәдімгі
таушымылдық (Paeonia anomala) және дала таушымылдығы (Paeonia hybrida)
өседі. Ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктер.Тамырлары түйнекті, қосалқы
жапырақсыз үш қайтара салалы тілімделген ірі жапырақтары бар шөптесін
өсімдіктер. Қою қызыл, кошқыл қызыл түсті, ірі және хош иісті гүлдері жеке-
жеке орналасады. Тостағанша жапырақшалары 5 немесе одан да көп; кейде жасыл
түсті, кейде күлте түстес. Күлтелерінің саны 5-8-ден 15-ке дейін жетеді.
Аталықтарының саны өте көп. Апокарпті гинецейі 5-2 жеміс жапырақшаларынан
тұрады; аналық мойыны қысқа, ауызы кең болады. Гүлдерінің түпкі жағында,
әсіресе бұталы формаларында (қарапайым белгі болып саналады) шірнелік
дискілері болады; кейбір түрлерін қоңыздар тозаңдандырады. Тұқымбүршіктері
жатынның құрсақ тігісі бойымен екі қатар түзе орналасады. Жемістері ішінде
бірнеше тұқымы бар қалың қабырғалы таптама.
Шығыс Еуропа және Қазақстанның далаларында кездесетін, жапырақтары шашақ
тәрізді тілімделген мен қою-қызыл түсті гүлдері бар көдімгі таушымылдық
сияқты жабайы түрлерінің декоративтік маңызы бар. Сол сияқты, бұлардың
тамырларынан алынатын тұнба жүйке ауруларына қарсы медицинада
пайдаланылады.
Бөріқарақаттар (Berberidaceae) тұқымдасы
Бұл тұқымдасқа сүректі өсімдіктер және көп жылдық шөптесін түрлер жатады.
Бөріқарақаттар тұқымдасы Еуропа, Азия және Американың қоңыржай
белдеулерінде таралған. Қазақстанның территориясында бөріқарақаттар
тұқымдасының торсылдақ (Leontice), бонгардия (Bongardia) және бөріқарақат
(Berberis) туыс өкілдері өседі. Жапырақтары жай және күрделі. Гүлдері
жекелеп орналасқан немесе көп жағдайларда шашақты цимозды гүлшоғырларына
біріктірілген. Гүлсеріктері 2 түрлі; ішкі және сыртқы қабаттары күлте
жапырақшалардан тұрады, бірақ ішкі қабаттарындағы күлтелерде шірнеліктері
болады. Сирек жағдайларда шірнелікті күлтелер болмауы мүмкін. Гүлдері қос
жынысты. Гүлсеріктерінің саны 6-ға дейін жетеді, оның ішінде шірнелікті
күлтелері 2 шеңбер бойымен орналасады. Аталықта-рының саны 4-6, олар 2-6
мүшелі шеңберлердің бойымен
227 орналасады. Жалғыз жеміс жапырақшасынан түзілген жалғыз аналықтың бір
ұялы жоғарғы жатынының түп жағында, немесе бүйір тігісінің бойымен бір
немесе бірнеше тұқымбүршіктері орналасады. Жемістері жидек, кейде жаңғақ
немесе қорапша. Барлық бөріқарақаттар тұқымдасының құрамында алкалоид
берберидин түзіледі.
Ұзарған және қысқарған бұтақтары бар кәдімгі бөріқарақат (Berberis
vulgaris) бұталы өсімдік. Бұл өсімдіктің ұзарған бұтақтарындағы жапырақтары
тікенектерге айналған (58-сурет). Кәдімгі бөріқарақат көктемнің соңғы
айларында гүлдейді. Шашақ гүлшоғырларына жинақталған, сары түсті гүлі 6
тостағанша жапырақшадан, 6 күлте жапырақшадан және 6 аталықтан тұрады.
58 -сурет. Бөріқарақат (Berberis vulgaris). 1-гүлденген бұтақ; 2-гүлінің
үстіңгі жағынан көрінісі; 3-гүл кесіндісі; 4-гүлінің диаграммасы
Бір жеміс жапырақшадан түзілген аналық жатыннан, ұрықтанғаннан кейін ашық
қызыл түсті жидек жеміс түзіледі. Біздің флорада бөріқарақаттың 9 түрі
өседі. Олардың арасында Орталық
Қазақстанда өсетін Қарқаралы (B.karkaralensis), Іле және Жоңғар Алатауында
кездесетін Іле (B.iliensis) бөріқарақаттары тікенекті бұталы өсімдіктер.
Жидек жемістері қызыл түсті. Бұл екі түрдің таралу ареалдары қысқарған,
сирек кездесетін эндемдік өсімдіктер. Осыған байланысты бұл екі түр де
табиғатты қорғаудың отандық Қызыл кітабына енгізілген. Сүрегінің ашық-
қызыл түсіне байланысты, Қазақстанның кейбір өңірлерінде сарыағаш деп те
аталады.
Жемісі қышқыл келген, жеуге жарамды. Гүлдерінен сары бояу алады.
Декоративтік өсімдік, гүлдері шірнеліктеріне бай; астық тұқымдастарында
кездесетін тат саңырауқұлақтарының аралық иесі болып табылады. Бұл
тұқымдастың тағы бір өкілі магония (Маһопіа aquifolium), әсемдік үшін
өсірілетін бұталы өсімдік. Отаны Солтүстік Америка, қою жасыл түсті
жапырақтары күзге қарай қызыл түске боялады.
Тағы бір өкілі канадалық гидрастис (Hydrastis canadensis) шөптесін өсімдік.
Отаны Солтүстік Америка, гүлсерігі жай типті, көп мүшелі андроцейдің
аталықтары спираль бойымен орналасқан, гинецейі апокарпті. Бұл туыс сары
ағаштар мен сарғалдақтар ортасындағы аралық форма болып табылады, кейбір
ғалымдар бұл туысты сарғалдақтар тұқымдасына жатқызады.
Көкнәр гүлділер (Papaverales) қатары
Гүлдері қос жынысты, актиноморфты немесе зигоморфты. Әдетте циклді, көп
жағдайларда димерлі. Гинецейі паракарпті, жеміс жапырақшаларының саны 2-30-
ға дейін, жоғарғы жатыны бір ұялы, тұқымбүршіктері өте көп, жемістері
қорапша немесе жаңғақша.
Шөптесін өсімдіктер, кейбір түрлері бұталар, тіпті жапырақтары кезектесіп
орналасқан, қосалқы жапырақшалары жоқ, кішігірім ағаш формасындағы түрлері
де кездеседі.
Көкнәрлар (Papaveraceae) тұқымдасы
Көкнәрлар тұқымдасы шөптесін өсімдіктер кейбір түрлері бұталар немесе
жартылай бұталар, сирек жағдайда аласа келген ағаштар. Жапырақтары қатты
тілімшеленген, кейде бүтін жиекті, қосалкы жапырақтары жоқ. Жапырақтары
кезектесіп орналасады, кейде жоғарғы жапырақтары қарама-қарсы немесе
топтанып орналасады. Бұларға сүт жолдары мен сүтті клеткалар тән; егер
сүтті зат (латекс) түзілмейтін болса, онда түтікті клеткалары басқа
заттарға толы болады. Гүлдері жекелеп орналасады немесе әр түрлі
гүлшоғырларын құрайды, қос жынысты. Гүлсерігі қосарланған.
Гүлдері актиноморфты немесе билатеральді симметриялы, кейде зигоморфты,
әдетте ерте түсіп қалатын екі тостағаншасы және төрт күлтесі болады.
Аталықтары 2,4 немесе одан да көп болады және шеңберлер түзе орналасады.
Аналығы 2 немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан түзіледі. Жоғарғы жатыны
бір ұялы, тұқымбүршіктері көп. Жемісі қорапша немесе жаңғақша, тұқымдарының
эндоспермі майлы. Құрамында алкалоидтар бар. Бұл тұқымдасқа негізінен
Солтүстік жарты шардың тропиктен тысқары аймақтарында өсетін 700-ге жуық
түрлер жатады. Қазақстан флорасында көкнәрлар тұқымдасына жататын 44 түр
белгілі.
Көкнәрлар тұқымдасының кең тараған өкілдерінің қатарына апиын көкнәрі
(Papaver somniferum) жатады (59-сурет).
Бұл көкшіл-жасыл түсті, тік өсетін сабағы бар бір жылдық өсімдік. Үлкен
жапырақтарының ұзынша келген жүрек тәріздес төменгі бөлігі сабақты қаусыра
орналасқан. Жекелеп түзілген гүлдері ірі келеді. Ақ, сиякөк, қызғылт немесе
қызыл реңді келген күлте жапырақшаларының төменгі бөлігінде қара дақтары
болады. Шар тәріздес қорапшада саны жағынан көп, пішіні бүйрек тәрізді, сұр
немесе көкшіл-қара түсті ұсақ тұқымдар түзіледі. Апиын көкнәрі ақпан және
наурыз айларында гүлдеп, сәуірде жеміс түзеді. Өсімдік денесіндегі сүтті
түтіктерден бөлінетін, ауада тез қататын сүтті шырыны апиын деп аталады.
Көкнәрдің жетілмеген қорапшасынан алынатын сүтті шырынның құрамында
медицинада өте бағалы морфин, наркотин, кодеин, папаверин және т.б. әр
түрлі алкалоидтар болады. Бұл өсімдік наркотиктік заттардың негізгі көзі
болып саналатындықтан, олардың таралуы өте қатаң бақылауға алынған.
Өсімдіктің пісіп жетілген тұқымынан басқа, барлық органдары улы болып
келеді. Жетілген тұқымының құрамында морфин болмайды. Соған байланысты
мәдени түрлерінің тұқымдарын тамақ өнеркәсібінде және техникалық май алуда
қолданады.
59-сурет. Апиын көкнәрі (Papaver БотпіГегит).1-гүлденген сабақ; 2-аналық; 3-
жатынның көлденең кесіндісі; 4-қорапша; 5-тұқым; 6-тұқымның көлденең
кесіндісі
Орталық Қазақстанның жартасты тау беткейлерінде, тау жайылымдықтарында
сирек кездесетін, эндемді өсімдіктер қатарына жататын жіңішке көкнәр
(P.tenellum) Қызыл кітапқа енгізілген.
Кекнәрлар тұқымдасына дәрілік өсімдік ретінде белгілі кең таралған үлкен
сүйелшөп (Chelidonium majus) жатады. Көбінесе тастанды жерлерде, үй
маңайларында, көлеңкелі жерлерде өсетін рудеральді арамшөп ретінде де
белгілі. Сабақтары жиі бұтақтанған көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары
күрделі қауырсын түрінде тілімшеленген. Қызғылт-сары түсті гүлдері шатырша
гүлшоғырларын түзеді. Жемісі бір ұялы қорапша. Жаз бойы гүлдейді.
Өсімдіктің барлық органдарында түзілетін қызғылт-сары түсті сүтті шырыны
халық медицинасында сүйел және әртүрлі тері ауруларына қарсы қолданылады.
Осы тұқымдастағы зигоморфты гүлі бар өсімдіктер қатарына дәрі көгілдірі
(Fumaria officinalis) мысал бола алады (60-сурет).
60-сурет. Дәрі көгілдірі (Fumaria officinalis): 1-гүлі; 2-тостағанша; 3-
аналық; 4-жемісі
Зигоморфты ұсақ гүлдері шашақ гүлшоғырына жинақталған. Жемісі бір тұқымды
жаңғақ. Ерте көктемнен күзге дейін гүлдейтін, өңделмеген егістік жерлерде
таралған арамшөп ретінде белгілі.
Класс тармағының ішінде өсімдіктердің морфологиялық ерекшеленуімен қатар,
биохимиялық тұрғыдан алшақтануы да байқалады. Мысалы, көкнәрлар мен
сарғалдақтар тұқымдаста-рының өкілдері улы заттар түзеді, бірақ бұл
заттардың түзілу жолдары әртүрлі.
Гамамелид тәрізділер (Hamamelidae) класс тармағы
Гамамелидтердің гүлдерінің құрылысы үнемі циклді болып келеді, гүлдері
әдетте дара жынысты, көбінесе анемофильді, ұсақ реңсіз келеді; гүлсеріктері
болмайды немесе әлсіз жетілген.
Гүлдері гүлшоғырларын түзеді. Гинецейі ценокарпті. Жетілген тозаңдары екі
клеткалы, әдетте тұқымбүршіктері қос интегументті болады. Басым көпшілігі
сүректі өсімдіктер. Негізгі ерекшеліктеріне қарай дара жабынды жеке
күлтелілерге (Monochlamydae) жақын.
Түрлі теориялық тұжырымдарға негіздей отырып, бірқатар систематиктер бұл
класс тармағына 9-дан 15-ке дейін қатарларды жатқызады.
Гамамелид гүлділер (Hamamelidales) қатары
Гамамелидтер негізінен сүректі және бұталы өсімдіктер. Қосалқы
жапырақшалары бар, жай жапырақтары кезектесіп, ал сирек жағдайларда қарама-
қарсы орналасады. Гүлсерігі болмайды, егер бар болса, қарапайым немесе қос
түсті болып келеді. Гүлдері дара немесе қос жынысты болуы мүмкін.
Гүлдерінде екі жеміс жапырақшалары бар, сирек жағдайларда олардың саны
біреу немесе екеуден артық болады; гинецейі апокарпті болмаса, синкарпті;
әрбір ұяда бір немесе бірнеше тұқымбүршіктері болады.
Гамамелидтер (Hamamelidaceae) тұқымдасы
Гамамелидтер тұқымдасын құрайтын туыстар өкілдері жапырақтарын тастайтын
сүректі, бұталы өсімдіктер. Қосымша жапырақшасы бар жай жапырақтары
кезектесіп орналасады. Жұлдызша түрінде топтаса орналасқан түктер түзеді.
Дара немесе қос жынысты ұсақ гүлдері шоғырбас, шашақ немесе масақ тәрізді
гүлшоғырларына жинақталған. Гүлсеріктері жоқ немесе қарапайым гүлсеріктері
болады. Гүлдерінің басым көпшілігі төрт немесе бес мүшелі және гүл мүшелері
шеңбер түзе орналасады; аталық-тарының саны өте көп болуы мүмкін. Әдетте,
синкарпті гинецейі көбінесе екі жеміс жапырақшаларынан құралады; қос ұялы
жатыны төменгі, ортаңғы немесе жоғарғы жағдайларда орналасады. Әрбір ұяда
бір сирек жағдайларда бірнеше тұқымдар дамиды. Жемістері қорапша түрінде
болады.
Негізінен Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азияның субтропиктік аймақтарында
өсетін 100-ден астам түрлері белгілі. Осы тұқымдасқа жататын,
палеонтологиялық деректерге қарағанда бор дәуірінде пайда болған, өте
ежелгі ликвидамбар (Liquidambar orientalis) туысын атап өтуге болады.
Неогенде бұл өсімдіктер кең таралған. Кейбір түрлері қазіргі кезге дейін
сақталған. Мысалы, Кіші Азияда шығыс ликвидамбары (L. orentalis), ал
Солтүстік Американың Атлант мұхитына қарасты оңтүстік-шығыс бөліктерінде
биіктігі 45 м-ге жететін шайырлы ликвидамбар (L. styraciflua) өседі.
Ликвидамбар, гамамелис (Hamamelis), корилопсис (Corylopsis) туыстарының
өкілдері субтропиктік аймақтарда декоративтік мақсатта өсіріледі.
Гамамелидтердің ішіндегі ең ірісі Ява (Индонезия) аралының тропиктік
ормандарында өсетін биік расамала (Altingia excelse) ағаштары. Бұл
өсімдіктердің биіктігі 80 м-ге, жуандығы 2 м-ге дейін жетеді, ал жапырақты
бөлігі кейде 50 м-ден жоғары биіктікте орналасады. Расамаланың бальзам
иісті қатты сүрегі өте жоғары бағаланады. Иранда және Кавказдың оңтүстік-
шығысында парсы парротия (Parrotia persica) ағаштары өседі. Парротияның
ерекшелігі - оның бұтақтары өзара немесе көршілес өсімдіктің бұтақтарымен
кірігіп, біте-қайнасып өседі, тіпті кейде жақын орналасқан өсімдіктердің
діңдері де бір ағаштай бірігіп кетеді. Парротия өте баяу өседі, сүрегі
тығыз, ауыр, қызғылт түсті, өте берік болады.
Шынарлар (Platanaceae) тұқымдасы
Шынарлар тұқымдасына жапырақтарын тастайтын бір үйлі биік ағаштар
топтастырылған. Бұл тұқымдастың саусақ тәрізді тарамдалған үлкен
жапырақтары ұзын сағақты, кезектесіп орналасқан, ал ірі жапырақшалары
сабақты айнала бір-бірімен кірігіп өсетін сүректі өсімдіктер. Гүл
бұтақтарының ұшындағы шоқпарбас гүлшоғырларында дара жынысты гүлдері
жетіледі. Дара жынысты гүлдерінде кейде қарама-қарсы жыныстың рудименттері
сақталады. Анемофильді реңсіз гүлсеріктері төрт мүшелі, үш шеңбер бойымен
орналасады. Редукцияға ұшыраған тостағаншасы 3-4 тостағанша
жапырақшаларынан тұрады. Тек аталық гүлде сақталған реңсіз күлте
жапырақшасының саны, әдетте 3-4-еу болады. Аталықтарының саны 3-4 (7).
Аналық гүлде 3-4 стамино-дийлер түзіледі. Гинецейі апокарпті, 5-9 жеміс
жапырақшаларынан тұрады.
Жатынында жалғыз, сирек жағдайларда екі тұқымбүршігі бар. Гүл бұтақтарының
төменгі жағында жетілген жапырақтары бар қысқа буындардан тұрса, жоғарғы
бөлігі жапырақсыз ұзарған буындардан тұрады. Жемістері ірі түктермен
жабдықталған жаңғақша түрінде болады. Тұқымы эндоспермсіз.
61-сурет. Шынарлар. Шығыс шынары (Platanus orientalis): 1 -біріккен жемісі
орналасқан бұтақ. Батыс шынары (Platanus
occidentalis): 2-аналық гүл; 3-аталық гүл; 4-аталық гүлдің диаграммасы; 5-
аналық гүлдің диаграммасы (ст- стаминодий)
Бұл тұқымдасқа 6 түрі бар жалғыз ғана шынар (Platanus) туысы жатады.
Шынар туысы Солтүстік Америка және Еуразия аймақтарында таралған. Бұл
тұқымдасқа жататын өсімдіктер түр-лері саны жағынан шектеулі, бірақ жер
бетінде кең тараған тұқым-дас ретінде белгілі. Қалыпты жылы аймақтарда
декоративтік мақ-сатта өсіріледі. Биіктігі 50 м-ге дейін жететін жалпақ
жапырақты батыс шынары (P.occidentalis) Солтүстік Америкада өседі, шығыс
шынары (P.orientalis) Орта Азияның оңтүстігінде кездеседі (61-сурет).
Шынарлар тұқымдасының систематикада алатын орны әлі толық анықталмаған.
Кейбір систематиктер гүлшоғырлары және гүлдерінің құрылыстарының
ұқсастықтарына байланысты бұл тұқымдасты қалақайлар тұқымдасына жақын деп
есептеген.
Қазіргі уақытта бұл тұқымдасты жоғарыда көрсетілген белгілеріне байланысты
раушангүлдер тұқымдасына жақын деп қарастырады. Раушангүлділер тәрізді
шынарлар тұқымдасының да гүлсеріктері қосарланған болып келеді.
Самшиттер (Вихасеае) тұқымдасы
Самшиттер тұқымдасына қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда
кездесетін өсімдіктердің 60-қа жуық түрлері ғана жатады. Басым көпшілігі
қосалқы жапырақсыз, бүтін жиекті жапырақтары қарама-қарсы (кезектесіп
орналасуы сирек кездеседі) орналасатын сүректі және бұталы формалар, ал
жартылай бұталы формалары сирек кездеседі.
Кавказдың Қара теңіз жағалауларында, Жерорта теңізін айнала және шығысқа
қарай Гималаи тауларына дейін "кавказ пальмасы" (Buxus sempervirens) деп
аталатын самшиттің бір түрі өседі. Бұл ауаның ылғалдылығын қалайтын,
көлеңкеге төзімді, 300-400 жылда биіктігі небәрі 20-21 м-ге ғана жететін
жіңішке дінді өсімдік. Өте қатты сүрегі жоғары бағаланады: граверлік
тақтайлар, токарьлік бұйымдар, тоқыма өндірісінде, қайықтар жасауда
қолданылады. Әр түрлі пішін беріп кесуге төзімді болғандықтан декоративтік
бұталар түрінде де өсіріледі.
Қалақай гүлділер (Urticales) қатары
Әдетте, қалақай гүлділер қатарына жататын өсімдіктер дара жынысты, кейде
қос жынысты гүлдері цимозды гүлшоғырларына жинақталған немесе жекелеп
орналасады. Қарапайым гүлсеріктері төрт, алты мүшелі. Екі жеміс
жапырақшаларынан түзілген аналықтарының үстіңгі жалғыз ұялы жатынында бір
ғана тұқымбүршігі дамиды.
Жемістері жаңғақша немесе сүйекті жеміс. Негізінен анемофильді, тек сирек
жағдайларда ғана энтомофильді, сүректі және шөптесін өсімдіктер. Қосалқы
жапырақтары бар, жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады.
Көптеген қалақай тәрізділерге цистолиттер мен торсыз сүт жолдары тән.
Қарағаштар (Штасеае) тұқымдасы
Қарағаш тұқымдасының өкілдері ағаштар, сирек жағдайда бұталы өсімдіктер.
Кезектесіп орналасқан бұжыр келген жапырақ тақталарының жиектері ара тіс
тәрізді тілімшеленген және қосалқы жапырақтары болады. Қарапайым гүлсерігі
бар реңсіз қос жынысты немесе дара жынысты гүлдері жеке-жеке орналасқан
немесе цимозды гүлшо-ғырына жинақталған. Гүлсерігінің жапырақшалар саны 4-5-
еу.
Аталықтарының саны гүлсерігінің жапырақшалар санына тең болады. Аналық
жатыны бір немесе екі ұялы. Аналық мойыны екеу. Анатропты орналасқан бір
тұқымбүршігі екі интегументті. Жеміс - құрғақ сүйекті жеміс, болмаса
қанатша тәрізді өскінді жаңғақша. Тұқымы эндоспермсіз.
62-сурет. Шегіршін немесе далалык карағаш (Ulmus campestris). А-гүлденген
бұтақ; Б-жемісті бұтақ; В-гүл; Г-жеміс
Қарағаштар тұқымдасы негізінен тропиктік Азия мен Америкада таралған.
Бұл тұқымдасқа 15 туыс және 150 түр біріктірілген. Бұлардың арасында
қарағаш немесе ильм (Ulmus) туысының өкілдері қоңыржай климатты аймақтарда
қоныстанған.
Биіктігі 40 м, діңінің жуандығы 1-1,5 м-ге жететін қарағаш түрлері 300-400
жылға дейін тіршілік етеді. Жемістерінің қанатша тәрізді өсінділері олардың
жер бетінде таралуына мүмкіндік жасайды. Қарағаш жел арқылы тозаңданатын
өсімдік болып саналғанмен, аралар арқылы да тозаңдануы да мүмкін.
Қазақстанның көптеген аймақтарында қарағаш (Ulmus) туысына жалпақ жапырақты
ормандарды түзуші формалар түрінде сүректері өте берік жылтыр карағаш
(U.laevis), қотыр қарағаш (U.scabra), шегіршін немесе дала қарағаш
(U.campestris) және т.б. түрлері өседі (62-сурет).
Бұл тұқымдастың ішінде ең көп таралған туыстарының бірі таудаған (Celtis)
туысы. Негізінен Солтүстік жарты шардың тропиктік және қоңыржай
аймақтарында кездеседі. Жемістері сүйекті жеміс. Көптеген түрлерінің сүрегі
ауыр және қатты ағаштар түрлерін құраса, енді біреулері бұталар мен
лианалық өсімдіктер болып табылады. Кавказ бен Орта Азияда Кавказ таудағаны
(C.caucasica) кездеседі. Кейбір түрлері қаланы көгалдандыру мақсатында
өсіріледі.
Тұттар (Могасеае) тұқымдасы
Тұттар түқымдасына жапырақтары кезектесіп орналасқан, қосалқы жапырақтары
бар ағаштар, сирек жағдайда бұталар мен шөптесін өсімдіктер жатады.
Гүлдері әрдайым дара жынысты. Аталық гүлдің гүлсерігі төрт жапырақшадан
тұрады. Жапырақшалары бос немесе кірігіп орналасады, кейде мүлдем болмайды.
Гүлсерігінің әр мүшесіне қарсы бір-бірден аталықтар орналасады. Өте сирек
жағдайларда аталықтары жалғыз болады. Аналық гүлдің де гүлсерігі төрт
мүшелі. Гүлсерігі бос немесе кіріккен болуы мүмкін, кейде жатынмен азды-
көпті дәрежеде кірігіп өседі. Осыған байланысты үстіңгі, төменгі немесе
ортаңғы жағдайда болады. Аналықты түзуші екі жеміс жапырақтарының бірі
нашар жетілген. Тұқымбүршігі жалғыз. Дихазийлерден құралған күрделі
гүлшоғырының сырт пішіні әр түрлі болып келеді: сыпыртқы, масақ, шоқпарбас
тәрізді, сонымен қатар дихазий тармақтарының ұлғаюы мен өзара кірігуі
нәтижесінде колба, шар, табақ тәрізді ортасы қуыс формаларға ие болуы
мүмкін. Мысал ретінде тұттардың (Moras) собық тәрізді гүлшоғырын, оңтүстік
аймақтарда қаланың бақтары мен көшелерінде өсірілетін маклюраның (Maclura)
осьте орналасқан шарға ұқсаған шоғырбас гүлшоғырын, нан ағашының
(Artocarpus) шар тәрізді етжеңді гүлшоғырын атауға болады. Осындай әр түрлі
гүлшоғырларынан әрқилы пішінді біріккен жемістер түзіледі (63-сурет).
Мысалы, фикустың (Ficuc) етжеңді гүлшоғырларынан түзілген құмыра тәрізді
біріккен жемісін атауға болады. Жаңғақша немесе сүйекті жемістері көбінесе
күрделі құрамды шырынды біріккен жемістер түзеді. Кейде жемістері өзара
кірігіп дамиды. Мұндай жағдайда біріккен жемістерінің ортақ осьтері етжеңді
болып келеді. Екінші реттік қабығында каучукке толы торсыз сүт жолдары
болады. Эпидермис клеткаларында, кейде одан да терең орналасқан ұлпаларында
цистолиттер кездеседі.
63-сурет. Тұттар.І-әртүрлі гүлшоғырларының схема түріндегі көрінісі:
а-тұттың (Moras) собық тәрізді; б-маклюраның (Maclura) шоғырбас; в-нан
(Ariocarpus) ағашының шар тәрізді гүлшоғырлары. Фикус немесе инжир (Ficus):
2-біріккен жемісті бұтақ; г-инжирдің біріккен жеміс кесіндісінін көрнісі.
Ақтұт (М. alba): 3-біріккен жемісті бұтақ
Тұттар түқымдастарының ішінде практикалық және биологиялық түрғыдан маңызды
өсімдіктер өте көп. Бұл тұқымдастың өкілдері негізінен тропиктік аймақтарда
өсетін өсімдіктер. Тұт (Moras) туысына жапырақ пішіндері әр текті немесе
гетерофильді бұталар мен ағаштар жатады. Қытайда өсетін ақ және Сыртқы
Кавказда өсетін шах тұттарының жапырақтары қолдан өсіретін тұт жібек
құрттарына қорек ретінде қолданылады. Азия елдерінде осы табиғи жолмен
алынатын жібек маталары әлі күнге дейін кеңінен қолданылады. Ақтұттың
(M.alba) біріккен шырынды жемісі таңқурай мен сиырбүлдіргенге ұқсас болса,
ал шах тұтының тәтті, жеуге жарамды жемісі қара-қызыл және қара түсті
болады.
Тропиктік аймақтарда таралған ариокарпус туысына жататын қауырсын тәрізді
ірі жапырақты нан (Ariocarpus altilis) ағашының крахмалға бай біріккен
жемістерінің салмағы 12 кг-ға дейін болады. Тілімдеп кесілген жемістерін
отқа қақтап, нан орнына жеуге болады, немесе жемістерінен қамыр илеп, нан
пісіруге болады. Нан ағаштарының негізгі отаны Үнді-Малай аймағы, бірақ
мәдени өсімдік ретінде жер шарының көптеген тропиктік аймақтарында да
өсіріледі. Қазіргі кезде бірсыпыра мәдени сорттары шығарылған.
Тұт тұқымдасының ішіндегі ең ірісі фикус туысы. Бұл туысқа тропиктік
аймақтарда өсетін 1000-ға жуық түрлер жатады. Олар көбінесе ірі ағаштар,
бұталар, лианалар мен эпифитті өсімдіктер. Ең маңыздыларының бірі Оңтүстік
Азиядан шыққан каучукті фикус (Ficus). Бұлардың жидекке өте ұқсас біріккен
жемістері жетілген кезеңінде қызыл, сары түсті болады. Оның сүтті шырынынан
сапасы жоғары каучук өндіріледі. Каучук фикусі жалпақ келген тіреуіш
тамырлары өте күшті дамыған биік ағаштар. Декоративтік үй өсімдігі ретінде
кең таралған. Тағы бір өкілі баньян (F. Benghalensis) ерекше эпифитті
өсімдік. Оның ағаш бұтақтарының арасына ұшып түскен тұқымдары өніп, жерге
бағытталган ауа тамырларын береді.
Ересек өсімдіктердің бағана тәрізді тамырлары қатар өскен бір топ ірі
ағаштарға ұқсайды, ал тамырларының жоғарғы жағында өте үлкен аумақты
бөрікбас түзеді. Мәдени өсімдік ретінде кең таралған түрлерінің ішінде ең
маңыздысы инжир, смоковница немесе фиго (F.carica) ағашы Жерорта теңізінің
айналасындағы елдерде, Кіші Азияда, Иранда, Солтүстік Үндістанда, Қырым мен
Кавказда кездеседі.
Бұл ұзақ тіршілік ететін, жапырақтарын тастайтын, екі үйлі, орташа
биіктіктегі ағаштар. Басқа түрлерден үш бөлікті жапырақтары арқылы
ажыратылады. Сонымен қатар, инжир тек жарғаққанатты Blastophaga жәндігімен
тозаңданады. Бұл өсімдіктің алмұрт пішіндес кепкен жемістері қантқа және
лимон кышқылдарына өте бай. Осыған байланысты инжир немесе фиго жидегі
деген атпен белгілі біріккен жемістері жеуге жарамды.
Оңтүстік-Шығыс Үндістанда кездесетін упас немесе анчар (Antriaris
toxicaria) ағашының улы шырынын жергілікті халықтар уланған садақ оқтарын
дайындауға пайдаланған.
Тропиктік Америкада кең таралған цекропия (Сесгоріа) туысының ерекшелігі
олардың мирмекофилия арқылы тозаңдануында. Сабақтарының іші қуыс, ал буын
аралықтарында тіршілік ететін құмырсқалар жапырақтарының түп жағында
орналасқан ерекше талшықтармен қоректенеді. Бұл "пәтер жалдаушылар"
ағаштарды жапырақ кеміргіш құмырсқалардан қорғайды. Цекропиялардан да
каучук өндіруге болады, бірақ оның сапасы төмен.
Қағаз (Broussonetia papyrifera) ағашы Шығыс Азияда өседі. Қалың жапырақтары
төмен салбырап орналасқан кішірек ағаштар. Діңінен және қабығынан алынатын
өңделген талшықтар, қағаз жасауда, сол сияқты қол шатырлар, орамалдар, су
өткізбейтін киімдер тігуде қолданылады.
Оңтүстік Америкалық сүт немесе сиыр (Galactodendron utile) ағаштың өте
қоректі, дәмді, тәтті сүтті шырыны сүт орнына қолданылады. Тұттар тұқымдасы
кенепшөптер, қарағаштар, қалақайлар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz