Иттің таралуы мен түрі[


Шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тексерген. Туманбаев. В. М.
Орындаган. Төлеуғазы. Б. Ж.
. . 2015 Ж
Тазы - аңшы иттердің бір тұқымы. Жүні тықыр, сирақты, сүйек бітімі нәзік, түсі ақ, қара, сары, көк болады. Көбіне өскен ортасына байланысты қоян, түлкі, қасқыр тағы басқа аңға салады.
Дала тазысының кеуде жағы мен бөксе жағының биіктігі бірдей, өте шапшаң, ұшқыр, сүйегі жеңіл, нәзік келеді, сондықтан оны ши тазы деп атайды. Тауы жердің тазысының кеуде жағынан бөксе жағы биіктеу, аяғы сіңірлі, мықты, мойыны ұзын әрі жуандау, өте ашулы келеді. Бұл кейде тайсалмай қасқырға да түседі.
Тазыны күшік күнен таңдап алып тәрбиелейді, ұсақ аңға салып ауыздандырады.
Тәжірибелі аңшы тазыны өте семіртпей не арытпай ұстайды, үнемі қоясын түсіреді, із кесуге үйретеді. Тазымен аң аулау - саятшылықтың бір қызық түрі.
сайтында ит төресі - тазылар туралы керемет фотор епортаж жарияланған екен.
«Бір тазы бүкіл ауылды тойдырар», - деген ежелден келе жатқан сөз бар. Аңшының тазы иті қазақтың жеті қазынасының бірі болып саналады. Бірақ 1950 жылдардане бастап тазы иттердің саны күрт азая бастады. Бүгінгі таңда асыл тұқымды нағыз тазылар саны кезіндегі спартандықтар сияқты 300 дей ғана қалды.
Иттің таралуы мен түрі[Тазының шыққан жері мекені туралы мәселе аса тартысты болғанымен қазір адамзаттың көбі Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Азияның үстіртті даласы деп түсінеді. Қазіргі кезде тазының таралған аймағында оған жақын тұқымдас деп айтуға келетін екі түрлі ит тұқымы бар: ол Абиссиния иті (бірақ оның 6 азу тісі бар, әрі шиебөріге жақын. Күллі ит тұқымдасының азу тісі 8) және үнділердің дол (колсун) иті. Соңғы тұқым тазы тәрізді аңды үндемей баспалап келіп алады, көп үрмейді, әрі батыл, түсі түлкіге ұқсас. Бірақ олар ну орманды мекендейді, қимылы баяу, аяқтары шомбал. Мысыр перғауындарының итіне ұқсайтын, Судан мен Кордофанда тағылау, кесек бітімді иттерді тазының ең көне "туысқаны" деп долбарланады. Бірақ Ніл дариясы аңғары қолға үйретілген тазының шыққан жері деп саналады. Ол аумақтан Араб түбегіне, ары қарай Кіші Азия мен Парсы жеріне, онан әлемге жаппай таралған делінеді. Осылай таралған иттер бірнеше ондаған ғасырлар барысында жергілікті жердің аумалы-төкпелі ауа райына үйлесіп, түрленіп сұрыпталып отырды.
Еуропаға қарай арийлермен келген тазы тұқымды иттер кеңінен таралып, аңшылық пен күн көрудің негізгі арқауына айналды, солтүстікте Балтық теңізі жағалуына таралды. Ал тазылар бұлардан кейінірекбатыс Африкадан көнеИспания (Иберия) жері арқылы кельттерғе, Галлиялықтарға жетіп, солардың атымен аталатын тазы тұқымдары пайда болғандығын Ұрым заманындағы жазбаларында жазылған, онан әрі Ирландия, Шотландияға дейін таралған. Соның айғағы қазіргі әлемдегі көптеген ит тұқымдарының аталған қарт құрлықтан кездесуі. Орта ғасырда тазымен аң аулау, тазыны тарту ету еуропалықтарда үлкен қызығушылыққа ие болған. Әсіресе, ағылшындарда таза қанды тазы иттерді сұрыптау, белгілі мақсаттарға пайдалану кеңінен етек алған.
Ал араб бәдеуилерінің ермегі болған тазылар арабтардың дін тарату жорығы кезеңінде Азияға кеңінен таралған дейді зерттеушілер. Дін таратумен тазы да бірге келді деуінің себебі ислам діні таралған аумақта, дәлірек айтқандаАлтай, Гималай тауларына дейінгі аралықта (батыста Испания жерінедейін) арабытазыға ұқсас иттер ұшырасады. Орта Азияның қатал табиғатына үйлесу үшін тазыларды ғұндардың итінің сипатына ұқсайтын ұзын сабалақ жүнді, салпаң құлақты жергілікті тұқыммен будандастырып, жаңа сұрып - шығыстың салпаң құлақ тазысы дүниеге келді. Оның құйырығы мен шонданайы ұзындау, сабалақ жүнді иттер еді және оның пайда болған және таралған аймағы тарихи кезеңіне қарай бұл тұқымды "турік-татар тазысы" деп атауға болады дейді. Батысқа қарай ығысқан түрік халықтары өзімен бірге салпаң құлақ тазысын ала келіп, оңтүстік орыс даласы мен күңгей шығыс Еуропада тазыға ұқсас жаңа ит тұқымдарының пайда болуына негіз етті . . .
Ал мұсылман емес халықтарда тазы мүлде беймәлім деуге келеді. Атақты Марко Поло моңғол императорларында аушы құстар мен басы қазандай, кесек тұлғалы иттер туралы тамсана жазады. Монах Иакинф қытайлар Шығыс Түркістанды иеленгеннен соң ғана тазымен етене таныса бастаған дейді. Махмұд Қашғаридің "Диуани лұғат ат-түрік" сөздігінде (ХІғ. ) "тайған" сөзін келтіріп, оған "тазы, алғыр ит" деген анықтама берді (Қашғари М., Түрік сөздігі, А., 1998, 3-том, 238- бет) . Қырғыздар осы күнге дейін тазыны "тайған" деп атайды, ал, өзге түркілерде тазыны "тазы", "тази" деп атау қалыптасқан. Қазақтар иттің еркегі - төбет немесе арлан, ұрғашысы - қаншық, бірге туғаны - ұялас, кішкенесін күшік дейді
"Ит жақсысы - тазы" туралы түсінік"Ит жақсысы - тазы" туралы түсінік Жақсы иттержайлы қазақта ертегі, аңыздар көп. Қазақтың ұғымында ең жақсы ит-құмайды иттен емес, "итала қаз" дейтін ала құстың жұмыртқасынан шығыпты-мыс, - дейді. Ол құс қасқыр мен аюдың ескі апандарын немесе таудың үңгірлерін мекендейді. құмай тазы туралы аңыз - әфсаналарға зер салатын болсақ, иттің тотемдік культі және күнделікті өмірдегі таза практикалық пайдасынан болса керек.
Ит культі аңшылық дәуірінде шарықтау шегіне жетіп дәріптеліп, түркі-моңғол халықтарының арасына ителі, италақаз, құмай тазы туралы мифтер кеңінен таралған. Қумай ит туралы аңызды кезінде Ә. Диваевта жазып алған. "Қазалы, Перовск, Шымкент уездерінің қазақтарынан өзінің лақап аты бойынша бірегей құс - итала қаз жөнінде біздің әлденеше рет естуімізге тура келді. "Итала қаз жұмыртқасын елсіз және биік төбелердегі ескі, айдаладағы мазарларға салады, ол үшін сол жерден әр түрлі аң және басқалар тастап кеткен інді пайдаланады. Жұмыртқадан "құмай" деген лақап атқа ие болатын тазы ит шығады. Олар титімдей болып жарық дүниеге келеді, төстері қара ала болады, керемет шапшаңдығымен, батылдық және ептілігімен ерекшеленеді. құмай қуған аңшылықта одан бірде- бір құрбаны қашып құтыла алмайды. Кейбір қазақтардың нық сенімі бойыыша, итала қаздың етеккірі келеді, осы себепті бұл құстың еті тағамға пайдаланылмайды.
Осыған ұқсас аңызды С. Сейфуллин да жазады: "Сары ала қаздың жүмыртқасынан кейде күшік туады екен. Сол құмай болады. Оны тәңір берейін деген адамға кез қылады. Сары ала қаздың ай сайын әйелше айызы келеді". бұл аңыздардаи ит пен қаздың бір тұқымнан тарайтындығы көрінеді.
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Кендірлік өзенінің Сайхан - Сауыр тауларын жарып өтетін тікжартастың кемерінде "құмай ұясы" деген орны күркенің орнындай құстың ұясы бар. Ағаш бұтақтарынан сарғайған шөп қалдықтарынан салынғанүяәлі тұр. "Ұясы осындай үлкен болғанда, жұмыртқасы қандай болды екен", - деп таңғалысады. Тазы ит осы ұяны мекендеген алып құс - құмайдың жұмыртқасынан шығыпты. Қазақта "құмай тазы" деген сөз бар, жақсы, жүйрік, алғыр тазыларды "нағыз құмай тазы", - деп жатады.
Құмай тазылардың тұқымы, түріҚұмай тазылардың тұқымы, түрі Тазы қазақ даласына сақ заманында келген деп шамалауға болады. Шамамен 2000-2500 жылдар бұрын болса керек. Кейбір тасқа қашалған петроглифтердегі тазыға ұқсас аңшы иттерінің бейнесіне қарап, бұдан да ертерек замандарда да болған ба деп болжам жасауға да болады. Дегенмен тақыр тазылар осыдан бес-алты мың жыл бұрын перғауындар заманында өмір сүрген. Әйгілі Тутанхамон қабірінің ішінде ажал құдайы Анубис - қара түсті тазы бейнесінде бейнеленген.
"Қазақ тазысының түп атасы арабтың салюкиі, ол қазақ даласына ислам дінін таратқан араб жауынгерлерімен бірге келді", - деген нұсқаны ұсынады. Шынымен, салюки Орталық Азия мен Кавказға, Таяу Шығыс пен Иран арқылы таралған. Қазіргі салюки тұқымдары қазақ тазысына өте жақын тек, тұрқы сәл ұзын, бойы сәл сұңғақ, бірақ пошымы мен сымбаты өте жақын келуі олардың туыстығын қуаттайтындай. Төрт мың жылдай тарихы бар ол иттердің атауы құм астында қалған Арабтың Салюк қаласының атымен байланысты туған атау. Дегенмен ол тұста шумерлерге, ассириялықтарға да таралып үлгергенге ұқсайды.
Аң қағатын итін қазақтар "тазы" атауының мәні парсының "таза, алғыр, жүйрік" деген мағынадағы сөзінен шыққан. Бәлкім тазы - таза - таза қанды деген мағынадағы сөзінен туған, ықшамдалу заңдылығына байланысты тазыға ауысуы мүмкін деп жорамалдайтындар да бар. Қазақ тазысы мен ауған тазысыОрталық Азияға парсы тазысымен бір дәуірде келіп, оны сақтар мен ауғандар жергілікті табиғи жағдайдың ерекшеліктеріне сай жетілдіріп, қолдан сұрыптап өткізгенге ұқсайды.
Дегенмен соңғы кездегі зерттеулер Орта Азияда таралған тазыларды арабтың слюгги (слугги) аңшы иттерімен будандасудан пайда болған жергілікті тұқым деп есептейді. Тазының отаныҚазақстан және Түркменстан (әредік Өзбекстан жерінде де өсіріледі) деп есептеледі. Түркмен тазысы қазақ тазысына қарағанда бітімі үсақтау келеді. Тазы итті Орта Азияның көз жетпес кең даласының тұрғындары арабы иттерді жергілікті тұқыммен будандастыра отырып, сұрыптау нәтижесінде шыққан ат үстінде аң аулайтын бекзадалар мен дегдарлардың ермегіне және малшы-бақташылардың күн көрісі үшін қызмет еткен тұқым деп есептейді.
Қалай дегенмен VII-VIII ғасырларда қазақ жеріне дін тарата келген арабтармен келген тазы тұқымынан аңшы иттер тарихы басталады. Сонымен бірге жергілікті жерде қалыптасқан тұқым деген тазының пайда болуы туралы екі түрлі көзқарас бар. Кезінде орыс отаршылдары көптеп келе бастаған замандағы зерттеу нәтижелеріне қарасақ (Я. Полферов пікірінше) қазақ жерінде Орта Азия тазысының өзіндік бір тармағы көбірек таралған. Оның бойында таулық және қырымдық тазыларға жақындығы басым болған. Қолдану жағдайына байланысты тазыларды далалық және таулық деп бөлген: далалығы бойы сұңғақ, жазықта алғыр болса, таулық тазы бітімі кішкене, қия жартастарда жақсы жүгірген. Қазақ тазысына өте жақын туыс болып есептелетін ауған тазысының да тақыр жүндісі жазық аумақта, ал үлпілдек жүндісі суықтау солтүстік аймақта таралған. Ал қазақ тазысы орыстың аңшы тазысының пайда болуына септігін тигізген.
Алайда, қазақ жеріне тазы тұқымы онан да бұрын, дәлірек айтқанда сақ заманында келген. Оның дәлелі тазы пошымды иттердің жартасқа салынған бейнелері, атаудың өзінің көнепарсы тіл інен ту ын д ау ы тегін емес, оның таралуы перғау ын иті - салюки - парсы тазысы ауған тазысы және қазақ (сақ) тазысы деген болжамды ұсынады.
Қазақтар тазыны жарғақ құлақ тазы және шашақ құлақ тазы деп екіге бөледі. Оның бірін салюкиден, екіншісін слюггиден таралған тұқым дейтіндіктен біріыің құлағының жарғағы үлкен, екіншісінің құлағында көп жүн өскен. Шынымен-ақ жарғақ құлақ тазының құлағында ешқандай жүн болмайды, ал шашақ құлақ тазының құлағының жүні үзын, шашақ тәрізді болады. Ал бұған қоса "дүрек" (дүрегей тазы) деп аталатын тазы мен қазақы иттердің будандасуынан шыққан терісі қалың, суыққа шыдамды, денесі кесек, қасқырды алатын батыл тұқымы да кездеседі. (Дүрек немесе дүрегей тазы қасқырдың аяқ тарамысын қиып жібереді. )
Тазы - орташа ғана бойы бар жүйрік ит, жүні тықыр, оның есесіне, құйрығы мен салпаң құлағының ұшын ұзын шашақты жүн басқан. Басқа аңшы иттерге қарағанда бұлар ақылдырақ, иесіне шын берілген, адамға жұғысқыш, ал өзге иттерге өшпенділеу келеді. Өздері өте батыл, әрі орасан жүйрік болады. Тазылар күшті болмайды, бірақ денелері сидам, арық, жеңіл, жүйрік, әрі өжет келеді. Олар қуса жетеді де, қашса құтылады. Қоян, түлкі сияқты үсақ аңдарды олар құтқармайды. Айлаға икемділігі сондай, тазылар аяғын сындыру, қайыру, мойнын шығару деген кінаратқа ұрынбайды.
Тазыларды тұқымына қарай қазақтар кумай, кумай тазы, таза қандылығы мен түгіне қарай; құны, құны тазы, будандасқан болса; дурегей, дурегей тазы, қайын, қайын қаптал деп бөледі. Мұның соңғылары қасқыр алатын күшті иттер. Олар жалғыз жарым да екеулеп немесе тобымен жүріп, "ұтылап" аң алады, ал үйретілген болса аушы құспен де тізе қосып қимылдайды. Тазы иттердің түгі салыстырмалы түрде аз, сүйықтау келеді. Ал кескін сымбатына қарай таулы, орманды өңірдегі аңшыл иттер ірі сүйекті, шомбал денелі болса, далалы құмды өңірлерде дене бітімі шағын, шарғылау келеді.
Қазақ жерінде таралған тазының бірнеше түрі бар[ Қазақ жерінде таралған тазының бірнеше түрі бар. Мысалы, самарқанның тазысы - аласа бойлы, бірақ мүше-мүшесі әсем де сүйкімді болған. Жем бойы мен Aтыpay бойындағы қазақтардың тазылары - табан жүні мен құлағындағы шашағының ұзындығымен ерекшеленеді. Ең соңында, Оңтүстік Сібір тазыларына келер болсақ, олар табанының сүйірленіп бітісімен, сондай-ақ өздерінің өте күштілігімен дараланады. бұлар Ертіс бойында таралған. Ал орыс деректерінде Түркістан тазысы аталған тазылар қазақжерінің оңтүстік пен солтүстік батыс өңірлерінде көптеп таралған. Сібір тазылары қазақ жерінде ғана емес, батысқа дейін жеткен таңдаулы аң алғыш тұқым. 1889 ж. Сібірде самоед тайпалары арасында үш ай болған британ зоологы Ернст Килбурн, онан кейін Орал бойына және Батыс Сібірден әкелген ит тұқымын лайкаға ұқсас самоед тазысы атаған тұқым осы атпен Еуропада таралған.Қазақ жерінде тазының құмай, қайың қаптал, ауған, орыс, түрікмен деген түрлері ұшырасқан. Қазақы тазыны тау тазысы және дала тазысы деп бөлген. Шоқтығының биіктігі 80-85 см аралығында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz