Сапа менеджмент жүйесін білім беру жүйесіне қолдану туралы мәлімет


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Баяндама

Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесін білім беру жүйесіне қолдану.

Орындаған: Отарбаева М. Н.

3 курс, ФИ - 311 тобы.

Тексерген: Жумашбекова С. К

Менеджмент және маркетинг

кафедрасының оқытушысы

Семей , 2015.

Сапа менеджмент жүйесін білім беру жүйесінде қолдану көбінесе Жоғарғы Оқу Орындарында кеңінен тараған. ЖОО - білім беруге негізделген бір ұйым болып саналады. Кез келген ұйымның қызметі табысты болуы үшін оны жүйелі түрде ішінен және сырттан бақылау қажет. Бақылау - басқарудың бір формасы. Ал ұйымды басқаруға менеджменттің басқа аспектілерімен қатар сапа менеджментті де кіреді.

Сапа менеджмент жүйесі (СМЖ) - бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады.

ЖОО-ның СМЖ-сы - жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және сапаны жақсарту арқылы сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымының, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.
Сапа саласындағы саясат - жүйенің негізгі құжаты. Ол СМЖ-ның қалыптасуын және қызметінің мақсатын, сонымен қатар қойылған мақсаттарға жету бойынша жоғары басшылықтың міндеттерін белгілейді.

СМЖ ЖОО-ның педагогикалық, ғылыми, тәрбие, әкімшілік, шаруашылық секілді қызмет салаларын қамтиды. Көрсетілген салалар өзара байланыста болады және көп жағдайда бір-бірімен қиылысады.
СМЖ-ның қызмет етуі барлық персоналды қатыстыру арқылы жүзеге асады, ал жоғары басшылық (университет ректоры) сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін толық жауапкершілікті өзіне алады.

ЖОО-да Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу процесі келесі кезеңдерден тұрады:

  1. СМЖ моделін таңдау;
  2. Университет қызметін таңдалған модель талаптарымен салыстыру;
  3. Университеттің қызметін қажет болған жерде қайта жасау;
  4. Университет қызметі модель талаптарына сай екендігін дәлелдейтін СМЖ құжаттарын әзірлеу және енгізу;
  5. Қызмет процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында СМЖ-ны сертификаттау;
  6. Процестерді үздіксіз жетілдіру негізінде қызметті жақсарту.

СМЖ-ның міндеті - көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге және осы сапаны тұтынушылардың сұранысына икемдеу.

СМЖ-ның басты мақсаты - әрбір қызметті жеке бақылау емес, қызмет сапасының төмендеуіне себеп болатын қателерді болдырмайтын жүйені жасау. Яғни, ЖОО басты қызметі білім беру және сапалы маман мен кадрларды дайындау болса, онда ЖОО-дағы СМЖ-ның басты мақсаты білім сапасының төмендеуіне себеп болатын қателерді болдырмайтын жүйе жасау.

Қажетті жағдай жасау нәтижесінде СМЖ университет түлектерінің мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына, мүдделі тараптардың ұсынымдары мен ұсыныстарына сай келетіндігіне кепілдік беру керек.

ХС ISO 9001-2008 талап ету негізінде ЖОО құрылған менеджмент сапасының жүйесі - бұл, сапаға байланысты басшылық пен ұйымды басқаруға арналған менеджмент жүйесі.

Берілген жүйе университет қызмет көрсету үрдісінің негізін белгілейді толық құжаттаудың жүйесін құрып, іске асырады, үнемі ішкі аудит өткізіп отырады және талап етілген сапаға байланысты басшылықтың орнатқан өнімінің сәйкессіздік жағдайындағы өндеу жұмыстары мен ескертулерге байланысты процедуралар қолданады деп болжайды.

Ең бастысы - СМЖ енгізудегі ЖОО жұмысы үзіліссіз жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған.

ЖОО жұмысына сапа менеджмент жүйелерін енгізудің негізгі міндеттерінің жұмыс жасауы арқылы мына нәтижелерге жету көзделген:

  1. оның жұмысының негізгі бағыттары арқылы университетте сапалы мамандарды дайындауды қамтамасыз ететін ЖОО өз ішінде жүйе құру (білім алатын, ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, тәрбиелік, қаржылық, ақпараттық, әлеуметтік, шаруашылық, әкімшілік-басқармалық) ;
  2. оқушылардың жауапкершілігі (түрлі деңгейдегі) және оқытушылардың өз жұмыстарының нәтижесі арқасында университет имиджін көтеру;
  3. тұтынушылардың университет түлектеріне деген сенімдерінің өсуі (мемлекеттік органдарда, өнеркәсіптерде, ұйымдарда) ;
  4. аймақта университеттік білімнің даму жүйесінің экономикалық механизмінің іске асуы, барлық деңгейдегі қызметкерлердің экономикалық жағдайын жақсарту;
  5. барлық ішкі қорларды мобилизациялау және шығындарды ықшамдау мақсатында тәрбиелік - оқыту үрдісін басқару жүйесін қайта ұйымдастыру;
  6. университеттің СМЖ қызметінің маңыздылығын барлық ұжым болып ұғыну;
  7. барлық деңгейдегі қызметкерлердің өкілеттіктерін нақты бөлу, жауапкершіліктерін жоғарылату (оқытушылардың, кафедралардың, деканаттардың, ректораттардың) ;
  8. СМЖ негізгі міндеттерінің шешімі - қызмет аралық тосқауылдарды жою, сапамен жалпы басқару идеологиясы мен енгізу үрдісіне жақын келу арқылы ЖОО аралық топтар құру.

Қорыта айтқанда, СМЖ білім беруде (оның ішінде ЖОО-да) ұйымның мақсаты мен міндетін айқындап, қызметін жоғары дәрежеде орындауға мүмкіндік беріп, белгілі бір нәтижеге жеткізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджменті жүйесі
Стандарт- сапалыққа сенім
Қазақстан Республикасында сапа жүйесін сертификаттау
Ішкі және сыртқы аудит
Педагогикалық ұжым басқарудың объектісі мен субъектісі ретінде
Педагогикалық менеджмент маңызы
ХАССП ЖҮЙЕСІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ҚАҒИДАТТАР
«Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыру»
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz