Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері;.Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер;.Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы


Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
CӨЖ
Тақырыбы: Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері; . Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәдени маңызы бар түпдеректер; . Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы.
Орындаған: Қасымбекова А. А.
Тексерген: Қабылқақ А. А
Тобы: ФИ-403
Семей, 2015жыл
Қазақ тіл білімінде, түркологияда да фразеологияның жалпы проблемалары бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ деуге болады. Аталған категория дұрысы, лексикалық тұрғыдан зерттеліп келді.
Қазақ фразеологиясының тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып, дамуы және зерттелуі академик І. Кеңесбаевтың есімімен тығыз байланысты. Ол сонау 40-жылдардан кейін-ақ түркітануда фразеология, фразелогиялық тіркестер, табиғалы жөнінде ғылыми түсінік қалыптастырады. Оның көлемі зерттеулерінен соң, бірсыпыра түркі тілдес халықтар тіліндегі түрлі фразеологизмдерді талдап, даму бағытын саралау өзге ұлттардағы тілші ғалымдардың үлесіне тиді.
І. Кеңесбаевтың 1977 жылы «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің» шығуы тек қана қазақ тіліндегі үлкен жетістік қана емес, туыстас тілдер үшін де көш бастағанын атап кету керек.
І. Кеңесбаев фразеологияны тілді құрамды бөлшектерінен, тіл ярустарынан бөліп алмайды, тілдің сол бөлшектерінен түбірлі айырмасын, бас белгілерін анықтайды.
Фразеологиялық тұлғалар мағынасының эмоционалды компоненті - олардың семантикалық құрылымындағы негізгі коннотациялардың бірі. Образды метафоралық, экпрессивті және стилистикалық мағыналармен қатар бұл коннотация фразеологиялық тұлғалардың стилистикасында маңызды орын алады. Түсіндірме, фразеологиялық сөздіктерде фразеологизмдердің мағыналық құрамының маңызды бөлімі қамтылу керек. Шындығында, бұл мәселе жеріне жеткізіле берілмей жүр. А. И. Молотков «Орыс тілінің фразеологиялық сөздігіне» кіріспе мақаласында: «Сөздікте фразеологизмдердің эмоционалды-экспрессивті бағасы өте шектеулі түрде беріледі . . . Бұл шектеу әр фразеологизмнің айқын эмоционалды-экспрессивті сипаттамасы туралы айтылған негіз жоқтың қасы және осы қатынаста белгіні қалыптастырудың қиындығымен түсіндіріледі. Әйткенмен де, кейбір фразеологизмдер сөздікте әзіл, мысқыл, тұрпайы, жақтырмау, дөрекі т. б. белгілермен көрсетілген. Мұндай белгілердің қойылуы фразеологизмдердің эмоционалды-экспрессивті реңктері туралы мәселенің шешілуіне практикалық жақтан келуін ғана білдіреді»[1, 125б. ] .
Тілімізде көкейге қонымды көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қатынасына жататын қат-қабат тіркес тіздектерді халық орынды пайдаланады. Мақал-мәтелдер мен барабар жоғары бағалап оларды қастерлей сақтап келеді.
Фразеологизмдер-кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица. Олардың қатарына мысалы, қас қаққанша, тайға таңба басқандай, ат үсті қарау, үріпауызға салғандай, көзді ашып-жұмғанша тәрізді тұрақты сөз тіркестері енеді. Бұл фразеологизмдердің әрқайсысы сөздердің бір-бірімен тіркес жұмсалуынан жасалғанмен мағынасы жағынан біртұтас, құрамы мен құрылым жағынан тұрақты единица ретінде ұғынылады. Қазақ тіл білімінде, тюркологияда, фразеологияның жалпы проблемалары бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ.
Фразеологизмдер-сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын қажетті құрылыс материалы. Ал оның бейнелегіш- мәнерлегіштік сипаты әсіресе көркем және публицистикалық шығармаларда айқын көрінеді. Фразеологизмдер- сөз шеберлері суреткердің көркем образ жасу үшін қолданатын эмоционалды-экспрессивті құралы.
Ғылыми стильде тұрақты сөз тіркестері образдылық-мәнерлегіштік қызмет атқармайды, олар көбінесе белгілі бір заттың, ұғымның аты ретінде жұмсалады. Ал көркем шығармада, публицистикада, фразеологизмдер белгілі стильдік мақсатта, жалпы халықтық формада және өңдеумен қолданылады. [2, 56б. ] .
Қазақ тіліндегі тиянақты тіркестер-тіл ішінде өз заңдылықтарына сәйкес өмір сүретін айрықша категория. Олардың әр алуан ірілі-ұсақты ерекшеліктері мен айырым белгілерін зерттейтін дербес пән-фразеология. Фразеология жөнінде филология ғылымының докторы К. Ахановтың пікірлері көңіл аударарлық. «Тіл біліміне кіріспе» (Алматы, 1997) фразеологияны біраз қарастырады. Ол жалпы фразеологияны негізінен екі топқа бөледі де, бірін-еркін сөз тіркесі, екіншісін-тұрақты фразеологиялық тіркес деп атайды. Мұның алдыңғысын синтаксистің құрамына талдап, кейінгісін лексиканың құрамында сөз етеді. [ 3. 255]
Сөйтіп, фразеология деген терминнің екі түрлі мағынасын ашып көрсетеді. Біріншіден «белгілі бір тілдегі тұрақты фразеологиялық сөз тіркестерінің жиынтығы» дегенді білдірсе, екіншіден, сол тіркестер жиынтығын ғылыми түрде зерттеп талдайтын ілім мағынасында түсініледі. Автор тұрақты тіркеспен еркін тіркестердің айырмасын нақты талдайды. Фразеологизмдерге тән мынадай нақты, басты ерекшеліктерді көрсетеді:
Тұрақты сөз тіркестерінің құрылымындағы сөздердің орнына қарағанда, әлдеқайда тұрақты, бекем болады.
Фразеологизмдер - ұлттық тілдің айқындығын, дәлдігін, икемділігін, бейнелегіштік күшін көрсететін фразеологиялық тұлғалар. Тілдегі мұндай мағыналас тіркестерді пайдаланып, шығарманың көркем тілінің керегіне жарату сөз шеберлерінің міндеті. Ал белгілі бір жазушы тіліндегі мағыналас фраеологизмдерге талдау жасау - оның тұрақты тіркестерді талғап, таңдап пайдалану принциптері мен озіндік стиліне тән сөз қолдау ерекшеліктерінен көп мағлұмат береді. Мәселен, пародия, шымшыма шумақтар, әзіл-оспақ төңірегінде мұндай өзгешеліктер бірден көзге шалынады. Мұндағы фразеологиялық синонидер үлесі - ойдың тереңдігі мен ішкі қуатын күшейтуде таптырмайтын тіркестер екендігі. Тегінде көркемдік тұрғысынан көркем мәтіннің тілдік талдауларының ең сүбелі жері - фразеологизмдер. «мәтін ішінде мәтін» болатын тұрақты тіркестер табиғаты, окказионалдық қолданыста тым образддылыққа негізделім, сөйлеу стандартына сай келмей тұрғандай болады. Бірақ мұнда мына ерекшеліктерге назар аудару керек. Фразеологизмдер өз табиғатында қоршаған айналаны, дүниені қабылдауда адамның ұлттық мәдени ойлау ерекшелігін аңғартып жүреді. Рухани әлемнің үзік-үзік бөліктері сол ұлттың мәдениетінде сақталып қалады.
• Түйені түгімен жұтып, шелектеп арақ ішкен сенен гөрі иманды. Қартайса да аттан түспей, көштен қалмай келеді (О. Бөкеев) .
• Өліспей беріспек емес, тастай қатып, халықтың барша дәулеті құйылған қазанның құлағынан айрылар сыңай танытпайды
«Мұндағы қазаның құлағынан айрылмау» соны образ, жаңа тіркес, авторлық қолданыстың сәтті үлгісі. «Қазан» сөзінің коннатациясына орай, соңғы уақытта қазақ тілінде тұрақталған тіркестер бар. Мысалы: «қара қазанда қайнап өсу», «қазанның құлағын ұстау», «қазанның құлағынан айырылмау». Абай фразеологиясын зерттеген ғалым Р. Сыздық «Фразеологизмдер - сандаған жылдар мен ғасырлардың қазынасы, бұл бір жағынан, екінші жағынан, ол жеке қаламгердің табысы, еңбегі, ізденісі» - дейді. [3. 95] .
Фразеологиялық материялдар үшін ұлттық мәдени маңызы бар түп деректер төркінінің бірі - қазақтардың қазіргі интелектуалдық рухани мұрасы екенін естен шығармау керек.
Авторлық қолданыста окказионал фразеологизмдердің мағыналарында ұлттық мәдени ойлау ерекшеліктер, стереотиптер арқылы тұтастай ұлт менталдығын айқындайтын тұрақты тіркестер тобы жиі корінеді. Уақыт өте келе олар фразеологиялық қорға қосылуы мүмкін.
Тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттары туралы мынаны айтуға болады. Ғалымдардың айтуына қарағанда, «мәдениет» сөзіне екі жүзден астам ғылыми анықтама берілген екен. Әдетте материалдық және рухани деп екіге бөлінетін бұл ұғымның соңғы жылдары жан-жақты зерттеле бастауы - ұлттың өркениет заманынында өз орнын анықтауға, өз орнын алуға ұмтылуымен сипатталады. Бұрынғы кеңестік дәуірдегі «Кеңестік мәдениетке» біріктірілген көп ұлттың төл мәдениеті (ұлт мәдениеті) біртұтас идеологиядан құтылып, тіл арқылы өз тамырын туған топырағынан іздестіруде.
Мәдениет көптеген пәндер жиынтығында қарастырылады. Мәселен, қазақ мәдениеті туралы айтса, көшпелі қазақтың материалдық өндіріс жүйесі, оның өткен өмірі - тарихымен, жер жағдайы - географиясыиен, дүниетанымы - философиямен, ойлау жүйесі - психологиямен, өнері - әдебиетімен, т. б. ғылыми салаларымен ұштасып жатады. [ 4. 56]
Мәдениеттің рухани түрі ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Бұл әдетте, дәстүр, дәстүр жалғастығы деп танылады. Соған орай, әр ұлттық өзіндік бітім-болмысын, қадыр қасиетін, басқалардан ұлт ретінде айырмашылықтарын, бүгінгі тілмен айтсақ, менталитетіне қарап ажыратады.
Мәдениет пен өркениет (цевилизация) кей тұста бірінің орнына бірі ауыстырылып қолданыла береді. Тіпті мағыналас болып кеткендей. Алайда бұл екі сөзді шатыртырмау керек. ХХ ғасыр өркениет ғасыры десек, бұл кездегі мәдениет өзіндік ерекшеліктерімен басқалай дамыды. Өркениеттілікке тән жағдай қоғамның жоғары әлеуметтік, материалдық дамуы десек, мәдениет ұғымы бұл арада ұлттық рухани түсіністіктен табылады.
Бірақ белгілі жағдаймен қазақ ұлтының рухани мәдениетінің дамуында кері үрдіс пайда болды. Үзіле жаздаған дәстүр жалғастығы, салт ұғымдары дәл бүгінгі таңда ана тілі арқылы өзіндік мәдени таным түсінігін қайтадан түгендеуде.
Бұл ретте тұтастай мәдениет деген ұғымды қалыптастыратын материалдық және рухани мәдениет үлгілері бір-бірімен тығыз байланысты. Бұлар ешуақытта өз бетімен бөлек дамымайды. Өркениеттің қай сатысында болмасын рухани жіне материалдық мәдениет ұдайы бірін-бірі толықтырып отырады. Бірақ кейде өркениет мықтап дамығанда оның адамзат қоғамына әкелетін түрлі зияндарынан бастап, ұлт тілі мен мәдениетіне төндірген қаупі де болады. Мәселен, аз ұлттың жойылуы, аты-жөнінің өзгеруі, рухани мәдениеттің сақталмауы, ары қарай жасалмауы т. б. . [ 4. 211]
Қазақ халқанаң ұлттық ерекшеліктерін танып білу үшін кейбір факторларды ескеру керек. Олар: мотивациялық және танымдық. Қазақ еліндегі дала заңдарының ерекше ықпалымен қалыптасқан рухани мәдениеттің бертін келе дәстүр жалғастығы биігіне көтерілуі және оның өміршең боп сақталуы тек тілге ғана қатысты. Демек, мәдениеттің қай түрін алсақ та, оның түрі мен мазмұны тек сөз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілген. Енденше тіл арқылы мәдениеттану - ұлттың, халықтың кешегісі мен бүгінгісін тану.
Қазақ халқының рухани жан-жақты дамуына, ұлттық ерекшелікке, ұлттық болмысқа өз шығармаларымен зор үлес қосқан ақын-жазушылардың туындыларын зерттеп, олардың қаламына іліккен, қаламынан туған көркемсөз үлгілерін талдап, таразылап, анықтау қазіргі кезде өзекті мәселе екендігінде дау жоқ. Әр қаламгер заман озған сайын тілдік қолданыстар, соның ішінде фразеологизмдерді құлпыртып, жаңғыртып, жаңартып қолданады. Ж. Аймауытұлы, Б. Майлин және О. Бөкей көркемсөз үлгілерінің ішінде фразеологизмдерді сол қалпында немесе жаңғыртып, жаңартып, соны қырымен шебер пайдаланды
Ж. Аймауытов, Б. Майлин, О. Бөкей өздерінің шығармаларында фразалық тіркестерді талғаммен, ұтымды пайдалануы шығарманың тілін әрі бай, әрі образды, әсерлі етеді. Сөйтіп, жалпы фразеологиялық тіркестер - жазушының көріктеу тәсілдерінің ең басты амалының бірі болып табылады.
Аталған ақын-жазушылардың туындыларының тілін зерттеу барысында, олардың қазақ тілін, шешендік дәстүрін, жалпы лексикалық байлығын өз шығармаларында көркемдікпен қолданғанын анықтадық. Туындыларында қолданған қарапайым сөздердің эстетикалық әсерін күшейтіп, әсерлеп, поэтикалық тілге ерекше ажар берген. Қазақ тілі лексикасының байлығын неше түрлі көркемдеу тәсілі арқылы құбылтып, шығармаларына көркемдеу құралы еткен. Ақын-жазушыларымыздың сөз шеберлігі, тапқырлығы ауыз әдебиеті үлгілерін шебер пайдаланып, ойнақы өрнек жасауынан байқалады.
Ақын-жазушыларымыз тұрақты тіркестерді өз ойын, көзқарасы мен дүниетанымын, жағдайларды көркем түрде суреттеуде, шығармаға экспрессивті-эмоционалды реңк беру мақсатында молынан пайдаланды. Жұмысты қорытындылай келе мынандай мәселелер анықталды:
1) Ақын-жазушылрымыз жалпы халықтық қолданыстағы бейнелі тұрақты тіркестер тұлғасын еш өзгертпей, сол қалпында молынан пайдаланған. Ақын халық тіліндегі фразеологилық синонимдерді өз мақсатына орай құбылтып қолданған;
2) Ақын-жазушыларымыз ойын мәнерлілікпен жеткізуде «мәтін ішіндегі мәтін» жасап, фразеологиялық варианттарды, фразеологиялық синонимдерді, плеоназмдарды шебер пайдаланған;
3) Айтылатын ойды мейлінше ашық-айқын, мәнерлі, көркем түрде жеткізіп, әр ойды еселей түсу үшін, шығарма тілінің көркемдігін танытда, оқиға немесе жағдайды тайға таңба басқандай етіп көрсетуде антонимдерді, сонымен қатар контекстік антонимдерді өз шығармасына арқау еткен;
4) Ұлттың даралығын сипаттайтын, ұлттық болмысты танытатын, ұлттың дүниетанымын ерекшелігін жеткізуде қызмет ететін «мәдени кодтарды» шығармашылықпен қолданған;
Ақын-жазушыларымыз өз ойын нақты бейнелеу үшін, жаңа ұғымды суреттеу үшін, заттың толық мән-мағынасын аща алмайтын сөздерге синоним тудыру үшін, өз сезімін ерекше көрсетіп, эмоционолды-экспрессивті реңті сөздерді ұтымды пайдаланған;
5) Когнитивтік тұрғыда, концептілк сөздер де молынан ұшырасады.
О. Бөкей тіліндегі фразеологизмдердің лексика-семантикалық, грамматикалық ерекшелігін зерттеуде төмендегідей тұжырымға келдік.
1. Фразеологизмдердің түрлі сөз табынан екендігі, сөйлем мүшесі қызметін атқаратындығы анықталды.
2. Ақын халық тіліндегі ойға жан бітірер бейнелі тұрақты тіркестерді қолдануда шеберлік танытты.
3. Етістікті, есімді фразеологизмдер дайын күйінде де, авторлық өңдеумен де ақын шығармасында молынан кездеседі. [ 7. 564]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz