Қызба ауруы



І. Кіріспе:
Қызба
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1.Қызбаның сатылары
2.2.Қызба мен асқын қызынудың айырмашылығы
2.3. Геморрагиялық қызба аурулары
2.4.Қызба кезінде ағзалар мен жүйелердің өзгерістері
ІІІ. Қорытынды:
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қызба
Иифекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым жануарлардың, саңырауқұлақтардың әсерлерінен дамиды. Бейинфекциялық қызба тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат, инфаркт, қан қүю, ішке қан құйылу, аллергия, ісік өсу, цирроз т. б. жатады.
Қызбаның даму жолдарында пирогендік заттар маңызды орын алады. Олар: экзогендік және эндогендік (лейкоциттік) болып екіге бөлінеді. Экзогендік пирогендер деп микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда болатын заттарды айтады.
Қызба дамуында жоғарыда келтірілген пирогендермен бірге организмнің даралық реактивтілігі мен иммундық жүйесінің маңызы үлкен. Кейбір аурулар кездерінде температураның көтерілмеуі, ал кейде тым қатты көтерілуі мүмкін. Мысалы, қарттарда және қатты жүдеген адамдарда крупозды пневмония қызбасыз және ауыр түрде өтеді. Бұл организмнің жалпы тезімділігі төмендеуімен, энергия түзуге қажетті заттардың жеткіліксіздігімен, зат алмасу қарқынының төмендеуімен және эндогендік пирогендердің түзілуі бүзылуына байланысты. Қызба дамуында пирогендерден басқа заттардың да, әсіресе гормондардың, маңызы үлкен. Тиреотоксикоз кезінде жүқпалы аурулар тым қатты ет ысуымен қабаттасады. Гипотиреоз кезінде қызба сирек дамиды. Глюкокортикоидтар ет ысуын азайтады.
Дене қызымының бір деңгейде ұсталып тұруы денеде орталық нерв жүйесінің әрекеттерімен қадағаланатын жылу өндіру мен оны сыртқа шығару процестерінің тепе-теңдігімен қамтамасыз етіледі.
Жылу өндіру мен оны сыртқа шығару орталықтары алдыңғы және артқы гипоталамуста бөлек орналасқанына қарамай, олар өзара тығыз байланыста болады.
1. Айтқұлов М.Т., Патологиялық анатомияның жалпы патологиялық процесстер бөлімі бойынша студенттерге арналѓан әдістемелік құрал/ - Қарағанды : ЌММА, 2006. - 92 с.
2. Воложин А.И., Порядин Г.В. Патофизиология (в трех томах)//Москва: «Академия». - 2006.- 525 с.
3. Ефремов А.В., Самсонова Е.Н., Начаров Ю.В. Патофизиология. Основные понятия: учебное пособие.– М., 2008.– 160 с.
4. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. Патологическая физиология.-М.:«МЕДпресс-информ», 2006.-635 с.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БӨЖ

Тақырыбы: Лихорадка

Орындаған: Онгарова Д.Б
Тобы: ВС-303
Тексерген: Нуркенова М.К.

Семей 2015ж
Жоспар:
І. Кіріспе:
Қызба
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1.Қызбаның сатылары
2.2.Қызба мен асқын қызынудың айырмашылығы
2.3. Геморрагиялық қызба аурулары
2.4.Қызба кезінде ағзалар мен жүйелердің өзгерістері
ІІІ. Қорытынды:
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе
Қызба
Иифекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым жануарлардың, саңырауқұлақтардың әсерлерінен дамиды. Бейинфекциялық қызба тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат, инфаркт, қан қүю, ішке қан құйылу, аллергия, ісік өсу, цирроз т. б. жатады.
Қызбаның даму жолдарында пирогендік заттар маңызды орын алады. Олар: экзогендік және эндогендік (лейкоциттік) болып екіге бөлінеді. Экзогендік пирогендер деп микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда болатын заттарды айтады.
Қызба дамуында жоғарыда келтірілген пирогендермен бірге организмнің даралық реактивтілігі мен иммундық жүйесінің маңызы үлкен. Кейбір аурулар кездерінде температураның көтерілмеуі, ал кейде тым қатты көтерілуі мүмкін. Мысалы, қарттарда және қатты жүдеген адамдарда крупозды пневмония қызбасыз және ауыр түрде өтеді. Бұл организмнің жалпы тезімділігі төмендеуімен, энергия түзуге қажетті заттардың жеткіліксіздігімен, зат алмасу қарқынының төмендеуімен және эндогендік пирогендердің түзілуі бүзылуына байланысты. Қызба дамуында пирогендерден басқа заттардың да, әсіресе гормондардың, маңызы үлкен. Тиреотоксикоз кезінде жүқпалы аурулар тым қатты ет ысуымен қабаттасады. Гипотиреоз кезінде қызба сирек дамиды. Глюкокортикоидтар ет ысуын азайтады.
Дене қызымының бір деңгейде ұсталып тұруы денеде орталық нерв жүйесінің әрекеттерімен қадағаланатын жылу өндіру мен оны сыртқа шығару процестерінің тепе-теңдігімен қамтамасыз етіледі.
Жылу өндіру мен оны сыртқа шығару орталықтары алдыңғы және артқы гипоталамуста бөлек орналасқанына қарамай, олар өзара тығыз байланыста болады.
Қызбаның сатылары
Қызба үш сатыда өтеді:
1.температураның көтерілуі сатысы (stadium incrementum)
2.температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы (stadium decrementum)
3.Қызбаның әр сатысынды организмде дене қызымының реттелуі әртүрлі болады.

Температураның көтерілу сатысы. Қызба кейде температураның жоғары деңгейге кенет, бірнеше сағаттың ішінде, тез (крупнозды пневмония, грипп, безгек, бөртпе сүзек т.б.), кейдке біртіндеп, бірнеше күннің ішінде (іш сүзегі, қызылша т.б.) көтерілуімен басталады. Бұл кезде организмнен жылудың сыртқа шығарылуы шектеледі де, денеде жылу өндірілу одан басым болады. Шеткі қан тамыр тамырларының жиырылуынан және тер шығудың тежелуінен жылудың сыртқа берілуі төмендейді. Бұлшық еттерде, бауырда және ішкі ағзаларда тотығу-тотықсыздану үрдістерінің артуына байланысты организмде жылу өндірілуі күшейеді. Жиырылған қылтамырдарда қан айналымы баяулауына байланысты тері бозарып, суыйды. Арқаның, қолдардың, кейде жалпы қаңқа еттерінің талщықтарының еріксіз жиырылулары болады. Бұл кезде жиырылған еттер пайдалы жұмыс атқармайды ,тоңу сезімімен, дененің қалтырауымен қабаттасады.
Температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы. Қызбаның 1-сатысынан кейін дене қызымы белгілі деңгейге көтеріліп, сол деңгейде біршама уақыт тұрақтанып тұрады. Бұл кезде жылудаң сыртқа шығарылуы да жоғарлайды; тері қызарып, ысыйды, тыныс алу жиілейді. Бұл сатыда қызбаның келесі түрлерін ажыратады:
шамалы (субфебрильдік) қызба - дене қызымының 380С-ға дейін көтерілуі
орташа қызба -38-390С
қатты қызба -39-400С
асқын (гиперпиреттік) қызба -410С-тен астам көтерілуі.

Гемморагиялық стафилококк

Температураның қалыпты деңгейге түсу сатысы. Қызбаның бұл сатысы жылудың сыртқа шығарылуының жылу өндірілуден басым болуымен сипатталады. Осының нәтижесінде дене қызымы қалыпты деңгейге дейін төмендейді. Организмде жиналған жылу тері тамырларының кеңуі, терлеу мен тыныстың жиілеуі арқылы сыртқа шығарылады. Температураның түсуі екі жолмен болуы ықтимал:1.біртіндеп, лизистік (бірнеше тәулік ішінде) түсуі; 2. күрт (кризистік) түсуі.
Қызба мен асқын қызынудың айырмашылығы
Қызба мен гипертермия кездеріндегі темрератураның көтерілуі жолдары мен себептері әртүрлі. Гипертермияның негізгі себебі сыртқы орта температурасының жоғары көтерілуінен болады. Ол ыстық өндірістерде істейтін жұмысшыларда, ыстық климаты бар аймақтардың тұрғындарында т.б. жағдайларда байқалады. Бұл кезде сыртқы ортада температура көтерілуіне организмнің компенсациялық механизмдері белгілі уақытқа дейін қарсы тұрады. Терінің қан тамырлары кеңиді, тыныс алу және жүрек соғысы жиілейді. Артынан бұл компенсациялық механизмдер жеткіліксіз болып, дене қызымы еөтеріледі, гипертермия дамиды.
Қызба кезінде термореттеу механизмдерінің дене қызымын көтеруге бағытталған., ал гипертермия кезінде термореттеу механизмдері оған қарсы тұрады. Дене температурасының көтерілуі кезінде пирогендердің қатысымен болпды, ал гипертермия кезінде олардың маңызы болмайды. Кейде гипертермияны зат алмасуларын арттыратын дәрі-дәрмектердің көмегімен алуға болады.
Геморрагиялық қызба аурулары
Бұл көптеген жедел жұқпалы аурулар тобы, осыларды біріктіретіні вирусты этиологиялығы, табиғи ошақтығы, айқын капиллярдың эндотелиінің зақымдалуы, геморрагиялық синдромының дамуы.
Қазіргі уақытта ең кемінде 13 нозологиялық түрлері белгілі.

Геморрагиялық синдром ішіндегі белгілі төрт вирус тұқымдастары:

Аренавирустар (Arenaviridae)
Ласс вирусы ( Ласса қызбасы )

Хунин вирусы (Аргентин қызбасы)

Мачупо вирусы (Боливий қызбасы)

Гуанарито вирусы (Венесуэль қызбасы)
Сэбия вирусы (Бразиль қызбасы)

Буньявирусы (Bunyaviridae)
Вирусты геморрагиялық қызбаның бауырлық синдромы
Крым-Конго қызбасы вирусы
Рифт мекенінің вирусты қызбасы
1. 2. 3.

Филовирустар(Filoviridae)
Марбург вирусы
Эбола вирусы
1. 2.

Флавивирусы (Flaviviridae)
леса Киассанур ауруының вирусы (Къясанур)
омск геморрагиялық қызбасының вирусы
Сары қызба вирусы
денге қызбасының вирусы

Флавивирусы (Flaviviridae)

Диагностикасы. Диагнозды серологиялық және вирусологиялық зерттеу әдістері дәлелдейді. Серодиагностика үшін антидене анализінің келесі әдістерін қолданады: РН (нейтрализациялау реакциясы) РТГА (гемагглютинацияны тежеу реакциясы) РСК (комплемент байланыстырушы реакциясы ) РИА (радиоиммунды анализ) жұпты сарысулар.
Этиологиясы және эпидемиолгиясы:
Этиологиялық факторы -- арбовирустар. Осы ауруларды зерттеп жазған XX ғасырда.
Эпидемиология бойынша жіктелуі (М.П.Чумаков, 1977 ж. ұсынған):
1. Кене арқылы жұғатын геморрагиялық қызбалар: Қырымдық,Омскілік,Кьясанур жақтық.
2.Маса арқылы жұғатын геморрагиялық қызбалар: Денге қызбасы,Чикунгунья, Пифт-Вали қызбалары.
3.Контагиозды зоонозды геморрагиялық қызбалар: бүйрек синдромымен, аргентиналық, боливийялық, Ласса, Марбург, Эбол қызбалары.
Барлық ГҚ -- симптомокомплексы -- ол біртіндеп не болмаса жедел пайда болатын жалпы улану белгілері, 3 күн бойынша сақталады, содан кейін қысқа уақытқа (бірнеше сағат) жағдайы жақсарып, тағыда 3-4 күн ауру белгілері күшейеді. Осы кезенде қан кету пайда болады, әсіресе тері астына, мұрыннан, қызыл иектен, көздің конъюктивасынан, ішкі мүшелерден (қан құсу, мелена, гематурия, метроррагия).
Геморрагаялық синдромның ауырлық дәрежесі әртүрлі:жеңілден ауыр жағдайға дейін, өліммен аяқталатын.
Жиі кардиоваскулярлы синдром дамуы мүмкін, шок пен коллапска дейін.
Аурудың басқа белгілері де дамиды ол: сусыздану, гемолиз, сарғаю, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, екіншілік бактериалды флора қалыптасуы.
Айтып кеткен жалпы белгілермен қатар қызбаға өзіне тән ерекшелігі бар.
Сары қызбада - бауыры зақымданады, және сарғыштық пайда болады, денеге қызбада -- буындары мен бұлшық еттері; Марбурга қызбасында - диарея, бүйрек синдромымен өтетін қызбада -- бүйрегі зақымдалады.
Қызбалармен ауырады эндемия не болмаса спорадикалық түрде Геморрагиялық аурулар көп кездеспейтін аурулар, бірақ проблемалы ауру деп саналады: эпидемия тудыруы мүмкін, өлім көрсеткіші жоғарғы дәрежеде емдеудегі және алдын алудағы қиындығы шешілмеген.
ҚР -- геморрагиялық қызбалардың 3 түрі кездеседі: қырымдық, омскілік, бүйрек синдромымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТРОПИКАЛЫҚ АУРУЛАР
Шегрен ауруы
Табиғи жағдайда вирусты тек ірі қара мал қабылдайтын
Геморрагиялық Қырым-Конго қызбасы вирусы
Ибараки ауруы
Қазақ тіліндегі ауру атауларының лексика-семантикалық және морфологиялық құрылымы
Балықтардың рикетсиоздық ауруларын ветеринариялық санитариялық сараптау және бағалау
Безгекпен ауыратындар
Бактериемиялық, септицемиялық инфекциялар. Операциядан кейінгі инфекциялар (локальді және жүйелі). Иммунологиялық бұзылысы бар науқастарда операциядан кейінгі инфекция. Негізгі қоздырғыштары
Листериоз ауруының сипаттамасы
Пәндер