Автомобиль жолдары мен аэро алаңдарды жазда күту машиналары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Автомобиль жолдары мен аэро алаңдарды жазда күту машиналары
Орындаған: Зарыпханова М.
СТ-309
Тексерген: Мухаметов Е. М.
Семей қ.
2015 ж.
Құйып-жуғыш машиналар жол жабындарын кұйып-жууға, жас көшеттерді суаруға, өрт сөндіруге, су тасуға және басқа арнаулы жұмыстарға арналады. Қыс кезінде құйып-жуғыш машиналарды қартазалағыштыңқң соқақылшақты жабдығын аспалауға пайдаланады. Атқаратын міндетіне қарай құйып-жуғыш машиналарды арнаулы жуу мен құю және әмбебап құйып-жуғыш машиналары деп ажыратады . Ең көп тарағаны - әмбебап құйып-жуғыш машиналар. Құйып-жуғыш машиналар автомобиль шассиіне және жүктік жартылай тіркеме мен тіркемеге негізделеді. Сорғы қондырғысынын түріне қарай қүйып-жуғыш машиналарын төмен қысымды (1, 0 МПа-ға дейін) және жоғары қысымды (1, 0 МПа-дан аса) деп ажыратады Жоғары қысымды су жол жабындарын жуғанда меншікті ауданға келетін су шығынын кемітеді.
Қүйып-жуғьпп машиналар алмастырмалы саңылаулы құю және жуу саптамалары түрінде орындалған жүмысшы мәрімдермен жабдықталған. Құю саптамаларын, әдетте, машинаның бойлық осіне симметриялы жиектен 15 . . . 20° не одан аса бұрышқа жоғары және бүйір жағына 10° бұрышқа бұрып орналастырады.
Жуу саптамалары, әдетте, жиектен 10 . . . 12 төмен және жолдың жүру бөлігінен шайылған ласты жол арнашығына қарай жылжыту үшін машинаның бойлық осіне қарағанда симметриялы емес оң жаққа бұрып орналастырылады.
Жол арнашығынан ластар сиырып-жинағыш машина көмегімен аласталады. Құиып-жуғыш машиналарын алдыңғы екі немесе екі алдыңғы және бір бүйір жуу саптамасымен жабдықтайды. Соңғы вариант жол жабынының жуу енін айтааларлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар негізгі жүмысшы мәрімдерге машинаның бойлық осіне 70 . . . 80° бұрышқа тең қиғаш орналаскан бүркігіштері бар горинзонталъды кұбыр тәрізді су жуу рампасы жатады. Су рампасының бүркігіштерінің горизонтальды жол жабынына қарағанда орналасу бұрышы жуу саптамаларынан айтарлықтай үлкен, ал жуу секторының ұзындығы кіші, оның арқасында су ағыншасының жол жабынымен түйісу сызығындағы жылдамдығы бірталай жоғары, оған сәйкес жол жабынының аудан бірлігіне келетін су шығыны кем болады. Су рампасының басты кемшілігі - онда жуу ені, әдетте, машина габаритінің енінен аспайды, ал су саптамаларын қолданғанда жуу ені машина габаритінен 1, 5 . . . 2, 5 есе артық болады да 6 . . . 8 м жетеді. Соңғы кезде құйып-жуғыш машиналарында негізінен жұмысшы мәрімінің жаңа түрі - жол арыншаларын жуатын су шүмектерін қолданады. Мұндай шүмек машина жүргенде арынша бойымен ағатын су ағымын жасайды. Жиналған су ағымымен бірге оқтын-оқтын құйылу канализациясының ағу құдыктарына кетеді. Құйып-жуғыш машиналарының қосымша жабдықтарына машинаның алдына қиғаш қойылған қартазалағыш қайырма, түгі болаттан немесе синтетикадан жасалған цилиндрлі сыпырғыш қылшақ жатады. Құйып-жуғыш машиналарының қайсыбір модельдері қиғаш орнатылған су қуатын пышақпен жабдықталған, ол аса ластанған беткейді тазалаудың сапасын жақсартып, судың меншікті шығынын кемітеді. Құйып-жуғыш машиналарының жұмыс жабдығына жоғарғы жағына мойыны ал төменгі жағына сорғыға су беруді тоқтататын механикалық, гидравлнкалық және электрогидравликалық амалдармен жүргізуші кабинасынан басқарылатын орталық клапан орналасқан пісірілген шан кіреді. Оргалық клапан торлы сүзгімен жабдыкталған.
Қуат беретін қораптан жетек алатын центрден тепкіш су сорғысы автомобиль қаңқасына орналасады. Құбыржолдар қимасы минималды жергілікті кедергіде су жылдамдығы 0, 2 . . . 0, 3 м/сек-тан кем болмауын қамтамасыз етуге тиісті. Құю және жуу саптамалары өзара перпендикуляр жазықтықтарда қажетті бұрыштықта орналасу үшін топсалы немесе конусты бекітпелермен қамтылады.
Сумен жұмыс атқаратын жоғары қысымды құйып-жуғыш машиналар кең таралған. Су жоғары қысыммен жабын бетіне беріледі. Олар жүккөтерімділігі әртүрл і жүк шассилеріне жасалған. Базалы шассиге өзгеріс енгізу қажет болмайды. Машина модульды агрегаттардан тұрады. Шан гидромотор мен қуат беру білігінен жетек алатын сорғымен жабдықталған. Құбыр - бүркігіштерімен базалы автомобиль тақтасына жедел орнатылатын аспалы жабдық.
Сыпырып-жинағыш машиналар қатты жол және аэроалаң жабындарынан ластарды аластатуға, қалалық аумақтарды тазалауға, сыпырындыларды жинауға және тасымалдауға арналған. Жол жабынындағы ластар автокөлік доңғалақтарының сырғанауын, әсіресе жауынды күндері ұлғайтады. Жол жабындарын сапалы тазалау доңғалақтың жолмен ілінісу еселігін 12 . . . 15% және көліктің орташа қозғалыс жылдамдығын арттырады да, доңғалақтың тайғанақтауын кемітеді. Жол беткейінің лас құрамының 10 . . . 40 % майдадисперсті шаң. Көлік қозғалысынан олар ауада жоғары (көбінесе 1, 5 . . . 2 м дейін) көтеріледі. Диаметрі 0, 1 мм бөліктердің шөгу жылдамдығы 0, 3 м/с, ал диаметрі 10 -3 мм бөлшектердікі 3х10 -5 м/с дейін кемиді. Жол бойындағы ауаның ластануы автомобиль қозғалтқыштарының шыдаммерзімін елеулі кемітіп, жолдың санитарлық-гигиеналық жағдайын нашарлатады. Қазіргі кездегі сыпырып-жинағыш машиналар жол жолағының ауа кеңістігін шаңдандырмауға «қолғабыс» болуға тиісті.
Сыпырғыш машиналар сыпырындыны жол беткейінен ажыратып, оны жинамай, қиғаш орнаған цилиндрлі қылшақпен машинаның қозғалыс бағытынан тыс жаққа қарай жылжытады. Сондықтан оларды көбінесе қала сыртындағы жолдарды, аула ішіндегі аумақты сыпыруға және қыс кезінде қар тазалауға пайдаланады.
Вакуумды-жинағышпен және сыпырындыны жинақтауыш-шанапқа пневматикалық жүйемен тасымалдағышпен жабдықталған вакуумды-жинақтағыш және вакуумды-сыпырғыш машиналардың тазалау сапасы бірталай жоғары. Соңғыларында вакуумды-жинағышты сыпырғыш қылшақтармен қиыстырып қолданады. Тазалау сапасы жөнінен вакуумды-сыпырғыш машиналарының артықшылығы бар, себебі қылшақтар сыпырындыны вакуумды-жинағышқа екпінді береді. Алайда вакуумды-жинағыш машиналар жоғары жылдамдықта, жоғары өнімділікпен жұмыс атқара алады, себебі олардың қозғалыс жылдамдығы қылшақ түгінің жолмен әсерлесу максималды жылдамдығымен шектелмейді. Қуатты вакуумды-жинағыш машиналарды, газ-ағыншалы шүмекпен жабдықталған ағынша жинағыштармен қатар аэроалаңдарды жаз кезінде тазалауға қолданады. Вакуумды-жинағышты немесе газағынша шүмегі бар машиналардың жалпы кемшілігі - олардың жұмыс процесінің энергия сыйымдылығы жоғары.
Сыпырып-жинағыш машиналардың жұмысшы мәрімі ретінде цилиндрлі, конусты және таспалы қылшақтарды қолданады. Айналым шеңберінің диаметрі 1 мм-ге дейін цилиндрлі қылшақтардың айналу осі горизонтальды болады. Конусты қылшақтың төбе бұрышы конустың жасау бетіне тік орналасқан және айналу осі вертикальға 5 . . . 7 0 бұрышпен еңістелген, сыпырындыны бағытты лақтыруға арналған. Сенімділігі мен екпінділігі шамалы болғандықтан таспалы қылшақтар онша тарамаған. Онда қылшақты секциялар сыпырындыны жабын бетінен аластатумен қатар шанапқа тасымалдайды.
Жаяу жолдарды жинағыш кіші габаритті машиналарда, әсіресе аспалы және тіркемелі жұмыс жабдықтарымен тазалағанда, сыпырындыны шанапқа тікелей қылшақ түгімен бір сатылы тасымалдау жүйесімен тиейді. Ал егер шанап қылшақтан кейін орналасса, сыпырындыны қылшақ «өзінен асыра» кері лақтырады.
Сыпырындыны шанапқа аралық қалақты сыпырғышпен механикалық тасымалдаудың келешегі бер. Қылшақ-вакуумды тасымалдауда көмекші цилиндрлі диаметрі кішірейтілген қылшақ сыпырындыны вакуумды-жинағышқа береді; машиналарда аралық тасымалдағыш орнатылуы да мүмкін. Ағынша вакуумды жинағышта қылшақ түгі үрлеу шүмегіне алмастырылады, олардың ауа ағыны ласты жол жабынынан аластатып, сору құбыржолына береді. Сыпырындының ірілері шанапта гравитациялық негізде аласталады. Тозаң бөліктер мата сүзгіде ұсталады да, мезгіл-мезгіл қағу, діріл арқылы, керісінше үрлеумен және т. б. қалпына келтіріледі. Ағынша-вакуумды тасымалдау жүйесінде ауаның 20 . . . 25 % -нан кемі сүзгі арқылы атмосфераға тарайды, қалған бөлігі шаңнан тазаланбай, жартылай ауа алмасу жүйесін толықтырып, үрлеуші шүмектерге беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz