Шығындардың негізгі түрлері және олардың есебі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы : Шығындардың негізгі түрлері және олардың есебі
Орындаған: Айбек. Б
ИС-303
Тексерген: Сарсенбаева А. А
Семей 2015
Жоспар:
- Кіріспе
- Шығындар
- Шығындардың түрлері және олардың есебі
- Өндіріс шығындары
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Шығын белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай баламмен көрсетілген шамасы; бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге), айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығыстарының жиынтығы. Өндірілген өнімнің босалқы қорлары өзіндік құн бойынша бағаланады. Бұл орайда өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын мен есепті кезеңнің шығыны айқындалады. Өнімнің өзіндік құнына негізгі материалдарға жұмсалған шығын, еңбекақы төлеуге жұмсалған шығын және өндірістік үстеме шығын енгізіледі. Негізгі материалдар - нақты өнім түрін өндіруге тікелей жұмсалған материалдар. Өнімді өндіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар (өзіндік құн, бұған қоса негізгі капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның айналысына ұсталған шығын (сауда, көлік шығындары мен басқа да шығындарды қоса), айналысқа ұсталған шығын. Экономика ғылымында шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің немесе тұтынушының белгілі бір игілікке немесе әрекет, қызметке жұмсаған шығыны) және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға жатқызылатын) бөлу қабылданған.
Шығындар - басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн. 7 “Тауарлы-материалдық қорлардың есебі” атты Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шығындар былайша жіктеледі:
- пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жұмыстың, көрсетелгін қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;
- шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (жұмыс, көрсетілетін қызмет) бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;
- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша:
а) экономикалық элементтер бойынша - өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді 7 БЕС-ке сәйкес бұған мынадай экономикалық элементтер жатады:
- материалдық шығындар;
- еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;
- аударулар;
- құралдардың тозуы;
- басқадай шығындар.
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 7 БЕС бойынша бұларға:
- материалдар;
- еңбекті өтеу;
- ақша аударулар (аударымдар) ;
- қосымша шығыстар.
Шығындардың түрлері
Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т. б.
Айқын емес шығындар (implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.
Өзгермелі шығындарға (vаriable costs - VC) осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.
Тұрақты шығындарға (fixed costs FC) - осы мерзімде өндіріспен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді.
Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.
Қосымша - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
Тікелей - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар (ақша аударулар) . Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары) .
Жанама - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады. Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбекақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін. Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты) .
Бірэлементті - бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар) .
Кешенді - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар) .
Өзгермелі - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірстік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т. б. ) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді. Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке көбейсе, жалпы өзгермелі шығындар да 10%-ке ұлғаяды.
Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі (1-кесте) :
Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне сайма-сай (пропорциональды) өседі. Өндіріс көлемі екі есе 100-ден 200 бірлікте дейін өссе, жалпы өзгермелі шығындар 1000-нан 2000 теңгеге дейін ұлғаяды. Алайда өзгермелі шығындар өнім бірлігін есептегенде көлем өзгергенде тұрақты болып қалады. Бірінші, екінші, оныншы бірлік болғанына қарамастан. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындар шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп саналады, өйткені олар қосарлы рөл атқарады, бірақ әр түрлі көзқарас тұрғысынан.
Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т. б. ) . Егер көлем 10%-ке ұлғайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі. Өнім бірлігіне шаққандағы тұрақты шығындар өндіріс көлемінің ұлғаюына қарай төмендейді.
Ағымдағы- жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары) .
Біржолғы (бір мәрте) - еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т. б. төлеуге арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәртіппен және мерзімде бірен-сарандап өнімнің өзіндік құнына кіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz