Ауыл шаруашылығы мамандарының табиғат қорғау саласындағы міндеттері


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ауыл шаруашылығы мамандарының табиғат қорғау саласындағы міндеттері

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі табиғи ортаны қорғау жұмыстарын бүгінгі күннің талабына сай жүргізу мамандарының кәсібі дайындығына, бұған қоса олардың жалпы экологиялық мәдениетінің, экологиялық ойлауы мен нақты істерді шешудегі экологиялық тәсілдерді қолдана білуіне тікелей байланысты.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау жұмыстары іске асуы үшін ауыл шаруашылығының әр түрлі саласындағы мамандардың ең алдымен өздеріне тиісті технологиялық жұмыстарды қажетті біліктілікпен және түсіністікпен атқаруы, жер қорларын тиімді пайдалануы қажет. Ауыл шаруашылығы өндірісінің мамандары шаруашылық өнімдерін көбейтуге себепші болатын табиғат қорғау технологияларын тексеріп және оларды іс жүзіне асырудың тәсілдерін мүлтіксіз меңгеріп, игеруге міндетті.

Ауыл шаруашылығы мамандары қоғамның экология мәселелері жөніндегі ықыласын ескере отырып, өздерінің күнделікті іс-қызметтерін шаруашылықта пайдаланып отырған немесе енді пайдаланатын табиғи қорларды қорғау мен тиімді пайдалануды естен шығармай, орындалатын барлық технологиялық жұмыстарға кірістіре отырып, атқарулары қажет.

Әр түрлі саладағы ауыл шаруашылығы мамандарының табиғат қорғау ісіндегі мейлінше назар аударып, атқаратын негізгі жұмыстары төменде келтірілген.

Егіншілік агрономдары, жеміс-көкөніс агрономдары, және өсімдік қорғау агрономдары егістік жерлердің негізгі технологтары есебінде қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан табиғи қорларды дұрыс пайдалану үшін мына жұмыстарды жүргізулері қажет:

  1. Жер қорларын тікелей өз мақсатында пайдаланц жөнінде қатаң есеп жүргізу; ауыл шаруашылығы емес салаларға және ауыл шаруашылығының ішінде өнім бермейтін жұмыстарға құнарлы жерлерді, оның ішінде егістік жерлерді жөнсіз артық бөлуге қарсы шығу;
  2. Өздерінің іс-қызметін ауыспалы егіс жүйесі мен басқадай шаруашылық бөліктерінің ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру;
  3. Топырақ құнарлығын сақтау мен арттыру мақсатында егіс танаптарының технологиялық карталарын жасауға қатысу және олардың орындалуын қадағалау;
  4. Топырақтың құнарлық деңгейі мен эрозияға бейімділік көрсеткіштерін ескере отырып, танаптық және топырақ қорғау ауыспалы егіс жүйелерінде негізгі және егіс егу алдындағы топырақ өндеудің аймақтық агротехникалық тәсілдерімен жолдарын қолдану. Эрозияға қарсы агротехникалық шаралардың нұсқауларға сәйкес орындалуын қадағалау;
  5. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының алдыңғы қатарлы қарқынды технологиясын тексеріп, өндіріске енгізу;
  6. Шаруашылықтың жер пайдалану аумағында егісті желден қорғайтын, эрозияға қарсы және су қорғайтын орман алқаптарын өсіру үшін тиісті шараларды жүзеге асыру. Жыралармен сай жерлер, құмдар және басқа игеруге қолайсыз жерлерге, елді мекендерге, мал шаруашылығы кешендеріне, өндіріс және мәдени нысандарға ағаш -бұталар егіп, көгалдандыруды іске асыру. Ормандар мен ағаш-бұта алқаптарын малдың жапырып-жайылуынан, өрттен және пестициттерден қорғау жөніндегі тиісті шараларды жүргізу;
  7. Кен орындар мен басқадай өнеркәсіп түрлері қалдырып кеткен жерлерді қайта қайта қалпына келтіру жұмысында толық жауапкершілік сезіну;
  8. Егіс сабандарын өртеу сияқты табиғатқа зиянын тигізетін ескірген агрономиялық тәсілдерді жұмыс технологиясынан алып тастау;
  9. Қосалқы кәсіпорындарының өндірістік қалдықтарын пайдаға жаратуды қолдануға;
  10. Фермалар мен мал шаруашылығы кешендерінің қалдықтарымен топырақты және суды ластауды, малдардың жаздық қашалары мен мұнай қоймаларының өзен-көл жағасына жақын орналаспауын қатаң қадағалау, ауыл шаруашылығы техникасын жуу мен мал суғаруды су көздерінен аулақтаттыру;
  11. Суқорғайтын аймақтардың жағдайын қатаң қадағалау, оларды жыртқызбау;
  12. Тұрмыстық, өндірістік қалдық суларын және мал шаруашылығы кешенінің ағындыларын өзен-көлдерге қостырмай, су тазартуға әдейі бөлінген суару алаңына жіберуді қатаң бақылау;
  13. Тыңайтқыштар мен пестицидтердің сақталуының, тасымалдауы мен қолданылуының дұрыстығын бақылау. Олардың жуылып-шайылуын өзен-көлдерге қосылмауына және өнімдерде белгіленген шамадан артық мөлшерде жинақталуына қатаң жауапкершілікпен қарау;
  14. Тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдануының агротехникалық нұсқауларының орындалуына күнделікті бақылау жүргізу. Қолдануға тиым салынған пестицидтерди жою;
  15. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды жәндіктері мен ауруларына қарсы алдыңғы қатарлы биологиялық және басқа озық әдістерді қолдану;
  16. Шаруашылық жерінің аумағында пайдалы жабайы аңдар мен өсімдіктердің табиғи қорын сақтауға және көбейтуге тиісті шаралар қолдану.

Инженер-механиктер, инженер - технологтар және басқадай инженер -мамандары төменгі негізгі жұмыстарға көңіл аударулары қажет:

  1. Ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал -саймандарды өз мақсатында қолданып, әрқашан жұмысқа жарамды жағдайда ұстау;
  2. Ауыл шаруашылығы техникаларын, оның ішінде эрозияға қарсы топырақ өңдеуге арналған құралдар мен қосымша аспаптарды дұрыс пайдалануды қадағалау;
  3. Шаруашылықтың табиғи-географиялық жағдайларына сәйкес ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал - саймандарды олардың беріктігін, өнімділігін және жұмыстағы сапалылығын арттыру мақсатында конструкциялық жетілдіру жұмыстарымен тұрақты айналысы;
  4. Мұнай өнімдерін пайдалануды қатаң бақылау, олармен топырақты, суды, өсімдіктерді ластатпау; пайдаланған мұнай өнімдерін жинақтау, сақтау және пайдаға асыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  5. Топырақ және суды ластауды азайту мақсатында трактор бригадаларының жөндеу базаларының, шеберханалар мен далалық қостардың жұмыстарына бақылау жасау;
  6. Ауыл шаруашылығы техникаларының жөнді жұмыс істеуіне, оның ішінде двигательдердің ауаға улы заттарды шығаруын және артық айқай-шуларын азайтуға айырықша көңіл бөліп, қадағалау;
  7. Шаруашылықта механизацияны дұрыс пайдаланбаудың салдарынан қоршаған ортаға тиген зиянды есептеу.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист - менеджер және экономистр бухгалтерлері төмендегі негізгі жұмыстарды білуі керек:

  1. Шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі көрсеткіштерімен бірге табиғатқорғау шараларында жоспарлу;
  2. Ауыл шаруашылығы емес салаларға құнарлы жерлерді бөлуді шектеу;
  3. Шаруашылық бөліктерінің ғылыми негізделген ара қатынасын өркендетуді бақылау, құнарлы жерлерді маңызды өнім өндіруге пайдалануды қадағалау, ұжым қабылдаған жоспарларды табиғатқа зияны келмейтінжолмен орындайды бақылау, табиғат қорғау шараларына жергілікті қаражат бөлуді жауапкершілігіне алу;
  4. Жер пайдалануды және шаруашылықтың барлық өндіріс қорларын кешенді бағалауды жетілдіру;
  5. Бөлінген қаржыларды өз мақсатында (шаруашылықтың негізгі салаларын өркендетуге, еңбеккерлердің денсаулығын түзетуге және табиғатты қорғауға) жұмсауды күнделікті қатаң бақылау;
  6. Аумақта мақсатқа сай және экологиялық талаптармен байланысты жасалған жобалар мен салынған нысандарды қаржыландыру. Су жағалауына елді мекендер мен басқадай өндіріс кешендерін орналастыруға қарсылық білдіру, қаржы бөлуді тоқтату, себебі олар қоршаған ортаны, суды бірден-бір ластайтын негізгі нысандар болып табылады;
  7. Шаруашылықта іске асырылған табиғатқорғау шараларына қаражат есебін жүргізу. Табиғатты пайдалану талаптарын бұзғандары үшін шаруашылыққа және мемлекетке қайтарылған шығынға қатаң есеп жүргізу;
  8. Табиғи қорлардың дұрыс экономикалық бағасын есептеу. Табиғатты қорғауға бөлінген қаржының экономикалық эәне экономикалық тиімділігін есептеу;

Инженер - гидротехниктер мен мелиораторлар, мұрабтар мен басқадай су шаруашылығы мамандары табиғатқорғау саласында төмендегі негізгі жұмыстарды ақтаруы қажет:

  1. Жаңа жерлерді ауыл шаруашылығында игеру мен салынып жатқан суару жүйелерінің гидротехникалық талапқа сай жасалуына және мерзіміне алшақтық жібермеуді қамтамасыз ету;
  2. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режимдерін жасау және оның орындалуын бақылау;
  3. Жаңбырлатқыш қондырғылар мен басқадай су шаруашылығы құрылыстарының дұрыс жұмыс істеуін қадағалау;
  4. Өзен-көлдер мен тоғандардың және басқадай су көздерінің тұрғын халық пен шаруашылықты сумен қамтамасыз етуіне және су пайдалану жүйелерінің жағдайларына күнделікті бақылау жасау; суды ластайтын себептерді уақытында тауып, оларға тиым салу үшін дереу тиісті шараларды іске асыруды ұйымдастыру, судың ысырапты пайдалануына батыл күрес жүргізу;
  5. Су пайдалану мөлшерін қатаң бақылау, су пайдаланудың пайдалы әсер коэффициентін ұлғайту мақсатында оны үнемдеу жолдарын іздестіру;
  6. Жер бетіндегі және жерасты ауыз суларын тиімді пайдалану және олардың көздерін ластап, былғаудан қорғауды ұйымдастыру;
  7. Суармалы жерлерді толық пайдалану үшін жабық суару жүйелерін салу және су пайдаланудың ғылыми негізделген прогрессивті тұйық циклын жасап, оны өндіріске енгізу. Жер суарудың тамшылату, жаңбырлату, топырақтың беткі қабатының астымен суару сияқты болашағы бар тәсілдерін өндіріске кеңінен енгізу;
  8. Шаруашылықтағы су тазарту құрылыстары мен кешендерінің жұмыстары мен жағдайына бақылау жасау;
  9. Шаруашылықта эрозияға қарсы қолданылатын гидротехникалық шаралар жүйесінің орындалуына бақылау жасау;
  10. Гидромелиоративті шаралар жүйесін дұрыс жүргізбеу, бұзып пайдаланудың салдарынан шаруашылықтағы табиғат пайдалануға келген экологиялық және экономикалық зиянды есептеу тәсілін меңгеру және есептеу;

Зоотехник, зооинженер, мал дәрігері және дәрігерлері және басқа мал шаруашылығы мамандары мына жұмыстарға жауапты болуы керек:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісі
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
Топырақты пайдаланудың экологиялық мәселелері
Табиғи қорларды бағалау
Қалалық вет
Экономикадағы сараптау жүйелері туралы ақпарат
Мемлекеттік экологиялық сараптама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz