Топография қарталар көмегімен шешілетін мәселер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: « Топография қарталар көмегімен шешілетін мәселер »

Орындаған: Нургаянова Н. Р

Тексерген: Сейтказина Г. С

Тобы: ГК-308

Семей 2015

Топография

Топография - жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірі масштабты картаға (1:1 масштабқа дейін) түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық, тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады. Таулы жерлерде фотограмметрия қолданылады.

Топография жер бетін зерттеуде физика жәнеэкономика, географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық карта жасауда) геодезия менкартография ғылымдарына сүйенеді. Топографиялық картаныңмазмұнының толықтығы ең алдымен планның немесе картаныңмасштабына байланысты болады.

Масштабы кішірейген сайын картаның жербеті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға географиялық тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды рөл атқарады. Әскери істегі Топография - тактикалық және оперативтік мақсаттар үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттейтін әскери ғылым саласы. Кейінгі кезде жерді план не картаға түсірерде аэросьемка немесеаэрограмметрия деп аталатын фотографиялық сьемкалар қолданылады.

Топографиялық карта

Топографиялық карта - масштабы ірі жалпы географиялық карталар тобы. Топография қорытындыларын немесе ірі масштабты карталар деректерін пайдалана отырып құрастырылады. Топографиялық карталарда геодезиялық белгі, елді мекендер, құрылыс, жекеленген кәсіпорын, жергілікті заттар, темір және автомобиль жолдары, құбыр және электр желілері, саяси-әкімшілік, шекара, жергіліті жер релъефі, гидрографиялық тор және ыза су- лардың көзі, өсімдік ауыл шаруашылығына пайдала-нылатын жер, мұздық, вулкан т. б. толық бейнеленеді. Масштабы 5000, 1, 2, 1 болады. Негізінен халық шаруашылығына және әскери істе (жергілікті жер туралы толық мәлімет алу, өте дәл өлшеу және есептер жұмыстарын жүргізу үшін) және арнаулы карталар (геологиялық, топырақ, өсімдік жамылғылары туралы) даярлауға да пайдаланылады. Топографиялық карта көп табақты болып жасалады. Мұнда Жердің шар тәрізді болуына байланысты ұзындық, көлем және бұрыш өлшемдерінде онша көп ауытқу байқалмайды. Топографиялық картаның барлық түрлерінде картографиялық проекция (Гаустікі), Красовскийдің эллипсоид элементін есептеу әдісі, градус және километрлік торлары, Балтық теңізі деңгейіне байланыстырылған биіктік жүйесі бірдей болады. Топографиялық карта мазмұны міндетті түрде мемлекеттік триангуляция мен полигонометрия, репер және нивелирлеу маркісі және түсіру торының бастапқы нүктесіне тәуелді болады. Қолданылыатын топографиялық картаның шартты белгілері масштабты, масштабсыз, түснектемелік және әртүрлі жазулар түрінде болады. Рельеф элементтері горизонтальдар, сурет түріндегі шартты белгілер ( жыра, сай) және биіктік нүктелері түрінде бейнеленеді. Рельефтің кескіні карта масштабы және өңірдің географиялық жағдайымен сипатталады.

Топографиялық карталарда жер бедерінің бейнеленуі

Жер бетіндегі қыраттар мен жазықтардың жиындысын жер бедері дейді. Жер бедерінің адам баласы өміріне әсері өте зор. Каналдардың және әуе жайлардың, гидротехникалық күрделі қүрылыстардың, электр және телеграф жолдарының, т. б. шаруашылық мүддеге сай жүргізілетін құрылыстардың жобаларын жүргізуде жер бедерін ескермеуге болмайды. Әсіресе, ауыл шаруашьлығында жерді дұрыс және нәтижелі пайдалануда жер бедері маңызды роль атқарады. Жер бетінде топырақтың пайда болуы мен дамуы, осымен қоса климат пен өсімдік және т. б. табиғи элементтер жер бедерімен тығыз байланысты. Сол себепті әр маманның жер бедері пішіндерінің ерекшеліктерін айыра отырып, алға қойған мақсатқа сай шеберлікпен пайдалана білуі кажетті іс.

Ал жер бедері топографиялық карталарда кескінделіп, арнаулы шартты белгілермен белгіленеді және оның даму заңдылықтарымен геоморфология ғылымы шұғылданады, сондықган жер бедерді картада, тура және дұрыс бейнелеу үшін осы айтылған пәнді жақсы білу қажет.

Жер бедерінің ерекше нүктелері мен сызықтары, оның жеке пішіндерін анықтауға және оларды план мен карталарда кескіндеуге жеңілдік туғызады. Жер бедерін картада бейнелеу көп ғасырлар бойы қолданьшып келеді. Жер бедерді бейнелеуге арналған әдістер мынандай талаптарға сай болуы керек: 1) нүктелердің биіктігін анықгау;

2) беткейдің құлама тіктігін анықтау және сызықтың көлбеулілігін анықтау; 3) карта бойынша жердің қимасын жасау; 4) су жиналу ауданының шегін анықтау және т. с. с.

Нүктелердің биіктігін анықтау

Карталар мен пландарды қолданғанда көбінесе жергілікті жердегі нүктелердің биіктік белгісін анықтауға тура келеді. Осы есепті шешуде үш түрлі жағдай кездесуі мүмкін.

1. Нүкте горизонтальда орналасқан. Осы жағдайда нүктенің биіктігі горизонталь белгісіне тең болады.

2. М нүктесі әр түрлі Н к және Н N горизонтальдардың арасында орналасқан. Осы жағдайда нүктенің биіктігін интерполяциялаудың бірнеше әдістері арқылы анықтайды. Бұл үшін сызғыштың көмегімен М нүктесінен ең таяу жатқан горизонтальдарға дейінгі d 1 және d 2 қашықтықтарды өлшейді. М нүктесінің Н м биіктік белгісін жердің төмендеу бағытына байланысты екі рет табуға болады

Мұндағы Н N , Н К - горизонтальдардың биіктік белгісі, м; d 1 және d 2 ~М нүктесінен горизонтальдарға дейінгі ара қашықтықтар, мм; һ -жер бедерінің қима биіктігі, м.

3. Нүкте тұйық горизонтальдың ішінде орналаскан. Мысалы, Р нүктесі тұйық горизонтальдың ішінде орналасқан, әр төбенің ұшар басы болып табылады. Әрине, осы нүктенің Н Р биіктігі нүктенің маңындағы горизонтальдың биіктік белгісінен, жер бедері қимасының биіктігінің шамасынан кем екені белгілі. Сондықган Р нүктесінің Н Р биіктік белгісі шамамен көршілес горизонтальдың биіктік белгісіне жер бедері қимасы биікгігінің жартысын қосқан кезде шығатын санға тең деп алуға болады, яши Н Р =151, 25 м. Егер нүкте қазан шұңқырдың түбінде орналасса, онда оның биіктік белгісі көршілес горизонтальдың биіктігінен жер бедері қимасы биіктігінің жарты шамасын алған кезде шығатын санға тең деуге болады. Горизонтальдар арқылы орташа ойлы-қырлы жердегі нүктелердің биіктік белгісін анықтау дәлдігі шамамен жер бедері қимасы биіктігінің -іне тең болады.

Беткейдің кұлама тіктігш анықтау. Беткейдің құлама тіктігі у және сызықтың еңістігі беткей нүктелерінің биіктік айырымының табанына қатынасына тең болады және мына формула бойынша анықталады:

Һ, а -мүкдағы һ -жер бедері қимасының биіктігі, м; d-табаны, м. Беткейдің тіктігі мен еңістігін картадан немесе планнан анықтау кезінде есептерді жеңілдету үшін табан графиктері деп аталатын арнайы графиктер қолданылады. Беткейдің еңістіктері бұрыштық шамамен немесе көлбеулік арқылы (ондық бөлшекпен, процентпен немесе профильмен) берілуі мүмкін.

Табан графигін салу үшін горизонталь сызықты кез келген сызықтың тең кесіндісіне бөледі, содан соң кесінділердің шетіне көлбеудің бұрыштық мәнін 30'-тан бастап жазады. График шкаласының бұрыштарының ең соңғы мәні берілген карта мен планда кескінделген беткейлердің максималь тіктігіне байланысты белгіленеді. Бұдан кейін жер бедері қимасының қабылданған биіктігіне және көлбеу бұрышының әрбір мәніне сәйкес табандарды мына формуламен есептейді:

4 = ҺІф

Табанның карта (план) масштабында анықталған шамаларын горизонталь оське тұрғызылған перпендикулярларға қарсы көлбеу бұрыштарына сәйкес етіп салады. Алынған осы нүктелерін қосып табан графигін аламыз, ал бұл беткей графигін береді

Егер горизонталь сызығы бөліктерінің нүкгелерінде көлбеу бұрыштарының орнына бұрыштардың мәндері жазылған болса және перпендикулярларда тиісінше табандар салынса, онда еңістер графигі алынады

Беткейдің құлама тіктігін және көлбеулігін анықтау үшін циркульмен көршілес жатқан негізгі горизонтальдардың ара қашықтығын өлшеп, оны төсеу графигіке тақап ұстап шкаланың табанынан градус санын оқиды.

Картаның безендіру рамкасының сыртында көрсетілген табан графиктері жер бедері қимасының және берілген картаның немесе планның масштабына сәйкес есептеліп жасалатынын ұмытпау керек.

Карта бойынша жердің кескінін жасау. Топографиялық картада немесе планда АВ сызығы бойынша жердің кеекінін салу керек болсын. Кескінді кез келген берілген масштабта, демек карта масштабында да салуға болады.

Жергілікті жердің кескінін салу үшін берілген бағытқа жол-жол миллиметрлік қағазды салады. Оған шығып тұрған барлық горизонтальдарды, жер бетінің кедір-бұдырындағы және беткейлердегі нүктелерді, мысалы, АВ сызығын және 1, 2, . . . , 11 нүктелерді белгілейді. Содан соң жол-жол қағазды «горизонталь қашықтықтар графасына көшіріл олардың мәндерін жазады. Осымен қатар «биіктік белгісі графасына кескін сызығының горизонтальдарымен қиылысқан нүктелердің биіктік белгісінің мәндері жазылып қойылады.

Кескін нүктелерін биікгік белгісі арқылы тұрғызу шартты горизонттың сызығынан салынады. Көрнекілік үшін кескіннің вертикаль масштабы горизонталь масштабымен салыстырғанда 10 есе үлкейіп алынады, бірақ масштабтардың катынасы басқаша да болуы мүмкін. Шартты горизонттың биіктік белгісін ең кіші биіктік белгісі бар нүктеде берілген сызықтан 1 см жоғарырақ орналасатындай етіп таңдайды. Шартты горизонтың сызығынан әрбір нүктеге перпендикуляр тұрғызылып, оларға тандалған масштабта шартты горизонт сызығы мен нүктелердің биіктік белгілерінің айырымы салынады. Перпендикулярлардың ұштарын қисық сызықпен қосып, жергілікті жерді кескіндейді (24-сурет),

Су жиналу ауданының шегін анықтау

Жер бедерінің жағдайына байланысты су белгілі бір суағарға (өзен, қойнау және т. с. с. ) ағып жиналуы тиіс; жер бетінің осы учаскесін су жиналу ауданы немесе алап деп атайды. Су жиналу ауданын контурлау жергілікті жердің жер бедерін есепке ала отырып картадағы горизонтальдар арқылы жасалынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карта туралы тарихи деректер
Геодезия және оның міндеттері
Маштаб туралы жалпы түсінік
Географиялық карта
Топография мен геодезияның даму тарихы
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Арабтар құрастырған Каспий теңізінің картасы
Картаның номенклатурасы жайлы ақпарат
Топография және геодезия ғылымы
ГАЖ - дың мүмкіншілігі мен қолдану аумағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz