Қазақстан мен Ресей



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І тарау. Қазақстан қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде ... ... ... ..
1.1. Қазақстан мен Ресей ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Аймақтағы саяси дағдарыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 тарау.Қазақстан мен Ресей сауда.экомикалық саясаты ... ... ... ... ... ... ..
2.1.Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда.экономикалық
байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Стратегиялық әріптестікті тереңдету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3.Өңірдегі мәселелерді шешу барысындағы Қазақстан мен Ресей
арасындағы екіжақты келісім.шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3 тарау. Халықаралық ұйымдар және екі ел қатынастары ... ... ... ... ... ...
3.1.Қазақстан мен Ресей халықаралық ұйымдарда ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2.Мәдени мұра ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3.Министрлердің Мәскеудегі кездесуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Дүниежүзілік саясат жаңа кезеңге өтуде және көптеген ойшылдар мен ғалымдардың оның келешек келбеті туралы дау көтеруде: тарихтың аяқталуы, ұлт-мемлекеттер арасындағы дәстүрлі бәсекелестікке қайта бет бұру, ұлт-мемлекеттердің түрліше бағытталған тенденциялардың әсерімен құлауы.
Осы заманның американ социологы С. Хантингтон қазір әлемде негізгі бес өркениет барын, атап айтқанда: батыс, ислам, үнді, қытай, жапон, сондай-ақ бұған православие, латынамерикандық және африкалықтардың қосылатынын айтады.
С. Хантингтонның (Гарвард университеті қарамағындағы, Дж. Олин атындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры) ойынша: жаңа құрылып жатқан әлемде қақтығыстардың негізгі қайнар көзі ретінде экономика мен идеология болмайды. Адамзатты бөлетін негізгі шекаралар немесе қақтығыстардың негізгі қайнар көздері мәдениетпен байланысты болады. Ұлт-мемлекет халықаралық аренада ең негізгі тұлға болып қалғанымен, дегенмен дүниежүзілік саясаттың ауқымды қақтығыстары әр түрлі өркениеттерге жататын ұлттар мен топтар арасында орын алады. Өркениеттер қақтығысы дүниежүзілік саясаттың басымды факторы ретінде қалыптасады.
Өркениеттер қақтығысын қорытындылай келе, ол мынадай қорытынды жасайды:
1. өркениеттер арасындағы қарама-қайшылықтар мүмкін және маңызды;
2. өркениеттік сана-сезім дами түседі;
3. идеологиялық және басқа да конфликттердің орнына, әлемдік қақтығыстың басымды формасы ретінде өркениеттер арасындағы қақтығыс келеді;
4. батыс өркениетінің ішінде тарихи ойын болған халықаралық қатынастар уақыт өте келе девестернизациялануға ұшырап, яғни бұл ойынның жаңа белсенді әрекеттенушілері (батыс емес өркениеттер) пайда болады;
5. саясат, экономика, қауіпсіздік саласындағы тиімді халықаралық институттар өркениеттер арасында емес, олардың ішінде қалыптасатын болады;
6. әлемдік соғыстардың потенциалді қайнар көзі ретінде әр түрлі өркениеттерге жататын топтар арасындағы әскери қақтығыстар болады;
7. дүниежүзілік саясаттың негізін Батыс елдері мен қалған әлем арасындағы қатынастар құрайды;
Халықаралық қатынастардың дамуы жөнінде Ф. Фукуяманың альтернативтік қөз-қарасы («тарихтың ақыры» ілімі) ерекше орын алады. 1989 жылы белгілі американдық философ Френсис Фукуяма «Тарихтың ақыры осы ма?» деген мақаласында либерализмнің (әуелі батыс еуропалық, кейін солтүстік американдық) түпкілікті жеңісі тарихтың ақырына әкеп келтіреді, - деп жазды. Оның ілімі бойынша:
• ХХІ ғасырда әлем екі жаққа қақ жарылып, дамыған «орталық» пен мәңгі артта қалатын «периферияға» бөлінеді.
• Либеральді өркениеті бар мемлекеттер «тарихты жасауға» монопольді құқығы бар.
• «Периферияның» мақсаты – орталыққа энергия тасымалдауыштарды тасымалдау және улы қалдықтарды қоймасы ретінде рөл атқару. Бұндай ресурстар үшін дамыған мемлекеттер гуманитарлық көмек көрсетеді. Ал бұл арқылы халықаралық қатынастардың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – Ресей мен Қазақстан Республикалары арасындағы саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік және дипломатиялық қарым-қатынастардың дамуы мен аймақтағы қауіпсіздікті сақтау мен оларды шешу болып табылады.
Менің курстық жұмысымның өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей елдерінің аймақтағы қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы құрылған бірнеше халықаралық ұйымдармен байланысы бар. Сондықтан да халықаралық ұйымдар арқылы өңірдегі көлік және коммуникация, мәдени, ғарыштық даму бағдарламаларының құруымен, сонымен қатар, энергетикалық проблемаларды шешу, экологиялық мәселер және тағы да басқа мәселелермен қамтылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Егемен Қазақстан», 2006 жылғы 6 сәуір
2. Сыроежкин К.Л. Мифы и реальность этнического сепаратизма в Китае и безопасность Центральной Азии. – Алматы «Дайк-Пресс», 2003, 98 бет.
3. Сыроежкин К.Л. Взаимоотношения Китая с государствами Центральной Азии// Казахстан- Спектр №1.- 2000,- С.85
4. Лаумулин М.Т. Китайско-центральноазиатские отношения: геополитика и безопасность. Взгляд с Запада // Казахстан – Спектор. №2. -1998.- С 77.
5. Тоқаев Қ.Қ. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. Алматы – 2000.
6. Цыганков П. А. Международные отношения. - М., 1996.
7. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2006.
8. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций // Полис. - 1994. - № 1.
9. Фукуяма Ф. Конец истории? // Вопросы философии. - 1990. - № 3.
10. Горбачев М.С. и др. Грани глобализации: Трудные вопросы современного развития. – М.: Альпина Паблишер, 2003. – 315 бет.
11. Торкунов А.В., Современные международные отношения. – М., 1999.
12. Гаджиев К. С. Введение в геополитику. - М., 1997.
13. Тоқаев Қ.Қ. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. Алматы – 2000.
14. Егемен Қазақстан, 2004, 16-қыркүйек.
15. «Қоғам және Дәуір», 2006/№1.
16. «Қоғам және Дәуір» журналының 2004 жылғы №4
17. Қазақсан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ - www.kisi.kz
18. Иватова Л.М. Проблема международной безопасности в политике Республики Казахстан / Центральная Азия и Казахстан в фокусе современных международных отношений. Алматы., 2001, С 79.
19. Егемен Қазақстан, 2005,4-наурыз.
20. Fuller G.E. Central Asia. The New Geopolitics. – Santa Monica: Rand Corporation,1992

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І тарау. Қазақстан қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде ... ... ... ..
1.1. Қазақстан мен
Ресей ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
1.2.Аймақтағы саяси
дағдарыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 тарау.Қазақстан мен Ресей сауда-экомикалық
саясаты ... ... ... ... ... ... ..
2.1.Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық

байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
2.2. Стратегиялық әріптестікті
тереңдету ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.3.Өңірдегі мәселелерді шешу барысындағы Қазақстан мен Ресей
арасындағы екіжақты келісім-
шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 тарау. Халықаралық ұйымдар және екі ел
қатынастары ... ... ... ... ... ...
3.1.Қазақстан мен Ресей халықаралық
ұйымдарда ... ... ... ... ... ... .. ... ..
3.2.Мәдени
мұра ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..
3.3.Министрлердің Мәскеудегі
кездесуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..

Кіріспе
Дүниежүзілік саясат жаңа кезеңге өтуде және көптеген ойшылдар мен
ғалымдардың оның келешек келбеті туралы дау көтеруде: тарихтың аяқталуы,
ұлт-мемлекеттер арасындағы дәстүрлі бәсекелестікке қайта бет бұру, ұлт-
мемлекеттердің түрліше бағытталған тенденциялардың әсерімен құлауы.
Осы заманның американ социологы С. Хантингтон қазір әлемде негізгі бес
өркениет барын, атап айтқанда: батыс, ислам, үнді, қытай, жапон, сондай-ақ
бұған православие, латынамерикандық және африкалықтардың қосылатынын
айтады.[1]
С. Хантингтонның (Гарвард университеті қарамағындағы, Дж. Олин
атындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры) ойынша: жаңа
құрылып жатқан әлемде қақтығыстардың негізгі қайнар көзі ретінде экономика
мен идеология болмайды. Адамзатты бөлетін негізгі шекаралар немесе
қақтығыстардың негізгі қайнар көздері мәдениетпен байланысты болады. Ұлт-
мемлекет халықаралық аренада ең негізгі тұлға болып қалғанымен, дегенмен
дүниежүзілік саясаттың ауқымды қақтығыстары әр түрлі өркениеттерге жататын
ұлттар мен топтар арасында орын алады. Өркениеттер қақтығысы дүниежүзілік
саясаттың басымды факторы ретінде қалыптасады.
Өркениеттер қақтығысын қорытындылай келе, ол мынадай қорытынды
жасайды:
1. өркениеттер арасындағы қарама-қайшылықтар мүмкін және
маңызды;
2. өркениеттік сана-сезім дами түседі;
3. идеологиялық және басқа да конфликттердің орнына, әлемдік
қақтығыстың басымды формасы ретінде өркениеттер арасындағы
қақтығыс келеді;
4. батыс өркениетінің ішінде тарихи ойын болған халықаралық
қатынастар уақыт өте келе девестернизациялануға ұшырап, яғни
бұл ойынның жаңа белсенді әрекеттенушілері (батыс емес
өркениеттер) пайда болады;
5. саясат, экономика, қауіпсіздік саласындағы тиімді халықаралық
институттар өркениеттер арасында емес, олардың ішінде
қалыптасатын болады;
6. әлемдік соғыстардың потенциалді қайнар көзі ретінде әр түрлі
өркениеттерге жататын топтар арасындағы әскери қақтығыстар
болады;
7. дүниежүзілік саясаттың негізін Батыс елдері мен қалған әлем
арасындағы қатынастар құрайды;
Халықаралық қатынастардың дамуы жөнінде Ф. Фукуяманың альтернативтік
қөз-қарасы (тарихтың ақыры ілімі) ерекше орын алады. 1989 жылы белгілі
американдық философ Френсис Фукуяма Тарихтың ақыры осы ма? деген
мақаласында либерализмнің (әуелі батыс еуропалық, кейін солтүстік
американдық) түпкілікті жеңісі тарихтың ақырына әкеп келтіреді, - деп
жазды. Оның ілімі бойынша:
• ХХІ ғасырда әлем екі жаққа қақ жарылып, дамыған орталық пен
мәңгі артта қалатын периферияға бөлінеді.
• Либеральді өркениеті бар мемлекеттер тарихты жасауға
монопольді құқығы бар.
• Периферияның мақсаты – орталыққа энергия тасымалдауыштарды
тасымалдау және улы қалдықтарды қоймасы ретінде рөл атқару.
Бұндай ресурстар үшін дамыған мемлекеттер гуманитарлық көмек
көрсетеді. Ал бұл арқылы халықаралық қатынастардың тұрақтылығы
қамтамасыз етіледі.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – Ресей мен Қазақстан Республикалары
арасындағы саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік және дипломатиялық қарым-
қатынастардың дамуы мен аймақтағы қауіпсіздікті сақтау мен оларды шешу
болып табылады.
Менің курстық жұмысымның өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан мен
Ресей елдерінің аймақтағы қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы құрылған
бірнеше халықаралық ұйымдармен байланысы бар. Сондықтан да халықаралық
ұйымдар арқылы өңірдегі көлік және коммуникация, мәдени, ғарыштық даму
бағдарламаларының құруымен, сонымен қатар, энергетикалық проблемаларды
шешу, экологиялық мәселер және тағы да басқа мәселелермен қамтылады.

І тарау. Қазақстан қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде
1.1. Қазақстан мен Ресей
ХV111 ғасырдан бастап Ресей мен Қазақстан достығы солтүстік
көршіміздің экономикалық, саяси, ғылыми, мәдени үстемдігін, қысымын,
басымдығын мойындау түрінде жүріп келеді. Тотаритарлық жүиеден құтылып,
тәуелсіздік алғанынан кейін де Қазақстан мемлекетінің ішкі және сыртқы
саясатының бағытында Ресейдің ықпалы азаймаса кеміген жоқ.
Қазір Мәскеу Астананың стратегиялық әріптесі. Біріншіден мұнай
өнімдерін басты тұтынуша ел, екіншіден сауда алыс-беріс, үшінші
комуникация, көлік, төртінші мәдени, бесінші қауыпсіздік. Ресей
Қазақстандағы ішкі тұрақтылыққа бірден әсер ете алатын ел. Мәдени, әрі
этникалық, эканомикалық байланыстар үзілмейтін тарихи сипатта қалыптасқан.
Оның себебі көптеген жылдар бойы Ресейдің құрамында болғандығымыз.
Егемен ел болғаннан кейін бұрынғы экономикалық және саяси қарым
қатынастар жанданып келеді. Бүгінде энергетикалық станциялардың жұмысын
жандандыруда, өндіріс пен индустрияны дамытуда, мұнай өндіру мен
тасымалдауда, техника, технология саласындағы мамандардың зәрулігі, біздегі
орыстардың өздерінің этникалық тамырымен мәдени қарым-қатынастарға деген
сұранасы Қазақстан Республикасын Ресей федерациясына жақындаттыра түседі.
Бұл мемлекет дамуында орыстар мен қазіргі заманның кәсібін меңгерген еуропа
нәсілдес ұлыстардың жергілікті ұлтпен саяси тұрғыда бәсекелес болып қала
беретінін білдіреді. Мүмкін сондықтан болар елімізде мемлекеттік тілдің
жаппай қолданысқа түсіп, дәстүрлі мәдениетіміздің үстемдік алуының төбесі
жақын маңда көрінбейді. Осындай фактілерді көріп отырған Ресейдің кейбір
саясаттанушылары еліміздің ішкі консалидатциясын тіпті мемлекеттілікті
сақтауда көбінесе Ресейге тәуелді деп есептейді.
Бірақ қазір Қазақстан әлемдік экономиканың құрамдасы бөлігі болып,
нарықтық экономика Америка тарапынан мойындалған. Республикада батыс
елдерінің, алдыңғы қатарлы Азия мен басқа мемлекеттердің экономикалық,
мұнай-газ, энергетика саласына байланысты жобалары іске асып жатыр.
Сондықтан бір жағынан алып қарағанда елімізде тұрақтылықтың сақталуына
Еуропаның кейбір елдері, АҚШ, Қытай басқа мемлекеттер де мүдделі.
Дегенімен де Қазақстан үшін Ресей аймақтағы тұрақтылық пен
бейбітшіліктің діңгегі ретінде қажет. Себебі Қытай, Иран, Түркия, Пәкістан
сияқты державалардың Ауғанстан, Шыңжаң, Кавказ, Таяу Шығыс сияқты
тұрақсыздықтың ортасына жақын орналасқандықтан сол аймақтарда болып жатқан
қауіптердің әсерін, ықпалын сезіп-біліп отырмақ.
Сондықтан әлем саясатында санасарлық әлі бар Мәскеумен қарым-
қатанасымыз ішкі және сыртқы қауіпсіздігіміз үшін өте маңызды. Ресей соңғы
жылдары экономикалық жетістіктерге жете бастағанымен кейбір жерлерінде
жұмыссыздық пен кедейшіліктен көз ашпай отырған елді мекендері бар. Сонымен
қатар бұндай ауылдардың этникалық мәдени ерекшеліктері болғандықтан
экстремизм мен терроризмнің қалыптасуына және дамуына әсер етіп, болашақта
ел ішін жалпы тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін. Ал демографиялық саясатында
екі проблеме қатар келіп отыр: бірінші жыл сайын халық саны азайуда, екінші
қиыр шығысында басқа ұлтардың қоныстануы. Қазір халық саны 144 миллоннан
аржақ-бері жағында, алдағы жылдары 80 миллионға дейін азаюуы мүмкін дейді
сарапшылар. Ресейдің ішкі жағдайы мүшкіл болғанымен, бұрынғы кеңестік
елдерге орыс диаспорасы арқылы және әскери жағынан ықпал етіп, газ –мұнай,
энергетика саласында да тәуелді қылып отыр.
Мәскеу БҰҰ-ның Қауіспіздік Кеңесінің шешім қабылдануына қатысады.
Әскери ядролық потенциялы жоғары. Ресейдей ірі ел ширек ғасырдан кейін
тағдырының қалай болатынын алаңдап отырғанда ұланғайыр Алтайдан-Алатауға,
Алатаудан-Атырауға дейін жері бар халқының саны сын көтерметін
тәуелсіздікке тірек болар Қазақстанның демографиялық ахуалын Мемлекет
басшысы Н. Назарбаев 2003 жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында
мемлекеттік саясат деңгейіне қойды.
Жаһандық қатер экстремизм мен тероризм шықалы бері батыстың өзі жеке
дара күш болып шығуынан және АҚШ-тың жалғыз қалуынан үміттенген Мәскеу,
мәлімдемесі мүмкіндігін мың орайтын Қытаймен қарым қатынасын жақсартып
келеді. Соның негізінде соңғы жылдары халықаралық қауымдастықта біршама
беделге ие болды. Қазір Қытайдың экономикалық, әскери дамуы, демографиялық
өсуі әлемдің таң қалдырып, әлемдік тұрақтылықта қандайда болмасын елмен
өзін санастыратын жағдайға жеткен. Сондықтан батыспен ішкі саясаты көбінесе
қарсы құрылған Қытаймен ынтамақтасуға мүдделі.
Соңғы жылдары Ресей Орталық Азияда интеграцияның қозғаушысы болғанымен
саяси себептерге байланысты экономикалық интеграцияның ядросы бола алмады.
Көбінесе Орталық Азия елдерінің ықпалдаса отырып интеграциялануға және
жаһандық қауіптердің алдын алу бастамасы мен идеясы барлық жағдайда
Астанадан айтылып отырды. Бұл Қазақстан мен Ресей қарым қатынасының қалыпты
жағдайда дамуына әсер етіп отыр. Жалпы алғанда экономикалық интеграцияның
дамуында, аймақтық қауіпсіздіктің сақталуында Астананың еңбегі сүббелі.
Өткен жылдары Қазақстанда Ресей, Ресейде Қазақстан жылы болып аяқталғаны
белгілі. Бұл Қазақстан Республикасы сыртқы істер министірлігінің
дипломатиялық тактикасы болуы мүмкін. Бірақ бірінші жариялаған Кремль
болған. Себебі, біріншіден осы аймақта экономикалық дамуға қол жеткізген
және халықарық деңгейде беделге ие Қазақстанмен ара қатынасты жақындату.
Екіншіден Мәскеу ТМД елдерінің бір бірімен тым алшақтамай интеграциялануына
мүдделі, Қазақстан осы аймақтағы елдерге сөзін өткізе алатын жағдайға
жетті. Үшінші сыртқы саясатында стратегиялық тактикасы мықты Қазақстанға
қолдау көрсету. Төртінші орыс диаспорасының өздері үшін маңызды екенін және
олардың да қорғаушысы бар екенін бекіте түсу. Бесінші Кіндік Азияны өз
ықпалынан шығармау. Кезінде Қырғызстанға Америакамен қабаттаса әскер
орналастырғаны есімізде. Осындай себептерді келтіре отырып, Қазақстанда
басқа елдердің әскери қару жарағы, базасы орналаспағандықтан, сыртқы
саясатта халықаралық беделге ие Астананың өз үшін қаншалықты маңызды екенін
білдіру болатын.
Ең бастысы мұнай мен газға басқа да қазба ресурстарға бай, саяси
жүиесі жетіліп келе жатқан, өткен жылдарында барлық салада орасан зор
табыстарға жеткен, алдағы жылдарға стратегиялық, перспективалы жобаларды
іске асыруды көздеп отырған, ішкі саяси тұрақтылығы берік Қазақстанмен
қарым-қатынасты бір нығайтып алу болатын. Себебі орталық азияда АҚШ-тың
ықпалы күшейіп, экономикалық қуаты инвестицияға зәру елдерді ықтырып отыр.
Оның ішінде Қазақстан да бар. Түлкінің жүні өзіне жау дегендей қазба
ресурстарға толы жерімізге мұхиттың арғы жағындағы Американың, Еуропаның
біраз елдері, Қытайдың және Ресейдің мұнай-газ, индустриялық-экономикалық
саясатының тоғысар жері алдағы уақытта Қазақстан болмақ. Оған негіз болатын
барлық факторлар бар.
Евразия алдағы жылдары әлемдік саясаттың тоғысар тұсы болады.
Сондықтан осы аймақтағы елдер бірінші өзара ықпалдаса отырып дамуы керек..
Бірақ көбінес жағдай басқаша болып жатады. Өзбекстанның ел ішіндегі
реформаларды көбінес мойындамауы, Қырғыздырдың сыртқа берешегі көбейіп,
Араб елдерінің ауызбіршіліктен алыстауы, Әлемде Қытай елінен қорқу
стеротипі қалыптасып келе жатқан кезде, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесің қару
жарақпен қамтамасыз етіп отырған Ресеймен қарым қатынас алдағы жылдары да
дами бермек. Дегенімен де алдағы ширек ғасырда кіндік азияның басты
ойыншысы және шешуші күші Қытай болады.
Сарапшылар болашақта Қытайдың демографиялық және экономикалық дамуы
біраз елдердің есін шығарады деп отыр. Сондықтан алдағы уақытта Қытайды
тоқтатуға тегеурін болатын, халықарық саяси істерде жоғары беделге ие,
нарықтық жүиенің орталығы Батыс Еуропа мен Жапония, халық санының көптігі
арқылы әлемдік саясат сахнасына тырмысып келе жатқан Үндістанмен, орта және
таяу шығыс елдерімен қарым қатынас бүгінгіден де жоғары қарқымен дамуы
мүмкін.
Қазақстан Евразия құрлығында орналасқан. Мұндағы елдердің экономиканы
дамытуда мүмкіндіктері және ішкі саяси жағдайлары әртүрлі болғандықтан
аймақта өзара іс қимыл, сенімен қауіпсіздікті сақтаудың өзі күрделі
қайшылықты проблема. Себебі қандай да болмасын елдердің арасындағы
қайшылықтарды анықтап, ішкі саяси жағдайын зерттеп, сол елдің даму
бағытының мүмкіндіктерін саралап барлық мемлекетердің мүдделерін ескеру
қажет.
Сондықтан экономикалық немесе саяси күрделі проблемалардың шиеленісін
шешуді талқылаған кездесулерден бұрын, осыған қатысты барлық елдерді
қатыстырудың өзі күрделі. Себебі АҚШ және Еуропа елдерінің араласуынсыз
экномикалық және саяси жетістіктерге жету қиын. Және осы аймақтағы елдердің
жеке амбициялары тағы бар. Орталық Азияны өз тауарларын өткізетін тиімді
нарық, арзан шикізат көздерін өндіруге келген халықаралық ірі державалардың
арасындағы қарама қайшылықты сәтімен пайдаланып, әлемдік тәртіптің
баланысын тең ұстау қажет.

1.2.Аймақтағы саяси дағдарыс

Қытай жыл сайын 1 миллиардтың үстінде Ресейден қару-жарақ, түрлі
әскери техникалар сатып алуда. Қытай – ядролық держава. Француздар мен
ағылшындардан кейін, яғни 1964 жылы ядролық ел атанды. (Алғаш рет 1945 жылы
16 маусымда Нью-Мексика шөлінде АҚШ атом бомбасын сынап, ядролық мемлекет
атанса, оған КСРО тек 1949 жылы ғана қол жеткізді). Дегенмен Қытайдың да
өзіндік шешілмей жатқан мәселелері жеткілікті. Бір ғана Тайвань мәселесін
сөз етсек те жетіп жатыр. Пекин қашанда Тайваньді жеке ел деп таныған емес.
Өзінің бір бөлшегі, яғни “Бір ғана Қытай” деп есептейді. Қажет етсе, күштеп
болса да қайырып алуға да бар. Ал Тайвань Вашингтонға арқа сүйеуде. Ақ үй
Пекиннің бой бермей кетуінен жасқана ма, әлде, әлемдік сахнадағы саясаттан
гөрі, ішкі мәселесімен айналысып аласұрғанын қалай ма, кім білсін,
Тайваньды сол аймақтағы сенімді серігі ретінде танып, соңғы үлгідегі
қарумен жарақтандырып, жарылқап жатыр. Бүгінгі Тайваньның әскери қуаты
Қытай тарапынан атылған зымырандармен бола қалуы мүмкін агрессияны
тойтаруға жетерлік шамада. Қалай айтсақ та, Қытай Азия құрлығындағы басты
ойыншының рөлін атқаруда. Бұл – аксиома. Аймақта Қытайдың ықпалы мықты.
Қытай Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (аймақтағы өзге экономикалық ұйымдарды
айтпағанда) мүше ретінде кіре отырып, (Ұйымға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан,
Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей енеді) Орталық Азияда өзінің ықпалын одан
әрі күшейтуге күш салуда. Осы ұйымның аясында (көптеген сарапшылар түбі ШЫҰ
НАТО-ға қарсы тұратын әскери одаққа айналуы мүмкін дегенді айтады) өткен
жылы Тынық мұхит бассейнінде өте ірі әскери жаттығу өткізді. Ал Орталық
Азияда Қытай және Ресейден өзге АҚШ-тың да үлкен мүддесі бар. Осыдан келіп
Вашингтон аймақтағы Қытайдың қарқын алып бара жатқан ықпалын тежеу үшін әрі
тепе-теңдікті сақтау үшін Үндістанды көзір, яғни тежеуші күш ретінде
пайдалануға көшті деуге болады. Оған өткен жылы Үнді премьер-министрінің
АҚШ-қа сапарын, ал үстіміздегі жылдың наурыз айында Ақ үй басшысы Дж.
Буштың Үндістанға сапарын айтуға болады. Осы сапарлар барысында екі ел
ядролық сала бойынша үлкен келісім- шарттар жасасты. Мұның сыртында Дели
Вашингтоннан 6 миллиард долларға әскери техника алуға қол жеткізді. Жалпы,
Ақ үйдің Делиге атом саласы бойынша шегіністерге баруын ол Үндістанның
Қытаймен терезесі тең тұруын әрі аймақта айдаһар елін тежеп ұстау үшін
жасаған шегіністері деп ұққан жөн. Енді Делидің Пекинмен салыстырғанда
әскери қуаты, шама-шарқы қандай дегенге келейік.
Өткен жылы Ресеймен 10 миллиард доллар көлемінде әскери техника алу
үшін шартқа отырды. Үндістан 1998 жылдан бастап ядролық елге жатады.
Жүздеген атом бомбасы, ондаған ядролық оқтұмсықты алып ұшатын түрлі
қашықтыққа арналған баллистикалық зымырандары бар. Вашингтонның Ресеймен
қарқын алып бара жатқан әскери күшімен экономикасын тежеп ұстау үшін Делиге
бекерден бекер иек артып отырмағаны белгілі. Үндістанның Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымына әзірге бақылаушы болып, жүре келе, тұрақты мүше болып
енсем деген ниетінің артында Орталық Азиядағы саяси ойынға тек Ресей мен
Қытай төреші болуға тиіс емес, одан Дели де қалып қалмауы керек деген пиғыл
жатқаны мәлім. Егер ШЫҰ-ға Үндістан, сондай-ақ Пәкстан, Иран еніп жатса,
Орталық Азия сахнасындағы саяси ойынға өзгерістер енері анық. Демек, “ойын”
сценарийі АҚШ ойлағандай болса, ШЫҰ ешқашан НАТО-ға қарсы тұратын әскери
одаққа айнала алмасы хақ. Өйткені жеме-жемге келгенде (Астана, Бішкек,
Ташкент, Душанбені қоспағанда) Пекиннің, Мәскеудің, Делидің, Ислам-Абадтың
және Тегеранның басы бір ұйымның астында сия қоймайтыны белгілі. Әр елдің
өзіндік амбициясы басым екені айқын. Демек, Ақ үйдің Еуразия құрлығында
пайда болған елеулі күші бар ұйымға Үндістанның кіруіне неге мүдделі
дегенді осыдан іздеген жөн. Енді Үндістанның әскери қуаты қандай дегенге
келсек, әрине, айтарлықтай қауқарға ие екенін байқауға болады. Әрине,
Үндістан Қытайға тежеуші күш бола алады. Және екі ел арасында әлі шегаралық
аймақта мәселесі шешілмеген даулы нысандар да баршылық. Дегенмен Делидің
бас “ауруына” айналған Пекин емес. Пәкстан мен екі арадағы даулы жер –
Кашмир.[2]

2 тарау.Қазақстан мен Ресей сауда-экомикалық саясаты
2.1.Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстары
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстары жылдан
жылға жоғары қарқынмен дамып келеді. Қазірдің өзінде жүзеге асып жатқан
бірнеше жобалар бар.
Шекаралас аймақтардың әкімдері мен губернаторларының кездесуінде
бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынастардың тамыры
тереңде жатыр. Екі халықтың етене бауырласып кеткені соншалық — экономика,
саясат, ғылым, тарихи-мәдени мұралар саласында ғана емес, екі халықтың
рухани байлығы мен болмыс-бітіміне дейін өзара жымдасып кеткен. Қазақ
хандығы мен Ресей мем­лекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар
сонау ХVІ ғасырдың өзінде орныққан болатын. Содан бері жалғасып келе жатқан
тарихи бауырластық барған сайын нығайып келеді. Ресей Қазақстанмен Достық
шартына қол қойған алғашқы мемлекеттердің бірі. Тәуелсіз еліміздің өзара
ынтымақтастық пен ықпалдастыққа негізделген келешегін анықтайтын осынау
шартқа 1992 жылғы 25 мамырда қол қойылған болатын.
Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстары әкімдері мен
губернаторларының кездесу орны ретінде Орал қаласынынң таңдалуы да
кездейсоқтық емес. Батыс Қа­зақстан облысы сыртқы экономикалық байланыстар
саласында барынша әлеует көрсетіп отыр. Қазақстан мен Ресей арасындағы
тауар айналымы 2005 жылы 10 миллиард АҚШ долларын құраған болса, соның 840
мың доллары Батыс Қазақстан облысының еншісінде.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 143 бірлескен кәсіпорын
тіркелген. Соның 99-ы Ресей капиталы негізінде құрылған. Облыста әлемнің 34
елінен 211 шет­елдік кәсіпорын жұмыс істесе, соның ішінде 94 кәсіпорын
Ресейдікі.
Мұның бәрі Қазақстан мен Ресейдің бір-біріне экономикалық және
стратегиялық серіктес екендігін айғақтайды.

2.2. Стратегиялық әріптестікті тереңдету
2006 жылдың 6 ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Мемлекеттік
Думасының депутаттарымен кездесті. Биыл Дума өзінің 100 жылдық мерейтойын
атап өткелі отырғаны белгілі.[3] Осы күндері Дума сол айтулы датаны кеңінен
атап өтудің қамына кірісуде. Іші мен сыртына сапалы жөндеу жұмыстары
жүргізіліп, салтанатты күйге еніп қалғаны көрініп тұр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты палата төрағасы Борис Грызлов
қарсы алып, мәжіліс залында ТМД елдері арасындағы барлық интеграциялық
үдерістердің ұйытқысы болып жүргенін, соның ішінде ЕурАзЭҚ-тың
Парламентаралық Ассамблеясының дамуына да өзіндік зор үлесі бар екені
талқыланды.
Заңнамалық органның құрылуы Ресейде парламентаризм дамуының бастауы
болды, дей келіп Елбасы: “Мен “біз” деп отырмын, өйткені, Мемлекеттік Дума
құрылған кезде оның депуттарының қатарында қазақ халқының Әлихан
Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев секілді он екі өкілі
болған. Оның үстіне олардың үшеуі Мемлекеттік Думаға екі рет сайланған”, –
деп атап өтті.
Ресей Мемлекеттік Думасының алғашқы шақырылымдарының мұрағаттарында
біздің аса көрнекті жерлестеріміздің саяси белсенділігін, өз халқына ғана
емес, сонымен бірге Ресейдің барша халықтарына жақсы тұрмыс тілеген Қазақ
даласынан келгендер ой-ниетінің шынайылығын дәлелдейтін көптеген құжаттар
сақтаулы.
Жақсы тұрмыс тілеу тұрғысынан олар осынау заңнамалық органда мәжіліс
құрған прогресшіл орыс интеллигенциясының өкілдерімен ынтымақта болды.
Мұның өзі Қазақстан және Ресей халықтары тарихының ортақтығын
көрсететін көптеген мысалдардың біреуі ғана екенін айтқан Қазақстан басшысы
Ресей Федерациясы Мемлекеттік Дума депутаттарын, Ресей заң шығарушыларының
барлығын және солар арқылы бүкіл ресейлік азаматтарды осынау ұлы да атаулы
мерекемен шын жүректен құттықтады.
Біздің мемлекеттеріміздің парламентарийлері, деді Қазақстан Президенті,
Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік пен достықты дамытудың шынайы
жақтастары болды. Қазақстандық және ресейлік парламентшілердің біздің
елдеріміздің арасындағы Мемлекеттік шекара туралы тарихи шартты бір
мезгілде ратификациялауы парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін
ғана емес, сонымен бірге өзара сенім ахуалын, Қазақстан-Ресей қатынастарын
одан әрі нығайтуды жақтаушылықты танытады.
Біздің ортақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стратегиялық әріптестік шеңберіндегі Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым қатынас
1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық моделін іздестіру
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
Каспий құбыр желісі Консорциумы мұнай құбыры
Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым - қатынасты зерттеу
Пәндер