Маталар, тоқыма және бейматалардың ассортименті


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өнімдері және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Маталар, тоқыма және бейматалардың ассортименті

Орындаған: Бекбаева М

Тобы :ТК -321

Тексерген:Бауыржанова А. З.

Семей

2015 жыл

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1. Ассортименттің жіктелуі

2. 2. Мақта маталарының ассортимені

2. 3. Зығыр маталардың ассортименті

2. 4 Жібек маталардың ассортименті

2. 5 Жүн маталардың ассортименті

2. 6. Трикотаж жаймасының ассортименті

2. 7. Беймата маталарының ассортименті

3. Қорытынды

Тоқыма маталардың ассортименті деп - олардың жинақталуы және белгілі бір белгілері бойынша таңдау. Тоқыма материалдарды таңдауды іске асыратын алғашқы белгілері, оларды өндіру тәсілі болып табылады. Материалдар осы белгісі бойынша қарай 3 түрге бөлінеді: маталар, тоқыма және бейматалар. Тоқыма маталардың әрбір түрі өндіріс тәсілі бойынша бөлінеді, мысалы, көлденең және негізінен тоқылған, бейматалар, тоқыма- тігін материалдар, желімделген, ине кіретін материалдар. Тоқыма материалдардың ассортиментін ажырататын негізгі белгілері, маталардың талшықты қүрамы болып табылады. Талшықты қүрамы бойынша материалдар мақта-мата, зығыр, жүн және жібек болып бөлінеді. Бүл материалдардың әрқайсысы талшықтың бір түрінен түратын, біртекті немесе қүрамында шығу тегі бойынша әр түрлі талшықтардан түратын біртексіз болып өзара бөлінеді. Мақта-мата материалдарына мақта және мақтаның химиялық талшықтары мен жіптердің қосылысынан түратын бейматалық материалдар, зығыр материалдарға - таза зығыр және жартылай зығыр маталар, жүн материалдарға - таза жүнді және жартылай жүнді маталар, ал жібек материалдарға таза жібек және жартылай жібек маталар жатады. Әр түрлі материалдарды ассортиментке жинау түрлі белгілері бойынша іске асырылады. Маталарды ассортиментке өңдеу тәсілі, қолданысы және жалпы ассортименттегі матаның белгілі бір түрінің үлесті салмағы бойынша таңдалады, тоқыма төсемелер мен беймата материалдар қолданысы бойынша таңдалады. Сонымен қатар, тоқыма маталар топтарға және топшаларға бөлінеді, топтардың әрқайсысына материалдардың жеке түрі немесе артикулда- ры қосылады. Материалдардың артикулы дегеніміз - материалдардың белгілі бір техникалық сипаты болып табылатын жалпы санды түрде матаның шартты белгіленуі. Материалдардың әр артикулына мате- риал қанағаттандыратын стандарт-тармен немесе техникалық шарт- тармен түрлі нормалық көрсеткіштер қойылады. Бүл көрсеткіштерге матаның ені, 1 м2 матаның салмағы, жіптердің негізі және арқау бой- ынша тығыздығы, трикотаждың көлденең және бойлық бағыттағы тығыздығы, тоқыма-тігу беймата материалдарының тығыздығы, жіптердің сызықтық тығыздығы, түрлі талшықтардың пайыздық құрамы және материалдардың түрлерінен тәуелді кейбір басқа да көрсеткіштер. Егер осы көрсеткіштердің біреуін өзгертсе, артикул де өзгереді, мысалы, құрылымы бір мата екі ендік болып өндірілсе, онда әр енді маталар үшін жеке артикул қойылады. Жоғарыда аталған маталардың әрбірі төрт, бес, алты санмен белгіленеді, бастапқы бірінші немесе алғашқы екі сан (зығыр ма- таларда) сауда прейскуранты бойынша материал тобының нөмірін белгілейді, зығыр матадағы екінші немесе үшінші сан - маталардың топшаларының нөмірі, ал қалған сандары - топшалардағы маталардың реттік нөмірлері. Артикуляцияның мұндай жүйесі матаның белгілі бір тобының белгілері мен артикуляция жүйесін білген жағдайда, тез әрі нақты түрде матаны сипаттауға мүмкіндік жасайды. Ассортиментті сипаттағанда оның тоқтаусыз кеңеюін және жаңаруын ескеру қажет. Маталардың, трикотаждың, беймата материалдардың ассортименттері тоқыма материалдардың, жоғары көлемді жіптер мен тоқымалардың, көп компенентті қоспаларды қолданудың, жаңа тоқыма, әрлеу тәсілдерінің, әр түрлі айқаспалы материалдарды өндіруді қолданғанда сәйкес кеңейеді.

Мата ассортименті шикізат құрамы, әрлеу түрі және құрылымы бой- ынша әр түрлі болады. Олардың қолданысы да әр түрлі. Осы белгілері бойынша маталарды топтайды: белгілерінің бірі бойынша топтарға (мысалы, қолданысы бойынша), содан кейін келесі белгілері бойынша топшаларға (шикізат құрамы бойынша), одан әрі - түрлерге бөлінеді. Қолданысы бойынша тұрмыстық маталар ішкиімге, көйлекке, ко- стюмге, костюмдік-көйлекке, пальтоға, іштік төсемге, жиһаздық-сәндік арналған болып бөлінеді. Шикізаттық құрамына қарай маталар мақтақағазды, зығырлы, жібекті және жүнді деп, сондай-ақ олардың әрқайсысы аралас болып бөлінеді. Жеке бағасы прейскуранттармен қабылданған маталардың саудалық топтастырылуы бар, онда өңдеудің спецификалық ерекшеліктерін ескеріле отырып және мақта қағазды, зығырлы, жүнді және жібекті маталарының құрылымы әр түрлі белгілері бойынша топтарға және топшаларға бөлінеді. Маталар ассортиментінің әр класы топтарға бөлінеді. Мысалы, топ- тар: кенепті, бөзді, сатинді, ішкиімдік, көйлектік, киімдік, түкті, жиһазды- сәндік, астарлық, тикті, сүлгілік, орамалдық, қатты, тарлы, орауышты, дәкелік, техникалық. Әрбір топ топшаларға бөлінеді: кенеп; бөз; сатин; бөзді ішкиімдік; сұрыпты ішкиімдік; арнайы ішкиімдік; маусымдық көйлектер; жазғы көйлектер, жейделер; қысқы көйлектер. Мысалы, мата ассортименті өндіру тәсілі, безендірілуі, қосымша өңдеуіне тәуелді жіктеледі: таңбаланған, таңбаланған мерсеризделген, тегіс боялған. Тоқыма материалдардың әр түрі жеке белгілеріне қарай да бөлінеді.

Тұрмыстық маталардың қолданысы бойынша топталуы

Берілген кестеде талшықты құрамы әр түрлі маталардың топ- тастырылуы жүн, жібек және зығыр маталар топтары мен топшалар нөмірлері артикулдің сәйкес сандарын анықтайды. Мысалы, екінші топтағы және үшінші топшадағы жүнді матаның нөмірі артикулдың бастапқы екі саны болады - 23, бесінші топ пен екінші топшадағы жібек мата - 52. Бірақ, матаға артикул бойынша сипаттама берудің алдында, матаның талшықты құрамын білу қажет, себебі жүнді және жібек маталар артикуляциясында құрылымы әр түрлі маталар бірдей сандармен белгіленуі мүмкін.

Мақта маталар ассортиментте үлкен орын алады, тоқыма өндірісінде өндірілетін барлық маталар ассортиментінің 75% үлесін құрайды. Мақта маталардың ассортиментіне мақтадан жасалған маталар және мақта мен вискоза штапелінің қосындысынан жасалған, штапельді синтетикалық талшықтардан жасалған, вискозалық жібектен жасалған маталар кіреді. Өзге талшықтарды мақта маталардың құрамына о лардың сырт бейнесін және кейбір қасиеттерін жақсарту үшін қосады. Саудалық жіктелуі бойынша мақтақағазды маталардың ассортименттерін түрлі белгілері бойынша топтар мен топшаларға бөлінеді. Матаның әр тобының осы топтағы немесе топшадағы маталарға ортақ болатын ерекшеліктері болады. Мақта маталар жақсы мықты, көп ретті созылу мен иілуге төзімділік, жақсы ылғал өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады. Мақта маталар дан жасалған бұйымдар тез ылғалданады, тез кебеді, жақсы жуылады және жоғары температурада үтіктеледі. Мақта маталардың қажалуға төзімділігі синтетикалық талшықтарға қарағанда аз болады.

Зығыр матасының ассортиментінің басқалардан ерекшелігі жеке дана бүйымдарды көптеп шығаруы, мысалы сүлгі, дастархан. Зығыр матасының ассортименті он алты топқа бөлінеді, бүл топтың әрқайсысы зығыр және жартылай зығыр матасының топшасын қүрайды. Бар ассортименттің ішінен киімді жасау үшін матаның шекті саны қолданылады. Топқа бөлінген зығыр маталарының негізгі белгісі олардың қүрылымының немесе арналуының ерекшелігі болып табыла- ды, ал топшаларға олар талшықтық қүрамы бойынша бөлінеді. Зығыр матасының ассортиментінің барлығы тігін өнеркәсібінде қолданбайды, сондықтан зығыр матасының кейбір топтары ғана қарастырылады. Зығыр матасының ассортиментін зерттеу барысында, олардың артикуляция жүйесінің барын ескеру керек, яғни алғашқы екі саны топтың нөмірін, ал үшіншісі - топша нөмірін көрсетеді. Зығыр маталары таза зығырлы және жартылай зығырлы бо- лып өндіріледі. Жартылай зығыр матасында әдетте мақта иірімжібін негізінде, кейде арқауында пайдаланады. Соңғы кездері негізгі виско- залы жібекпен, 50-70% лавсаннан түратын, зығыр иірімжібінен мата- лар өндіріле басталынды. Зығыр маталардың мақта матасынан айырмашылығы қалыңырақ иірімжіптен жасалған (18-166 текс), олар негізі және арқауы бойынша бірдей, көбінесе жаймалық өрімнен, ал жаккардты және үсақ өрнекті өрімдерден сирек өндіріледі. Зығыр маталары негізінде ағартылған, жартылай ағартылған және сүрыпты, меланжды, ала шүбар, тегісбоялған, баспа суретті болып шығарылады. Зығыр маталары жоғары салмақты, қалың, қатты, берік және созылғыштығы аз болады. Олардың гигиеналық қасиеті жақсы, бірақ жылу сақтағыштығы өте төмен, осыған байланысты бүл матаны қыстық киімдерде қолданбайды. Матаның беті тегіс және жылтыр. Тегістіктің арқасында пішу кезінде мата беті жылжуға қабілетті. Қаттылығына бай- ланысты зығыр маталары кесуде үлкен қарсылық көрсетеді. Бүйымды тігу барысында олар қиындық туғызбайды, бірақ қаттылығының сал- дарынан қүрылымы инемен бүзылуы мүмкін.

Жібек матасының ассортиментінің материалдары шамалы қалыңдықты және салмақты, тегіс және жылтыр бетті, қүрамында үзындығы шексіз талшықтан немесе жібек талшығынан түратын ма- таларды жатқызуға болады. Жібек маталар талшықтық қүрамының табиғатына байланысты сегіз топқа бөлінеді, оның әрқайсысы сәйкес топшалардан түрады. Жібек матасының ассортименті барлық мата ассортиментінің 11% қүрайды, артикулдардың саны өте көп, тәртіпке сәйкес олар төрт санды санмен белгіленеді, бірінші сан матаның тобын, екіншісі - топшасын білдіреді. Жібек матасының жіктелуін және топтың немесе топшаның сипаттамасын біле отырып, матаның арти- кулы бойынша оның қүрылымы, дайындалуы және кейбір қасиеттері туралы белгілі көрсетілімдерді қүрауға болады. Жібек матасының ассортименті басқалардан әр түрлілігімен, әсіресе шикізаттың қүрамымен, жіптің, матаның және өңделуінің қүрылымымен ажыратылады, алдымен түтынушылық қасиетінің әр түрлілігімен байқалады. Жібек матасын өңдеуде табиғи жібек, жа- санды және синтетикалық талшық, жіптер, басқа табиғи талшықтар қолданылады. Мата ассортиментінің әртүрлілігіне түрлі қүрылымды жайпақ, фасонды, моно, кешенді, крепті, москрепті ширатпалы, модифицияланған (кескінделген, биокешенді) жіптерді қолданылады. Барлық кластағы әртүрлі өрімдер қолданылады: яғни басты, үсақ-ірі өрнекті, баспа суретті, ала шүбар және күрделі. Жібек маталарын баспа суретті, тегіс боялған ағартылған, гофре сығыстырылған, лак әсерлі, түкті түрінде өндіреді.

Тоқыма өнеркәсібінде өндірілетін жүн маталары, қүрылымы, тағайындалуы және сыртқы дайындамасы бойынша әртүрлілігімен сипатталады. Жүн маталарының ассортиментінің ерекшелігі болып, жылу сақтағыштық қасиеті есептелінеді, бүл оның жылы және қыстық киімдерге арналуын айқындайды. Өңдеу тәсіліне және талшықтық қүрамына байланысты жүн маталарының ассортименті алты топқа бөлінеді: 1-тарақты таза жүнді, 2-тарақты жартылай жүнді, 3-жүқа шүғалы таза жүнді, 4-жүқа шүғалы жартылай жүнді, 5-дөрекі шүғалы таза жүнді, 6-дөрекі шүғалы жартылай жүнді. Шамамен жеке топтар топшаларға бөлінеді: 1-көйлектік, 2-костюмді тегісбоялған, 3-костюмді ала шүбар және фасонды, 4-шүға, 5-пальтолық, 6-драптар, 7-түктік, 8-жамылғы. Тарақты таза жүнді маталардың тобы маталардың көпшілігінде екі қабатта ширатылған, жүқа тарақты иірімжіптен өндірілген маталардың ассортиментін біріктіреді. Бүл жаймалық, саржалық, крептік және аралас өрімнің суреттері жақсы көрінетін, жүқалау жүн маталары. Көйлектік маталардың топшасы әйелдер, балалар көйлегін, жеңіл костюмдерді дайындауға арналған жүн маталарының ассортиментін қүрайды. Матаның көпшілігі материалдың эксплуатациялық қасиетін жоғарылататын, негізі мен арқауы екі қабатпен ширатылған иірімжіптен жасалады. Бүл өте жүқа және жеңіл жүн маталары, ол 1 м2 матаның салмағы 100-248 г. Жеңілірек жүн маталар көйлекке, ал ауырырақ - ко- стюмге қолданылады. Матаның ені - 100-150 см, маталар жаймалық, крептік, саржалық және аралас өріммен өндіріледі.

Трикотаж жаймасының ассортименті әртүрлі, өндіріс әртүрлі талшықты қүрамды жаймаларды өндіреді: мақталы, жүнді және жібекті. Әсіресе, химиялық талшықтан жасалған жібек жаймасының ассортименті кең тараған әрі көп. Әртүрлі қүрамды талшықтар негізгі 183 қасиеттері мен тағайындалуы бойынша трикотаждық жайманың ерекшелігін қамтамасыз етеді, ал қасиеті өз кезегінде трикотаждық жаймалар өндірілген, өрімдермен анықталады, 1 м2 30-84 г дейінгі ша- мада ауытқиды. Трикотаждық жаймалар талшықтық қүрамы бойынша топқа және өндірілген тәсілі және машина түрі бойынша топшаға бөлінеді, әрбір топша өрімі бойынша жайма түріне бөлінеді. Ассортименттің осы- лай бөлінуіне топтарға, топшаларға сәйкес трикотаждық жаймаларға арналған артикуляция жүйесі орнатылады, олардың артикулының бірінші саны жайманың талшықтық қүрамын, екіншісі - өндіру тәсілі мен тоқу машинасының түрін, үшінші және төртіншісі - топшадағы жайманың қатарлық санын білдіреді. Топтар мен топшаларға бөлінуі келесі сызба түрінде көрсетуге болады: 0 - мақта иірімжібінен жасалған жайма, 1 -жасанды жібектен жасалған жайма, 2- химиялық талшықпен біріктірілген мақта иірімжібінен жасалған жайма, 3- синтетикалық жібектен жасалған жайма, 4- эластикалық және көлемді жіптерден жасалған жайма, 5-жасанды жібекпен біріктірілген синтетикалық жіптен жасалған жайма, 6-аралас иірімжіптен жасалған жайма, 7- көлемді иірімжіптен жасалған жайма, 8-жүн иірімжібінен жасалған жайма, 9-жібек пен иірімжіптің әртүрлі түрімен араластырылған түрімен жасалған жайма.

Киімді дайындау үшін жылытушы материал ретінде жайғақ тігілген және инемен тесілген дәкелер, мата сияқты мата тігілген, жайғақ тігілген жаймалар қолданылады. Пішінді сақтауды қамтамасыз ететін және киім бөлшектеріне қаттылық беретін іштіктер үшін негізмдік бейматалы материалдар пайдаланылады. Киімде қолданылатын бей- мата жаймалары ағартылған, тегіс боялған, ала шүбар, баспа суретті болып шығарылады. Тоқымалы-тігілген бейматалық материалдың ассортименті әртүрлі қүрылымды және тағайындалуы бойынша әрқалай мақта маталы және жартылай жүнді материалдардан түрады. Мақтадан тігілген материалдардың ассортименті тоқылған талшықтық жайғақтан алынған, балалар ішкиіміне арналған бейматалық жаймадан, Василек бейматалық жаймадан, Бориславка бейматалық бәйкеден және балалар ішкиіміне арналған материалдар- дан түрады. 1 м2 осындай материалдардың массасы - 141-270 г, ені - 150-250 см. Олар тегіс боялған, баспа суретті болуы мүмкін (балалар ішкиімінен басқа), көйлек, күртеше дайындауда қолданылады. Осы бейматаның кейбірі вискозды штапельді талшықпен мақтаның қоспасынан өндіріледі және мақта маталы иірімжіптер, не болма- са капронды жібекпен тігіледі. Екінші жағдайда материал жылтыр- мен және жібектікпен сипатталады. Осы бейматалардың барлығы қажалуға жоғары төзімділігімен, әсіресе капронды жібекпен тігілуімен ерекшеленеді. Олардың кейбірі жуғаннан кейін бойылық бағыт бойын- ша отырады және кейде көлденеңнен созылады. Тоқымалы-тігілген жайма көлденең бағытта қолдық деформацияны жасау арқылы әдеуір созылымдығы оның қүрылымының ерекшелігімен түсіндіріледі және бүл ерекшелік бүйымды жобалау кезінде ескерілуі керек, сонымен қатар, ені бойынша бүйымның тарлануын қарастыру қажет, ал деформациядан алдын-ала сақтау үшін зығыр немесе мақта ызбадан жасалған жиекпен қиық бойынша тігіледі. Тоқымалы-тігілген жартылай жүн бейматалы материалдардың ассортименті қүрылымында 30-60% дейін жүн бар, Крцаниси, Местия, Спортивное тігілген жаймалардан түрады. Талшықтық жайған мақта иірімжібімен, не болмаса капронды жібекпен тігіледі. 1 м2 жайманың салмағы 319-450 г, ені 95-150 см. Бүл материалдар тараққа және білікшеге оралып түруы мүмкін, сондықтанда, олардың беті түкті не- месе киіз тәрізді болады. Өңделуі бойынша олар тегіс боялған және меланжды. Жартылай жүнді материалдар жоғары қажалуға қарсылықпен және созуға төзімділікпен сипатталады және пальто, күртеше, спорттық киімдер дайындауда қолданылады. Тігілген материалдардың ішінде перспективалығы малимо бо- лып табылады, оның құрылымында аз созылғышты бойлық және көлденең жіптері бар. Бұл материалдар кез-келген жіп немесе иірімжіптен дайындалады және олар мақта, жүн, жібекті болуы мүмкін. Бұл материалдардың салмағы қолданылатын жіптердің немесе иірімжіптердің сызықтық тығыздығына байланысты. Тағайындалуы бойынша әртүрлі бейматалы материалдардың ассортиментінің кеңею мүмкіндігі шектелмеген, сондай-ақ, малимо материалдары олардың талшықтық құрамына байланысты кез-келген өңдеу түріне қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маталар, тоқыма және бейматалар ассортименттері
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Тоқыма материалдарының қасиеттері
Тоқыма материалдарды өңдеу
Ассортименттің жіктелуі
Беймата жаймаларын өндіру
Тоқыма маталардың классификациясы және қасиеттері
Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару жүйесін қалыптастыру жолдары
Сапаны анықтау әдісі
Кәсіпорынның төлемдер сомасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz