Семинар - лекцияның тікелей жалғасы ретінде. Семинар сабақтың өзіндік ерекшеліктері



Мектеп оқушыларына білім мен дағды беруде қазақ тілінен өтілетін сабақтардың мәні орасан. Өйткені сабақ оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады. Мұғалімнің жүргізетін жұмыстары сабақ арқылы іске асады. Сабақ беруде мұғалім мынадай мақсат қояды: оқушыларға білім негіздерін түсіндіру, сол білімді бекітіп, талдап есінде қалдыру, алған білімін тексеріп отыру және өздігінен толықтырған білімдерін күнделікті өмір қажетіне пайдалана білу. Мұғалім оқушылардың барлығына қазақ тілі материалдарын толық меңгертуі, қажетті білік, дағдыларды игертуі, сабақтың дамытушы және тәрбиелік қызметін іске асырады. Ол үшін мұғалім материалды баяндау процесінде уақытты үнемді жұмсап, оқушылардың толық түсініп қабылдауына жағдай жасайды. Сонымен бірге мұғалім оқушының білімге деген ықыласы мен қызығушылығын, оқу-танымдық уәждемесін арттырып отыруы тиіс. Оқушылардың белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше орындалатын жұмыстарын ұйымдастырып, іздеу, зерттеу іскерлігін дамытып отырған тиімді.
Сабақтың білім мен дағды беру ерекшелігіне қарай, оларды жіктеудің өлшемдеріне мыналарды жатқызуға болады:
а) Сабақта оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім негіздері меңгертіледі. Оған өтілетін тақырыптың термині, тілдік материалдың өзіндік белгілері, жасалу жолдары, анықтамалары мен ережелері кіреді. Сөйтіп оқушыларға білім көлемі мен білім жүйесі меңгертіледі.
ә) Оқушыларға қазақ тілінен іс жүзінде дағды қалыптастырылады, берілетін білім көлеміне лайықты дағды түрлері жаттықтырылады.
Әдіс пен тәсілдің ұтымды пайдаланылуы, жүзеге асуы сабақтың типіне де байланысты. Қазіргі сабақ туралы көптеген монографиялық еңбектер, жекелеген ғылыми және практикалық сипаттағы мақалалар жарық көрді. Атап айтқанда, Ю.Б.Зотовтың "Қазіргі сабақты ұйымдастыру" (1984), М.Махмутовтың "Қазіргі сабақ" (1985), И.Д.Зверевтің "Қазіргі сабақ: ізденістер, проблемалар, шешімдер", "Сабақ: ол қандай болуы керек?" деген мақалаларын айтуға болады. Жаңашыл-педагогтар В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова т.б. іс-тәжірибелерінен қазіргі сабақ қандай болуы керек деген сұрақтың жауабын табуға болады.
Сабақ типтері мен түрлерін М.Махмутов ("Современный урок", 1985) төмендегіше берген:
а) Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұл типке лекция, баяндау, әңгіме түрінде өтетін сабақтар, кино, диафильм көрсету, теориялық мәліметтер бойынша оқушылардың ізденісі негізінде өткізілетін сабақ түрлері жатқызылады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Семинар - лекцияның тікелей жалғасы ретінде. Семинар сабақтың өзіндік ерекшеліктері. 

ОРЫНДАҒАН: Жайсаңбаева А.Н.
6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті

ТЕКСЕРГЕН: Мұқанова Қ.Қ.
п.ғ.к

СЕМЕЙ - 2015
Мектеп оқушыларына білім мен дағды беруде қазақ тілінен өтілетін сабақтардың мәні орасан. Өйткені сабақ оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады. Мұғалімнің жүргізетін жұмыстары сабақ арқылы іске асады. Сабақ беруде мұғалім мынадай мақсат қояды: оқушыларға білім негіздерін түсіндіру, сол білімді бекітіп, талдап есінде қалдыру, алған білімін тексеріп отыру және өздігінен толықтырған білімдерін күнделікті өмір қажетіне пайдалана білу. Мұғалім оқушылардың барлығына қазақ тілі материалдарын толық меңгертуі, қажетті білік, дағдыларды игертуі, сабақтың дамытушы және тәрбиелік қызметін іске асырады. Ол үшін мұғалім материалды баяндау процесінде уақытты үнемді жұмсап, оқушылардың толық түсініп қабылдауына жағдай жасайды. Сонымен бірге мұғалім оқушының білімге деген ықыласы мен қызығушылығын, оқу-танымдық уәждемесін арттырып отыруы тиіс. Оқушылардың белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше орындалатын жұмыстарын ұйымдастырып, іздеу, зерттеу іскерлігін дамытып отырған тиімді.
Сабақтың білім мен дағды беру ерекшелігіне қарай, оларды жіктеудің өлшемдеріне мыналарды жатқызуға болады:
а) Сабақта оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім негіздері меңгертіледі. Оған өтілетін тақырыптың термині, тілдік материалдың өзіндік белгілері, жасалу жолдары, анықтамалары мен ережелері кіреді. Сөйтіп оқушыларға білім көлемі мен білім жүйесі меңгертіледі.
ә) Оқушыларға қазақ тілінен іс жүзінде дағды қалыптастырылады, берілетін білім көлеміне лайықты дағды түрлері жаттықтырылады.
Әдіс пен тәсілдің ұтымды пайдаланылуы, жүзеге асуы сабақтың типіне де байланысты. Қазіргі сабақ туралы көптеген монографиялық еңбектер, жекелеген ғылыми және практикалық сипаттағы мақалалар жарық көрді. Атап айтқанда, Ю.Б.Зотовтың "Қазіргі сабақты ұйымдастыру" (1984), М.Махмутовтың "Қазіргі сабақ" (1985), И.Д.Зверевтің "Қазіргі сабақ: ізденістер, проблемалар, шешімдер", "Сабақ: ол қандай болуы керек?" деген мақалаларын айтуға болады. Жаңашыл-педагогтар В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова т.б. іс-тәжірибелерінен қазіргі сабақ қандай болуы керек деген сұрақтың жауабын табуға болады.
Сабақ типтері мен түрлерін М.Махмутов ("Современный урок", 1985) төмендегіше берген:
а) Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұл типке лекция, баяндау, әңгіме түрінде өтетін сабақтар, кино, диафильм көрсету, теориялық мәліметтер бойынша оқушылардың ізденісі негізінде өткізілетін сабақ түрлері жатқызылады.
ә) Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы. Бұған ауызша, жазбаша жаттығу, оқушылардың өз бетімен жұмыстануы, лабораториялық жұмыс, әкскурсия сабағы жатады.
б)    Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. Бұл сабақтар өткен материалды іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу, қорытындылау мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар сабағы түрінде өткізіледі.
в)    Аралас сабақ. Сабақтың бұл түрі жоғарыда аталған сабақтың бар түрімен тығыз байланысты өткізіледі.
г)    Білім, іскерлік пен дағдыны бағалау, бақылау сабағы. Бұл сабақтар кебінесе сұрақ-жауап тәсіліне негізделеді. Қойылатын сұрақ бір ғана оқушыға да немесе бүкіл сыныпқа да арналуы мүмкін. Сұрақ түрлері ауызша да жазбаша да болып келеді. Әрбір практикалық жұмыстар бағамен не сынақ түрімен қорытылады.
М.Махмутов сабақтың әдістемелік құрылысы тұрақты емес, сабақта алға қойылатын мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер әрқашан да ауыспалы сипатта болады деп есептейді де, сабақтың дидактикалық құрылымы оның әр типтері мен түрлеріне үнемі ортақ болады деп көрсетеді.
Ал Б.Т.Панов сабақ типтерін төрт топқа бөледі: Бірінші топқа оқу материалдарын меңгерту барысындағы психологиялық, педагогикалық кезеңдерге сай өткізілетін сабақ түрлерін, жаңа материалды өту сабағын, білім, іскерлік пен дағдыны бекіту сабағын, қайталау, өтілген материалды жүйелеу сабағын, аралас сабақ түрлерін, екінші топқа оқытудың негізгі әдістеріне сай белгіленетін лекция сабақ, семинар сабақ, практикум сабақтарын, үшінші топқа тіл дамыту, мазмұндама мен шығарма жаздыруға үйрету сабақтарын, төртінші топқакөмекшілік сипаттағы сабақтарды яғни, оқушының жазбаша жұмыстарын талдау, бақылау, тексеру сабақтарын жатқызады.
Ә.Исабаев қазақ тілінен өтетін сабақтарды төмендегіше жіктейді:
І. Теориялық білім меңгерту сабақтары: жаңа сабақ, біріккен сабақ және лекция-сабақ түрлері. Осы теориялық білім меңгерту сабақтары оқушыларға теориялық тілдік материалдарды игертуде іске асырылады. Жаңа сабақ жаңа білім беру үшін, біріккен сабақ өткен мен жаңаны ұштастыру мақсатында өткізіледі. Ал лекция сабақ теориялық материалдарды ауызша мазмұндап жеткізу мақсатында іске асырылады.
II. Практикалық дағды қалыптастыру сабақтары: бекіту сабағы, семинар-сабақ, баспасөз конференциясы сабағы, практикум-сабақ, тексеру сабағы, сынақ-сабақ, коллоквиум-сабақ, талдау сабағы және қайталау сабақтары. Практикалық дағды қалыптастыру сабақтары оқушылардың дене және ой дағдыларын ширату үшін, бекіту сабағы оқушылардың қазақ тілінен күнделікті алған білімдерін нығайтып отыру үшін өткізіледі. Семинар-сабақ білім мен білік және дағдыны толықтыра түсу, баспасөз-конференциясы сабағы оқушылардың іскерлігі  мен танымдық белсенділігін арттыру, практикум-сабақ тілдік материалдарды жаттықтыра түсу, тексеру сабағы оқушылардың қазақ тілінен алған білімдері қаншалықты меңгерілгендігін байқау, сынақ-сабақ қазақ тілінен алған білім мен дағдысын бір жүйеге түсіру, коллоквиум-сабақ оқушылардың білімін бірізге түсіру, талдау сабағы оқушылардың ауызекі тілдегі және жазба жұмыстарындағы жіберген қателерін арнайы талқылау, қайталау сабағы өткен материалдарды оқушылар ойына толық қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Семинар — практикалық оқу сабақтарының бір түрі. Тақырыпты не курс тарауын тереңдете ұғынуға арналады. Ал маңызы мен мақсаты семинардың тақырыбына байланысты деп ойлаймын.
Семинардың басты мақсаты – аудармашылардың көңілін тілдік қорға, аударма сапасына, тіл мәдениетіне, терминология мәселелеріне, ілеспе аударма жасаудағы ой тұтастығы мен жүйелілігіне аудару және оларға практикалық көмек көрсету болып табылады.
Семинар сабақтары бір-бірімен байланысты екі белгілермен сипатталады: оқу бағдарламасын оқушылардың өз бетімен меңгеруі; және сабақтағы олардың таным қабілеттерінің дамуын талдау. Семинарда оқушылар өздері дайындаған хабарламалармен таныстыруға, өз ойларын еркін айтып дәлелдеуге үйренеді. Сонымен қатар, оқушылардың таным белсенділіктерін дамытуда семинарлардың ролі зор. Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады. Тақырыпты не курс тарауын тереңдете ұғынуға арналады. Семинарда шәкірттер оқытушының жетекшілігімен дайындаған баяндамаларын, рефератта рын ұжым болып талқылайды. Талқылау барысында оқушылар ғылым саласының әдістемесін меңгереді, өз алдына жұмыс істеуге және оны ауызша не жазбаша баяндауға, өз қорытындыларын дәлел-уәжбен қорғауға, пікір таластыруға машықтанады. Ертедегі Грек, Риммектептерінен бастау алған бұл оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын – психологияны кәсіби тұрғыда оқыту құралы
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Жоо-дағы оқу процесін ұйымдастыру формалары
Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі
Жоғары оқу орындағы тәрбие мен оқытудың теориясы
Оқыту әдістерін жіктеу проблемалары
Психологиялық білімді меңгерудің ерекшелігі
Тілді жоғары мектепте оқытудың ғылыми негізі
Жоғарғы оқу орнындағы лекция және оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формалары мен әдістері
Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруының ерекшеліктері
Пәндер