Темірбек Жүргенов


Темірбек Жүргенов
(1898-1939 жж. )
Түркістан және Қазақстан мемлекет, қоғам қайраткері. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында туған.
Жүргенов Перовскідегі орыс-казақ бастауыш мектебін (1913), Суханский атындағы орыс-қазақ училищесін бітіреді. 1917 жылы Уфа жер өлшеу училищесіне түседі, бірақ азамат соғысы сабағын үзуіне мәжбүр етеді. Саяси күрестің иірімі Темірбекті өзіне тартып кетеді. Кеңестердің облыстық съездерін дайындауға қатысады, "Қазақ мүңы" газетінде жұмыс жасайды, Ырғыз уезінде еңбекшілермен бірге ақ гвардияшылармен соғысады. Кеңжар болыстық ревкомының төрағасы, 1920-1921 жылдары Ырғыз уездік атқару комитеті төрағасының орынбасары жөне төрағасы болады.
Бейбітшілік қүрылысқа көшу Т. Жүргеновтің окуын жалғастыруына мүмкіндік береді. Орынбордағы журфакты (1923) бітіргеннен кейін, ол Орта Азия мемлекетгік университетіне жолдама алады (1927) . Елді калыпқа келтіру жылдарында халық шаруашылығыңда мамандар мен ұйымдастырушылар өте қажет екені байқалды, соңдықтан да әр түрлі мекемелерде жоғары оку орындары мен техникумдарының студенттерін жұмыска тарту жиі болып тұрады. 1924-1926 жылдары студент Т. Жүргеновке КДКСР-дің Түркістан Республикасындағы өкілетті уәкілі қызметін атқару жүктелді. Жартылай төраға ретінде ол Орта Азия мен Казақстанның үлттық-мемлекеггік бөлінісін дайындауға белсене қатысты. Көптеген статистикалық-демографиялық материал жинады, әдебиет пен архивтік түпнүскаларды зерттеді. Университеттің соңғы курсында Жүргенов Ташкештегі Казақ педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалады (1926-1929) . Казақстан және Түркістанның ОАК мүшесі болып сайланды.
Университетті өте жақсы бітірген Т. Жүргенов онда мемлекеттік кұқық бойынша ғылыми қызметкер болып қалады. Бірақ 1919 жылы оны Тәжік КСР қаржысының халкомы етіп тағайындайды, 1930-1933 жылдары Өзбек КСР оқу халкоматын басқарады.
Т. Жүргеновті 1933 жылы Казақ АКСР оқу ісі халкомы етіп тағайындаған уақыт республика үшін өте күрделі еді. БКП (б) Халкомының жаңа басшылығы коллективтендіру кезінде жіберілген дөрекі саяси қателерді түзеуге үлкен күш жұмсады. Халыққа білім беру саласыңда да көптеген көкейкесті мәселелер тұрды. Т. Жүргеновтің ұйымдастырушылық таланты бастауыш білім беруді іске асыруда, сауатсыздықты жоюда және жоғары оку орындарын ашуда танылды, айқындалды. Халықтың білім деңгейін зерттеу үшін ол әр түрлі аудандарға сапар шегіп, баяндама оқиды және макалалар жариялайды. Халкомның Қазақстандағы әдебиет пен өнерді дамытуға қызметі мейлінше жемісті болды.
ЖҮРГЕНОВ Темірбек Қараұлы (1898, қазіргі Ақтөбе обл. Ырғыз ауд. Басықарақопа мекені - 1939) -мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткері. Орыс-қазақ бастауыш мектебін (1913), Перовск (қазіргі Қызылорда) орыс-қазақ уч-щесін (1917), Орынбор жұмысшы ф-тін (1923), Орта Азия мемл. ун-тін (1927) бітірген. 1918 ж. Торғай қ-нда шығатын "Қазақ мұңы" газеті редакциясында еңбек етті. 1918-33 ж. Қазақстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда лауазымды қызметтер атқарды. 1933 - 37 ж. Қазақстан Халық ағарту комиссары болды. Осы жылдары Ж. қазақ мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. Оның тікелей басшылығымен Қазақстанда көптеген өнер ордалары ашылды, сонымен қатар, Ж. Мәскеу қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің 1-онкүндігін ұйымдастырушылардың бірі болды. Ж. Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі опера және балет театры) ұйымдастыруға үлес қосты.
Орта Азия мен Қазақстандағы мәдени құрылыс тарихын ("Қазақстанда мәдениет революциясы", 1935) алғаш зерттеушілер қатарында болған Ж. саяси әдебиеттерді аударумен де айналысты. 1937 ж. 3 тамызда "халық жауы" деген жалған айыппен ұсталып, ату жазасына кесілді. Алматыда Ж. атынд. көше бар Қызылорда обл. Жалағаш ауд-дағы №123-дарынды балаларға арналған мектеп (1999) пен қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы (1989) Ж-тің есімімен аталады. Осы академияның алдына Ж-ке арналған ескерткіш (2002, мүсінші Е. Сергебаев) орнатылды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Әдеб. :
Сулейменов Р., Темирбек Жургенов, А. -А., 1968; Қойшыбаев Б., Нарком Жүргенов, соның кіт. : Жазықсыз жапа шеккендер, А., 1990, , . 46 - 63-6.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz