ҚР қызмет ететін арнайы салық режимі



Мемлекеттің бюджет жүйесінің аса маңызды құраушы негізгі мемлекеттің салықтық құқықтық көмегімен мәжбүрлеу арқылы алынатын міндетті төлемдер. Салықтар, алымдар, баждар, төлем ақылар және т.б., яғни жинақтап айтқанда салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдардің экономикалық құқақтық маңызы олардың төленілуіне байланысты туындайтын қаржылық экономикалық және құқықтық қатынастарда, яғни салық төлеушілердің мемлекетке салықтық төлемінің затын берулері кезінде салық заңдары мен белгіленген құқықтық қатынасқа қатысушы мемлекет пен салық төлеушілердің арасында туындайтын қатынастарда жарқын көрініс табады.Салықтар экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастарды өзінің басқа да жинақтаушы күрделі әлі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық-құқықтық құбылысы болып табылады.Салық мемлекеттік қаржының негізгі көзі болып табылады немесе ол әр түрлі ұйымдардан міндетті төлемдер түрінде алынады. Салық төлемдері шаруашылық нарықтық немесе нарықтық емес түрі кезінде экономиканы дамытуда маңызды рөл атқарады. Ол өркениеттің дамуына да үлес қосады. Қазіргі өркениетті қоғамда салық мемлекеттік кірістің негізгі көзі болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінде Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің микро және макро экономикалық мән-жайларын тереңдетіп ойластыру, монополияны тежеу және адал бәсекелестікті жандандыру мақсатында, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және ынталандыру саясатына байланысты олар үшін салық міндеттемелерін орындаудың арнайы режимі белгіленгендіктен оны қолдану жолдарының ерекшеліктерін көрсету.
Cалық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін арнайы салық режимін қолдану арқылы бюджетпен есеп айырысудың ерекшелігін оның маңызды тұстарын белгілеумен көрсету.
Арнайы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлері мен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
АСР-і мыналарға жүргізіледі: (қолданушылар)
1) шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі келесілерді қамтиды:
 патент негізіндегі арнайы салық режимі;

 жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі;

2) шаруа немесе фермерлік қожалықтары үшін арнайы салық режимі;

3)ауылшаруашылық өнімдерін, аквадақылдары өнімдерін (балық шаруашылығы) өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтері үшін арнайы салық режимі.
1. Үмбетәлиев А.Д. Салық және салық салу. 1-том : оқулық
2. Д.С. Жақыпбеков Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу, салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру. 2009жыл

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:ҚР қызмет ететін арнайы салық режимі

Орындаған:Тұрсынғазин А.Ғ
Тексерген: Акишева Д.М
Тобы: ГУ - 307

Семей 2015
Мемлекеттің бюджет жүйесінің аса маңызды құраушы негізгі мемлекеттің
салықтық құқықтық көмегімен мәжбүрлеу арқылы алынатын міндетті төлемдер.
Салықтар, алымдар, баждар, төлем ақылар және т.б., яғни жинақтап айтқанда
салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдардің экономикалық
құқақтық маңызы олардың төленілуіне байланысты туындайтын қаржылық
экономикалық және құқықтық қатынастарда, яғни салық төлеушілердің
мемлекетке салықтық төлемінің затын берулері кезінде салық заңдары мен
белгіленген құқықтық қатынасқа қатысушы мемлекет пен салық төлеушілердің
арасында туындайтын қатынастарда жарқын көрініс табады.Салықтар
экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастарды өзінің басқа да жинақтаушы
күрделі әлі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық-құқықтық құбылысы болып
табылады.Салық мемлекеттік қаржының негізгі көзі болып табылады немесе ол
әр түрлі ұйымдардан міндетті төлемдер түрінде алынады. Салық төлемдері
шаруашылық нарықтық немесе нарықтық емес түрі кезінде экономиканы дамытуда
маңызды рөл атқарады. Ол өркениеттің дамуына да үлес қосады. Қазіргі
өркениетті қоғамда салық мемлекеттік кірістің негізгі көзі болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінде Қазақстан Республикасындағы шағын
кәсіпкерліктің микро және макро экономикалық мән-жайларын тереңдетіп
ойластыру, монополияны тежеу және адал бәсекелестікті жандандыру
мақсатында, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және
ынталандыру саясатына байланысты олар үшін салық міндеттемелерін орындаудың
арнайы режимі белгіленгендіктен оны қолдану жолдарының ерекшеліктерін
көрсету.
Cалық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және
салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша
салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін арнайы
салық режимін қолдану арқылы бюджетпен есеп айырысудың ерекшелігін оның
маңызды тұстарын белгілеумен көрсету.
Арнайы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін
белгіленетін және жекелеген салық түрлері мен жер учаскесін пайдаланғаны
үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық
есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін
бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі. 
АСР-і мыналарға жүргізіледі: (қолданушылар)
1) шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі келесілерді қамтиды:

✓ патент негізіндегі арнайы салық режимі;

✓ жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі;

2) шаруа немесе фермерлік қожалықтары үшін арнайы салық режимі;

3)ауылшаруашылық өнімдерін, аквадақылдары өнімдерін (балық шаруашылығы)
өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтері үшін арнайы салық
режимі.
Арнайы салық режимі келесі қызмет түрлерімен айналысатын жеке кәсіпкерлерге
таралмайды:
1) акциздік тауарларды өндіру;
2) акциздік тауарларды сақтау және көтерме сату;
3) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін сату - бензин, дизельдік жанармай
және мазут;
4)лотореялар ұйымдастыру және өткізу (мемлекеттік (ұлттық) лотореялардан
басқа;
5) жер қойнауын пайдалану;
6) шиша ыдыстарын жинау және қабылдау;
7) түрлі-түсті және қара металл сынықтарын және қалдықтарын жинау
(дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату;
8) консултациялық қызмет көрсетулер;
9) бухгалтерлік есеп немесе аудит облысындағы қызмет;
10) сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру
қызметі және делдалдық қызметі;
11) құқық, әділет және сот әділдігі облысындағы қызмет.

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салық режимі

Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар
бойынша салық есептілігін тапсырудың біреуін ғана дербес таңдайды:
1. Жалпыға белгіленген тәртіп.
2. Біржолғы талон негізіндегі салық режимі.
3. Патент негізіндегі арнайы салық режимі.
4. Оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі.
Біржолғы талон- арнайы салық режимін қолдану правосын куәландыратын
және жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп-айырысу фактісін растайтын
құжат. Біржолғы талон аратұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке
тұлғаларға 90 күннен аспайтын қызметке беріледі.
Патент алудың шарттары келесідей:
1. Жалдамалы қызметкер еңбегін пайдаланбау керек.
2. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.
3. Жыл ішіндегі табысы 2 млн теңгеден аспауы тиіс.
Патент бір жыл ішінде кемінде бір ай мерзімге беріледі. Патенттің құнын
есептеуді жеке кәсіпкер болжанатын кірісіне 3 пайыздық ставканы қалдану
арқылы есептейді.
Шағын бизне субъектілері үшін бюджетпен есеп-айырысудың негізгі
формаларының бірі болып оңайлатылған декларация негізіндегі салық режимі
тадылады. Бұл форма жалдамалы жұмысшылар еңбегін қолданатын кәсіпкерлерге
арналған. Оңайлатылған декларация негізіндегі салық режиміне салық кезеңі
басталғанға дейін көшу үшін шағын бизнес субъектілері өз қызметін жүзеге
асыратын салық органына өтініш береді. Жеке кәсіпкерлер үшін келесідей
шарттар орындалуы қажет.

Патент негізіндегі арнайы салық режимі

Патент - жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын
қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақылық жарналар мен
әлеуметтік аударымдарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат.
Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында алынған (алынуға жататын),
табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент
немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолданатын
салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
Патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану үшін жеке кәсіпкер қолдануға
дейін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабын
ұсынады.
  Патент құнының есеп-қисабын жеке кәсіпкер:
- жаңадан құрылған – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы
салықтық өтінішпен бір мезгілде; дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік
тіркелген күн патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану басталатын күн
болып табылады.
- жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық
режімінен ауысу – патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының 1
күніне дейін; есеп-қисап тапсырылған айдан кейінгі айдың бірінші күні
патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану мерзімі басталатын күн және
патенттің қолданылу мерзімінің басталатын күні болып табылады.
- кезекті патентті алу үшін – алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі
немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін
ұсынады.
Жеке кәсіпкердің салықтық өтініште арнаулы салық режімін таңдауды
жүзеге асырмауы, салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен
бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісуі болып саналады.
Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей
белгiленген тәртiп күнтiзбелiк бір жыл қолданылғаннан кейiн ғана келесі
арнаулы салық режимiне ауысуға болады.

Патентті беру

Есепті және есепке қоса берілетін құжаттарды табыс еткеннен кейінгі
бір жұмыс күні ішінде салық органдары патентті беруді жүзеге асырады немесе
Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген нысан бойынша патент беруден
бас тарту туралы шешім шығарады. Шешім екі данада ресімделеді, оның біреуі
салық
төлеушіге қол қойдырту арқылы беріледі.

Патент беруден бас тарту үшін негіз салық төлеушінің Қазақстан
Республикасы Салық Кодексінде көрсетілген шарттарға сәйкес
келмейтіндігі болып табылады.
Патент жеке кәсіпкерге, егер Салық Кодексімен басқалай
қарастырылмаған болса, бір салық кезеңі шегінде бір айдан кем емес
мерзімге беріледі.
Патент жеке кәсіпкерге бір айдан кем мерзімге берілуі мүмкін:
1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелгендерге
(жылдың соңында);
2) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында (жылдың соңында) қызметін
уақытша тоқтату мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін
қызметін қайта бастағандарға.

Патент құнының есеп-қисабы шарттары
Патент құнына жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке
табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары
мен әлеуметтік аударымдардың төленуге жататын сомалары қосылады.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын
сомаларын есептеу салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені
қолдану жолымен жүргізіледі. Есептелген сома:
1) есептелген соманың 12 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс
салығы;
2) әлеуметтік аударымдар шегеріліп, есептелген соманың 12
бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке
төленуге жатады.
Патент құнына қосылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік
аударымдарды есептеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жүргізіледі.
Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен
кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.
Патент бойынша салық ставкасы табыстың 2% тең.

 Дара кәсiпкер iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған жағдайды
қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн кәсiпкерлiк қызмет
тоқтатылған кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта
есептеуге жатпайды.

Патент негізіндегі АСР қолданылуын ерікті тоқтату және жалпыға ортақ
тәртіпке немесе басқа арнайы салық режиміне ауысу кезінде патент қызметінің
мерзімі аяқталғанға дейін салық органына салық салудың қолданылатын режимі
туралы хабарлама табыс етіледі.

Бұл ретте:

1)АСР қолданылуын тоқтату күні патент қызметі мерзімінің соңғы күні болып
табылады;
2) салық төлеуші таңдаған жалпыға ортақ тәртіпті немесе басқа арнайы салық
режимін қолданудың басталатын күні патент қызметі мерзімі аяқталған
күнненкейінгі күн болып табылады.

Қолдану шарттарына сәйкес келмейтін кезде патент негізіндегі АСР қолдануды
тоқтату

Патент қызметінің мерзімі аяқталғанға дейін патент негізіндегі
арнайы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін шарттар туындаған
жағдайларда жеке кәсіпкер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының арнайы салық режимдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚҰРЫЛУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА
Арнаулы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері
“Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы” пәні бойынша дәрістер
Шағын бизнестің: қазіргі кездегі дамуы мен қалыптасуы және оны мемлекеттік қолдаудың теориялық аспектілері
Жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу ставкалары
Жеке табыс салығы
Шағын бизнес субъектілеріне салық салу тәртібі
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес субъектілерінің даму проблемалары мен оларды мемлекеттік қолдау бағыттары, оның ішінде салықтық реттеу тетіктерінің әсер ету тиімділігіне баға беру
Қазақстанда арнаулы салық режимдерін ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер