Егіншілік жүйесі туралы жалпы түсінік



1. Егіншілік ұғымына қысқаша анықтама.
2. Егіншілік жүйесінің түрлері (қарапайым, экстенсивті, интенсивті).
3. Қазақстандағы ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесінің дамуы және жаңа зерттеу бағыттары.
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Егіншілік жүйесі – жерді дұрыс пайдалануға, топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, одан әрі арттыруға, сақтауға, егілетін дақылдардан тұрақты мол өнім алуға бағытталған өзара байланысты агротехникалық мелиоративтік және ұйымдастырушылық шараларының жиынтығы. Егіншілік жүйесіне жер жағдайына, ауа райының ерекшеліктерін еске ала отырып, ауыспалы егіс жүйесін қолдану, дақылды жақсы жерге егу және сапалы тұқым себу, жерді органик, минералдық тыңайтқыштармен тыңайту, суғармалы жерге егілген дақылдарды дер кезінде қандыра суғару, қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру, арамшөппен, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен күресу, т.б. жатады.
Ғылым негізде дұрыс құрылған ауыспалы егіс жүйесі жердің құнарлылығын арттыра түседі, барлық дақылдардың өнімділігін көтеріп, оның сапасын жақсартумен қатар, ауыл шаруашылыгы машиналарын, техникалык, материалдық ресурстарды, қарқынды технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Дақылдардың құрамына, олардың үлес салмағына қарай ауыспалы егіс жүйесі әр түрлі аталады. Республиканың топырақ - климат жағдайына байланысты Қазақстанда аймақтық Егіншілік жүйесі енгізілуде. Белгілі бір аймақтың ерекшеліктеріне қарай осы жүйенің өзі топырақ қорғау жүйесі, суғармалы жүйе және тау жүйесі т.б. болып бөлінеді. Топырақ қорғау жүйесі Қазақстанның Сотүстік, Батыс және Орталық аудандарындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жыртылады, оған көбіне жаздық дақылдар егіледі. Суғармалы жүйе республиканың оңтүстік шығысындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда арнайы ауыспалы егіс игерілген, көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдар алмастырылып отырылады. Тау Егіншілік жүйесін Алматы облысының шаруашылықтары пайдаланады. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жырту ауыспалы егістігі игерілген. Дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдар егіледі. Жалпы адамзат ерте заманда қолданған және қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі үшке бөлінеді: қарапайым, эксткенсивті және интенсиві.
1. Егіншіліктегі топырақ қорғау жүйесі, (жалпы редакциясын басқарған
А.И.Бараев), Алматы, 1997.

2. Жаңабаев Қ.Ш Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру
технологиясы Алматы, 1994.

3. Жаңабаев Қ.ШҚазақстанда жиі кездесетін арамшөптер жəне олармен
күрес, Алматы, 1994.

4. Жаңабаев Қ.Ш Жаздық бидай “Егіншілікте өнім сапасын арттыру»,
Алматы 1980.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Егіншілік жүйесі туралы жалпы түсінік.

Орындаған: Болатова Ә.О
Тексерген: Сагандыков С.Н
Тобы: АГ - 213

Семей - 2015

Жосапр:

1. Егіншілік ұғымына қысқаша анықтама.
2. Егіншілік жүйесінің түрлері (қарапайым, экстенсивті, интенсивті).
3. Қазақстандағы ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесінің дамуы және жаңа зерттеу бағыттары.
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Егіншілік жүйесі туралы жалпы түсінік.

1. Егіншілік ұғымына қысқаша анықтама.

Егіншілік жүйесі - жерді дұрыс пайдалануға, топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, одан әрі арттыруға, сақтауға, егілетін дақылдардан тұрақты мол өнім алуға бағытталған өзара байланысты агротехникалық мелиоративтік және ұйымдастырушылық шараларының жиынтығы. Егіншілік жүйесіне жер жағдайына, ауа райының ерекшеліктерін еске ала отырып, ауыспалы егіс жүйесін қолдану, дақылды жақсы жерге егу және сапалы тұқым себу, жерді органик, минералдық тыңайтқыштармен тыңайту, суғармалы жерге егілген дақылдарды дер кезінде қандыра суғару, қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру, арамшөппен, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен күресу, т.б. жатады.

Ғылым негізде дұрыс құрылған ауыспалы егіс жүйесі жердің құнарлылығын арттыра түседі, барлық дақылдардың өнімділігін көтеріп, оның сапасын жақсартумен қатар, ауыл шаруашылыгы машиналарын, техникалык, материалдық ресурстарды, қарқынды технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Дақылдардың құрамына, олардың үлес салмағына қарай ауыспалы егіс жүйесі әр түрлі аталады. Республиканың топырақ - климат жағдайына байланысты Қазақстанда аймақтық Егіншілік жүйесі енгізілуде. Белгілі бір аймақтың ерекшеліктеріне қарай осы жүйенің өзі топырақ қорғау жүйесі, суғармалы жүйе және тау жүйесі т.б. болып бөлінеді. Топырақ қорғау жүйесі Қазақстанның Сотүстік, Батыс және Орталық аудандарындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жыртылады, оған көбіне жаздық дақылдар егіледі. Суғармалы жүйе республиканың оңтүстік шығысындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда арнайы ауыспалы егіс игерілген, көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдар алмастырылып отырылады. Тау Егіншілік жүйесін Алматы облысының шаруашылықтары пайдаланады. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жырту ауыспалы егістігі игерілген. Дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдар егіледі. Жалпы адамзат ерте заманда қолданған және қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі үшке бөлінеді: қарапайым, эксткенсивті және интенсиві.

2. Егіншілік жүйесінің түрлері (қарапайым, экстенсивті, интенсивті).
Егіншіліктің қарапайым жүесі топырақтың табиғи құнарлығын пайдалануға негізделген. Бұл - егіншіліктің алғашқы кезеңіне және ерекшелік. Ол үшін ерте заманда адамдар орман алқаптарында егін салу үшін ағаштарды кесіп не өртеп егістік жер дайындаған. Осылай орманнан тазартылған жерлерге 3-5 жылдай дәнді дақыл егілген. Танаптарда арамшөптер көбейіп, топырақтың құнарлығы азайып, өнім төмендей бастағанда, бұл жерді тастап, орманнан жаңа жер дайындаған. Диқандар тастап кеткен танаптарда қайтадан табиғи шөптер мен ағштар өсіп, көп жылдар өткен соң, жердің құнарлығы қайтадан қалпына келген.
Егіншіліктің экстенсивті жүйесі қарапайым жүйесіне қарағанда көп жоғары тұр. Бұл жүйенің нәтижесінде егіске жарамды жерлерді пайдалану едәуір жақсарды. Халық санының өсуіне байланысты егін алқабының аумағы үлкейді. Жерге жеке меншік пайда болды, енді диқан бұрынғыдай кез келген жерді егістіккке арнап жыртуы мүмкіндігінен айырылды. Сөйтіп топырақ құнарлығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттігі туды. Ондай тәсіл табылды, ол - танапты парға қалдыру. Жерді парға қалдырғанда, армшөптерді құртуға, топырақтың құнарлылығынын көтеруге мүмкіндік туады, яғни танапта ештеңе егілмесе де, жаз бойы бапталып, күтіледі. Сөйтіп егіншіліктің пар жүесі шықты. Кейін парға қалдырылған танаптарға ор қалдырылған танаптарға органикалық, минералдық тыңайтқыштар берілетін болды.
Алғашқы ауыспалы егіс екі танаптан тұрады. Бір танапты парға қалдырып, екіншісіне астық дақылдары егілді. Бірте-бірте екі танапты ауыспалы егіс пайдаланыла бастады. Танапқа бір жыл күздік дақыл, екінші жылы жаздық дақыл егіліп, үшінші жылы оны парға қалдыратын болады. Егістіктің қарапайым түріне қарағанда, пар жүйесі астық дақылдарынан анағұрлым мол өнім жинауға, егіске жарамды жердің жыртысына, тіпті үштен екісіне астық егуге жағдай жасайды. Міне икстенсивті жүйенің маңызы оcы.
Егіншіліктің интенсивті жүйесі ХVIII ғасырдың басында Англияда шықты. Бұл жұйе бойынша әдетте, төмендегідей ауыспалы егіс қолданылды: 1- беде, 2- күздік бидай, 3- отамалы дақылдар (картоп, қызылша), 4- масақты жаздық дақыл мен беде (беде астықтың үстіне себіледі). Бұл ауыспалы егісте органикалық, минералдық тыңайтқыштар кеңінен қолданылды. Астық өнімі әр гектардан 1,6 - 1,7 тоннаға жеткен. Егіншіліктің интенсивті жүйесінде жерді неғұрлым тиісмді пайдалану ғылымға негізделген көптеген шаралар қолданылды, барлық қажетті тыңайтқыштар берілді, жоғары өнімді техникалар пайдаланылды. Өнімді көбірек алуға бағытталған әр гектарға жұмсалатын шығын арта түсті. Егіншіліктің бұл жұйцесінде пар болмайды, ауыспалы егістің құрамында қант қызылшасы, картоп сияқты тыңайтқыштарды көп қажет ететін дақылдар егілді. Жыл сайын танапқа биологиялық құрылысы әр түрлі, өсіру технологиясы да бір-бірінен өзгеше дақылдарды егу топырақтың құнарлылығын, алынатын өнім мөлшерін арттыра түсті. Сөйтіп егіншіліктің интенсивті жүйесінде дақылдарды өсіру үшін жұмсалатын шы,ын көбейіп, сонымен қатар алынатын өнім де артты.
3. Қазақстандағы ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесінің дамуы және жаңа зерттеу бағыттары.
Қазақстанның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроландшафттық егіншілік жүйесі туралы жалпы түсінік
XIX-XX ғасырлардағы егіншілік жүйесінің дамуы
Егіншілік жүйесінің талдау ерекшеліктері
Егіншілік жүйелері
Көне заманғы егіншілік жүйесі
Агроландшафтық егіншілік туралы түсінік
Ландшафтқа бейімделген егіншілік жүйесінің биологиялық және техникалық сәйкестігі
ХІХ-ХХ ғасырдағы егіншіліктің дамуы
Топырақ құрамында азотты тыңайтқыштар
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
Пәндер