Табиғат лирикасы. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері



1. Табиғат лирикасы
2. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері
Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.
Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Табиғат «адам өмір сүрер, тіршілік етер орта. Онсыз өмір жоқ... Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлеңген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және қазақ әдебиетінде Абайдан бүрын табиғат көрінісін мүншалық шебер, мүншалық терең Һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Абайдың бұл тақырыпта жазған лирикасында да ақындық эволюциясы - шығармашылық түлеу жолының көзең-көзеңдері жатыр. Табиғат лирикасы - Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мөзгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы-төкпелі кұй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық қарым-қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Абай - асқан реалист ақын. Оның табиғат жырларынан уақыттың әлдеқалай жылы, айы емес, өзі өмір сүрген заманжайы, сол заманда тіршілік кешкен адам жайы айқын керініс табады. Абайдың табиғат лирикасын оқығанда оқырманның көз алдына сұлық тұсіп сұлапжатқан, құлазыған белбелесті шетсіз, шексіз маңдаланың жалаңкеріністері ғана жайылмайды, даладағы өзгеше өмір қайта- ланбас сыр-сипатымен тұтас суреттеледі.
«Ақ киімді, денелі, ақсакалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, тұсі суық. Басқан жері сықырлап келіп қалды...» Осы әшейін қыс көрінісі ғана ма? Аумаған адам сияқты мінезі мен мүсіні бар, дем алатын, қозғалатын, жабырқайтын, жадырайтын жанды нәрсе емес пе? Қыс бұл жерде «ақ киімді, денелі, ақ сақалды», баяғы бір «кәрі құда», шал. Қытымыр қатал қүлқы бар қушұнақ, тентек шал. Шаруаның соры - жұтын ала келетін кеселді «құда». Мал-жанға құрық үйіре келген қағынған қарт. Қысты бұлай адам бейнесінде суреттеу - қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын атымен болған емес. Бұл жердеде мәдениетті поэзияның өкілі Абай өзінің өзгеше өлең ерімін, жаңаша үлгі-өрнегін төгіп отыр. 19 ғ-дағы орыс әдебиетінде, арғысы Пушкин, бергісі Н. А. Некрасов, шын жүйрік лириктер табиғатқа осылайша жан бітіріп, тұтас бір тіршілік әлемін жасайтын. Абайдікі осыған құр еліктеу емес, классикалық поэзиядан игерген үлгі-өнегесін ақындық түрде өзінше өрнектеп, өзінің ұлт топырағында қайтадан өсіріп, өз дәні етіп беріп отыр. Адам бейнесіндегі қатал қыс қазақ оқушысының үғымына лайық образға айналып отыр. Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мөзгілін суреттейтін өлеңдер - күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сылқым, сырлыжырлар. Бұлардың композициялық қүрылысындада өзіндік өзгешелік бар. Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр тұсті ақындық бояу арқылы оқырманның көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған гүл бәйшешекті, «көк орай шалғыны» мен «күркіреген өзені» бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жаз да сонда; ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау қабақ қытымыр қыс та сонда; аспанын бұлт торлап, гүлі солған сарғыш даласын шық басқан сұрғылт күз де сонда... Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді де, ізінше сол көрініске бөленген қазақ аулының тірлік-кәсібіне, шаруа-жайына көшеді. «Жазда» күркіреп жатқан өзеннің көкорай-шалғын жағасына көшіп барып қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып үй тіккен қыз-келіншектер, өзен жағасында шыбындап, бөгелектеп тұрған құлын-тайлы көп жылқы... одан әрі сол ауыл шындығы өрістеп кете беретін болса, «Қыста» шидем мен тондарын қабаттап киіп, оранып алса да долы боранға «бет қарауға шыдамай сырт айналып», тағы да мал соңында қаржамылып, мұз жастанған жылқышылар, суық тиіп, титығы қүрыған тай-құнандарға ауыз салуға аран ашып, жанталасып айдалада соқақ-қоқақ жортып жүрген аш қасқырлар т. б. көз алдымызға келеді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Табиғат лирикасы. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері.

Тексерген: ф.ғ.к, доцент Құрмамбаева Қ.С
Орындаған: Құлахмет С.Ж


Семей, 2015 ж

Табиғат лирикасы

Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.
Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Табиғат адам өмір сүрер, тіршілік етер орта. Онсыз өмір жоқ... Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлеңген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және қазақ әдебиетінде Абайдан бүрын табиғат көрінісін мүншалық шебер, мүншалық терең Һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Абайдың бұл тақырыпта жазған лирикасында да ақындық эволюциясы - шығармашылық түлеу жолының көзең-көзеңдері жатыр. Табиғат лирикасы - Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мөзгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы-төкпелі кұй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық қарым-қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Абай - асқан реалист ақын. Оның табиғат жырларынан уақыттың әлдеқалай жылы, айы емес, өзі өмір сүрген заманжайы, сол заманда тіршілік кешкен адам жайы айқын керініс табады. Абайдың табиғат лирикасын оқығанда оқырманның көз алдына сұлық тұсіп сұлапжатқан, құлазыған белбелесті шетсіз, шексіз маңдаланың жалаңкеріністері ғана жайылмайды, даладағы өзгеше өмір қайта- ланбас сыр-сипатымен тұтас суреттеледі.
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Үзарып, өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтыдцап,
Ат, айғырлар, биөлер
Бүйірі шығып, ыңқыддап,
Суда түрып шыбыңцап,
Қүйрығымен шылпыдцап...
Бұл - әшейін дала суреті емес, даладағы дарқан өмір, өзгеше тіршілік. Жалаң табиғаттың бірыңғай өзін ғана қызықтап, анау арада гүл жайқалады, сонау арада жапырақтар сыбырласады, мынау жерде өзен сықылықтап күледі деп сыдыртып ете шықса, табиғатты адам өмірінен жеке-дара бөліп әкетіп, сырттай боямаласа, одан сырлы сурет, терең поэзия тумас еді. Ал Абай лирикасында жанды дүние - адамды да, адамдардың іс-әрекет, қимыл-қарекет бесігі - табиғатты да тұтас қаусырған бұтін бір әдемі әлем - құбыла құлпырған көркемдік атмосфера жасалады. Ақ киімді, денелі, ақсакалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, тұсі суық. Басқан жері сықырлап келіп қалды... Осы әшейін қыс көрінісі ғана ма? Аумаған адам сияқты мінезі мен мүсіні бар, дем алатын, қозғалатын, жабырқайтын, жадырайтын жанды нәрсе емес пе? Қыс бұл жерде ақ киімді, денелі, ақ сақалды, баяғы бір кәрі құда, шал. Қытымыр қатал қүлқы бар қушұнақ, тентек шал. Шаруаның соры - жұтын ала келетін кеселді құда. Мал-жанға құрық үйіре келген қағынған қарт. Қысты бұлай адам бейнесінде суреттеу - қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын атымен болған емес. Бұл жердеде мәдениетті поэзияның өкілі Абай өзінің өзгеше өлең ерімін, жаңаша үлгі-өрнегін төгіп отыр. 19 ғ-дағы орыс әдебиетінде, арғысы Пушкин, бергісі Н. А. Некрасов, шын жүйрік лириктер табиғатқа осылайша жан бітіріп, тұтас бір тіршілік әлемін жасайтын. Абайдікі осыған құр еліктеу емес, классикалық поэзиядан игерген үлгі-өнегесін ақындық түрде өзінше өрнектеп, өзінің ұлт топырағында қайтадан өсіріп, өз дәні етіп беріп отыр. Адам бейнесіндегі қатал қыс қазақ оқушысының үғымына лайық образға айналып отыр. Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мөзгілін суреттейтін өлеңдер - күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сылқым, сырлыжырлар. Бұлардың композициялық қүрылысындада өзіндік өзгешелік бар. Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр тұсті ақындық бояу арқылы оқырманның көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған гүл бәйшешекті, көк орай шалғыны мен күркіреген өзені бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жаз да сонда; ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау қабақ қытымыр қыс та сонда; аспанын бұлт торлап, гүлі солған сарғыш даласын шық басқан сұрғылт күз де сонда... Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді де, ізінше сол көрініске бөленген қазақ аулының тірлік-кәсібіне, шаруа-жайына көшеді. Жазда күркіреп жатқан өзеннің көкорай-шалғын жағасына көшіп барып қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып үй тіккен қыз-келіншектер, өзен жағасында шыбындап, бөгелектеп тұрған құлын-тайлы көп жылқы... одан әрі сол ауыл шындығы өрістеп кете беретін болса, Қыста шидем мен тондарын қабаттап киіп, оранып алса да долы боранға бет қарауға шыдамай сырт айналып, тағы да мал соңында қаржамылып, мұз жастанған жылқышылар, суық тиіп, титығы қүрыған тай-құнандарға ауыз салуға аран ашып, жанталасып айдалада соқақ-қоқақ жортып жүрген аш қасқырлар т. б. көз алдымызға келеді.
Мұның бәрі көшпелі қазақ аулының сол көздегі тұрмыс-тіршілігі. Мүнан кейін келіп Абай дәл сол ортадағы қоғамдық қарым-қатынастан белгі береді. Енді табиғат лирикасы биігірек сатыға көтеріліп, саяси сипат алады да, алуан түрлі әлеуметтік мәселөлерді қозғайды. Абайдың тамаша реалистігі, сонымен қатар қоғамдық өмірге азаматтық көзқарасы дәл осы арада айқындала ашылып қалады. Абайдың асқан сырлы лирикасының бірі - Қан сонарда бүркітші шыгады аңға.... Мұнда сонар күні бүркітпен аңға шыққан аңшының іс-әрекеті әдемі, тартымды суреттеледі. Аңшылық турасында бұған жеткен өлең де, мұңдай шебер суреттеген ақын да болған емес. Абайдың табиғат тақырыбындағы лирикасына кіретін біраз өлеңдері - аудармалар. Бірақ Абай аудармасының өзіндік өзгешеліктері бар. Оның көпшілік аудармалары сол өлеңнің түп нұсқасымен жолма-жол қабысып, бірдей шығып отырмайды. Автордың айтайын деген ойын, негізгі желісін алады да, соны өзінше толғап, анаумен жарыса жырлап кетеді. Қайсы бір өлеңнің басы бірдей басталады да, аяғы өзінше бітеді. Абайдыңеңді бір аудармалары бар: ол аудармалардың тұсында әлгі айтқанымыздай немесе Евгений Онегин романының үзіңцілерін аударғаңдағыдай еркін кетушілік машьғын қолданбайды. Түпнұсқа мүмкіңдігінше сақталады. Олардың көпшілігі Лермонтовтан аударылған.
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап,
Даланы жым-жырт, делсал қып,
Түн басады сапбырап.
Шаң шығармас жол-дағы
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы
Сабыр қылсаң азырақ.
Бұл өлеңде тек табиғат суреті ғана емес, сонымен қатар адам, адамның көңіл-күйі бар, философиялық ой бар. Өлеңнің түпнұсқадағы осы мазмұнын, бусанған тынысы мен сырлы сазына дейін Абай аудармада дәл жеткізеді. Осы ретпен Абай қазақ поэзиясына соны да сырлы ағым алып келді. Өз шығармаларында жаңа, терең, күшті үлгі-өрнекке ауыстырды. Мәдениетті, білімпаз ақын болып, жаңа сарын, жаңа саз, жаңа сөз тапты.
Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса,
Күнді уақыт қызартып,
Көк жиектен асырса,
Күңгірт кеңлім сырласар,
Сұрғылт тартқан бейуаққа.
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа...
Осы үзіндідегі табиғатты дәл осы түрде сөзіну Абайдан бүрын қазақта болған үлгі ме? Жоқ. Стихия мен адам көңілінің шарпысуын бұлайша суреттеу - тек Батыс Европа әдебиетіндегі романтизм үлгісі. Ұлы ақынның сол классикалық әдебиеттен тауып, бойына сіңірген зор мәдениетінің айғағы. Асылы, лирикалық шығарма ақынның көңіл күйіне құрылады дегенбіз: ақын онда өзін, өз сөзімі менсырын жырға айналдырады, өзі туралы сөйлейді. Ап ақын өзі туралы, өзінің жеке мені туралы айтса, ол - жалпы көпшілік туралы - бүкіл адам баласы туралы айтқаны: өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән қасиеттің бәрі де бар. Демек кеңіл кұйі дегенді жеңіл-желпі түсінбеуіміз керек: бұл - өмірдің көз келген жағдайынан туа беретін құбылыс. Идеясыз жалпы әдеби шығарма болмайтыны секілді, лирикадағы ақынның көңіл кұйі оның өмірге көзқарасымен сабақтас. Бұларға да көз келген сөзім кіре алады. Абайдың өз көңіл күйінен туған өлеңдерінде көз келген адамның басында болатын психологиялық хал-жай,көңілдің әр алуан толқын күйі, әр адамға тән күйініш-сүйініш әр қилы қыры-сырымен түтас, шебер, тартымды, дәл суреттеледі.
Көкала бұлт сегіліп,
Күн жауады кей шақта.
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп, күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Басауырып, ішжанар.
Бұл адамға тән құбылыс, адам басында болатын хал. Абай бұл саладағы лирикасында сол өзі өмір сүрген дәуірде өзімен бірге тіршілік еткен, ғұмыр кешкен қарапайым адамдардың жан жүрегіне сұлулық пен сүйіспеншіліктің, жігер мен үміттің ыстық қанын қүйып, олардың сана-сезімін сұлу лирикасымен желпи оятып, риясыз, ашықсырласады. Бұл ретте ақын замандастарын еткен өмірдің тұманды тозаңына тұншықтырмай алға, келер күндерге нұсқайды, оларды өз тереңдеріне үңіле білуге, сейтіп адам бойыңдағы асылдықты бағалауға, келешекке сеніммен қарауға мегзейді. Бірақ, Абайдың бұл салада жазылған лирикалық өлеңдерінің дені Лермонтов жырларына ұқсап, қам кеңілмен, жүдеу қабақпен жырланады. Ақын басында болған жабығу, күңгірт көңіл, одан туған мұңды сыр, жүрек шерін шерте шыққан жалғыздық сарындағы жыр - оның жеке басына ғана тән нәрсе емес. Абай өмір сүрген беймәзгіл тұстың, талантқа егей ортаның әрбір ойлы азаматының басындағы хал-күй деп білу керек.
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлантып әрнені.
Бір себепсіз қайғы қүр,
Баса ме екен бендені?
Қапамын мен, қапамын,
Қуаныш жоқ көңлімде.
Қайғырамын, жатамын,
Нені іздеймін өмірде?..
Немесе:
Жүрегім менің - қырық жамау,
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтіп аман қалсын сау,
Қайтқаннан соң әр неден?..
Бұл - Абай көңіл күйінің бұған дейін бізғе мәлім емес бір түкпірі. Мыңмен жалғыз алысқан Абай жүрегі енді қапалы. Жұлысты, тартысты, ел үстін бұлттай торлаған надандық қасіретін, әділетсіздік лаңын бір өзі серпіп сейілте алмады (бұл мүмкін де еместі). Енді ақын амалсыз тоқтап, не істерін білмей дағдарған тәрізді. Осы жайт ақын өлеңіне жабырқау, мұңды көлеңкесін түсіріп, қапалы көңіл селт етпей, сұлық, суық қана, өзімен-өзі тілдесетін сияқты.
Өзінің Абай туралы зерттеулерінде М. Әуезов 19 ғасырдың тоқсаныншы жылдарында Абай басында ауыр қасірет болғанын, оның өзі ақын өлеңдері не өмірден түңілу сарынын әкелгенін айтқан. Өзін қоршаған орта, ондағы озбыр, өрескел надан мінездер ақын жанын жирендіріп, ақынды өз ортасынан түңілуге дейін апарады. Абай алдымен ел билеген жемқор болыс-билерден, сонан соң сәлдесі дағарадай болып, қүранды төріс оқыған аңқау елдің арамза молдасынан, одан әрі әкім-ұлықтардан түңіледі. Енді оларға қарсы күрестің бір алуан қүралы етіп ащы тілді сықақ өлендерін алады. Дәл осы арадан Абайдың ақындыққа, ақындық қана емес, жалпы көркем-өнерге эстетикалық көзқарасы айқын көрінеді.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сөзімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін... -
деген жолдарда ақынның эстетикалық мұраты, азаматтық мақсаты жатыр. Демек, ақын басынан еткен әлгідей аянышты ауыр халдің өзі де тегіннен-тегін етпепті. Ақын енді қайралған, шыңдалған секілді. Ендігі машық басқа сияқты. Ақын сөзі ыза мен ашуға суарылып, мысқыл мен сықаққа толып, тиген жерін тіліп тұсер семсерге айналған тәрізді. Мұны ақынның өзі де аңғарғандай: Ызалы жүрек, долы қол, Улы сия, ащы тіл, Не жазып кетсе, жайы сол, Жек көрсеңдер өзің біл... - деп алады да, өз ортасындағы ұйқы-тұйқы, күйкі қылықтарға күйіне қарап, сол күйініштен туған ызалы жырын тағы да ел мұңын емдеуге тегеді. Абай сатирасының қоғамдық мәнінің байыбына барсақ түсінеміз.
Қара басқан, қаңғыған,
Қас надан нені үға алсын!
Көкірегінде оты бар,
Қүлағын ойлы ер салсын!..
- деп, Ұлы ақын қалың еліне бір ауық ащы ызамен соқтықса, мұның да жаттығы жоқ. Бірде осылай қатты айтса, енді бірде жуасып, жұртына жайлап қана тілек білдіреді:
Жұртым-ай, шалқақтамай сөзгө тұсін,
Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін,
Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,
Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін.
Осы мысалдардың қай-қайсысынан болса да Абайдың эстетикалық көзқарасы айқын аңғарылады. Ол өлеңді өмірге игі әсерін тигізетін, адамға ақыл-өнеге беретін енер деп білген. Ақын алдымен азамат болуы, халықпен бірге қуанып, бірге күрсінуі керек, сейтіп өліенің тілегін толғап, мүддесін ойлап, сырын жырласып, шындықты суреттесіндейді. Бұл тұжырымын ол Адамның кейбір көздері... деген өлеңінде әсіресе ашып айтады:
Сонда ақын белін буынып,
Адды-артына қаранар...
Қыранша қарап Қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан зұлымға
Шиыршықатар, толғанар...
Көңілге түрлі ой салар әдемі әннің де, ақылдының сөзіндей әсем күйдің де бар қадір-қасиетін, тәрбиелік мәнін терең тұсінген Абай бұлардың да өмірдің әр алуан шындық қүбылыстарын әсерлі де әсем суреттеуін қалайды. Көпшілік кежен сілтеуін, енеге беруін, ал көпшіліктен көркем өнерді жоғары бағалап, өз мүдделеріне пайдалануын, одан үйренуін талап етеді.Ұлы ақын өз
өнерін, міне, осы мақсатқа жұмсады.

Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері
Абай Құнанбаевтың халық басынан өткен бел - гілі тарихи кезеңдерді және осы кезеңдерде тағ - дыр кешкен немесе ел өміріндегі ірі-ірі оқиғаларға ұйытқы болған тарихи тұлғалардың өмірінен алын - ған сюжеттік желілерді арқау ете отырып, терең гуманистік, адамгершілік, азаматтық идеяларды көтеретін туындылары кейінгі қазақ поэзиясына да өзінің игі ықпалын тигізді.
Абай жырлаған бұл тақырыптардың ішінде қазақ поэзиясының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан алтын арқауы - адамзаттық гуманистік құн - дылықтар, биік адамгершілік қасиеттер, мәң - гі - лік махаббат, жастар арасындағы сүйіспеншілік, Отанды қорғау, туған жер үшін күресті бейнелеу идеялары да алдыңғы қатарға шығады. Айталық, ұлы ақынның "Ескендір", "Масғұт", "Әзім әңгі - ме - сі" ат - ты поэмалары осынау өзекті тақырып - тарды бей - нелеудің қазақ әдебиетіндегі озық үлгілері болып табылады.
Ескендір поэмасы ақындық шегіністен басталады. Ұлы ақын алдымен Ескендір патшаның кім екендігін, қандай іс-әрекеттерге барғандығын, өз заманында қандай билік жүргізгендігін шолып айтуды мақсат етеді.
Ізгілік пен қатыгездікті, жақсылық пен жаман - дықты бірден ажыратып, ақындық позициясын бірден анықтап, айшықтап жеткізген ақын Абай Ес - кендір патшаға, оның тұлғасына, тарихи орнына деген өз көзқарасын бірден ажыратып алады.
Оқырман да ақын дүниетанымына тән, авторлық мақсатқа сай ақын Абай қандай гуманистік құн - ды - лықтарды, адамгершілік қасиеттерді алдыңғы қатарға шығарғысы келгендігін бірден аңғарады. Сондықтан поэманың басталуындағы алғашқы шумақтардың өзімен-ақ Абай өз дүниетанымын, адамзат тарихында орын алған заманауи оқиға - лар - ға қатысты өз бағасын бүркемелемей, астарламай, ақ пен қараны бөліп тастағандай етіп, оқыр - ман - ға ашық, тайға таңба басқандай түсінікті, әрі поэтикалық аяда шашыратып алмай, түйіндеп, жинақтап жеткізеді. Поэманың:
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен, -
деген жолдармен басталуында осындай үлкен ав - тор - лық мақсат жатқандығын байқамау мүмкін емес.
Ақын және заман, ақындық дүниетаным және тарихи тұлға болмысы категорияларын Абай саналы түрде жіктеп, жіліктеп көрсеткісі келмегенімен, осынау поэма шумақтарының мазмұнынан, поэ - ти - калық астарынан қазақ оқырманы ақын меңзегелі отырған гуманистік, қала берді адамзат - тық құндылықтарды жан-жүрегімен қабылдайды.
Ең бастысы, ақын дүниетанымындағы рухани құндылықтардың бір адамның, яғни белгілі тарихи тұлғаның өмірбаянына қатысты, сол кезеңдегі өт - кен тарихи оқиғалар арқылы қалайша жарқырап көрініс табатынына куә боламыз. Поэманың астары қалың сюжетке құрылуы, ішкі динамикасының ширақ, жинақы болып келуі, өте тартымды, жатық тілі, ең бастысы, шығарманың көркемдік сапасынан, поэтикалық жүйесінен Абай қолтаңбасының айшықты көрінуі поэманың ең басты құндылығы ретінде бағалануы тиіс.
Ақынның көркемдік қабылдауында Ескендір сияқты тарихи тұлғаның жеке тағдырынан бастау алатын сюжеттік желі өрби келе, поэманың көр - кем - дік шешіміне орай айырықша әсерлі, айырықша тар - тымды, тағылымдық, тәрбиелік маңызға ие бо - лады. Яғни жеке тұлғаның өмірінен алынған тарихи оқиғалар шоғыры көркемдік дүниетаным, фило - софиялық ой-толғамдар арнасында ақын үшін бүкіл адамзаттық идеяларды көтеруге мол мүмкіндіктер ашты.
Поэманың сюжеттік желісінде ашкөз, қанқұмар патша Ескендірге қарама-қарсы бейне ретінде ғұлама ғалым, данышпан, дана қария Аристотель бейнеленеді. Поэманың көркемдік шешімі ретінде ақын Абай өз шығармасында арнайы Аристотель сөзіне кезек береді.
Дүниені жаулап, ашу мен қатыгездікке ерік бер - ген, тоқтау, қанағат, рахым дегенді білмеген қанқұмар патшаға Аристотельдің сөзі ой салады. Қатыгез патшаны райынан қайтарады. Адам баласының көзі тірісінде дүниеге тоймайтынын, барға қанағат етпейтінін меңзей отырып, поэма кейіпкері Аристотель:
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен, -
деп, терең астарлы өсиет сөзін айтады. Поэманың аяқталар тұсындағы осынау шумақтар шығар - маның күллі көркемдік шешіміне сыйып тұрған тақы - рып - тық, әрі философиялық ойды, автордың кон - цеп - туал - ды көзқарасын, терең дүниетанымын аңғар - тады.
Поэманың идеялық, көркемдік жаңалығы да алдымен осынау авторлық шешімдегі ақынның өзіндік толғаныстарынан нәр алады. Демек, Абай сомдаған көркем бейнелер тарихи кезеңдер шындығын авторлық идеяға сәйкес қайтара жаң - ғыртып, қайтара құбылтып, мүлдем жаңаша маз - мұндық аяда оқырманға ұсынуға болатындығын көркемдік тұрғыдан дәлелдеді.
Қазақ поэзиясында көркем бейне сомдау, осы мақсатта ақындық шеберлік шыңына көтерілу мәселелеріне арналған еңбектер аз емес. Әдебиет - тану ғылымындағы осынау мәселені - құнарлы, дәстүрімізді байытқан тақырып десек те болады. Алдымен Абай дәстүрінде көркем бейне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың сатирасы
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Абай және Шәкәрім: көркемдік дәстүр жалғастығы
Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы
Бернияз романтизміндегі ұлттық идея
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Абай лирикасы
Сұлтанмахмұт Торайғырұлы өмірі мен шығармашылығы
М. ӘУЕЗОВ ПЬЕСАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІР ШЫНДЫҒЫ
Сұлтанмахмұт Tорайғыров өмірі туралы
Пәндер