ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен Алаш зиялылары: әдеби бағыттар, көрнекті қаламгерлер және ұлттық-азаттық қозғалыс


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай, баспа мен баспасөздің дамуы, әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік. Қазақ әдебиетінің қоғам өзгеріне тигізген ықпалы мен әсері, әдебиеттегі азатшылдық ұран, Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі. ХХғ. б. қазақ әдебиетінің даму бағыттары. Діни-ағартушылық бағыт өкілдері. Ағартушы демократтық бағыт өкілдері. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы. «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», т. б. Мақыш Қалтайұлы Діни білімдарлығы. Мысал жанрындағы еңбегі. Көсемсөз саласында заман тақырыбына жазған мақалалары;

Шәді Жәңгірұлы, Шығармашылық өмірбаяны, Шығармаларындағы халықты ояту, білім беру, имандылық, ағартушылық, т. б. мәселелер. Еңбек ету тақырыбына жазылған шығармалары. /«Атымтай Жомарт»/. Нұржан Наушабайұлы /1859-1919/. Шығармашылық өмірбаяны. Шығармаларының басты тақырыбы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы /1882-1939/. Өмірі мен шығармашылығы. Шығармаларында сауатсыздық, әлеуметтік теңсіздік тақырыбын арқау етіп, еңбек, достық, адамгершілікті насихаттауы. Рубаяттары мен аудармасы /«Шахнама»/. Мұсабек Байзақұлы /1849-1932/. Өмірі мен шығарма-шылығы. Өлеңдеріндегі заман суреттері, азаматтық үн, ағартушылық ой-пікірлер /Адам түгіл алдайды періштені», «Ғылымсыз болып қартайсаң», т. б. / Мысал жанрында жазған өлеңдері. Шәкәрім Құдайбердіұлы /1858-1931/. Шығармашылық өмірбаяны. Шәкәрімнің лирика жанрындағы еңбегі. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Проза жанрындағы еңбектері. Аударма саласындағы еңбегі. Шәкәрім - тарихшы, философ. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шығармашылық өмірбаяны. Лирикасы. б/ «Қамар сұлу» романы. «Кім жазықты» романында үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі. «Адасқан өмір», «Кедей», «Қайғы», «Айтыс» поэмалары. Көсемсөз саласына қоқан үлесі Сұлтанмахмұт мұрасының зерттелуі. Мұхамеджан Сералыұлы /1871-1929/. Шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі, мақалалар тақырыбының әр алуандығы Публицистикаға қосқан үлесі. Аудармалары. Ақындығы. «Гүлкәшима» дастанындағы махаббат тақырыбы. Ахмет Байтұрсынұлы /1873-1937/. Шығармашылық өмірбаяны Ақындығы. Аудармалары. Көсемсөз шебері ретіндегі еңбегі. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі. Міржақып Дулатұлы (1885 - 1935) . Шығармашылық өмірбаяны, ақындық өнері, прозалық шығармалары, «Оян, қазақ» кітабының тарихи маңызы. «Бақытсыз Жамал» романы. Драмалық шығармалары, «Балқия» пьесасы. Спандияр Көбейұлы(1878 -1956) . Жазушының ағартушылық, оқытушылық қызметі, аударма саласындағы қызметі, «Үлгілі бала» жинағын шығаруы. «Қалың мал» романының проза жанрын дамытуға қосқан үлесі. Образдар жүйесі. «Орындалған арман» атты мемуарлық шығармасы. Сәбит Дөнентаев(1894 - 1933) . Ақынныңшығармашылық өмірбаяны, поязиялық мұралары, мысал өлеңдерінің тарихи мәні. «Уақ-түйек» жинағының өзіндік ерекшелігі. Ғұмар Қарашұлы (1876-1921) . Өмірбаяны, оқытушылық қызметі, өлеңдері, шығармаларындағы реалистік сипат. Аударма саласындағы сіңірген еңбегі, стилі, өлең. Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918)

Шығармашық өмірбаяны, Абай үлгісінде өлең жазуы. Ақын өлеңдеріндегі отаршылдық саясаттың әшкереленуі, замана шындығының көрініс беруі. Әріп Тәңірбергенов (1856-1924) . Өмір жолы, қоғамдық қызметі. Өлеңдеріндегі сыншылдық бағыт, дүние, өмір жайындағы өлеңдері, Біржан мен Сара айтысын хатқа түсіруі. Бернияз Күлеев (1899-1923), шығармашылық өмірбаяны, ақын поэзиясының өзіндік ерекшеліктері, өлеңдеріндегі ұлы Абай поэзиясының ықпалы. Ығылман Шөрекұлы (1876-1931), Тайыр Жомартбайұлы (1884-1937) сияқты қаламгерледің әдеби мұралары. «Исатай -Махамбет» дастаны. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысы жайындағы өлең-жырлар және олардың тарихи маңызы, қазақ әдебиетінен алар орны.

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ

Қазақ халқының Ресейдің отарлық саясатына қарсы үздіксіз жүргізген ұлт - азаттық күресінің құрамдас бөлігінің бірі - Алаш қозғалысы. Бұл қозғалыс қоғамдық құбылыс ретінде және өзінің ішкі сипаты мен мазмұнының күрделіліген байланысты Отан тарихы ғылымындағы аса өзекті мәселелердің қатарына жатады.

Зер сала қарағанда Алаш қозғалысының тарихы мен елімізідің бүгінгі тарихи шындығы арасында өзара байланыс пен сабақтастық бар екенін аңғаруға болады. Бұл сабақтастықтың өзегі - ұлттық мемелекеттілік мәселесі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы ұлттық мемлекеттілікті нығайту бағытындағы атқарылып жатқан істер өте маңызды. Мемлекеттің ұлттық негізінің беріктігі - әлемдік жаһандану үрдісінен туындайтын ұлттық болмысқа қауіп төндіретін кері әсеріне тосқауыл болудың бірден-бір кепілі болып табылады.

Қазіргі тарихи кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз.

2015 жылы бірнеше Алаш қайраткерлерінің мерей тойлары. Соның бірі - Әлібеков Ғұбайдолла.

Әлібеков Ғұбайдолла (Ғабдолла) 1870 жылы, Жымпиты уезінде (қазіргі Сырым ауданы) Қарасу болысында молдадан хат танып, Орал қаласындағы училищеде оқыған. Орынбор қаласындағы мұғалімдер даярлайтын, семинарияда білім алған, ауылдық мұғалім болып қызмет атқарған. Бастапқы кезде Орал уездік полиция басқармасында тілмаш, кейін

Ойыл және Соналы болыстарының басқарушы қызметін атқарған. 1917 жылы Ақпан революциясы тұсында ол Халел және Жаһанша Досмұхамедовтермен бірге біздің облысымызда Орал облыстық қазақ сьезін өткізуге атсалысқан. Ол Орал облыстық қазақ комитетінің төрағасы болды. Орал қаласында өткен облыс қазақтарының бірінші сьезінде Орал облыстық қазақ комитеті-Жайық өзенінің сол жағалауын қоныстанған қазақ ауылдарын басқару мақсатында құрылады. Әлібеков Ғұбайдолла осы құрылған қазақ комитетнің төрағалығына сайланады. Комитетке мүше болып Ж. Досмұхамедов, Ы. Тоқберлиев, Х. Тасымов, Т. Сарбупиев, Е. Мұқанов, Д. Сәрсенбаев, Ғ. Әлібеков, Д. Күсіпқалиев, Б. Жанқадамов, Р:Қаржаубаев. Д. Жұлдызов, Х. Досмұхамедов, Ы. Топаев, Е. Әбенов, К. Жаленов, Ғ. Есенғұлов, С. Қаратілеуов, Б. Жұмағалиев, С. Омаров және Б. Тілепин сайланады.

Орал комитеті бірінші Орал облыстық қазақ сьезінің Жайық сырты бөлігіндегі бұрыңғы төрешіл-бюрократтық басқару жүйесін коллегальды халықтық басқару жүйесіне ауыстыру жөніндегі шешімінен туындаған барлық қаулы - қарарды жүзеге асырумен шұғылданды. Орал қаласындағы, уездегі қазақ қаржысына салынған жылжымайтын дүние - мүлікті есепке алып, қазақ пайдасына қызмет еткізу, елден ерікті жылу жинау, оқу орындарын ашу, жәрмеңкелер өткізу, азық-түлікпен қамтамасыз ету, басқа қоғамдық ұйым-мекемелермен байланыс жасау ісімен айналысты. Әлібеков Ғұбайдолла сьезді кіріспе сөзбен ашып, оның төрағасын, екі орынбасарын және үш хатшысын сайлау жөнінде ұсыныс жасаған. Сьез төрағалығына Жаһанша Досмұхамедов сайланды.

Әлібеков Ғұбайдолла Бүкіл Ресейлік мұсылмандар сьезіне делегат болып, осы сьезде сайланады. Орынбор қаласында өткен 21-28 шілдедегі бірінші жалпы қазақ сьезіне Әлібеков Ғұбайдолла Орал облысы мен Маңғыстау уезі атынан «Құрылтай жиналысы депутаттығына кандидат» ретінде бекітіледі.

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен екінші жалпы қазақ сьезіне де делегат болып қатысады. Осы сьезде Жаһанша Досмұхамедовтың Алашорда автономиясын жедел жариялау туралы ұсынысын жақтап дауыс береді. Осы сьезде бүкіл Қазақтық құрылтай сьезінде республика үкіметінің құрамына сайланады.

Әлібеков Ғұбайдолла Батыс Алашорда үкіметінің мүшесі, 1918-1920 жылдары Батыс Алашорда қызметіне айрықша еңбек сіңіреді.

1920 жылдың 24 қыркүйегінен бастап, ол Қазақ АКСР-і юстиция халық комиссары, кейін бас прокурор қызметіне тағайындалды. Әлібеков Ғұбайдолла сот тергеу ісін жетілдіру, қылмысқа қарсы күрес шараларының жаңа бағдарын қалыптастыру мәселелеріне жете көңіл бөлді. Сондай-ақ алғашқы құқықтық құжаттардың жобаларын әзірлеуге басшылық жасап, заң үлгілерін түзеу барысында жергілікті халықтың әдет-ғұрпы, тарихи таным -түсінігі ескерілуін талап етеді.

1921 жылы наурыз айында денсаулығының нашарлауына байланысты бастапқы ісін аяқтай алмай, туған еліне оралады. 1922-1923 жылдары Орал облысы Жымпиты уезі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүрген шағында қайтыс болады.

Биылғы жылы Әлібеков Ғұбайдолланың 145 жылдық мерейтойы аталып өтілуі тиіс. Алаштың арманы тәуелсіз Мемлекет құру болатын, осы жолда қызмет еткен Алаш қайраткерлерін ұрпақ білуі қажет.

Алаш қозғалысында белсенділігімен ел көзіне түскен қоғам қайраткерлерінің бірі - Бердиев Ғұбайдолла 1885 жылы Орал облысы Гурьев уезінің Қарашығанақ ауылында туған. Тегі - Байұлына жататын Беріш руының Бегіс бөлімі. Әкесі Есқали оқығаны болмаса да тоқығаны мол кісі болған. Атасы Мүсірәлі - Есбол өңірінде болыс болған белді қайраткер көп нәрсені көңіліне тоқыған білікті адам екен. Мүсірәлінің үлкен ұлы Досжан Бердиев Орынбордағы Неплюев кадет корпусының алты классын бітірген, Гурьев уезі бастығының тілмашы, әрі қазақ істері жөніндегі көмекшісі болды. Ғұбайдолланың елшілдік әлеуметшілдік бағыт ұстануына сол атасының ел арасындағы беделі де ықпал еткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біртұтас Алаш идеясы және ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен ұлттық сана
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен әдеби сынның қалыптасуы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті: тарихи-әлеуметтік жағдай, зиялылардың ұлт-азаттық күресі және әдеби бағыттардың ерекшеліктері
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағартушылық-демократиялық бағыт және Алаш зиялыларының рөлі
Әлихан Бөкейханов: ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті: тарихи-әлеуметтік жағдай, зиялылардың ұлт қамындағы қызметі және әдеби бағыттардың ерекшеліктері
ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының тарихы: ауыз әдебиеті туындыларының деректаналық маңызы мен шынайылығын бағалау
ХХ ғасыр басындағы қазақ либерал-демократиялық зиялылары мен Алаш қозғалысының құрылуы, бағдарламасы және тағдыры (1905-1920)
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті: тарихи-әлеуметтік жағдай және зиялылар мен Алаш қозғалысының рөлі
ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлттық интеллигенциясы: идеялары мен саяси қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz