Шу , Оғыз қаған , Аттила дастандары



1. "Шу" дастаны және оның идеялық мазмұны, көркемдік сипаты (әдеби талдау)
2. "Оғыз қаған" дастаны және оның нұсқалары ( ғылыми деректер негізінде . конспект)
3. "Аттила" дастаны. сюжеттік желісі, зерттелуі (таныстырылым)
«Шу дастаны» – қазіргі түркі тілдес халықтардың арғы тегі саналатын, көне тарихқа біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі дәуірлерден мәлім сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екені айтылады.
Дастанның негізгі идеясы – аса даңқты түрік билеушісі,есімі кезінде әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшы Шу батырдың ерлік істері,сақтарды жаудан аман алып қалдырған оқиғалар тізбегін бейнелеу.
Дастанның мазмұны - Шу өңірінің «тәңірқұты» (әміршісі) Шу батырдың ерлік істері,Көк ордасын күзетіп тұру үшін келген он екі батыр туралы айтылады.Көк жібек матамен көмкерілген он екі қанат орданы күндіз-түні қоршап тұрған осы он екі салт атты батыр-он екі патшаға жіберген сенімді өкілдері.Шу батырдың қырық батырының Ескендір патшаның қырық нөкерімен шайқасуы.Шу батырдың стратегиялық жеңісі туралы сөз етіледі.
Дастанның негізгі кейіпкерінің суреттелуі – Шу батыр еңсегей бойлы,қақпақ жауырыңды,өткір көзді,түсі суық,шашы ұзын,білектерінде бұлшық еттері ойнаған,сақал-мұрты енді ғана тебіндеп шығып келе жатқан бала жігіт ретінде бейнеленген.Шу батырдың әрдайым,қысы-жазы көктем күніндей жайқалып тұратын бау-бақшасы болатын.Оның ішінде үлкен күміс хауыз орналасқан.Сол хауызда қысы-жазы үйрек,қаз,аққулар жүзіп жүреді екен.Осы құстарға қарап терең ойға шоматын болған.Мәселен,Ескендір Зұлқарнайын әскеріне қарсы жорығы туралы ойлауы.
Жырдың жазылу тәсілі - «Шу» дастаны қазақ батырлық эпостарындай жыр түріндегі ұйқаспен жазылған. Автор әртүрлі көркемдеуіш құралдар мен троптарда пайдалана отырып жырдағы тарихи оқиғаны әдеби арнаға барынша әсерлі бұрған. Тағы бір ерекше жағдай, жырда оқиға басталмас бұрын алдымен оқиға болатын жердің табиғаты сипатталып өтеді. Содан біртіндеп келіп негізгі оқиғаға түседі.
1. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Н. Келімбетов – Алматы: Атамұра,2005. – 336бет
2. https://ru.wikipedia.org/wiki

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СӨЖ

Орындаған: Берікболова А.Б
Тексерген: Жүндибаева А.Қ.

2015 жыл

Жоспары:
1. "Шу" дастаны және оның идеялық мазмұны, көркемдік сипаты (әдеби талдау)
2. "Оғыз қаған" дастаны және оның нұсқалары ( ғылыми деректер негізінде - конспект)
3. "Аттила" дастаны. сюжеттік желісі, зерттелуі (таныстырылым)

1. "Шу" дастаны және оның идеялық мазмұны, көркемдік сипаты (әдеби талдау)
Шу дастаны - қазіргі түркі тілдес халықтардың арғы тегі саналатын, көне тарихқа біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі дәуірлерден мәлім сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы. М. Қашқаридің Диуани лұғат ат-түрік атты еңбегінде Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екені айтылады.
Дастанның негізгі идеясы - аса даңқты түрік билеушісі,есімі кезінде әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшы Шу батырдың ерлік істері,сақтарды жаудан аман алып қалдырған оқиғалар тізбегін бейнелеу.
Дастанның мазмұны - Шу өңірінің тәңірқұты (әміршісі) Шу батырдың ерлік істері,Көк ордасын күзетіп тұру үшін келген он екі батыр туралы айтылады.Көк жібек матамен көмкерілген он екі қанат орданы күндіз-түні қоршап тұрған осы он екі салт атты батыр-он екі патшаға жіберген сенімді өкілдері.Шу батырдың қырық батырының Ескендір патшаның қырық нөкерімен шайқасуы.Шу батырдың стратегиялық жеңісі туралы сөз етіледі.
Дастанның негізгі кейіпкерінің суреттелуі - Шу батыр еңсегей бойлы,қақпақ жауырыңды,өткір көзді,түсі суық,шашы ұзын,білектерінде бұлшық еттері ойнаған,сақал-мұрты енді ғана тебіндеп шығып келе жатқан бала жігіт ретінде бейнеленген.Шу батырдың әрдайым,қысы-жазы көктем күніндей жайқалып тұратын бау-бақшасы болатын.Оның ішінде үлкен күміс хауыз орналасқан.Сол хауызда қысы-жазы үйрек,қаз,аққулар жүзіп жүреді екен.Осы құстарға қарап терең ойға шоматын болған.Мәселен,Ескендір Зұлқарнайын әскеріне қарсы жорығы туралы ойлауы.
Жырдың жазылу тәсілі - Шу дастаны қазақ батырлық эпостарындай жыр түріндегі ұйқаспен жазылған. Автор әртүрлі көркемдеуіш құралдар мен троптарда пайдалана отырып жырдағы тарихи оқиғаны әдеби арнаға барынша әсерлі бұрған. Тағы бір ерекше жағдай, жырда оқиға басталмас бұрын алдымен оқиға болатын жердің табиғаты сипатталып өтеді. Содан біртіндеп келіп негізгі оқиғаға түседі.

Дастанның кульминациясы - Шудың табиғатты ерекше сүйетінінен, және сол арқылы болашақты алдын-ала болжауынан басталады. Ел билеушісі Шу батыр әрдайым, қысы жазы көктем күніндей жайқалып тұратын өзінің ғажайып бау бақшасы ішінен айналасы атшаптырым, аса үлкен күміс хауыз салдырады. Ол хауызда көптеген үйректер, қаздар, аққулар лек легімен қысы жазы жүзіп жүреді . Ал,Шу батыр осы киелі құстардың қимыл әрекетіне қарап отырып өз елінің болашағын болжап біледі . Осылайша, ол, сақтар еліне қалың қолды бастап Ескендір келе жатқанын хауыздағы суға қарап отырып күні бұрын біледі. Алайда жұртты дүрліктірмеу үшін өзінің болжамын ешкімге айтпайды. Ескендірдің әскері Ходжанд өзенінен өтті деген хабар келгенде ғана , оған қарсы өзінің қырық нөкерін жұмсайды.

Дастанның эпилогы - Шу дастанында тау бөктеріндегі кең жазира жазықта қым қиғаш қанды майдан, шайқас басталып кетеді. Шайқас алдында жекпе жекке шыққан Ескендірдің бір сарбазын Шу батырдың бір нөкері қас қағымда қақ белінен қылышпен шауып тастайды. Сонда әлгі өлген батырдың кесіліп кеткен былғары белбеуінен бір уыс алтын жерге төгіліп қалады да, оған әлгі нөкердің қаны шашырап кетеді. Сонда Шудың нөкерлері: Алтыны қан болды! деп қайта қайта айғай салады. Содан сол соғыс болған жер Алтынқан деп аталып кетіпті. Ал Ескендір патша өзінің ең таңдаулы қырық нөкерінің жеңілгенін мойындап, Шу батырмен бейбіт келісім жасасыпты. Тіпті екеуі достасып, Шу батыр өз елін, халқын қырғын соңыстан аман алып қалыпты. (Banarli N.C. Resimili Turk Edebiyati Tarihi CI. Istambul, 1987).

2. "Оғыз қаған" дастаны және оның нұсқалары ( ғылыми деректер негізінде - конспект)

Түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын шығарма, әрі көркем, әрі тарихи туынды.13-ғасырдың аяғы мен 14-ғасырдың басында хатқа түскен, бірақ соған дейін көп замандар бұрын Орта Азияда, Сыр бойында эпос дәстүрімен айызша айтылып келген аңыз-жыр. Қ. Өмірәлиев: "Оғыз қаған" жыры ежелгі ғұндардың ұрпақтары Ашина түріктерінің тарихи аренағашыққан кезінен бұрын 6-5 ғасырға дейінгі жерде-ақ түпкілікті жасалып болса керек. 12-13 ғасырларда жазуға түскен, бірақ 13-ғасырдың мұрасы деуге болмайды. Дәлел:
1. Түркі қағанатына тән оқиғалар әсері тимеген;
2. 6-8 және 9-11 ғасырларда тарих аренасына шыққан ірі түркі тайпалары аталмайды, оның орнына Қыпчақ, Қарлұғ, Қаңлы, Қалач сияқты тайпа аттары кісі аттары (эпоним) болып келеді.
3. Бұл аттардың кейбірі "Оғыз-қағандаңы" модель-үлгісімен, мотив түрімен 11-ғасыр жазбаларында-ақ келтіріледі. Мысалы, Қашқарида Қалая есіміне байланысты аңыздың бір варианты келтірілген.
4. 6-8 ғасырларда түркілер көп соғысқан Табғач, Соғдағ т.б. жұрттың аты және бұлар аттаса қағандар кездеседі. Үрім қаған да 6-8 ғасырларда түркілердің жазба деректерінде ескерілмеген. Оғыздың Ітілдің (Еділ) батыс жағасынан өтіп барып, Урум қағанмен соғысы 5-ғасырға дейінгі ғұндардың батысқа жасаған жорықтарын мегзейді.".
"Миф атаулыдан таза, ертегілік элементтер жоқ, бір кездегі эпостық жырдың қиялға құрылған пафостың сипаты бәсеңдеп, байырғы сипатынан айрылып, хронологиялық баяндау формасына түскен эпостық әңгіме"
Тарих. Ә. Қоңыратбаев, М. Жолдасбеков 9-10 ғасырдағы Оғыз мемлектінің құрылуымен, Х.Сүйіншәлиев Қарахан мемлектеінің тарихымен байланыстырады. А. Қыраубаева:"Жырдың негізгі желісі, оған ұйытқы болған кейіпкер Оғыз-Өгіз тотемінің пайда болу замандарынан шығып, хатқа түскенге дейінгі аралықтардағы түркі тайпаларының тіршілігіне қатысты көптеген аңыздарды жинақтау, екшеу сатысынани өтіп келген. Оған 8-9 ғасырлардағы Қыпшақ, оғыз, қарлұқ, қаңлы ру-тайпаларының қалыптасу оқиғалары да кіреді".
Нұсқалар.Оғыз туралы аңыздар түркі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір әдебиеті туралы ақпарат
Көркемдік дәстүр жалғастығы
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Шу дастаны
Көне жазба әдебиеті пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысы
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Шу дастаны және оның идеялық мазмұны, көркемдік сипаты (әдеби талдау). Оғыз қаған дастаны және оның нұсқалары
Ежелгі түркілердің дипломатиясы
Әлкей Марғұлан
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Пәндер