Машинаның кинематикалық сұлбасын құрастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІСӨЖ №1
Тақырыбы: Машинаның кинематикалық сұлбасын құрастыру
Орындаған: Тәукебаева. Б. Б.
Тобы: ТО - 311
Тексерген: Джилкишева . А. Ғ.
Семей 2015 ж.
Жоспар
- Сұлбалар жайлы жалпы мағлұмат
- Кинематикалық сұлба
- Машиналардың кинематикалық схемасы
- Кинематикалық талдаудың негізгі мәселелері мен әдістері.
- Әмбебап жетектердің жіктелінуі. Кинематикалық схемасы.
- Қолданылған әдебиеттер
Сұлбалар - онда бұйымның құрамдас бөліктері мен олардың арасындағы байланыстардың белгілеулері мен кескіндері көрсетіледі. МЕСТ 2. 701-84 бойынша оларды былайша жіктейді:
Сұлба түрлері:
- Э - электрлік;
- Г - гидравликалық;
- П - пневматикалық;
- К - кинематикалық;
- С - қиыстырылған;
Сұлба типтері:
1 - құрылымдық;
2 - функционалдық;
3 - принципиалдық;
4 - байланысу сұлбасы;
5 - қосу сұлбасы;
6 - жалпы;
7 - орналасу сұлбасы. Мысалы, Г3 - гидравликалық принципиалды сұлба.
Кинематикалық сұлба көмегімен механизмді бейнелеу қолайлы және жеңіл. Кинематикалық сұлба және оның негізінде жүргізлген механизмның құрлымдық талдаудың көмегі арқылы механизмның кинематикалық және күштік талдаулары жүзеге асырлады. Машинаның габариттері мен массасы едәуір дәрежеде оның кинематикалық схемасымен және бөлшектері мен тораптарының компоновкасымен анықталады. Егерде рамалардың, станиналардың және қораптардың жұмыс кеңістігі толықтай пайдаланылған болса, оның машинаның бөлшектері мен тораптарының компоновкасы дұрыс жасалған деп есептеледі. Машиналардың габариттерін азайту тек қана машина жасау материалдарының үнемделуіне емес, сонымен қатар олардың құнының азайуына септігін тигізеді. Өндіріс аудандарына көптеп машиналарды қоюға болады. Осының нәтижесінде өнім көлемі артады. Машиналардың құнын және массасын азайту үшін барлық жағдайда, егер бұл мүмкін болса, жеңіл жұқақабырғалы профиль прокаттарын, сонымен қатар машиналардың бөлшектерін дайындаудың прогрессивті әдістерін (пісіруді, центрден тепкіш құюды және т. б. ) қолдану қажет. Машиналардың құнын азайту үшін қымбат материалдарды - түсті металдарды және олардың қорытпаларын, сонымен қатар легирленген болаттарды, біршама арзан материалдармен ауыстыру керек. Бірақ бұл жағдайда мәшинелердің сапасының нашарлап кетпеуін естен шығармау керек. Барлық жерде, егер бұл мүмкін болса және экономикалық жағынан тиімді болса, машиналардың бөлшектерін дайындау үшін пластмассаларды қолдану керек. Машиналардың кейбір бөлшектерін, егерде машинаның басқа бөлшектерінің өлшемдері осы бөлшектерге байланысты болса, қымбат болғанмен де біршама берік материалдан жасау арқылы да машинаның құнын азайтуға қол жеткізуге болады. Мысалы, редукторлердегі тісті дөңгелектерді дайындау үшін жоғары сапалы болаттарды қолдану, олардың өлшемдері мен массасын азайтып қана қоймайды, сонымен қатар қымбат тұратын редуктор қорабының да өлшемдері мен массасын азайтады. Ал, редуктор қорабының өлшемдері мен массасы азайса, машинаның жетегі және раманың өлшемдері мен массасы азаяды, сөйтіп машиналардың құны түседі. Сондықтан машиналардың өлшемдері мен массасын азайту үшін, кейбір жағдайларда, қарапайым сұр шойынның орнына модификацияланған және беріктігі жоғары шойынды, ал көміртекті болаттардың орнына легирленген болаттарды қолдану ұсынылады. Машина бөлшектерін дәлдікпен есептеуде беріктік қорының шамасы төмен болады. Сондықтан машина жасау материалдарын үнемдеу жолдарының бірі - машина бөлшектерін дәлдікпен есептеу болып табылады.
Машиналардың кинематикалық схемасы
Кинематика (гр. kіnma, kіnmatos - қозғалыс) - механиканың, дене қозғалысының геометриялық қасиеттерін, олардың массасы мен әсер етуші күштерді ескермей зерттейтін бөлімі. Ол дененің неліктен осылай қозғалатынын түсіндірмейді, бірақ «Дене қалай қозғалады?» деген сұраққа жауап береді. Қозғалыс Кинематикасындағы әдістер мен тәуелділіктер әр түрлі механизмдердегі, машиналардағы, т. б. қозғалыстарды есептеуде, сондай-ақ динамика есептерін шешуде пайдаланылады. Соның ішінде қозғалыстың екі түрі болады. Олар: ілгермелі және айнымалы . Ілгермелі қозғалыс - дененің кез-келген екі нүктесін қосатын түзу сызық өзіне-өзі параллель күйде қозғалатын. Мұндай қозғалыс кезінде дененің барлық нүктелері бірдей қозғалады, сондықтан ілгермелі қозғалысты қарастырылады, оның тек бір ғана нүктесінің қозғалысын қарастыру жеткілікті. Бұл жағдайда қозғалысты сипаттау үшін материал нүкте ұғымын қолдануға болады. Кинематикада кез келген нысанның қозғалысы белгілі бір денемен (санақ денесі) салыстырыла отырып зерттеледі. Қарастырылып отырған нысанның орны, санақ жүйесінің көмегімен, санақ денесі деп аталатын белгілі бір денемен салыстырмалы түрде анықталады. Санақ жүйесі зерттеу мақсатына байланысты алынады. Кинематикада нүктелер мен денелер қозғалысының берілу тәсілі және қозғалыс теңдеулері бойынша қозғалыстың Кинематикалық сипаттамалары (траектория, жылдамдық, үдеу, бұрыштық үдеу, т. б. ) анықталады. Нүктенің қозғалысын сипаттау үшін табиғи, координаттық және векторлық деп аталатын үш тәсілдің бірі пайдаланылады. Табиғи (немесе траекториялық) тәсіл нүктенің таңдап алынған санақ жүйесімен салыстырғандағы траекториясы белгілі болғанда ғана қолданылады. Координаттық тәсілде нүктенің (M) санақ жүйесімен салыстырғандағы орны үш координатпен ( x, y, z ) анықталады, ал оның қозғалыс заңы x=f1(t), y=f2(t) және z=f3(t) түріндегі үш теңдеумен беріледі. Соңғы үш теңдеуден t -ны шығара отырып, нүктенің траекториясын табуға болады. Векторлық тәсілде нүктенің санақ жүйесімен салыстырғандағы орны санақ нүктесінен қозғалған нүктеге дейін жүргізілген r радиус-вектормен анықталады, ал қозғалыс заңы r=r(t) түріндегі векторлық теңдеумен беріледі. Қозғалған нүктенің жылдамдығы мен үдеуі оның негізгі Кинематикалық сипаттамасы болып есептеледі. Қатты дене қозғалысының берілу тәсілі қозғалыстың түріне, ал қозғалыс теңдеуінің саны оның еркіндік дәрежесінің санына байланысты болады. Қатты дене қозғалысының қарапайым түріне, оның ілгерілемелі қозғалысы мен айналмалы қозғалысы жатады. Қлгерілей қозғалған дененің барлық нүктесі бірдей жылдамдықпен қозғалатындықтан, оның қозғалысы бір нүктенің қозғалысы тәрізді қарастырылады. Кинематикада нүктелердің не денелердің күрделі қозғалысы, яғни өзара орын ауыстыратын екі (не одан да көп) санақ жүйесімен салыстырғандағы қозғалысы (бір уақыттағы) зерттеледі. Мұндай жағдайда санақ жүйесінің бірі негізгі жүйе (кейде оны шартты түрде қозғалмайтын деп), ал онымен салыстырғанда орын ауыстыратын санақ жүйесі қозғалмалы жүйе деп аталады. Жалпы жағдайда, қозғалмалы санақ жүйесі бірнешеу болуы мүмкін. Үздіксіз орта Кинематикасында сол ортаның берілу тәсілдері табылып, деформалануының жалпы теориясы қарастырылады, сондай-ақ, ортаның үздіксіздік шартын бейнелейтін үздіксіздік теңдеуі анықталады.
Кинематикалық талдаудың негізгі мәселелері мен әдістері.
Механизмдерді кинематикалық талдаудың негізгі мәселелері: - буындардың орын ауыстыруын анықтау (механизмнің күйі сызбасын құру) ; - нүктелердің траекторияларын сызу; - нүктелердің жылдамдықтары мен үдеулерін анықтау; - буындардың бұрыштыққ жылдамдықтары мен бұрыштық үдеулерін анықтау. Механизмнің кинематикалық сипаттамаларын анықтау үшін уақытқа тәуелді функциялар ретінде кірер буындардың (немесе кірер буынның) қозғалыс заңдылықтарын білу қажет, ал бұл көп жағдайда кинематикалық талдаудан кейін жүргізілетін механизм қозғалысын динамикалық талдаудың нәтижесінде анықталады. Сондықтан, кинематикалық талдаудың нәтижесінде, механизмнің бастапқы буындарын қозғалыс заңдылығына тәуелді емес оның кинематикалық сипаттамаларын анықтау керек. Олар тек қана механизмнің құрылуымен, ондағы буындардың өлшемдерімен анықталады. Жалпы жағдайда кинематикалық сипаттамалар жалпыланған координаттарға, жалпыланған жылдамдықтарға және жалпыланған үдеулерге тәуелді болады, яғни бастапқы буындардың координаттарына, жылдамдықтарына және үдеулеріне тәуелді болып табылады (немесе тек бастапқы буынына тәуелді, егер ол тек қана біреу болса) . Мұндай сипаттамаларға жататын механизмнің орнын анықтайтын функциялар, жылдамдықтар мен үдеулер ұқсамалары. Динамикалық есептеулерде бұл сипаттамаларды білу ерекше маңызды болады. Сонымен, механизмді кинематикалық талдауының мағынасы бастапқы буынның (бастапқы буындардың) берілген қозғалыс заңы арқылы механизм буындарын қозғалысын анықтауда болады. Ал бастапқы буынның уақыттың функциясы ретінде қозғалыс заңдылығы берілмеген болса, онда кинематикалық талдау механизм буындарының жалпыланған координаттар, жылдамдықтар, үдеулер уақыттың функцияларын анықтауда болады. Мұның бәрі тек геометриялық арақатынастарды ескерумен ғана жүргізіледы, яғни осы қозғалысты туғызатын күштер есепке алымбайды. Сондықтан, кез келген жағдайда кинематикалық талдау үшін механизмнің кинематикалық сұлбасы не белгілі не берілген болу керек, басқаша айтқанда, буындар өлшемдерін көрсететін құрылымдық сұлбасы берілген болады.
Әмбебап жетектердің жіктелінуі. Кинематикалық схемасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz