Өсімдіктер аурулары және қолданылатын препараттар



I.Кіріспе
1.өсімдік аурулары
II.Негізгі бөлім
1. өсімдік ауруларына қолданылатын припараттар
III.Қортынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ,гематода, т.б. тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т.б.) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т.б. жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.
Basіdіomycetes класының Puccіnіa туысына жататын саңырауқұлақтар тарататын аса зиянды және кең таралған кесел – өсімдіктердің тат аурулары. Тат өсімдіктің жер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде гүліне, жемісіне түседі. Ауру белгілері жапырақ пен сабақта және масақтың қауыздарында ақшыл сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе қоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көп кездеседі. Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең таралған. Қоңыр тат солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаздық бидай егістерін жиі шарпып, өнімге айтарлықтай зиян келтіреді. Тат ауруына жүгері, күнбағыс, қарақат, таңқурай, алмұрт, алма, т.б. шалдығады. Өсімдіктердің солуы топырақта ылғал жеткіліксіз болса, ауаның температурасы жоғарылап, сонымен қатар аңызақ жел соқса, жапырақтарға сабақтың өткізгіш түтікшелері арқылы тасымалданатын су жетіспегенде болады. Кешке қарай ауа салқындап, жапырақтарға су тасымалдану реттелген соң өсімдік бастапқы қалпына келеді. Жаңа отырғызылған көшеттер де бастапқы кезде күн ашық, ыстық болса солып, толық тамырланғаннан кейін солуы тоқталады. Өсімдіктердің солуының келесі бір себептері топырақта тіршілік ететін кемірушілер мен бунақденелілер, саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын аурулардың (вертициллезді және фузариозды солу немесе трахемикоз аурулары) салдарынан болады. Топырақта тіршілік ететін сымқұрттар мен зауза қоңызының дернәсілдері өсімдіктердің тамырларымен қоректеніп, негізгі тамырларды зақымдауынан олар біртіндеп солады. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың мицелийлері (жіпшелері) көбінесе тамырлар мен сабақтың түтікшелерін торлап, кейде улы заттар – токсиндер шығарады. Осының салдарынан өткізгіш түтікшелер бітеліп, жапырақтарға судың тасымалдануы нашарлайды. Кейде бөлініп шыққан токсиндер ұлпаларды улайды. Бұлардың салдарынан өсімдіктер тез арада солады. Таз қотыр ауруы өсімдіктің жапырағын, жемісін, өзегін зақымдайды.
1. Койшибаев, М. Протравливание семян – важное профилактическое мероприятие
/ М.Койшибаев// Защита и карантин растений.- 2008.- №2.-С. 33-34.
2. Шпаар, Д. Рост населения в мире, экологически устойчивое сельское хозяйство и защита
расений на рубеже XXI века / Д. Шпаар //Вестник защиты растений.-1991.- №1.- С. 36-43.
3. Аманғалиева, М.Ғ. Жаздық жұмсақ бидай тұқымын дәрілеудің тиімділігі
/М.Ғ.Аманғалиева// Профессор Ә.Ә. Карасевтың 80 жасқа толуына арналған «Ветеринария және
мал шаруашылығының нарық жағдайындағы дамуының басты бағыттары:
мәселелері,тәжірибе,келешек» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының
материалдары.-Орал,-2007.-Б.85-88.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі Семей
қаласының Шәкәрім атындағы мемілекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: өсімдіктер аурулары және қолданылатын припараттар

Тобы:АГ-413
Орындаған:Дулатхан Жаңыл
Тексерген :Қаламов Бахытбек

Семей 2015ж

Жоспар

I.Кіріспе
1.өсімдік аурулары
II.Негізгі бөлім
1. өсімдік ауруларына қолданылатын припараттар
III.Қортынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер

Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ,гематода, т.б. тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т.б.) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т.б. жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.
Basіdіomycetes класының Puccіnіa туысына жататын саңырауқұлақтар тарататын аса зиянды және кең таралған кесел - өсімдіктердің тат аурулары. Тат өсімдіктің жер бетіндегі бөлімдеріне, оның ішінде гүліне, жемісіне түседі. Ауру белгілері жапырақ пен сабақта және масақтың қауыздарында ақшыл сарғыш (сары тат), қоңырқай (жапырақ немесе қоңыр тат), қызғылт-қоңырқай (сабақ таты) түсті, көлемі әр түрлі күлдіреуіктер түрінде байқалады. Олар, әсіресе астық дақылдарында көп кездеседі. Сары тат көбінесе оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарда күздік бидай егісінде кең таралған. Қоңыр тат солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жаздық бидай егістерін жиі шарпып, өнімге айтарлықтай зиян келтіреді. Тат ауруына жүгері, күнбағыс, қарақат, таңқурай, алмұрт, алма, т.б. шалдығады. Өсімдіктердің солуы топырақта ылғал жеткіліксіз болса, ауаның температурасы жоғарылап, сонымен қатар аңызақ жел соқса, жапырақтарға сабақтың өткізгіш түтікшелері арқылы тасымалданатын су жетіспегенде болады. Кешке қарай ауа салқындап, жапырақтарға су тасымалдану реттелген соң өсімдік бастапқы қалпына келеді. Жаңа отырғызылған көшеттер де бастапқы кезде күн ашық, ыстық болса солып, толық тамырланғаннан кейін солуы тоқталады. Өсімдіктердің солуының келесі бір себептері топырақта тіршілік ететін кемірушілер мен бунақденелілер, саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын аурулардың (вертициллезді және фузариозды солу немесе трахемикоз аурулары) салдарынан болады. Топырақта тіршілік ететін сымқұрттар мен зауза қоңызының дернәсілдері өсімдіктердің тамырларымен қоректеніп, негізгі тамырларды зақымдауынан олар біртіндеп солады. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың мицелийлері (жіпшелері) көбінесе тамырлар мен сабақтың түтікшелерін торлап, кейде улы заттар - токсиндер шығарады. Осының салдарынан өткізгіш түтікшелер бітеліп, жапырақтарға судың тасымалдануы нашарлайды. Кейде бөлініп шыққан токсиндер ұлпаларды улайды. Бұлардың салдарынан өсімдіктер тез арада солады. Таз қотыр ауруы өсімдіктің жапырағын, жемісін, өзегін зақымдайды. Олардың бетінде қара дақтар пайда болып, көптеген саңырауқұлақ жіпшелері бар қатты қоңыр даққа айналады. Бұл дақтар жемісті тіліктеп қатты жарақаттайды. Ауру қоздырғыштары жерге түскен жапырақ арасында қыстап шығады. Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді: тұқым немесе көшет арқылы, ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар мен бактериялар қоздыратын ауруларды таратуда олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор. Ауру қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары арқылы жүздеген шақырым, кейде тіпті бір құрлықтан екіншісіне таралуы мүмкін. Ауа райы жағдайларына байланысты аурудың дамуы және таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын құбылмалы болады. Эпифитотия дәрежесіне дейін дамыған жағдайда олардан келетін шығын 30 - 40%-дан асады. Өсімдіктің солуын тежеу үшін көкөніс және басқа да суды көп қажет ететін дақылдарды уақытында суғарып отыру қажет. Кеміргіш бунақденелілерден келетін ауруларды төмендетуде ауыспалы дақылдың және жер қыртысын аудара жыртудың маңызы зор. Сонымен қатар, отырғызылатын көшеттер мен тұқымды инсектицидтер және фунгицидтер ерітіндісінде дәрілеген жөн. Өсімдік ауруларының таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін карантиндік және фитосанитарлық, агротехникалық, ал қажет болса химикалық шаралар қолданылады. Осы мақсат үшін селекция және биотехнология әдістерін кеңінен пайдалана отырып ауруға берік немесе төзімді сорттарды шығарудың атқаратын маңызы өте зор.
Биологиялық препараттар, биопрепараттар -- адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар.
Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.
Ал құрамында фосфор бактериялары бар -- фосфоробактерин биологиялық препараттары топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды. Биологиялық препараттардың ішінде ең құндысы -- ферменттер. Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады. Ал микроорганизмдерден алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады.[1]
Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі -- мал азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, микроорганизмдерден алынатын фитобактериомицин биологиялық препараттары өсімдіктердің бактериялық ауруларына қарсы қолданылады. Гризин препараты өсімдіктердегі ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады. Ал триходермин биологиялық препараттарн Қазақстан ғалымдары алды. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші микроағзаларды жою үшін пайдаланылады. Микробтардан алынатын көптеген биологиялық препараттар (биовит, кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин, т.б.) малдың салмағын арттырып, алынатын өнімдердің (сүт, ет, т.б.) сапасын жақсартады. Осымен қатар сібір жібек құртын, бау-бақша өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет туғызушы микроағзалардан де биологиялық препараттар (энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин, инсектин,боверин) алынады. Биологиялық препараттардың құндылығы -- олар химиялық препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.
Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен
жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді.
Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәселелердің бірі болғанымен, олардың қоршаған ортаға,адамзатқа кері әсерінің барекенін ескеру қажет. Пестицидтерді экология жағынан қауіпсіз қолдану
Өте маңызды. Қоршаған ортаға кері
әсерінтигізетін пестицидтердің көпшілігі табиғатта кездеспейтін синтетикалық улағыш заттар. Пайдаланылған пестицидтердің қалдық
мөлшерлері қоршаған ортанысандарында
жиналып, пайдалы флора мен фаунаға кері әсерін тигізуі
мүмкін. Пестицидтер химиялық улы заттар, оларды дұрыс қолданбау қоршаған ортаның биологиялық нысандарына, адам өмірі
мен жануарлар әлеміне қауіпті. Химиялық заттар өсімдіктерді
қорғауда, олардың сыртқы пішінін, дәм сапасын
және азық түлік құнарлылығын өзгертіп, өсімдік бойындағы зат алмасу процестеріне әсерін тигізеді.Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарын, орман және жайылым алқаптарын зиянды ағзалардан қорғау үшін пайдаланылатын пестицидтердің қолдану регламентін (мерзімі,
жұмсалу мөлшері, қайталау) қатаң түрде сақтау қажет. Сол сияқты ауылшаруашылық дақылдарынан алынатын тамақ
өнімдеріндепестицидтер қалдығы гигиеналық норматив бойынша ең жоғарғы рұқсат
етілген препараттар мөлшерінен аспауын қадағалау керек.Өсімдікті химиялық қорғау пестицидтердің физикалық химиялық, токсикологиялық қасиеттерін, зиянды ағзаларға, қоршағанортаның элементтеріне әсерін, қарқындытехноло6гияда интегралды қорғау шараларында қолданылуын
зерттейтін ғылым Өсімдіктіхимиялық қорғау курсының негізгі мақсаты заманауи
пестицидтерді талапқа сай қолдануға, әсер ету механизмінің табиғатын зерттеуге, барынша тиімдіжәне қауіпсіз қолдануға үйретеді Өсімдікті химиялық қорғау
Бактериялы препараттарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбізді өсіру технологиясы
Дәрілік өсімдіктер туралы ақпарат
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер
Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылыстарында қолданатын фитотерапия
Майлы зығыр дақылының аурулары және қорғау шаралары
Биопестицидтер, олардың артықшылықтары
Антиботиктердің тиімді әсері
Биологиялық күрес тәсілінде қолданылатын биопрепараттар тобы
Жоғары тыныс жолдары аурулары
Мақта қоңыр көбелегі
Пәндер