Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық интеграция. Халықаралық сауда


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІ
УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІ
С Ө Ж
Тақырыбы :
1-Халықаралық еңбек бөлінісі
2-Халықаралық интеграция
3-Халықаралық сауда
4-Халықаралық валюталық-қаржылық ұйымдар
5-Халықаралық жұмысшы күші миграциясы
Орындаған : Тұрсынғали Аида, ПХ-415,
2-курс студенті
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ, 2015 ЖЫЛ
Жоспар :
- Халықаралық саудабүгінгі елдердің өндірісін дамыта отырып, өзінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, осылайша тауарлар мен қызмет түрін ұлғайтатын, халықтың әл-ауқатын арттыратын құралға айналып бара жатыр.
ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік сауданың орташа жылдық өсу қарқыны әлемдік жалпы ішкі өнімд өсу қарқынынан 1, 5 есеге асып кетті. Бұл көптеген елдердің өмірінде әлемдік рыноктың рөлінің артқанын, олардың арасындағы байланыстың артқанын, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдегенін көрсетеді. Осылайша әлемдік экономикаға тартылған елдерге қатал халықаралық бәсекелесті жағдайында өзінің рыноктық үлесін алуға тура келеді.
Еңбек бөлінісі тек қана бөлектену процесі емес, сонымен қатар еңбекті біріктіру әдісі. Мұндай диалектикалық бірлік халықаралық деңгейде ерекше көрінеді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі өндірістік әрекет түрлеріне байланысты мынадай нысандарға бөлінеді:
1) қоғамдық еңбек бөлінісінің жалпы түрі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету т. б. ) ;
2) қоғамдық еңбек бөлінісінің дербес түрі (сала ішіндегі еңбек бөлінісі) ;
3) қоғамдық еңбек бөлінісінің жеке-дара түрі (кәсіпорын ішіндегі еңбек бөлінісі) .
Еңбектің аймақтық бөлінісі ел ішіндегі бөлініс және еларалық бөлініс болып келеді.
Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз - қоғамдық еңбектің аларалық бөлінісінің жоғарғы сатысы. Ол жекелеген елдердің эконономикалық пайдалы өндіріске тұрақты түрде маманданып, белгілі сандық және сапалық арақатынастар арқылы басқа елдермен өндіріс өнімдерімен алмасуы.
Халықаралық еңбек бөлінісінің қазіргі кездегі мәні бөліністің диалектикалық бірлігінен және өндіріс процесінің бірігуінен көрінеді. Өндірістік процесс әртүрлі еңбек қызмет түрлерінің мамандануы мен жекеленуін, сонымен қатар олармен айырбасын, олардың өзара әрекеттесуін болжайды. Еңбек бөлінісі тек қана бөліну процесі емес, еңбектің бірігу тәсілі ретінде де шығады, әсіресе әлемдік масштабта.
Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын көптеген елдердің кәсіпорындары ішкі тұтынушылық немесе өндірістік сұранысты қанағаттандыруға қажетті өнімді мөлшерінен тыс анағұрлым көп өндіреді. Әр елдің шаруашылық субъектілері саналы түрде артық өнім өндіре және өзіне қажетті басқа елдердегі артық өнімді иелене отырып, оны әлемдік нарыққа өткізеді. Әрбір ел өндірісте белгілі бір тауар топтарына мамандануды жетілдіре, нығайта отырып, халықаралық нарықта басқа маманданған елдермен өздеріне қажетті тауарларды басқа тауар топтарына айырбас жасау арқылы алады. Нәтижесінде халықаралық еңбек бөлінісі әлемдік экономиканы ұйымдастырудың тәсілі ретінде көрінеді, яғни әрбір елдің кәсіпорындары белгілі бір тауарлар мен қызметтер өндіруге маманданады, одан кейін олармен айырбас жасайды.
Еңбек бөлінісі - еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады. Негізгі 3 түрге бөлінеді:
- жалпы қоғамдық өндіріс ауқымында қалыптасатын жалпы еңбек бөлінісі;
- түрлі салалар мен өндірістер арасында орын алатын жеке еңбек бөлінісі;
- жекелеген кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлер арасында орын алатын жеке-дара еңбек бөлінісі
Сонымен қатар аумақтық, халықаралық еңбек бөлінісі де болады. Кәсіпорындарда :
- қызметкерлердің өндірістік-шаруашылық қызметтерге қатысуына, орындалатын міндеттердің сипатына, өндірістік үдеріске қатысуына қарай атқарымдық еңбек бөлінісі;
- еңбек үдерісінің технологиялық жағынан бір текті жұмыс түрлері бойынша саралануына негізделген технологиялық еңбек бөлінісі;
- қызметкерлерді кәсібі (мамандығы) және біліктілік деңгейі (разрядтар, санаттар) бойынша бөлетін кәсіптік-біліктілік еңбек бөлінісі.
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ұғымды терең және жан-жақты зерттеген Н. Н. Барнский оны - экономикалық жағрапиялық негізгі ұғым деп атады.
Халықаралық еңбек бөлінісі - адам қоғамының дамуы туралы өндіріс пен айырбастың өсуінен туатын сөзсіз нәтижесі. Оның сөзсіздігі жеке аумақтардың арасында әрқашан да айырмашылықтар болуына байланысты. Ол айырмашылықтар біріншіден, халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында, екіншіден, табиғат жағдайлары мен байлықтарында, үшіншіден, әлеуметтік - экономикалық жағдайларында, даму деңгейінде, шаруашылық құрылымында, еңбек қорларында, тарихи дәстүрінде және т. с. с. Мұндай айырмашылықтар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінің көптеген түрлерінің белгілі бір аумаққа бекітілуіне әкеп тірейді.
Жеке елдердің, өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге және белгілі бір қызмет көрсетуге мамандануы өндіруші елдің оларды өз қажетінен артық өндіруін қажет етеді. Ол халықаралық мамандану салаларының, яғни көбінесе өнімді экспортқа шығаруға бағытталған және халықаралық еңбек бөлінісінде елдің “келбетін” бірінші кезекте айқындайтын салалардың қалыптасуынан нақты көрініс табады.
1-мысал. Жапония электроника жасау жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Бүкіл шығарылатын электрониканың шамамен алғанда жартысын ол басқа елдерге экспортқа жібереді. Электроника өнеркәсібі оның халықаралық мамандану саласы.
2-мысал. Канада дәнді -дақылдарды жинау жөнінен дүние жүзінде бесінші, ал экспортқа шығару жөнінен екінші орын алады. Астық шаруашылығы оның халықаралық мамандану саласы. Өз кезегінде, халықаралық мамандану тауарлар мен қызметтің халықаралық айырбасын қажет етеді. Бұл айырбас халықаралық экономикалық байланыстардың дамуынан, жүк тасқындарының саны мен қуатының артуынан көрінеді, оның үстіне, өндіру орны мен тұтыну орны арасында қашанда үлкен немесе кіші аумақтық алшақтық түзіледі.
Сол себепті де сыртқы сауда бір жағынан экономикалық өсудің қуатты факторы болып табылса, ал екінші жағынан елдердің халықаралық сауда айырбасына тәуелділігін арттырады. Сыртқы сауданың пайдасы, ол іскерлік белсенділікті жандандыру арқылы әр түрлі елдердің экономикалық дамуын теңестіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты сыртқы саудададағы кез-келген шектеулер елдің экономикасының дамуына теріс әсер етеді.
«Сыртқы сауданың» түсінігіне келсек, ол бір елдің тауарлары мен қызмет түрінің басқа бір елдің еркін айырбасталатын валютасына немесе жалпыға бірдей басқа құндылықтарға айырбасталуы. Бұл жерде тауарлар мен қызмет түрінің экспорты мен импорты бөлініп шығады. Сыртқы сауда саясаты өз кезегінде экспорттық-импорттық операцияларды реттеуге және мемлекетпен жасалған даму стратегиясының шегінде олардың экономикалық тиімділігін арттыру мақсатына бағытталған мемлекеттік әсер ету шараларының жиынтығы ретінде көрініс табады.
Халықаралық экономикалық қатынасты, зерттеуде, оның объективті негізгі ұлттық экономикадағы сияқты еңбек бөлінісі және айырбас екендігін, бірақ халықаралық деңгейде қарастырылатынын ескерген жөн. Халықаралық еңбек бөлінісі жекеленген елдер шеңберінде жоғарғы техникалық деңгейде қазіргі өнім түрлерінің бәрін өндіру мүмкін болғандықтан нәтижесінде пайда болды. Ол көптеген елдердің өздерінің артықшылықтары бар салаларда мамандануына алып келді. Өздерінде жоқ өнімдері олар импорттауды жөн көрді. Осының бәрі халықаралық айырбасқа, яғни халықаралық экономикалық қарым-қатынасқа әкеледі. Сонымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі халықаралық экономикалық қатынас дамуына ықпал етеді деп тұжырымдай аламыз.
Қазақстан Республикасы да халықаралық еңбек бөлінісі процесіне енген. Оның орны мен рөлі дамуымен, сонымен қатар табиғи және жасалынған артықшылықтармен, әсіресе біздің еліміз минералды шикізатқа маманданған және олардың техника-экономикалық көрсеткіштерімен анықталады. Осының негізінде біздің еліміздің сыртқы саудасы құрылады: шикізат экспорты, дайын өнімдер импорты. Бірақ егер Қазақстан экономика деңгейін көтергісі келсе, дайын өнімдер өндірісін көтеру қажет, ол елдің халықаралық экономикалық қатынаста орнын көтерер еді, ал қазір біз өнеркәсібі дамыған елдердің шикізат көзі болып отырмыз. Ол үшін экспорт-импорт саясатына реформа жүргізу қажет, сонымен қатар ұлттық өндіріс деңгейін көтеру тиіс.
Біріккен кәсіпкерлік Қазақстан сыртқы экономикалық қызметінің жаңа механизмінің дамуы мен қалыптасуында үлкен рөл атқарады және бірқатар мәселелерді шешеді: біріншіден, батыс технологиясы мен техникасын өндіріс процесі кезінде біріктіреді және экономикаға шетел қаржыларын таратады; екіншіден, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруда ТҰҚ тәжірибелерін пайдаланады; үшіншіден, табыстың нақты валюта көзі рөлін атқарады; төртіншіден, сыртқы нарыққа ену мәселелерін шешеді; бесіншіден, тұрғындарды жұмысбастылықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Осыған байланысты біріккен кәсіпкерлік даму процесін және республикадағы экономикалық механизмдерін зерреу өте маңызды мәселе болып табылады
Халықаралық еңбек бөлінісін өлшеу үшін экономистер бірқатар коэффициенттерді ұсынады. Олардың ішінде:
• өндірілген өнімнің жалпы көлеміндегі экспорттық үлес салмағы;
• экспорттың жалпы құнындағы саланың үлес салмағы;
• мемлекеттің барлық өнеркәсібінің өсу қарқынымен салыстырғанда экспорттық мамандану саласының өсу қарқыны.
Аймақтық деңгейде халықаралық еңбек бөлінісінің даму көрсеткіштері мыналар:
• әрекеттесуші елдердің қоғамдық өндірісінің өсуімен салыстырғанда өзара тауар айналым өсуінің өзу коэффициенті;
• осы елдердің қоғамдық өндірісте өзара тауар айналымының үлесі;
• жалпы сыртқы сауда айналымының өсуімен салыстырғанда өзара тауар айналым өсуінің озу коэффициенті.
Кейбір экономистердің ойынша халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі көрсеткіштерін мыналар деп санайды: экспорттық, импорттық, және осыған сәйкес сыртқы сауда квоталары, әр тауар бойынша елдің халықаралық саудадағы үлес салмағы және т. б.
Халықаралық мамандану және өндірісті кооперациялау. Халықаралық еңбек бөлінісінің ішкі құрылымы және оған сәйкес даму бағыттары бар. Өндірістің халықаралық мамандануы және халықаралық кооперациялануы халықаралық еңбек бөлінісінің ажыратылмайтын белгілері болып табылады.
Өндірістің халықаралық мамандануы екі бағытта, өндірістік және территориялық болып өрбиді. Өз кезегінде өндірістік бағыт:
• салааралық;
• салалық;
• маманданған жеке кәсіпорындар болып үшке бөлінеді.
Өндірістік территориялық мамандануына:
• жеке елдердің;
• бірнеше елдер тобының;
• аймақтардың, дүниежүзілік нарық үшін белгілі тауарлар өндірісін ұйымдастыруы жатады.
- Экономикалық интеграциядегеніміз - бүгінде өндіргіш күштердің әлемдік процесінің өзіне тән көріну формасы. Ол елдердің шикізат, отын, еңбек ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалануына, аумақтық еңбек бөлінісін жақсартуына көмектеседі. Көбінесе саудаға негізделетін кәдімгі экономикалық ынтымақтастықтан өзгеше экономикалық интеграцияның ерекшелігі сонда, жекелеген елдердің жан-жақты қарымқатынастары одан әрі тереңдейді, өндірістік процестер тұтасып ұласады.
Интеграциялық бірлестіктер соңғы жылдары дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынастардың ажырағысыз бір бөлігі болып отыр. Бұл орайда елдердің белгілі бір топтарының дамуының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларына орай интеграциялық процестер әр қырынан көрінуде. Мысалы, нарықтық экономикасы бар елдердің экономикалық интеграциясын айсбергпен салыстыруға болады: оның су үстінде ұшығына, яғни баршаға мәлім мемлекеттік монополистік одақтар мен бірлестіктер ғана көрінеді. Ал айсбергтің көзге көрінетін бөлігінен басқа көрінбейтін бөлігі - мыңдаған халықаралық фирмалар аралық одақтар мен келісімдер бар. Мұндай интеграция монополиялардың өнім өткізу нарықтарын қаратып алу үшін қымқуат күресімен ерекшеленеді. Прогресті экономикалық құбылыс екеніне еш күмән болмаса да, ол кейде нарықтық бәсекенің ауытқулары салдарынан қатардағы еңбеккерлердің қалталарын ойсыратып кететіні болып тұрады.
Дамыған елдердегі интеграциялық процестер дамушы елдердегі интеграциялық беталыстарды да жеделдетті. Олардың дамуы қалыңқы екенін, ұлттық нарықтарының сыйымдылығы төмен екенін ескергенде шаруашылық тұрғысынан ынтымақтасу олар үшін айрықша қажет. Алайда жас мемлекеттердің басым көпшілігінде әзірше өнеркәсіптің дәстүрлі салаларында қарапайым кооперативтену жоспарлары ғана жасалып жатыр. Ал өнеркәсіптің өзекті салаларын айтсақ (ауыр өнеркәсіп, көлік, энергетика жүйелері) онда бұл болашақтың ісі. Қаржы жетіспейді, ал кейде интеграциялайтын да ештеңе болмайды.
Экономикалық бірігу - бұл мемлекетаралық келісімдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелетін елдердің өзара ықпал ету процесі.
Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» - толық) - экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.
Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.
Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.
Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестің дайындық кезеңі.
Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.
Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.
Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді.
Интеграциялық процестің төртінші деңгейі -ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші - қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.
Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО - ғы (Еуропа одағы) шеңберінде - бұл ЕО комиссиясы.
Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін - бұл Саяси одақ (СО) . Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.
Бірақ интеграциялық топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ.
ЕО, НАФТА -ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интеграция тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.
Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.
Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдердің ассоциациялары көмегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртұтас экономикалық кеңестіктің негізін қалау қажет.
Үшіншіден, бұл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.
Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тең құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz