Тас жұмыстарының өндірісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Геодезия және құрылыс» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Тас жұмыстарының өндірісі. »
Орындаған: Аскарова Асель, СТ-309 тобы
Тексерген: Уркинбаева Ж. И.
Семей 2015
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
- Негізгі мәліметтер және жоба құрамы.
- Тас жұмыстарын өндіру тәсілін таңдау.
- Тасшының жұмыс орнын ұйымдастыру
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тас өндеу жұмыстары - табиғи тасқа қажетті пішін беру және оның сыртқы бетін тегістеп өңдеу. Тас өндеу жұмыстарына өңдеуге жарамды әктас, мәрмәр, гранит және табиғатта кең тараған тау жыныстарынан сәулет өнері бөлшектері (бағана, карниз, т. б. ) мен қаптау материалдарын дайындау жұмыстары жатады.
Тас өндеу жұмыстары 3 негізгі іс-қимылдан тұрады: тасты тіліп дайындама әзірлеу; тақта тасқа қажетті пішін беру не оны мөлшері бойынша қырлап өңдеу; тастың бетін тегістеп өңдеу. Тас өндеу жұмыстарында шикізат ретінде карьерде (кейде шахтада) тұтасқан тау жынысынан кесіліп алынған ірі тас кесектері (аум. 0, 45 м3-ден кем емес) пайдаланылады. Тасты тілу арнайы кесу станоктарында атқарылады. Тақтатасты мөлшері бойынша қырлау бір не бірнеше алмас дискімен жабдықталған қырлап-өңдеу станоктарында орындалады. Тастың бетін тегістеп өңдеу 2 тәсіл бойынша жүргізіледі: жару (түйреу) және ажарлау тәсілі. Алғашқы тәсілде өңделетін тас беті қарадай өңделеді немесе шала тегістеледі. Жару тәсілі арқылы өңдеу қатты қорытпадан дайындалған тістері бар аспаппен жүргізіледі. Ажарлау нәтижесінде дайындаманың беті тегістеледі. Соңғы тәсіл киіз дөңгелек арқылы жағылатын жалтырату ұнтақтарымен (хром, қалайы және темір тотықтары) орындалады. Мозаик және әшекейлік жұмыстарға арналған әшекей тастарды (қызыл кварц, нефрит, янтарь, яшма, т. б. ) өңдеу алмаспен жабдықталған шағын станоктарда орындалады. Әшекейлік тастар алмас кескішпен диам. 200 - 320 мм болатын тақталарда кесіледі. Мозаикалық жұмыстар мәрмәр не металл негізге желімделген жұқа (қалыңдығы 4 - 5 мм-ден аспайтын) тақталарды пайдалану арқылы жүргізіледі.
20 ғ-дың 60-жылдарының соңынан бастап Тас өндеу жұмыстарына жылу ағынды тәсіл пайдаланылып келеді. Тас өндеу жұмыстарының арнаулы түріне зергелік бұйымдар үшін қажетті асыл тастарды өңдеу жатады.
Негізгі мәліметтер және жоба құрамы.
Тас жұмыстарын өндіру жобасын жасау үшін негізгі мәліметтері болып әр алуан салаларына тағайындалған үймереттер мен ғимараттар жұмыс сызбалары, құрылыс ауданы және жұмыс орындау мерзімі саналады.
Тас жұмыстары өндірісін жобалау ҚМЕ 111-17-78 талаптарына сәйкес жасалу керек.
Жұмыс өндіру жобасы түсініктемесінде тас және құрастыру жұмыстарының көлемі мен еңбек сыйымдылығының есептелуі, жұмыстар өндірісінің тәсілдерін таңдауы, тасшылар мен құрастырушылар бригада құрамдарын іріктеуі, алымдар, ярустер шамасын және сандарын анықтауы, крандар таңдауы, жұмыс өндірісінің қабылдаған әдістерін баяндауы, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді есептеуі, мерзімдік жоспар жасауы және жұмысты орындау мерзімін дәлелдеуі, жұмысты қысқы уақытта және ыстық жағдайларда өндіру ерекшеліктері, жұмысты қауіпсіз өндіру бойынша шаралар келтіріледі.
Жобаның графикалық бөлімінде үймеретті алымдар мен кесінділерге бөлуі, кран жұмысының зоналары, оның тұрақ және материал қоятың орындар, тасшылар жұмыс орнын ұйымдастыруы және олардың алымнан алымға ауысу жүйесі, жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары немесе циклограмм көрсетілуі керек.
Тас жұмыстарын өндіру тәсілін таңдау.
Құрамына тас жқмыстарынан басқа құрамалы құралымдардың элементтерін құрастыру, мінбелер мен ағаштар орнату және ауыстыру және жұмыс орнына материалдар әперу кіретін тас қалау кешенді процесс болады.
Тас жұмыстарын өндіру негізінде тасқынды әдісті қою керек. Осы мақсат бойынша барлық өндіру процесі орындалуы катар және нақты ырғақпен ұйымдастырылып жай процестерге бөлінеді
Қабырғалары кірпіш және жабын мен аралық жабындары, саты басқыштары мен алаңшалыры, балкон тақталары және құрамалы темірбетон құралымдардан жасалған үймереттерді тұрғызғанда дербес процесс ретінде бөлек жүзеге асыратын қабырғалар қалау және қабаттар аралығының жабынды тақталарын орнату жетекші процесс болып саналады. Басқа құрамалы құралымдық элементтерді құрастыру, кірпіш қалау процесімен бірге (маңдайша, саты басқыштары және алаңшаларды орнату) немесе жабындылар құрастырумен (аралық қабырғалар, балкон тақталарын құрастыру) бір мезгілде жүргізіледі.
Жұмысты тасқынды өндіруді қамтамасыз ету үшін тұрғызатын объектілерде жасалатын жұмыстар еңбек сыйымдылығы бойынша бірдей алымдарға бөлінеді. Алымдар саны жетекші процестер санына тең немесе еселі алынады
Екі алымдық жүйесінде үймерет план бойынша екі тең алымға бөлінеді: біріншіде қалау, ал екіншіде -міңбелер орнату жұмыстары жүргізіледі.
Тасшының жұмыс орнын ұйымдастыру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz