Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттелуі



1. Сақтандыру құқығы
2. 18.12.00 ж Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметі туралы” Заңының негізгі мәселелері
3. Сақтандыру шарты, негізгі мәселелері, жағдайлары мен ерекшеліктері
4. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін, сақтандыру ісін күрделі құқық саласы ретінде қарастыру қажет. Өйткені сақтаңдыру қоғам мен мемлекеттің және азаматтардың, заңды тұлғалардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүліктік мүдделерін қорғаумен қамту арқылы заңдылықты қамтамасыз етуді көздейтін ерекше қызмет түрі. Сақтандыру құқығы арнайы сақтандыру-құқықтық реттеу режимімен қамтамасыз ету арқылы ұйымдастыру және материалдық сақтандыру қатынастарына реттеуші, бақылаушы ықпалын тигізеді. ҚР Конституциясы, одан бастау алған ҚР Азаматтық кодексі, сақтандыру кызметін реттеу бойынша заңнамалар, ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық банкінің, Ұлттық банкінің каржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау бойынша Комитетінің нормативтік-құқықтық актілері сақтандыру құқығын, сақтандыру нарығының тиімді жұмыс істеуін ұйымдастырудың негізін құрайды.
Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы сақтандыру құқығы маңызды, күрделі әрі ірі құқық саласы ретінде реформалану кезіндегі ұлттық сақтандыру нарығының толық жүмыс істеуінің, ұлттық сақтандыру жүйесін одан әрі дамытудың, сақтандыру ісін және сақтандыру қызметін ұтымды ұйымдастырудың, қоғам мен мемлекеттің және азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен қамтудың, сондай-ақ ұлттық сактандыру индустриясы салаларындағы заңдылықты қамтамасыз етудің кең шеңберлі құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық, қаржылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етіп отыр.
Сонымен бүгінгі таңдағы Қазақстандағы сақтандыру кұкығының қайнар коздері Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Сақтандыру қызметі туралы» заң, сақтандыру құқығының нормалары бар өзге де заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік сақтандыру құқықтық актілер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің, Ұлттық банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау бойынша Комитетінің сақтандыру ұйымдарына арналған нормативтік құқықтық актілері, халықаралық құқық нормалары және халықаралық шарттары.
Азаматтық кодексте не сақтандыру қызметін реттейтін өзге заңдарда сақтандыру келісімінің шарттары беріледі, сақтанушылар мен сақтанушылардың құқықтары мен міндеттері айқындалады, мүліктік сақтандыру бойынша нақты бір тарифтер бекітіледі, белігілі бір жағдайға рұқсат беру, тыйым салу, сақтандырушыға не сақтанушыға міндет жүктеу әдістері, тәсілдері қолданылады. Бұл құқықтық нормалар мен құқықтық реттеу әдістерін қолдану деңгейін көрсетеді. Мысалы ҚР Азаматтық кодексінің 835-бабын- да сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыны хабардар ету бойынша сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне мәлім болған соң оның басталғандығы жөнінде сақтандырушыға немесе оның өкіліне дереу хабарлауға міндетті, егер шартта немесе Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісінде хабардар ету мерзімі және (немесе) тәсілі козделсе, ол келісілген мерзімде және шартта немесе Қазақстан Республикасының заң актісінде көрсетілген тәсілмен жасалуға тиіс деп міндет жүктеу әдісі қолданылған. Сонымен қатар егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, мұндай міндет сақтандырылған адамға жүктеледі деп айқындалған.
1. ҚР Азаматтық кодексі «Сақтандыру туралы заң» 2010 жыл.
2. «Сақтандыру іскерлігі жөніндегі Заң» 2010 жыл.
3. А.И. Худяков. «Теория страхования». Статут 2010 год. 386-521 стр.
4. Кабанцева Н.Г.. «Страховое дело». Фортуна 2008 год.-24 стр.
5. К. Айтбай. «Страхование вкладов: о чем следует знать» // Қаржы -Қаражат 2005 №3, 60 - б

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

Экономика , құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

СӨЖ

Тақырыбы : Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттелуі

ОРЫНДАҒАН : Қасенова Ә.Е.

ТОП :
ФН-305

ТЕКСЕРГЕН : Курманбекова Г.А

Семей, 2015 жыл

ЖОСПАР:

1. Сақтандыру құқығы
2. 18.12.00 ж Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметі туралы”
Заңының негізгі мәселелері
3. Сақтандыру шарты, негізгі мәселелері, жағдайлары мен
ерекшеліктері
4. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1.Сақтандыру құқығы
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін, сақтандыру ісін күрделі
құқық саласы ретінде қарастыру қажет. Өйткені сақтаңдыру қоғам мен
мемлекеттің және азаматтардың, заңды тұлғалардың, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің мүліктік мүдделерін қорғаумен қамту арқылы заңдылықты
қамтамасыз етуді көздейтін ерекше қызмет түрі. Сақтандыру құқығы арнайы
сақтандыру-құқықтық реттеу режимімен қамтамасыз ету арқылы ұйымдастыру және
материалдық сақтандыру қатынастарына реттеуші, бақылаушы ықпалын тигізеді.
ҚР Конституциясы, одан бастау алған ҚР Азаматтық кодексі, сақтандыру
кызметін реттеу бойынша заңнамалар, ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық банкінің,
Ұлттық банкінің каржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау
бойынша Комитетінің нормативтік-құқықтық актілері сақтандыру құқығын,
сақтандыру нарығының тиімді жұмыс істеуін ұйымдастырудың негізін құрайды.
Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы сақтандыру құқығы маңызды,
күрделі әрі ірі құқық саласы ретінде реформалану кезіндегі ұлттық
сақтандыру нарығының толық жүмыс істеуінің, ұлттық сақтандыру жүйесін одан
әрі дамытудың, сақтандыру ісін және сақтандыру қызметін ұтымды
ұйымдастырудың, қоғам мен мемлекеттің және азаматтар мен шаруашылық
жүргізуші субъектілердің мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауымен
қамтудың, сондай-ақ ұлттық сактандыру индустриясы салаларындағы заңдылықты
қамтамасыз етудің кең шеңберлі құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық,
қаржылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етіп отыр.
Сонымен бүгінгі таңдағы Қазақстандағы сақтандыру кұкығының қайнар коздері
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексі, Сақтандыру қызметі туралы заң, сақтандыру құқығының
нормалары бар өзге де заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік
сақтандыру құқықтық актілер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің,
Қазақстан Ұлттық Банкінің, Ұлттық банкінің қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын бақылау және қадағалау бойынша Комитетінің сақтандыру ұйымдарына
арналған нормативтік құқықтық актілері, халықаралық құқық нормалары және
халықаралық шарттары.
Азаматтық кодексте не сақтандыру қызметін реттейтін өзге заңдарда
сақтандыру келісімінің шарттары беріледі, сақтанушылар мен сақтанушылардың
құқықтары мен міндеттері айқындалады, мүліктік сақтандыру бойынша нақты бір
тарифтер бекітіледі, белігілі бір жағдайға рұқсат беру, тыйым салу,
сақтандырушыға не сақтанушыға міндет жүктеу әдістері, тәсілдері
қолданылады. Бұл құқықтық нормалар мен құқықтық реттеу әдістерін қолдану
деңгейін көрсетеді. Мысалы ҚР Азаматтық кодексінің 835-бабын- да сақтандыру
жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыны хабардар ету бойынша сақтанушы
сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне мәлім болған соң оның
басталғандығы жөнінде сақтандырушыға немесе оның өкіліне дереу хабарлауға
міндетті, егер шартта немесе Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру
туралы заң актісінде хабардар ету мерзімі және (немесе) тәсілі козделсе, ол
келісілген мерзімде және шартта немесе Қазақстан Республикасының заң
актісінде көрсетілген тәсілмен жасалуға тиіс деп міндет жүктеу әдісі
қолданылған. Сонымен қатар егер сақтанушы сақтандырылған адам болып
табылмаса, мұндай міндет сақтандырылған адамға жүктеледі деп айқындалған.
Егер жеке сақтандыру кезінде сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру
жағдайы болып табылса, сақтандыру жағдайы туралы сақтандырушыға хабарлау
міндеті сақтанушыға, ал егер оның өзі бір мезгілде сақтандырылған адам
болса - пайда алушыға жүктеледі. Бұл ретте сақтандырушыға хабарлаудың
шартта белгіленген мерзімі отыз күннен кем болмауы тиіс. Бұл жерде де нақты
қандай шаралар атқарылуы тиіс екендігі заңмен айқындалып, көрсетілген.
Сақтандыру қызметін құқық саласы ретінде қарастырғандықтан, оған
қатынасушылар белгілі міндеттерді қатаң атқаруға тиісті, және олардың
иеленетін нақты құқықтары бар, сонымен қатар нақты сақтандыру жағдайы орын
алғанда сақтандыру ауқымындағы мүліктік әрі өзге де мүдделеріне тән
ерекшеліктерін құқықтық реттеу тәсілдері, құралдары және амалдары арқылы
жан-жақты қарастыру, талдау мен басқару қажетті. Демек сақтандыру құқығының
құқықтық реттеу әдістері бар, оларды құқық саласының реттеуші әдістері
ретінде пайдалануға болады, және еліміздің заң талаптарына сай реттей
аламыз. Сақтандыру бойынша заң актілері мен нормативтік құқықтық актілер
сақтандыру құкығының қызметтерінің негізгі қағидаттарын белгілеп,
сақтаңдыруға қатынасушылардың құқықтары мен міндеттемелерін, айқындайды,
заңға сай тиісті органдар сақтандыру қызметтерін ұйымдастырады, сақтандыру
жағдайын нақты бағалайды, сақтандыру келісім-шарттары негізінде пайда
болған талаптарды, міндеттерді айқындайды, сақтандыру сыйақыларының,
сақтандыру сомасының кұнын белгілейді, сақтандыру төлемдерін жүзеге
асырады, нысандары мен шектерін айқындайды, сақтандыру жағдайы сақтанушылар
тарапынан не басқа тараптан қасақана ұйымдастырылып, орын алғанда
сақтандырушыны заңмен қорғайды, сақтандырушы мен сақтанушының, қайта және
өзара сақтандыру қоғамының заңды құқықтары мен міндеттерін анықтап береді.
Сақтандыру құқығының реттеуші зерттейтін мәселелері елдегі сақтандырудың өз
дәрежесінде жүзеге асырылуын ұйымдастыруды, сақтандыру қызметін басқару мен
бақылау бойынша қадағалаушы орган тарапынан қойылатын талаптарын орындауды,
сақтандырудың ерікті және міндетті сақтандыру шарттарын жасасуды,
сақтандыру саласына тиісті заңнамалық актілердің ережелері мен
принциптерін, халықаралық шарттар мен сақтандыру стандарттары ережелерін
іске асыруды, мақсатты сақтандыру қорларын және сақтандыру резервтерін
құруды, сақтандыру қатынастарындағы тұлғаларды сақтандыру қорғауын
қамтамасыз етуді, сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді, басқа да
сақтандыру саласына тиісті мазмұнды қоғамдық қаржы- экономикалық, құқықтық
қатынастарды қамтиды.
Сақтандыру құқығының зерттейтін мәселелері сақтандырудың негізгі атқаратын
кызметімен тығыз байланысты, яғни сақтанушылар мен сақтандырушылар
арасындағы міндеттер мен құқықтардың қамтамасыз етілуін бақылау,
азаматтардың сақтандыру жүйесіндегі ролін айқындау, міндетті сақтандыру
жүйесі бойынша сақтандырылу дәрежелерін басқару, кейбір міндеттемелерін
орындамаған не өз уақытында орындамаған сақтандырушылармен қатынастарын
айқындау, сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары мен сақтандырушылар,
сақтанушылар арасында, сақтанушылардың, сақтандырылғандардың не пайда алушы
тұлғалардың тиісті кұқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, сақтандыру
саласы мамандарының, сақтандырушылардың қызметін мемлекеттік қадағалау және
бақылау барысында туындайтын кешенді сақтандыру қатынастары.
Сонымен сақтандыру құқығы сақтандыру ісі бойынша қоғамдық қатынастарды
реттейді, яғни әртүрлі келеңсіз жағдайлар туындағанда нақты жүзеге
асырылатын сақтандырудың өз дәрежесінде, заң талаптарына сай жүзеге асуын
қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде сақтандыру компанияларының,
сақтандырушылардың заң актілеріне сай сақтандыру резервтерін
қалыптастыруына, азаматтарды қажет болғанда сапалы сақтандыру төлемдерімен
қамтуына, сақтанушылар мен сақтандырушылар арасындағы қарым- қатынастардың
әділдік, шыншылдық қағидаттарында құрылуына және жүзеге асыруына мүмкіндік
береді.
Қазіргі таңдағы экономикалық, әлеуметтік, қаржылық және саяси мазмұнымен
сипатталатын кешенді түрде жүргізілетін қоғамдық қатынастар сақтандыру
нарығының ауқымындағы сақтандыру салаларының ішінде жеке, аннуитеттік,
экологиялық сақтандыруды жүзеге асыруға, сақтандыру және кайта сақтандыру
ұйымдарын құруга, олардың қызметін лиңензиялауға, сақтандыру салалары
бойынша мамандандыруға, жаңа сақтандыру технологияларын енгізуге,
сақтандыру рыногындағы сақтандырушының сақтанушыларға заңдық негізде сапалы
сақтандыру қызметтерін көрсетуіне мүмкіндік беріп отыр.
Сақтандыру қызметтерін сатуда, міндетті сақтандыруды жүзеге асыруда,
азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруда, жеке мүліктік
сақтандыруда, ерікті мүліктік және ерікті жеке сақтандыруда, өмірді ерікті
сақтандыруға, ерікті аннуитеттік сақтандыруға, автокөлікті міндетті
сақтандыруда, өмірде белгілі бір оқиғаның басталуын ерікті сақтандыруға,
сақтандырушының инвестициялық кірісіне сактанушының қатысуына орай өмірді
еркін сақтандыруға, жазатайым жағдайлардан ерікті сақтандыруға, зейнетақыны
сақтандыруда, ауру жағдайларынан ерікті сақтандыруға, автомобиль көлігін
ерікті сақтандыруға, темір жол көлігін ерікті сақтандыруға, әуе көлігін
ерікті сақтандыруға, су көлігін ерікті сақтандыруға, жүктерді ерікті
сақтандыруға, мүлікті залалдан ерікті сақтандыруға, автомобиль көлігі
иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыруға, міндетті
экологиялық сақтандыруға, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға,
жекеше нотариустардың азаматтық- құқықтық жауапкершілігін міндетті
сақтандыруға, қызметкерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруы кезінде
оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-
құкқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, туроператордың және
турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, көлік
құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті
сақтандыруға, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық - құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, аудиторлық ұйымдардың азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, қызметі үшінші тұлғаларға
зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық- құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, су көлігі иелерінің азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыруға, әуе көлігі иелерінің
азаматтық-кұқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыруға, азаматтық-кұқықтық
жауапкершілікті ерікті сақтандыруға, қарыздарды ерікті сақтандыруға,
ипотеканы ерікті сақтандыруға, кепілдіктер мен кепілгерліктерді ерікті
сақтандыруға, басқа да қаржылық шығындардан ерікті сақтандыруға, соттағы
шығыстардан, өзара ерікті сақтандыруға, міндетті әлеуметтік сақтандыруға,
судьяларды және олардың мүлкін мемлекеттік міндетті сақтандыруда сақтандыру
қатынастары белгілі бекітілген нормалар мен ережелерге сай, ҚР азаматтық
кодексінің баптарына сай, сақтандыру қызметін реттейтін ҚР заңына сай заңды
реттеліп,қатысушылардың құқықтары мен міндеттері айқындалып, сақтандыру
жағдайының түрлері ажыратылып отырылады.
Сақтандыру құқығын еңбек құқығы,отбасылық құқық,конституциялық құқық, басқа
да адам өміріне маңызды қатысы бар құқық салалары сияқты қарастыруымыз
қажет және құқық саласы ретінде Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі
мен сақтандыру қызметін, ұлттық сақтандыру нарығын бәсекелестіктің
деңгейіне сай дамыту үшін сақтандыру кезеңі барысында туындайтын маңызды
әрі күрделі экономикалық жиынтығы деп қарастыра аламыз.
Сақтандыру құқығы елдің сақтандыру құрылысын қалыптастыру, оның аумағындағы
сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметін ұйымдастыру, сақтандыру (қайта
сақтандыру) компанияларының ұлттық сақтандыру нарығында ерікті және
міндетті нысандағы сақтандыру қызметін көрсетуі, сондай-ақ сақтандыру
резервтерін құру және бөлу, сақтандыру нарығы мен сақтандыру ұйымдарын
мемлекеттік реттеу әрі қадағалау барысында туындайтын кешенді сипатты
қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы ретінде көрініс табады.
Сақтандыру құқығының сақтандыру қатынастарындағы реттеуші ықпалын атап өту
қажетті, мысалы қоғамдық сақтандыру саласындағы қатынастарды, сақтанушылар
мен сақтандырушылардың іс-қимылдарын, заңға қайшы келетін, заңды
бұрмалайтын кейбір әрекеттерін не әрекетсіздіктерін реттеу мақсатында
белгілі бір құқықтық тәсілдер мен әдістер пайдаланады.Осы рететгі құқықтық
реттеу тәсілдері, әдістері өздері қамтитын көлемдегі қаржылық,экономикалық
қатынастардың ерекшеліктері мен пайдалану сипатына, және өзге де
ерекшеліктеріне қарай сақтандыру құқығын реттеуші түрде сипаттай алады.
Сонымен, сақтандыру құқығында, негізінен алғанда, мынадай құқықтық реттеу
әдістері: императивтік (әмірлік)- мемлекеттік-биліктік құқықтық реттеу
әдісі және диспозитивтік (келісімді) – шарттық құқықтық реттеу әдісі
пайдаланылады.Қазақстан Республикасының ұлттық сақтандыру рыногы ауқымында
заң жүзінде және лицензиялар негізінде жол берілген кәсіпкерлік
(экономикалық) қызметтің бір түрі сақтандыруды сақтанушы мен сақтандырушы
арасында жасасылған ерікті сақтандыру шартына орай жүзеге асыру барысында
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін басты әрі бірден-бір құқықтық
реттеу әдісі диспозитивтік әдіс болып табылады.Мәселен, Сақтандыру қызмет
туралы ҚР Заңының 6-бабының 2-тармағы мен 3-тармағына сәйкес өмірді
сақтандыру және жалпы сақтандырусалалары бойынша сақтандыру түрлері
ерікті нысанда жүзеге асыруды көздейтіндіктен осы салада қалыптасып,дамитын
қоғамдық қатынастар тек диспозитивтік құқықтық реттеу әдісімен қамтылады.
Мысалы міндетті сақтандыру жүйесінде мемлекет сақтандыру нарығын әмірлі
әдіс арқылы, яғни мемлекеттік-биліктік құқықтық реттеу әдісі арқылы
басқарылады. Сақтанушылар қандай да бір сақтандыру ұйымының қызметін
пайдаланбастан, тиісті сақтандыру түрі бойынша сақтануға тиісті және
сақтандыру мерзімі, сомасы,кезеңі заңмен міндеттеледі. Сонымен қатар
сақтандыру құқығы сақтандыру ісін ұйымдастыруды,мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорын құруды, сақтандыруды төлемдеріне кепілдік беру қорын
құруды, міндетті сақтандыру түрлерін, оның ішінде мемлекеттік міндетті
сақтандыру түрлерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
ҚР Азаматтық кодексінің 833- бабы бойынша сақтандыру тәуекелін және
келтірілген зиянды бағалауда мүлікті сақтандыру шартын жасасқан кезде
сақтандырушы сақтандырылатын мүлікті қарап тексеруге және бағалауға, ал
қажет болған кезде оның шынайы құнын анықтау мақсатында сараптама
тағайындауға құқылы. Сақтандырылатын мүлікке және келтірілген зиянға
сақтандырушы жүзеге асыратын бағалау сақтандырудың құрамдас бөлігі болып
табылады және қосымша лицензиялауды талап етпейді. Жеке сақтандыру шартын
жасау кезінде сақтандырушы оның нақты денсаулық жағдайына баға беру үшін
сақтандырылатын адамға тексеру жүргізуге құқылы. Демек бұл екі жағдайда да
белгіленген ретте сақтандырушыға сақтандыру ісінде заң бойынша құқық
беріледі, егер құқық берілген болса сақтандыру қызметінің нәтижесі
төмендеп,шынайлығы болмайды. Мысалы нақты денсаулық жағдайы нашар
адам,тексерілмейді, өз денсаулығын жақсы деп бағалап, сақтандырылғаннан көп
уақыт өтпей,ауырып не медициналық көмек алып сақтандырушыны қаржылық
шығынға әкелуі мүмкін. Бұл жағдай сақтандыру құқығының құқық саласы ретінде
нақты қызмет етіп отырғандығын көрсетеді.
Сақтандыру салалары бойынша тараптардың мүдделерінің қорғалуымен қамтылуы
шегіндегі әділдіктің орын алуы диспозитивтік әдістің пайдаланылуымен қатар,
мемлекеттік мүддеге байланысты императивтік әдістің де жиі қолданылуының
қажет екендігін көреміз.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың сақтандыру құқығын құруға орай, оның
нысаны ретінде заңдарды,қаулыларды және өзге де нормативтік құқықтық
актілерді қабылдау жөніндегі тікелей қызметі сақтандыру құқығының мәні-
мазмұны көрінісінің сыртқы нысанын қалыптастырумен тығыз байланыста болады.
Яғни сақтандыру қызметін дұрыс жолға қойып, оған қатысушылардың құқықтары
мен міндеттерін айқындайтын заң актілерін шығару, заң актілерінің
орындалуын бақылау мен қадағалау, уәкілетті органның нормативтік талаптарын
жоғарылату мен оны орындауды сырттай бақылаудың сақтандыру қызметін іштей
тұтастай дамытуға, сақтандыру ұйымдарының қызметтерін тиімді ұйымдастыруға
әсері өте зор.
Сақтандыру құқығы мемлекеттің құқық жүйесінің аса маңызды саласы ретінде
таныла отырып, өзінің тек құқықтық ғана емес, саяси, қаржылық, әлеуметтік
маңыздылығына байланысты сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметіне байланысты
туындайтын қарым-қатынастардың айрықша бөлігін реттеуді жүзеге асырады.
Сақтандыру құқығының қажеттілігінің мәні зор, және бұл сақтандыру
саласындағы заңдылықтардың сақталуын алдын-ала қадағалауға зор мүмкіндік
береді.
ҚР Азаматтық кодексінің 829-бабының сақтандыру жағдайынан туйындайтын
залалдарды азайтуға бағытталған шығындардың орнын толтыру туралы бөлігінде
мүліктік сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде,
болуы мүмкін залалдарды болдырмау немесе азайту үшін сақтанушы
(сақтандырылған адам) қалыптасқан жағдайларда қисынды және қолдан келетін
шаралар, оның ішінде сақтандырылған мүлікті құтқару және сақтау шараларын
қолдануға міндетті делінген. Сонымен қатар сақтанушы (сақтандырылған адам)
осындай шаралар қолдана отырып, егер олар сақтанушыға (сақтандырылған
адамға) хабарланған болса, сақтандырушының нұсқауларын ұстануға тиіс. Бұл
сақтандыру саласындағы мүліктік сақтандыру шарты бойынша берілген нақты
міндет, бұл міндеттің орындалуы сақтандыру тәуекелінің орын алуы
салдарынан келетін шығындарды азайтуға, қасақана сақтандыру оқиғасын
болдырмауға тікелей бағытталған. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік
саясаттың мақсаты – сақтандыру құқығының тиісті деңгейге болуын,
азаматтардың конституциялық құқығының сақталуын, азаматтық, қаржылық және
әкімшілік құқығы нормаларымен реттелген экономикалық әрі ұйымдастыру
мазмұнды сақтандыру қатынастарын құруын, сақтандырушының сақтанушы
алдындағы азаматтық-құқықтық және қаржылық-құқықтық сақтандыру
міндеттемелерінің көлемін, заңдық әрі шарттық негіздерін дұрыс айқындауын,
сақтандырушылардың, уәкілетті мемлекеттік органның, ұлттық сақтандыру
нарығының кәсіби қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін, сақтандырылған
тұлғаның, пайда алушының, мұрагердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету
арқылы елдегі сақтандыру ісін ұйымдастыру.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлікті мүдделерін қорғау арқылы
сақтандыру қызметін дамыту, Қазақстанның сақтандыру нарығының деңгейін
халықаралық деңгейге жоғарылату, брокерлері мен агенттерінің қызметтерін
тиімді пайдалану, сақтандыру саласыдағы заңдылықты қадағалау мен сақтау
сақтандыру құқығын тиімді құқықтық қатынас ретінде пайдалану мен дамытудың
негізгі міндеттерінің бірі.

2. 18.12.00 ж Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы
Заңының негізгі мәселелері
Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы Заңы
кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі
ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін
құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметін тоқтату ерекшеліктерін, өзге де
жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығындағы қызметінің талаптарын,
сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық (Ерекше бөлім)
Қылмыстық іс жүргізу нормалары
Сотталғандардың құқықтық жағдайы ұғымы
КОРПОРАТИВТІ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Шарт жасасудан негізсіз жалтаратын тарап екінші тарапқа шарт жасасудан бас тарту пайда болған залалдардың орнын толтыру
Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және құқықтық негіздері
Несие жүйесінің түсінігі
Қоғамдық бірлестіктердің жалпы сипаттамасы
Қылмыстық іc жүргізу құқығының көздері
Экономикалық категория ретінде сақтандыру
Пәндер