Әлеуметтану ғылымының даму тарихы
1.Әлеуметтану әлеуметтік.гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.
2. Әлеуметтану тарихыныңнегізгі бағыттары.
3 ХХ ғасыр әлеуметтануы.
4) Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
5. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Әлеуметтік философия адамның өмір сүруінің түпкі себептерінің мәңгі негіздерін дара тұлғалардың әлеуметтік өзара қатынастарын анықтайтын, белгілейтін қозғаушы күшін, қайнар көзін түсіндіруде жетекші қызмет атқарады. Дүниенің философиялық ұғынылуы шындықтың теориялық танымының жоғары тұрпаты ретінде ғылыми білімнің ең дамыған ұйымдастыру түрі болып табылады. Нақ пәлсапа шеңберінде білімді талдау мен тұтастау, жалпылау, қарапайым құбылыстардан мазмұнға жету, жеке деректерден оның жалпы дүниелік мағынасын анықтау амалдары өз кемеліне жетті. Әлеуметтік өмірді ұғынуда пәлсапалық ойлауға жалпылық ғана емес, тұтастық, концептуалдық тән. Ол социологияға қарағанда жалпылығы кеңірек теориялық және тәсілнамалық негіз жасайды. Қоғамның мәнін тұтас алып көрсететін әлеуметтік философия әлеуметтануға қоғамның жеке бөлшектерін осы тұтастықпен тығыз байланыста қарауға мүмкіндік береді. Әлеуметтану жалпы заңдылықтарға сүйеніп, өзініңмәні мен обьектісіне сай нақты әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттерін сипаттайтын заңдар мен ұғымдарды зерттейді, екінші жағынан, әлеуметтану қоғамдық өмірге нақты талдау жасап беріп, әлеуметтік философияның ғылыми ұғымдары мен пәндік мазмұнын байытуға мүмкіндік туғызады. Ақиқат өмірімен, тәжірібемен, оның байланыстарын кеңейту мен тереңдету арқылы қағидаларын дәлелдеп және нақтылап береді. Бірақ, бір-бірімен тығыз байланысы мен өзара енуі олардың өздері ғана айналысатын мәселелерін ауыстырмаса керек. Жалпы социология қоғамды тұтас алып, бірыңғай жүйе ретінде өзгеше және бөлінбейтін , бүтін организм деп қарайды. Ал жеке гуманитарлық пәндер қоғамның бір саласын – экономиканы, құқықты, тарихты, психологияны, дінді,саяси жүйені зерттейді. Тарих өз дамуы мен білімі арқылы социологияның қалыптасуын қамтамасыз етті. Тарихты жинайтын әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты мағлұматтар жалпы социологиялық заңдарды ашуға мүмкіндік туғызады. Бірақ бұл заңдардың тұжырымын табиғи ғылымның өзі емес, социология ғылымы жасайды. Жалпы әлеуметтану тарихы көрсеткен әлеуметтік құбылыстың белгілі түрінің жалпы қасиеттерін анықтап береді. Егерде тарихи деректермен оқиғаларды суреттесе, социология ұғымдарға сүйеніп жалпылайды және тұжырымдайды. Ал оны тарих өз пәнін тереңдеп көрсетуге қайтадан пайдаланады.Экономикалық ғылымдар қоғамдағы өмірге қажетті материалдық құралдарды өндіру мен айырбастау, бөлу мен тұтыну саласына байланысты заңдарды зерттейді. Экономика пәні адамдардың өндірістік қатынастары мен оның негізінде қалыптасатын экономикалық қызметтердің түрін зерттейді. Бұл қоғамдық қатынастардың айқындаушысы болғанымен, бір түрі ғана. Ал социология тұтастық туралы экономикаға қарағанда ауқымдылау білім беретіндіктен, экономикалық ғылымдар оған сүйенуге тиіс.
1)А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
2) Ш.Қ.Қарабаев, Әлеуметтану негіздері, Алматы, 2007

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Әлеуметтану ғылымының даму тарихы.
Орындаған: Қыдырбаева С.І.
Тексерген: Мамырбеков А.М
Топ: Қ-509
Семей 2015 жыл
1.Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.
Әлеуметтік философия адамның өмір сүруінің түпкі себептерінің мәңгі негіздерін дара тұлғалардың әлеуметтік өзара қатынастарын анықтайтын, белгілейтін қозғаушы күшін, қайнар көзін түсіндіруде жетекші қызмет атқарады. Дүниенің философиялық ұғынылуы шындықтың теориялық танымының жоғары тұрпаты ретінде ғылыми білімнің ең дамыған ұйымдастыру түрі болып табылады. Нақ пәлсапа шеңберінде білімді талдау мен тұтастау, жалпылау, қарапайым құбылыстардан мазмұнға жету, жеке деректерден оның жалпы дүниелік мағынасын анықтау амалдары өз кемеліне жетті. Әлеуметтік өмірді ұғынуда пәлсапалық ойлауға жалпылық ғана емес, тұтастық, концептуалдық тән. Ол социологияға қарағанда жалпылығы кеңірек теориялық және тәсілнамалық негіз жасайды. Қоғамның мәнін тұтас алып көрсететін әлеуметтік философия әлеуметтануға қоғамның жеке бөлшектерін осы тұтастықпен тығыз байланыста қарауға мүмкіндік береді. Әлеуметтану жалпы заңдылықтарға сүйеніп, өзініңмәні мен обьектісіне сай нақты әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттерін сипаттайтын заңдар мен ұғымдарды зерттейді, екінші жағынан, әлеуметтану қоғамдық өмірге нақты талдау жасап беріп, әлеуметтік философияның ғылыми ұғымдары мен пәндік мазмұнын байытуға мүмкіндік туғызады. Ақиқат өмірімен, тәжірібемен, оның байланыстарын кеңейту мен тереңдету арқылы қағидаларын дәлелдеп және нақтылап береді. Бірақ, бір-бірімен тығыз байланысы мен өзара енуі олардың өздері ғана айналысатын мәселелерін ауыстырмаса керек. Жалпы социология қоғамды тұтас алып, бірыңғай жүйе ретінде өзгеше және бөлінбейтін , бүтін организм деп қарайды. Ал жеке гуманитарлық пәндер қоғамның бір саласын - экономиканы, құқықты, тарихты, психологияны, дінді,саяси жүйені зерттейді. Тарих өз дамуы мен білімі арқылы социологияның қалыптасуын қамтамасыз етті. Тарихты жинайтын әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен қоғамның даму кезеңдері туралы нақты мағлұматтар жалпы социологиялық заңдарды ашуға мүмкіндік туғызады. Бірақ бұл заңдардың тұжырымын табиғи ғылымның өзі емес, социология ғылымы жасайды. Жалпы әлеуметтану тарихы көрсеткен әлеуметтік құбылыстың белгілі түрінің жалпы қасиеттерін анықтап береді. Егерде тарихи деректермен оқиғаларды суреттесе, социология ұғымдарға сүйеніп жалпылайды және тұжырымдайды. Ал оны тарих өз пәнін тереңдеп көрсетуге қайтадан пайдаланады.Экономикалық ғылымдар қоғамдағы өмірге қажетті материалдық құралдарды өндіру мен айырбастау, бөлу мен тұтыну саласына байланысты заңдарды зерттейді. Экономика пәні адамдардың өндірістік қатынастары мен оның негізінде қалыптасатын экономикалық қызметтердің түрін зерттейді. Бұл қоғамдық қатынастардың айқындаушысы болғанымен, бір түрі ғана. Ал социология тұтастық туралы экономикаға қарағанда ауқымдылау білім беретіндіктен, экономикалық ғылымдар оған сүйенуге тиіс. Олар өндірістік дамуды дара адамның әлеуметтік дамуымен ұштастыруға жете көңіл бөле алмайды. Әлеуметтану экономиканың ұйымдық, техникалық, басқару т.с.с мақсаттарды шешудегі қызметкерлердің мінез-құлқын талдайды. Адамның білімінің, еркінің, уәждерінің, дәлелдерінің, ықыласының және олардың еңбек өнімділігін арттыруына, өнімнің сапасына, халық шаруашылығының әлеуметтік тиімділігін жоғарылатуға олардың жасайтын ықпалын көрсетіп, социология экономика ғылымдарына өз көмегін тигізеді. Яғни, адамсыз өндірістің болмайтынына баса назар аударады. Өз кезегінде, әрине социология да өзінің жеке әлеуметтік құбылыстарды зерттеулерінде экономика ашқан заңдарды қолдануы тиіс. Саяси ғылымдар саясатты қоғамдық үдерістер, қатынастар мен институттардың жиынтығы ретінде алып қарайды. Осылар арқылы дау-дамайлы жағдайлар мен қоғамдық мүдделерді саналы түрде реттейді және әлеуметтік қауымның жалпы істері мен тіршілік әрекеттеріне қатысты шешімдері қабылданады және жүзеге асады. Яғни, 1) әлеуметтік қауымдар, әлеуметтік ұйымдар мен институттар саясаттың маңызды субъектісі мен объектісі болады. 2)Саяси қызмет жеке адам мен оның қауымдарының негізгі тіршілік әрекетінің тұрпатының бірі болып қаралды. 3) Саясат кең, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласында көрінеді, әрі қоғамның дамуын тұтас алғанда көп жағынан айқындайды. Жоғарыда айтылғанның бәрі саясаттану мен әлеуметтанудың тығыз байлныста екенін, өзара ықпал ететінін көрсетеді. Саясаттану саяси билікті ұйымдастыру құрылымын жалпы қоғамның даму заңдарының аясында қарайды. Ал әлеуметтану билікті,саяси қатынастар мен саяси құрылымды, әлеуметтік қатынастар мен әлеуметтік құрылымның бейнесі ретінде зерттейді. Әлеуметтану қоғаммен тығыз байланысты. Қоғам жоқ жерде адам, адам жоқ жерде қоғамда болмайды. Адамның қоғамдағы рөлі жоғары.
Мысалы: Робинзон Крузо елсіз аралда жалғыз өзі қалды. Жануардан қасында жалғыз ешкісі болды. Робинзон Крузо белгілі бір қоғамда өмір сүрді ме? Жоқ. Қоғам екі немесе одан да көп адамның қарым- қатынасынан пайда болады. Сол секілді Робинзон Крузо да Жұма атты досын кездестірмес бұрын ол аралда жеке бір қоғамда өмір сүрді деп айта алмаймыз.
2. Әлеуметтану тарихыныңнегізгі бағыттары.
Қоғам, қоғамдық өмірдің болғанын біз антикалық философиядан, біздің жыл санауымыздан бұрынғы IY ғасырда өмір сүрген гректің ұлы ойшылдары Платонның, Заңдар, Мемлекет туралы еңбектері мен Аристотельдің Саясат, т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.Қоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болып.Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.
1-кезең. Әлеуметтану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20 - 30 - жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болады. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығады, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
2- кезең. Қолданбалы әлеуметтану XX ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды., әлеуметтану эксперементальды (практикалық ) ғылымға айналды.Оның әртүрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кенінен қолдана бастады.
3- кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлекуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттік сайлаулардың қарсанында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырады.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
Әлеуметтану тарихына үңілсек, бұдан мыңдаған жылдар бұрын грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, т.б. әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанынбайқаймыз.Әлеуметтану XIX ғасырдың 30 -40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798 - 1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.Жалпы, О. Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл - сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О. Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл - ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданады.
Мысалы: Егерде мен Айгүл атты досыма қаржылық қиындықтарын шешуге көмектессем, ал ол Маған жаны жаннатта болғыр ата-бабам көмектесті десе, немесе менің мысығым жануарға тән аурумен ауырып, мен оны дәрігіерге қартпай, соңында мысығым сол аурудан көз жұмса, ал мен мысығымның тағдыры солай жазылғаны да деп отыра берсем, бұл теологиялық сатыға жатады.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялық ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі - ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.
Мысалға: адам ағашқа немесе баспаға мінбекші болғанда оның өзін көтере алу алмауын бақылайды.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.
Мысалы: жанағы адам ағашқа немесе баспаға шықпас бұрын одан құлап қаламынба, жараланып қаламынба деп ойлай бастайды. Бұл кезеңде адамның абстрактілі ойлауы артып, барлығын өз бақылауында ұстайды.
О. Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер - бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида - ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік білім жеңілірек, тезірек болады. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде позитивтік әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық факторларға сүйенеді.О. Конттың ой - пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820 - 1903 ж.ж.) болды. Оның көзқарасына қысқаша тоқталсақ, Г. Спенсердің әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой - пікір, идея Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.
1) Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
2) Әлеуметтік эволюция идеясы.
Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биологиялық заңдар тән. Ч. Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г. Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г. Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшіліктер туралы ой - пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керсінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г. Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты. Г. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндеу көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болады.
Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу,кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Г.Спенсер әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді.
Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі - Эмиль Дюркгейм (1858 - 1917 ж. ж.). Қазіргі әлеуметтану көбіне Э. Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударады. Ал, бұл методология социологизм деп аталады. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланысты өмір сүреді. Қоғам - ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметтанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналу үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық материалдардың негізінде Э. Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді. Макс Вебер (1864 - 1920 ж.ж.) - батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М. Вебердің ой - тұжырымдарымен көп санасады. М. Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс - әрекетін, қимылын түсіну, ұғыну теориясын қалыптастырады.
Мысалы: Мен оқуға не мақсатта түстім?Немесе маған оқуға қандай қажеттіік итермеледі?
Сұрақтың жауабы мынада. Мен оқуды жарқын болашаққа нық қадам жасау үшін оқып жүрмін. Ал ол үшін маған білікті маман атану қажет. Білікті маман атану үшін оқу керек. Бұның барлығы қажеттіліктен туындап отыр. Егерде мен оқымасам, белгілі бір жетістікке жете алмайтындығымды білемін. Онда жарқын болашақ туралы сөз қозғаудың қажеті де жоқ.
М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік - тарихи құбылыстарының субъективтік жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс - әрекетінде, қызметінде оның мұң - мұқтажын, талап - тілегін, қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объективтілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті - адамдардың іс - әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады. М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы түсіну, ұғыну теориясы деп аталады. Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методолгиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырады. Бұл оның идеалды типтері әдісінде жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип Ол зерттелетің маңызды құбылыстарды адамның ой - пікірі мен идеализациясы негізінде жасалады.Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой - пікірінің жемісінің теориялық құрылымы Идеалды тип зерттеушілірінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне - кестесі. Идеалды типтік құрылымдар - бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, капитализм, экономикалық адам, дін, христиандық, т.б. М. Вебер әлеуметтік стратификация теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси және статус, престиж өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
3 ХХ ғасыр әлеуметтануы.
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіледі,оларнегізінен қолданбалық сипатта өтеді, яғни әлеуметтік тапсырыспен жүзеге асады және адамдардың өмір тіршілігі үрдісінде пайда болған әлеуметтік проблемаларды шешуді ойластырады. Іргелі әлеуметтанулық зерттеулермен әдетте, университет ғалымдары шұғылданады, ал бірқатар елдерде ғылыми зерттеу институттары айналысады. Әлеуметтанушылардың мұндай еңбектерінің мамандануы зерттеулерді жүргізуге әлеуметтік тапсырыстардың пайда болуымен кеңінен тарауына байланысты АҚШ-та ХХ ғасырдың 30-жылдарында пайда болған. Қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулер көптеген елдердегі әлеуметтанушылардың қызметінің басым түрі болды. Алайда 80-жылдары Батыс Еуропада, әсіресе АҚШ-та әлеуметтанушыларды бір-бірінен әлеуметтанудың объектісі мен пәнін талдау тұрғысынан, ғылым ретінде әлеуметтанудың әдістерін түсіндірумен ерекшеленген әлеуметтанудың бағыттарын ықпалдасу үрдісімен байланысты әлеуметтану теорияларын дамыту проблемаларын дайындау қызықтырды. Өздері жасаған зерттеу дәстүрінің шеңберінде жұмыс істеуші әлеуметтанушылардың тобын әлеуметтанудағы кең мағынадағы қайсібір мектеп ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтанудағы тар мағынадағы мектеп дегеніміз ортақ дәстүрі бар және сәйкес институттың формасы бар зерттеу тобын айтамыз. Эмпириялық әлеуметтанудың Чикаго мектебінде ертеректе қалыптасқан зерттеу қызметінің дәстүрі орныққан және сол елдің, кейін бүкіл дүниежүзі әлеуметтанушыларының қызметіне үлкен ықпал еткен ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген университеттің ерекшелікті бөлімі іспетті болады.
ХХ-ғасырдың әлеуметтануы 20-30 жылдардан бастап 2000 жылға дейінгі уақытты қамтиды, яғни қоғамның дамыған индустриализм дәуіріне аяқ басқан кезеңінен басталады. Сонымен қатар осы уақыттан бастап әлеуметтанудың теориялық және әдістемелік табыстары олардың одан әрі даму процесінде өздерінің өзектілігін жоймады. 20-30 жылдар тоғысында қазіргі әлеуметтанудың қарқынды дамуының маңызды кезеңдерінің бірі басталды. Атап айтқанда, эмпириялық әлеуметтанудың әдістері мен техникалары, өлшем реттері мен сандық эквиваленттері жасақталды. 50-жылдардан бастап, қысқа мерзім ішінде қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен процестерге жауап беретін әлеуметтану теориясында үлкен эволюция болды. Әлеуметтану ғылымында әр түрлі ілімдер дүниеге келді, оның бірін позитивтік-сциентикалық теориялар толтырса, екіншілерін позитивтік танымға балама тенденцияны көрсететін сапалы стиль ілімдері байытты. Олардың арасында қиыстырылған және аралас түсіндірме шеңберінде синтез орын алған. Теориялық-методологиялық көп пікірлік батыс әлеуметтануында әр түрлі бағыттардың қалыптасуына себепші болды, олардың әрқайсысы әлеуметтанудың пәні жөнінде өз мағлұматын берді және керекті мәлімет пен нәтиже алу үшін қолданылатын зерттеу әдістерін жасақтады. Әлеуметтанудың даму кезеңдеріне сәйкес сол кезеңдерді сипаттайтын және кеңінен танымал болған бағыттар қалыптасты, атап айтқанда, эмпиризм бағыты (20-40 жж); теориялық-әдістемелік құрылымдарды күшейту бағыты (40 ж екінші жартысы-60 ж); теориялық пен эмпириялық зерттеулерді біріктіру, теорияны жаңа деңгейге көтеріп, әлеуметтану дамуында түбірлі жаңа тенденцияларды табуға ұмтылған бағыт (қазіргі кезең 1970-2000 жж). Теориялық-методологиялық көп пікірлік жағдай сонымен қатар әлеуметтанушылардың кәсіби қызметінің ұлғаюымен қабаттаса жүрді және әлеуметтану зерттеулерінде жаңа тұрғыдағы әдістер мен техникалар көптеп пайда болды. Осы тұрғыдан қарағанда ХХ ғасырдағы негізгі әлеуметтанымдық тенденциялардың бірі- ол эмпириялық әлеуметтанудың дамуы болып табылады. Бұл тенденцияның мәні- нақтылы әлеуметтік фактілерді жинауға және талдауға байланысты сауалнама, әлеуметтанымдық байқаулар, тәжірибелер жасау сияқты арнаулы әдістерді арнайы зерттеулерде қолдану. Мұндай зерттеулер 20-30 жылдарда әуелі АҚШ-та, содан кейін басқа да елдерде белсенді түрде жүргізіле бастады. Экономикалық жағынан дамып, тез әлеуметтік прогреске бағыт алған қоғам көптеген нақтылы проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін эмпириялық әлеуметтанымның жетістіктеріне көңіл бөлуден бас тарта алмады. Қоғамдық өмірдің нақтылы проблемалары жөніндегі әлеуметтанушылардың еңбектері қоғамның да және ғылым ретінде әлеуметтанудың да ашылғалы тұрған мүмкіндіктерін жаңа қырынан көрсетіп отырды. Сонымен бірге ХХ ғасырдың басында жүргізілген эмпириялық зерттеулер көп ретте жетілмеген, бытыраңқы болды, оларды дайындау мен өткізудің жасақталған методологиясы мен әдістемесінің болмағандығы да рас. Сол кездегі қалыптасқан әлеуметтанымдық теориялар мұндай зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бере алмады, себебі олар кең көлемдегі тарихи-эволюциялық схема сипатында ғана болған еді. Ал бұларды шағын деңгейде тексеру шын мәнінде мүмкін болмады. Дегенмен де, эмпириялық тенденцияның дамуына кедергі жасауға болмайтын еді. Ал, мұның негізгі себебі- әлеуметтану принципті түрде басқа қызметке- өндіріс аясына шығып, сол саланы да қамтитын ғылымға айналды. Ірі өнеркәсіптік әлеуметтанудың іргетасы қаланды. АҚШ оның орталығына айналды. Басқа елдермен салыстырғанда әлеуметтану зерттеулерінің көбірек дамыған елі - АҚШ болды. Егер де ХIХ ғасырда әлеуметтанымдық ойдың орталығы Батыс Еуропа болды десек, ал ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап дүниежүзілік әлеуметтанудың орталығы АҚШ-қа ауысты. Ғылымтану ілімінің тұрғысынан қарастырсақ, кез келген ғылымның пайда болып, аяғынан нық басып кетуі ең алдымен оның ішкі және сыртқы институттандырылуына, яғни әлеуметтік институттардың барлық қасиеттеріне ие болуына байланысты. Бұл процесте әрқайсысы дәйекті түрде институттандыру ісін тереңдететін бірнеше сәттерді атап көрсетуге болады:1). Белгілі бір ғылым саласы бойынша маманданатын ғалымдардың сана-сезімінің қалыптасуы, яғни ғалымдар бұл тұрғыдағы зерттеу жұмысында өзінің ерекше объектісі мен ерекше әдістері барлығын түсінеді. 2). Арнаулы мерзімдік басылымдардың болуы.
3). Ғылыми пәндердің мәліметтерін түрлі оқу орындарының оқу жоспарларына енгізу.
4). Сөз болып отырған білім салалары бойынша арнаулы оқу орындарын ашу.
5). Осы білім пәндері бойынша жұмыс жасайтын ғылымдар бірлестігінің ұйымдық түрлерін, яғни ұлттық және халықаралық ассоциациялар құру. Мінеки, бұл аталған процесс сатыларын әлеуметтану ғылымы Еуропа елдері мен АҚШ-та ХIХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап бастан өткерді. АҚШ-тағы әлеуметтанудың біркелкі жақсы дамуына бір-бірімен байланысқан екі жағдай:
1). Жоғарыда келтірілген институттандырудың бес сатысынан АҚШ-тағы әлеуметтанудың тез өтуі;
2). Нақтылы, эмпириялық әлеуметтік зерттеулердің үлкен аумағының болу жағдайлары шешуші ықпалын тигізді.
Бұл елдегі әлеуметтану әуел бастан-ақ беделдіуниверситеттік ғылым ретінде қалыптаса бастады. 1901 жылы әлеуметтану оқу курсы ретінде 169 университет пен колледждерде оқытылды, ал 80-жылдардың аяғында бұлардың саны 250-ге жетті. АҚШ-тағы әлеуметтану әуел бастан қолданбалы эмпириялық ғылым ретінде орнықты. 1910 жылдың өзінде бұл елде 3 мыңнан аса эмпириялық зерттеулр жүргізілсе, ал қазір бұл көрсеткіш екі еседен асты. ХХ ғасырдың басынан бастап ірі өнеркәсіптік әлеуметтану АҚШ-та да пайда бола бастады. Бұл елдегі өнеркәсіптік әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі - американ әлеуметтанушысы және психологы Элтон Мэйо (1880-1949). Оның тәжірибесі Чикаго маңында орналасқан қаланың атына байланысты Хоторн эксперименті деп аталады. Мэйо өзінің тәжірибелік зерттеулерін 1927-1932 жылдарда сол қала маңындағы Вестерн Электрик Компани кәсіпорнында жүргізді. Мэйо экспериментіне дейін сол кездердегі өндіріс саласында Фредфик Тэйлор тұжырымдамасы үстемдік етті. Ол өндірісті тыңғылықты саралап, өндіріс жеткілікті тиімді емес деген тұжырымға келді. Тұтас алғанда әлеуметтану ғылымы елеулі табыстарға жетіп, жаңа белестерге көтерілуде. Бұл ғылымның беделі артып, ғылым мен пән ретінде жоғары оқу орындарында берілетін кәсіби мамандық санатында біржола орнығуда. Оның беделі дүниежүзілік көлемде де өсіп, халықаралық әлеуметтанымдық конгрестер жиі ұйымдастырылатын болды. Халықаралық әлеуметтанымдық ассоциация өз қызметін белсендендіре түсті.
4) Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
Қоғам деген ұғым әлеуметтану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz