Тіршілік аясы және оның ластануын алдын алу


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
I-Тарау Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануын бақылау жүйесі.
- Аймақтың табиғат райы және әлеуметтік - экономикалық ерекшеліктері мен оның тазалығын сақтау
II-Тарау. Тіршілік аясы және оның ластануын алдын алу.
2. 1 Табиғат қорларын пайдалану.
2. 2 Ауаның ластануы.
2. 3 Судың ластануы
2. 4 Су көздері. 1-кесте
2. 5 Жердің ластануы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды.
Биосфера - түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты - үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар, онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.
Табиғи орта миллиардтаған жылдарғы даму барысында қалыптасқан өте күрделі құрылымды жүйе. Оның құрылымды бөліктеріне ұсақ организмдер, саңырау құлақтар, өсімдіктер, жан-жануарлар, адамзат, топырақ, қызу, жарық, басқа ғаламшарлар, жұлдыздар, түрлі тартулы күштері, магнитпен электр өрістері жатады.
Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы, яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады.
Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. Әрине, ол заттардың үнемі қозғалыста болып, бір орыннан екінші орынға жылжып отыруы табиғи жайт. Алайда адам қатысында бұл қозғалыс шапшаң түрде өтетін болады. Аз уақыт ішінде заттар мен атомдар бір жерде азайып, екінші жерде күрт көбейе түседі. Заттардың бірі тарыдай шашылып кетіп, екіншісі шоғырлана бастайды. Мысалы: адам кеніштердегі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан қандайда қазбаны аз жылдың ішінде-ақ әлде бір затқа айналдырып, жер жүзіне таратып жібереді. Немесе ол кенді өңдеп, пайдаға жаратамын деп жүріп сол өңдеген жердің маңайына ауасын, суын, табиғатында екінші бір заттардың шоғырлануын туғызады. Бұған қоса адам өте көп мөлшерде түрлі жанғыш заттар бөлінетін күш-қуаттарын пайдаланады. Оларды тіршілік аясының әр тұсына немесе одан тыс жерлерге жинақтап, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын тудырады.
Ал осның бәрі адамның ішіп - жеуге байланысты қажеттіліктерін ғанғ емес, бірінші кезекте күннен күнге еселей өсіп бара жатқан әлеуметтік тұтыныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Ғаламшардың тіршіліктік қорлары мен көздері адамның тамақ ішіп тірі жүруі, өмір сүруі үшін қажет болса, жер қойнауындағы кендер мен қуат қорлары адамның, қоғамның алуан түрлі тауарлық өндірістерінің көзі болып отыр.
Қоршаған ортаның ластануы.
Соңғы елу жылдағы ғылыми-техникалық төңкеріс ықпалымен өндіріс технологиялардың күрт дамуына орай бірнеше жүздеген мың жаңа химиялық, табиғатта бұрын болмаған, өз бетінше тумаған жасанды заттар шығарылып, жан-жақты қолданылу үстінде.
Қоршаған ортадағы улы заттар үлесінің тынымсыз артып отыруы ең әуелі адамның өзіне ауыр, денсаулығына жүк болады. Мұнан соң ауыл шаруашылығы өнімдері мен дақылдарының сапасын аздырып, түсімділігін төмендетеді. Ормандар мен су қоймаларының қуатын әлсіретіп, құнарлығы төмен жаңа жерлерді айналысқа түсіру қажеттілігін туғызып, оларды өңдеуге кететін шығын мөлшері артады.
Өзендер мен көлдерге мұнай және оның түрлі өкілдері органикалық улы заттар құйылады. Мұның бәрі де біз өмір сүріп отырған ортаның тазалығын төмендетіп, адам денсаулығына қауіп төндіреді. Сндай-ақ былғанған ауа мен судың, ластанған топырақтың мұндай кері әсерлері бүгінгі күнмен бітпейді. Олар кен қазу жұмыстары тоқтағаннан кейінде, ұзақ уақыт бойы сақтала береді.
Табиғатты сақтаудың экологиялық тұрғысы адамның жер үстінде, қазір де, болашақта да қайғы-мұңсыз, аман-есен жайлы өмір сүруін тікелей қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Бұл үшін өсімдік пен жан-жануарлар дүниелерінің жойылып кетпей, табиғатпен тұтаса өмір сүруіннің негізгі сақталуы шарт. Халықтар санының артып, өсімдік жамылған жер қыртысының азаюы және көптеген кен байлықтары қорының шектеулі болуы бұл мәселені айрықша назарда ұстауды талап етеді. Бұл үшін адам тұрғылықты даму тұжырымын сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де мойндап, оны тікелей ұстануы, айналасындағылырды осыған көндіре білуі қажет.
Техника-экономика тұрғыда өндірісті жүргізудің ұтымды технологиялары мен құралдарын дұрыс талдап, табиғатты сақтау шараларын жүзеге асырудың арзан және пәрменді жолдарын табуды талап ету.
I-Тарау Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануын бақылау жүйесі.
- Аймақтың табиғат райы және әлеуметтік - экономикалық ерекшеліктері мен оның тазалығын сақтау
Географиялық орналасуы. Алматы облысы республикасының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Жер аумағы 224, 0 мың км^2, яғни еліміздің 8, 2% бөлігін иеленген облыс жерінің мөлшері бірқатар шетел мемлекеттерінің мәлелен Болгарияның ( 110, 9 мың км^2), Албанияның (28, 7 мың км^2), Гецияның (131, 9), Белгияның (30, 5), Испанияның (102, 2) және т. б. аумағынан әлденеше асып түседі. Халқының саны 1558 мың, оның 440 мыңы қалада, 1118 мыңы ауылда тұрады. Батысында - Жамбыл, Солтүстігінде Балқаш көлі арқылы - Қарағанды, Солтүстік Шығысында - Шығыс Қазақстан, Шығысында ҚХР-мен, Оңтүстігінде - Қырғыз Республикасымен шектеседі. Орталығы - Талдықорған қаласы облыс құрамына 16 әкімшілік - аумақтық бөлініс - Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Еркелді, Жамбыл, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Жаркент, Раймбек, Сарқант, Талғар, Ұйғыр, Іле, Қапшағай, Талдықорған, Текелі аймақтары енеді.
Табиғатының шекарасы. Алматы облысының аумағы сотүстігінде Балқаш қаласы арқылы Сарыарқаның оңтүстік сілемдерімен, солтүстік-шығысында Тарбағатай жотасымен, барлық мойлы тауларымен, Шығысында Жетісу қақпасы, Борохоро Боротола жоталары арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь - Шаньның Кетпен жотасымен және күнгей Алатауымен, оңтүстік Іле, Теріскей Алатауларымен және оңтүстік батысында Шу-іле тауларының Жетіжол және кіндіктас тауларымен батысында Жусандала үстірті арқылы Шу, Іле тауларының Айтау т. б. аласа тау аңғарларымен шектеседі. Солтүстік-батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың Қиыршыңтасты шөлді шөлейтті өңіріне ұласады.
Жетісудың кең аумағы және тауларының биіктігі әр түрлі болуы оның климаты мен ландшафтарының да түрліше қалыптасуына ықпал етті.
Өзендері: Балқаш - Алакөл тұйық алабында жатыр дегенмен жер беті ағын облыс аумағында 800-ден астам өзендер мен су аңғарлары бар. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайлы, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйек. ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Жалаңаш көл, Сасық көл, Ұялы, Қошқар көл, Көлсай, Үлкен Алматы көлі, Іле өзені бойында Қапшағай бөгені және СЭС-ы салынған. Мұнан басқа Бартоғай, Күрті бөгендері бар. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі.
Топырағы мен өсімдік дүниесі. Облыстық топырақ және өсімдік жамылғылары тік белдемдікке байланысты қалыптасқан. жазық бөлігінде шөлдіңде, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгік, сораң, сексеуіл көктемде эфемир өсімдіктері басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлер астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі, боө далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал оданда жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы өседі. Биік тау альпілік шалғынын өлең шөп, алтай қоға жайы, тастесер т. б. өсімдіктер басым. Бұл өңір облыс малшыларының жазғы жайлауы.
Жануарлар дүниесі. Жазық жерінде қара құйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т. б. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлан, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т. б. мекендейді.
Экономикасы. Алматы облысының экономикасы көп салалы өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. өнеркәсіпте электр қуаты (1997 ж. өнеркәсіп өнімдегі үлесі 39, 9 %), машина жасау және темір өңдеу (6, 5 %), құрылыс материалдары (6, 2 %), тамақ өнекәсібі (38, 2 %) ұн, жарма және құрама жем (5, 5 %) салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, қыш-кәрлен өндірістері қалыптасқан. 1991-1997 ж өнеркәсіп өнімі 2, 6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкеніс бақша, жеміс жидек және жүзім шаруашылықтары айрықша дамыды. Одан тыс мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал, сүт, қымыз өндірістік шаруашылықтары қатар дамыған. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы т. б. құрал жабдықтар алынды.
Кен байлықтары. Облыс аумағында жанғыш және полиметал кендерінің қоры мол. Жетісу Алатауында Тентек, Текелі, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе, Кетпен жотасының оңтүстік баурайында тұйық полиметалкендері игеріле бастады. Іленің атырауында -марганец, Буғыты тауында вольфрам кендері барланған. Мыс кені Сарыөзек кентінен солтүстікке қарай Быжы өзен жағалауында кездеседі. Радиобелсенді кендер Ойқарағай шатқалында орналасқан. Сирек металл қоры облыстың орталық аумағында шоғырланған. Соңғы кезде облыстың солтүстігінде Семізбұғы тауы етегінде де алтынның қоры барланды.
Жанғыш кен орындарына болыс аумағында тас көмір қордасы жатады. Олар Көлжат аумағында маңындағы ойқарағай қоңыр көмірі және Жетісу қақпасы маңындағы тас көмір кен орындары.
II-Тарау. Тіршілік аясы және оның ластануын алдын алу.
2. 1 Табиғат қорларын пайдалану.
Біз тіршілік аяларын ластаушы зиянды, улы деп бағалып жүрген заттардың бәрі де адам өмірі үшін аса қажет табиғат қорларына жатады. Бар кінәрат олардың жатқан жерінен жылжып кетуінде, тиісті орнында тұрмауында және әуелгі енжар, бей әрекетті қалпынан белсенді күйге ауысуында ғана. Күкір, сынап, қорғасын тіпті радиобелсенді элементтер де өз кеніштерінде жатқанда ешқандай зиян келтірмейді. Ал оларды жылы орнынан қозған, қазып алып, толық пайдаланбаса, онда қалған бөлігінің бәрі өндіріс және тұтыныс қалдығы аталып, қоршаған ортаны былғаушы, уландырушы затқа айналады. Дегенмен адам табиғат қорларын пайдаланбай және олардың саны мен сапасына әсер етпей, яғни өзін қоршаған ортаға өзгеріс енгізбей тұра алмайды. Бұл адам әрекетімен, оның өмірімен байланысты. өзгерістерді адам арқылы болатын өзгерістерді адам әрекеті дейді.
Тіршілік мәдениеттің тұтыныстарын қанағаттандыру мақсатында қоғамның табиғат қорларын пайдалану әрекеті табиғатты пайдалану деп аталады. Ол ұтымды және асырапты болуы мүмкін. Табиғатты ұтымды пайдалануға оны әуелі зерттеп-зерделеу, құнттап, ұқыпты пайдалану, оны қорғап сақтау және көбейту, пайдаланған кезде бүгінгі күннің қажетімен ғана шектеліп қоймай, алыс болашақ қажеттерін де ескеру жайлары жатады. Ысырапшылдықпен пайдалану табиғат қорларының азып тозуына, таусылып-тітуіне, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына, қошаған оратның былғануына, ластануына алып келеді.
Табиғат қорлары дегеніміз - адамның өмір сүріп, тіршілігін сақтауы үшін қоланатын табиғат тәні мен күштері. Оларға күн сәлесі, су, ауа, топырақ, өсімдік пен жан-жануарлар, кендер және барлық адам қолымен жасалмаған жаратынды дүние заттары жатады. Адам бұларсыз өмір сүріп, қандац да әрекет қыла алмайды және оларды:
- тікелей тұтыну нәрселері (ауызсу, ауадағы оттек, жеуге жарайтын және дәрілік жабайы өсімдіктер, балық т. б. ) .
- Қауымдық шаруашылыққа қажет еңбек құралдары ( жер, су жолдары т. б. ) .
- Барлық бұйымдар мен өнімдер жасалатын қаражаттар (тұздар, ағаштар, метал өнімдері т. б. )
- Қуат көздері су қуаты, жел қуаты, отын қорлары ретінде пайдаланады. Мұнан басқа табиғат қорлары демалу, тынығу, тоқалу, күшею үшін және басқа да мақсаттарда қолданылады.
Табиғат қорлары қолданысына қарай - өндіргіштік, денсаулықтық, әсемдік, ғылыми т. б. топтарға, табиғаттың қандай да құрауыштарының біріне жататындығына қарай - жерлік, сулық, тұздық, жан-жануарлар мен өсімдік топтарға, алмасу мүмкіндігіне қарай - алмастыруға болатын және алмастыруға болмайтын, таусылу мүмкіндігіне қарай - таусылатынға және таусылмайтынға жіктеуге болады. Ал таусылатыны - қайтіп қалпына келетін және келмейтінге бөледі.
Қайтіп қалпына келетін қорлар: Жануарлар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, топырақ құнарлығы.
Қайтіп қалпына келмейтін қорлар: жайылу кеңістігі, өзендер қуаты, пайдалы қазбалар.
Мұндағы қалпына келмейді деп отырғанымыз тіпті қалпына келмейтін немесе қалпына келу құбылысы оның адамның пайдаланып-тіресуіне қарағанда әлдеқайда баяу жүретін қорлар.
Топырақ пен орман салыстырмалы түрде өз бетінше қалпына келетін қорға жатады және бұл жайда жүздеген жылдарға созылуы мүмкін. Бүгінде әрбір кішігірім деген кәсіпорынның өз табиғаттан алып, тұтынатын кен байлықтарының мөлшерін барған сайын арттыра береді және оның бәрін ұшынды, төгінді қалдықтар мен күйресіндер түрінде кері қайтарып, қоршаған ортаның демалыс ырғағын бұза түседі.
Халық санының артуы мен адамдардың бір жерге, яғни қалаларға шоғырланып, өндірістік әрекеттер мен қаржы көздерінің айрықша ынсапқорлық пен жұмылдыру жайлары да экологиялық күйзелісті күшейте түсуде. өндіріс орындары ғана емес, кәдімгі қаланың өз күніне тоналған табиғат байлықтарын ішіп-жеп, соншалық мөлшерде былғанған қатты, сұйық және ұшынды қалдықтар мен зиянды заттар шығарып отырады.
Табиғатты пайдалану, негізінен, жер қойнауындағы қатты, сұйықжәне газдық кенжер мен жердің асты үстіндегі суларды пайдалану түрінде көрінеді. Бірінші жағдайда қоршаған орта бұған дейін өз орнында марғау жатқан түрлі заттардың жер үстіне шығарылып, орнымен қолданыла алмай, артылып қалып және түрлі түрленуге ұшырап, айналасындағы дүниеге әрқалай әсер етуінен зардап шегер болса, өндірістің суды пайдалану жағдайында тіршілік үшін аса қажет, кәт болып табылатын табиғаттың өзінде де жетпей жатқан суы бұрылады. Бұрылып қана қоймай түрлі заттармен былғанып, табиғатқа кері қайырылады. Осы себепті әлемде қабылданған, әр елден әр қалай қолданылып отырған ереже бойынша табиғат қорларын ысырапсыз, үнемді пайдалану қажет. Оны шексіз пайдалануға шек қойылады.
Облыста қазіргі кезде 2340 табиғат пайдаланушы тіркелген, оның ішінде 100-ы ауыл шаруашылығы мақсатында су пайдаланушыларға жатады. 2002 жылдың өзінде жаңадан 714 табиғатпайдаланушы қосылған екен. Бұл «тау соғарлар» мен «көл тауысарлар» ішінде Текелі кен байыту комбинаты ең үлкені болып саналады. Шағын саналатын Көксу кен байыту фабрикасының өзі сынақтан өту барысында 4367 тонна кенді пайдаланып, 4797 тонна қалдық шығарған және 24000 текше метр су тұтынған.
Ал Алматы қаласының «су арнасы» су пайдаланушы басты мекеме болып табылады және одан шыққан төгін су жыл бойында Сарбұлақ тоғанының көлемінен асып төгіліп тұрады. Осы сияқты «техноимпорт», «Талғар спирт», Түрген және Бесағаш өзендері суын пайдаланып, өзендерге жылына 4243 және 965, 7 тонна (1062500 текше метр) былғаныш заттар төгуге рұқсат алған. Сондай-ақ бүгінде су қорыанықталған 40 жер асты су көздері пайдаланылады.
2. 2 Ауаның ластануы.
Ауа. Әуелде жер ғаламшарының газ қабығы, яғни газды қауырсыны болмаған. Ауаның пайда болуы - жанартаулардың тынымсыз атқылап, жер кідігінен азот пен көміртектің қос тотығы шығарылуы салдарынан жүрген геологиялық, геохимиялық әрекеттесулер нәтижесі. Жер үстінде өмір іздері пайда болғанға дейінгі кезеңде ауа метан мен аммиактан және су буынан тұрған. Шамамен 1, 8 млрд. жыл бұрын бактериялардың тіршілік әрекеттері, онан соң өсімдіктердің өсуі нәтижесінде ауа құрамы өзгеріп, ондағы еркін күйдегі оттек мөлшері арта бастады. Оттек қорының артуы әуе құрамының бірте-бірте азотты оттектікке ауысуына алып келді. Сөтіп тотығу әрекеттері тән «екіншілік» ауа пайда болды.
Жердің ауа қабығының салмағы астрономиялық санмен есептелінеді және ол 5, 2*10, 15 т. Әринежер қабығының аса мол көлемі және оның газдық құраушының табиғи айналым арқасында үнемі теңгеріліп, орны толтырылып отыруы жайына байланысты әуеде ешқашан таусылмайтын болып көрінуі мүмкін. Алайда, мәселеге оның табиғаттағы бастапқы қалпы сақталып, құрамының өзгеруі тез арада сейіліп шыға келеді.
Ауа қабаты бес қабаттан тұрады. Олар тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экосфера деп аталады. Ауның негізгі (90 % дейін) бөлігі жермен жанасып тұрған және 8-18 шақырымға дейін биіктікке созылатын тропосфера қабатының аумағында тараған.
Ауа химиялық қосылыс емес, өзін құраушы газдардың жай араласып жүрген қоспасы болып табылады және оның теңіз деңгейіндегі орташа құрамы 78, 08% азоттан, 20, 95% оттектен, 0, 03% көмірқышқыл газынан, барлығы бірігіп 0, 94% құрайтын енжар газдардан, озоннан, радонна, сутектің асқын тотығынан, аммиактан және йодтан тұрады. Жер әесінің көбірегі азот пен оттектен тұруы - оның басқа ғаламшарлар әуесінен басты айырмашылығы болып табылады.
Ауа үнемі қозғалыс үстінде болады және бұл оның ең маңызды физикалық қасиеті болып табылады. Ол жерге тік және қапталдас бағыттарда қозғалады. Бұл қозғалыстардың бәрі де ауаның әр тұсындағы қызу айналыстан туады. Ау адамның және бүкіл жер үстіндегі жан-жануарлары мен өсімдіктерінің өмір сүру ортасын құрайды. Олардың ауасыз тіршілік етуі мүмкін болмас еді. Ауаның басым бөлігін құраушы азот - жер үстінде тіршіліктің пайда болып, дамуының негізі болып табылатынбасқада тіршілік туғзушы қосылыстар құрамындағы басты элемент. Сондықтан азотты қазақша өміртегі немесе тіршіліктегі деп атаса болады.
Табиғатта оттек пен азот тоқтаусыз айналымда болады және сол арқылы ауа құрамының тұрақтылығы сақталады. Барлық ағзалар, соның ішінде өсімдіктер де оттек пен демалады.
Әуедегі оттек мөлшерінің өзгерісі аса көп те емес әрі ірі өндіріс орындарының маңында болмаса, ауа құрамының айтарлықтай нашарлай жайы да тіркеле қойған жоқ. Дегенмен, бүгінгі таңда әр түрлі отындардың жануына жұмсалатын оттек шығыны, оның табиғи түрде пайда болуына әлде қайда жоғары екені және ол шығынның орны қандайда басқа жолдармен толтырылыпотырмағаны да белгілі жайт. Мысалы, есептеу бойынша әуедегі оттектің жалпы мөлшері жыл сайын 10 млрд. тоннаға азайып отырады және бір жыл ішіндегі әр түрлі отындардың жануына жұмсалатын оттек мөлшері, жарық құрау барысында түзелетін оттектің 23% құрайтыны да есептелген. Оттектің табиғат жағдайында өндірілуі мен қарқынды түрде шығындалуының тағы бір мысалы: кәдімгі реактивтік ұшақ бір құрлықтан екінші құрлыққа дейін 8 сағаттай ұша отырып, 50-75 т. оттек пайдаланады, ал осынша уақытта мұндай мөлшерді оттек шығарылуы үшін аумағы 25-50 мың гектардай орман қажет.
Қалыпты жағдайда қалыпты жағдайда әуеде әрқашан мөлшері 0, 4-1, 0% дейін ауытқып тұратын су буы және шаң мен түтін түрінде біраз мөлшерде механикалық ермелер болады. Әуеде мұндай ермелердің пайда болуының екі, яғни табиғи және жасанды көздері бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz