Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрілігінің

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті

БӨЖ-1

Тақырыбы: Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар

Орындаған: Талапқанқызы М

Тексерген: Оразалиева С. Б

Топ. ВС-203

Семей 2015

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

1. 1 Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік

1. 2 Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар

1. 3 Індетке қарсы шараларды іске асыру негіздері

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру. Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т. б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.

Ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар. Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі. Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады.

Негізгі бөлім

Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік

Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар) . Бұл аурулар ерекше «миазма» - ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді.

Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері -мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары жөндіктер мен кенелер өмір сүреді. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйелі пайда болып отыратын жөне өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы) жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл эпидемиялық процесс деп аталады. Эпидемиялық ошақ дегеніміз-инфекция көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде нақты жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті орны.

Эпидемиялык процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Жоғарыда айтқандай, ауру жұқпалы (залалданған) жануар жүқпа көзі болса, тағы бір жұкпа кезі - тасушы (бацилло - «таратушы») .

Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар

Індетке қарсы шаралар - жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.

Іңдетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипатта болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарларды иммундеу жатады.

Індетке қарсы шараларды іске асыру негіздері

Індетке қарсы шаралардың басты негізі - олардың кешенді түрде жүргізілуі. Бұл кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты біртұтас ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.

  • Екінші бір негіз - індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі. Әрбір шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке қарсы жүргізілетін дауалау және сауықтыру шараларының жоспары болуы керек. Бұл жоспар еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
  • Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі - олардың мемлекеттік сипаты. Бұл шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекеттік оргаңдардың қолдауымен іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе шектеу қою немесе алу жергілікті әкімшіліктің шешімі арқылы жүргізіледі. Індетке қарсы шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік органдары (полиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.
  • Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан сақтандыруға бағытталады. Жануарлардың жұқпалы ауруларының адамға жұғу қауіптілігін инфекцияның зоонотикалық потенциалы деп атайды. Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес шаралары медициналық мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек.

Ветеринариялық-санитариялық шаралар, мысалы, қораны мал қиынан тазарту, мал шаруашылығының қалдықтарын зарарсыздандыру және арнайы шаралар - малды ауруға тексеру мен иммундеу, барлығы да ұйымдық-шаруашылық мәселелерімен тығыз байланысты. Ауру малды бөліп алып, оқшаулау, күту, ол үшін еңбекақы төлеу, карантин мен шектеу шараларын орындау, мал өнімдерін зарарсыздандыру, т. б. аурудың шығуынан туындайтын мәселелер де шаруашылық және ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табуы керек.

Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін олардың қоздырушыларын шет елдерден шекара арқылы өткізуге жол бермеудің маңызы аса зор. Шекаралық ветеринариялық бақылау нүктелері құрлық, теңіз және өзен бойларымен өтетін мемлекеттік шекарада және халықаралық әуежайларда орналасады. Олар малды және малдан алынатын өнімдерді сыртқа немесе ішке өткізуді қадағалайды. Ветеринариялық жарғы бойынша шет елдерден тек қана сау малдарды, ал импорттық мал өнімдері мен шикізатты жұқпалы аурулардан таза территорияда өсірілген сау малдардан алынған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етіледі. Шекарадан өтетін мал бақылау нүктелерінде дәрігерлік тексеруден өтеді, карантинделінеді, қажет жағдайда дауалық шаралар (вакциналау, т. б. ) жүргізіледі.

Шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда ерекше көңіл бөлетін мәселе - экзотикалық деп аталатын аурулардың алдын алу. Ондай ауруларға біздің елде кездеспейтін шошқаның африкалық обасы, блутанг, аусылдың сирек кездесетін типтері, т. б. жатады.

Шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда көрші елдегі індеттік жағдай ескеріледі. Белгілі бір ауру бойынша шектес территория мүлдем сау болуы немесе тұрақты түрде сау болмауы, елде оқтын-оқтын ауру байқалып тұруы мүмкін. Егер ауруға қарсы сенімді вакцина болса шекара маңындағы аймақта ауруға бейім жануарлар егіліп, иммунделген қорғаныс аймағы жасалынады. Қауіп төндірген ауруға қарсы сенімді вакцина болмаса қатаң санитариялық шаралар енгізіліп, шекараға тақау аймақта ауруға бейім жануарлар толықтай жойылады немесе алып кетіледі. Жұқпалы аурулардан мемлекеттік шекара ғана қорғалып қоймай, сақтық жұмыстары облыс, аудандар арасында да қарастырылады.

Қорытынды

Қорытындылай келгенде жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі. Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады. Өйткені, малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым өрісін, азықтандыру мен су ішуін, қора-жайын тиісті талаптарға сай жолға қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады. Малды өз төлінен өсіру, мал басын толықтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі керек.

БӨЖ-2

Тақырыбы: Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың сақталуы.

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
Жануарларды тасымалдау және тасымалдаудың құны Жануарларды тасымалдайтын көліктерді дайындау Жануарларды тасымалдау алдында ветеринариялық- санитариялық бақылау жүргізу Жануарларды вагондарға арту, қабылдау кезіндегі ветеринариялық -санитариялық бақылау
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

ТМД және алыс шетелдерден келетін жануарлар «ҚР жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды импорттау кезіндегі ветеринарлық санитарлық шаралар туралы нұсқаулыққа» оқшаулау мен ветеринарлық өңдемелеу өткізіледі, бұдан соң одан әрі жүру құқы бойынша ветеринарлық куәлік беріледі. Инфекциялық жұқпалы аурулармен ауру, не күдікті жануарларды шет елдерінен енгізу, шығару және біздің ел арқылы транзиттеуге қатаң тыйым салынады. Жөнелтілетін жануарларға ветеринарлық куәлікті шаруашылықта жұмыс атқаратын ветеринарлық дәрігер жүк жөнелтушіге тапсырады. Жануарларды және құстарды вагондарға арту, мал тиеу алаңы бар белгiленген стансаларда өткізіледі. Жануарларды тиеуге арналған жалпы қолданылатын алаңдардан немесе жануарлар тиеуге арналған баспалдағы бар алаңнан артуға рұқсат етiледi . Онда тиегіштер, бүйірлік қабырғалары бар басқыштармен жабдықталып дайындалуы керек. Бірден автокөліктен артуға болмайды. Жануарлар және құстар арнаулы вагондармен, олар жетiспесе, жай жабық вагондарда тасымалданады . Артарға дейін жануарларды топтап, сұрыптайды; көлемі, салмағы, жынысы ескеріледі. Арту кезінде айқай-шу, ұрып-соғу болмауы тиіс, оны күндіз өткізген жөн, түнде толық жарық түсуі қамтылғанда артады.

Жануарларды тасымалдау және тасымалдаудың құны

Жануарларды тасымалдау жағдайында құжаттардың келесі жиынтығы болуы керек:

- ветеринарлықпаспорт;
- денсаулық жағдайы туралы анықтама (анықтама (№1 нысан) кез-келген мемлекеттік ветеринарлық клиникада беріледі) . Құжатта жасы бойынша екпелер туралы мәліметтер көрсетіледі. Иттер, мысықтар және үй күзендері ұшуға дейін бір жылдан кеш емес және бір айдан ерте емес екпеден өту керек.

Жануардың нақты түрін және жануардың тегін кіргізуге рұқсат алу туралы сұрақтарды бағыт елдің консулдығында нақтылаңыз. Жолаушыға ұшақ салонында бір уақытта жалпы салмағы 5-8 кг артық емес контейнерде екіден артық емес жануарды тасымалдауға рұқсат беріледі. Егер жануарды ұшақ салонында тасымалдау мүмкін болмаса, ол тек жабық арнайы берік және ыңғайлы торларда немесе контейнерлерде ғана әуе кемесінің жолжүк бөлімінде тасымалданады.

Тасымалдаудың құны. Жетеленетін жануарлар мен құстардың салмағы, оның ішінде контейнерлердің (торлардың) және тамағының салмағы, жолжүкті тегін тасымалдаудың нормасына кірмейді. Жануарды контейнермен бірге өлшейді, тасымалдаудың құны жалпы салмаққа байланысты болады. Жетектеуші иттер қарғы мен тұмылдырық тағылған жағдайда және иесінің жетелеуінде болу шартында ғана торсыз тегін тасымалданады.

Малдарды тасымалдау әр мал тобына арналған тиісті ресми құжаттар дайын болғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Ветеринариялық куәлікті белгіленген тәртіп пен нұсқа бойынша жергілікті малдәрігерлік орын береді. Ауданның бас мал дәрігері бұл құжатты беруге құқы бар адамдарды анықтайды. Олардың аты - жөндері бар ауылшаруашылығы департаменті бекіткен бұйрық транспорттық малдәрігерлік-санитариялық бөлімдерде және ет өңдейтін кәсіпорындарында болуға тиісті. Малдәрігерлік куәлік берілген күннен бастап 3 тәулік бойы және жөнелту орнынан құжатта көрсетілген ет өңдеу кәсіпорындарына дейінгі аралықта ғана күшін сақтайды

Өнім- көлік жолдамасы 3 дана жасалады. Құжаттың бірі- шаруашылықта, ал қалған екеуі жолбасшыға беріледі. Оның біреуі жабық конвертке салынып сыртынан мөр соғылады да, ет өңдейтін кәсіпорнына тапсырылады. Өнім-көлік жолдамасының ірі қара, жылқы, түйе туралы деректерін белгілейтін тұсына әр малдың жеке номері (белгісі), тірідей салмағы, жасы, жынысы, қоңдылығы көрсетіліп, толтырылады.

Шошқа, қой және үй қояндарының өнімдері жеке-жеке жазылмай өнім-көлік жолдамасына бір партиядағы, қоңдылық категориялары бірдей жануарлар топтап жазылады. Тасымалдайтын малдарды өлшеу, оларды азықтандырылып, суарылғаннан соң 3 сағат өткен соң ғана жүргізіледі.

Құжатқа малды қабылдап алған жолбасшының, шаруашылық басшысының және бас бухгалтердің қолдары қойылып, елтаңбасы бар мөр соғылады.

Ет кәсіпорындарына малдарды тасымалдау үшін, оларды шаруашылықта алдын - ала арнайы дайындықтан өткізу қажет. Әр топты тасымалдау көлігіне тиелуге тиісті мал басының санына қарай топтайды және оларды кемінде 10-14 күн бойы бөлек күтеді. Азықтандырылуы көлікте берілетін рационға сәйкес болуы керек. Егер шаруашылықта малдарды топқа бөлер алдында олардың жай-күйін, ерекшеліктерін есепке ала отырып, жолдағы, тасымалдау кезіндегі ережелерді сақтаса, малдарды тасымалдау тиімді өтеді. Тасымалданатын малдарды күтетін адамдардың тәжірибесі, біліктілігі мол жұмысшылардан іріктелгені дұрыс.

Тиелетін малдың саны көлік еденінің көлеміне байланысты болады. (Мысалы: ірі қара үшін еден көлемінің 2. 7, ал шошқа қой малына 1. 5 шаршы метр) .

Жануарларды тасымалдайтын көліктерді дайындау

Малды тасымалдауға қажетті теміржол вагондарын сұраныс бойынша алады. Малдарды тиеуге кем дегенде тәулік бұрын, тиелетін жүктің сипаты мен қажетті вагон саны көрсетілген сұранысты тиеу станциясының кеңсесіне береді. Вагондарға сұраныс әр түрлі малдардың тиеу мөлшеріне байланысты беріледі.

Көліктерге ережелерде көрсетілген деңгейден артық мал тиеуге болмайды, ал аз мал тиеу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып саналады.

Малдарды тасымалдауға арнайы 2 және 4 білікті вагондар немесе автокөліктер бөлінуге тиісті. Жануарларды тасымалдауға арнайы 2 және 4 білікті вагондар бөлінеді, олар көлікке қойылатын барлық зоогигиеналық, ветеринариялық - санитариялық талаптарға сәйкес болуы керек.

Көліктегі ветеринарлық қадағалау нысандары болып жануарлар, соның ішінде құстар, балықтар, сонымен қатар тасымалдауға ұсынылған ет, ет өнімдері және жануар тектес шикізаттар, тасымалдауға қолданылатын көлік жарақтары (вагондар, кемелер, ұшақтар, баржалар, автокөліктер) және де жүк тиеу-түсіру алаңдары, құрал-жабдықтар, суару құбыры және жануарлар мен жануар тектес шикізаттарды қысқа мерзімді ұстау орындары саналады.

Көліктегі қызмет атқаратын мал дәрігер мамандарының міндеті-жануарларды ауырудан сәтсіз шаруашылықтардан шығаруға рұқсат етпеу (ерекше жағдайлардан басқа), тасымалдау кезінде жануарлар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын ескерту, сонымен бірге ет, ет өнімдері және жануар тектес шикізаттарының жолшыбай бұзылыуын болдыртпау, тұрғындарды адамдармен жануарларға ортақ жұқпалы ауырулардан қорғау, тасымалдау кезінде «Ветеринария» туралы заңының талаптарының әрбір бұзу әрекеттерінің алдын алу, мал шаруашылығы жүктерін тасымалдау үшін пайдалынатын вагон, кеме, автокөлік және ұшақтарды дизенфекциялау жұмыстарын қадағалауды қамтамасыз етуден тұрады.

Көліктегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың нәтижесі бойынша мынадай, мал дәрігерлік және әкімшілік, шаралар жүргізіледі кейбір жануарларды, мал шаруашылық өнімдерін тасымалдауға тыйым салынады; жолшыбай ауырған жануарларды аластайды; көлік құралдарын тазартып, бұқырлайды; бекеттерді және порттарды уақытша жауып, жүк тиеуге және түсіруге тыйым салынады, және ақырында, жануарларды тасымалдау үшін айналып өтетін жолдарды белгілейді.

Жануарларды тасымалдау алдында ветеринариялық- санитариялық бақылау жүргізу

Жануарларды тасымалдау алдында ветеринарлық бекеттің вет инспекторы 2-3 күн бұрын жүк жөнелтуші шаруашылығына барып, келесі шараларды өткізеді: аймақтық саулығын; құжаттардың дұрыс ресімделуін тексереді; жануарларды клиникалық қарап, термометрия өткізеді; азықтар, төсеніш, суару жабдықтарын, сапалы болуын тексереді; жолсеріктермен әңгіме кеңес өткізеді. Осы зерттеу нәтижелері бойынша акт толтырылып, жануарларды арту стансасына жөнелтуге рұқсат береді.
Жөнелтуші 3-5 күн бұрын жануарларды көліктік азық режиміне көшіреді. Жануарларды экспортқа әзірлеу 3-ай бұрын «Экспортқа жөнелтілетін жануарлар мен құстарды таңдау, ветеринарлық өңдемелеу ережелеріне» сәйкес өткізіледі.

ТМД және алыс шетелдерден келетін жануарлар «ҚР жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды импорттау кезіндегі ветеринарлық санитарлық шаралар туралы нұсқаулыққа» оқшаулау мен ветеринарлық өңдемелеу өткізіледі, бұдан соң одан әрі жүру құқы бойынша ветеринарлық куәлік беріледі. Инфекциялық жұқпалы аурулармен ауру, не күдікті жануарларды шет елдерінен енгізу, шығару және біздің ел арқылы транзиттеуге қатаң тыйым салынады. Жөнелтілетін жануарларға ветеринарлық куәлікті шаруашылықта жұмыс атқаратын ветеринарлық дәрігер жүк жөнелтушіге тапсырады.

Аға жолсерік шаруашылықтан азықтар мен төсеніштерді барлық жол бағытына жеткілікті етіп алуға міндетті.
Азықтар мен төсеніштерді тасымалдау үшін, бір вагон әр 10-16 вагондағы жануарларға есебінен беріледі, жануарларды күту үшін бір вагонға 1 жолсерік, ал асыл тұқымды жануарларға 2 жолсерік бір вагонға бекітіледі.

Жануарларды вагондарға арту, қабылдау кезіндегі ветеринариялық -санитариялық бақылау

Жануарларды арту орны мен уақыты жайлы мәліметті алған соң көліктегі ветеринарлық санитарлық бекеттің ветеринарлық инспекторы келесі шаралар өткізеді: станса өкілімен және жөнелтушімен бірлесіп вагондар жарамдылығын тексереді; қажетті азық мөлшері анықталады; клиникалық қарау мен термометрия жүргізіледі.

Жануарларды және құстарды вагондарға арту, мал тиеу алаңы бар белгiленген стансаларда өткізіледі. Жануарларды тиеуге арналған жалпы қолданылатын алаңдардан немесе жануарлар тиеуге арналған баспалдағы бар алаңнан артуға рұқсат етiледi . Онда тиегіштер, бүйірлік қабырғалары бар басқыштармен жабдықталып дайындалуы керек. Бірден автокөліктен артуға болмайды. Жануарлар және құстар арнаулы вагондармен, олар жетiспесе, жай жабық вагондарда тасымалданады . Артарға дейін жануарларды топтап, сұрыптайды; көлемі, салмағы, жынысы ескеріледі. Арту кезінде айқай-шу, ұрып-соғу болмауы тиіс, оны күндіз өткізген жөн, түнде толық жарық түсуі қамтылғанда артады.

Мал тасымалдайтын вагон. Стансада жұқпалы ауру не күдікті жануар анықталғанда, барлық жануарлар тасымалдануына тыйым салынады, олар шаруашылыққа қайтарылады немесе белгіленген тәртіпте сойылуы үшін еткомбинаттарына жіберіледі. Әдетте теміржол 2 малторлары бар вагондармен қамтиды, ал қалғанын жөнелтуші шаруашылық жабдықтайды, ал асыл тұқымдылар тасымалданса, қабырғаның ішкі беткейлерін сабандармен қымтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Төтенше жағдайлар пайда болған кезде санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастыру
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
Карантиндік шаралар жайлы
Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен бактериологиялық зақым ошағына сипаттама. Карантин және обсервация туралы түсінік
Ел аумағына карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекциялардың келуі мен таралуының санитарлық қорғаудағы нормативтік құқықтық құжаттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz