Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей қаласының мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1) Стенобионттық және эврибионттық организмдер. 2) Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні. 3) Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.

Орындаған: Нугманова Б. Ж

Тексерген: Мурзалимова. А. К

Тобы: ВС-403

Семей 2015 оқу жыл

Жоспар

  1. Стенобионттық және эврибионттық организмдер
  2. Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні
  3. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні

Пайдаланылған әдебиет

Стенобионттық және эврибионттық организмдер

Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В. Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік) . Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар) . Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады. Стенобионттылық пен эврибионттылық ағзада өзінің тіршілігін сақтауда пайда болатын әр түрлі бейімделу типтерін сипаттайды. Мысалы, температураға қатысты эври және стенотерімді ағзалар тұздардын концентрациясына байланысты эври және стеногалилі жарыққа - эври және стенофотты тамақ түріне байланысты эври және стенофатты ағзаларды бөліп көрсетуге болалы.

Эврибионттылық түрдің кең таралуына жағдай жасайды. Көптеген қарапайымдылар, саңырауқұлақтар эврибионттарға жатады да олар барлық мекен ету орталарында таралған. Стенобионттық таралу ареалын шектейді.

1940 жылы Ю. Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі рның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатының дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұраныс зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Қазір Любих ережесі шектеушы фактрлар заңы немесе Либихтың минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады. Экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.

Салыстырмалы түрде тұрақты жағдайда ұзақ уақыт тіршілік еткен түрлер өзінің экологиялық серпімділігің жоғалтып, қоршаған ортаға стенобионттылық қалыптасады. Ал, орта фатрорларының айтарлықтай ауытқымалы жағдайында тіршілік еткен ағзалардың экологиялық серпімділігі жоғары болады да ол эврибионтты болады.

Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні.

Абиотикалық факторлар дегеніміз - организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар - химиялық (атмосфераның химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер т. б. ) және физикалық (температура, қысым, ылғал, жел, радиация т. б. ) деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер, т. б. факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді. Абиотикалық факторларға жарық, температура, және ылғалдылық жатады.

Жарық. Белгілі француз астронмы К. Фламмарион (1842-1925) «Біздің планетамызда жүрген, қозғалған, өмір сүретін нәрселердің барлығы күннен жаралған» - деді. Тірі ағзалардың жарыққа қатынасын екі жақты қарастыруға болады: бір жағынан жарықтың тікелей жасуша протоплазмасына әсері ағзаны жойып жіберуі мүмкін, ал екінші жағынан- жарық тіршілікке қажетті энергияның бірінші ретті көзі.

Көрінетін жарық ағзаларға әр түрлі әсер етеді: қызыл сәулелер - жылулық, көк және күлгін биохимиялық реакциялардың жылдамдығы мен бағытын өзгертеді. Жалпы алғанда жарық өсімдіктердің даиу жылдамығана, фотосинтездің интенсивтілігне, жануарлардың белсенділігіне, қоршаған ортаның ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне әсер етеді, тәуліктік және маусымдық циклдерді қамтамассыз ететін маңызды фатор болып табылады. Әр бір мекен ету ортасы жарық күшімен, мөлшері мен және сапсымен аңықталатын белгілі бір жарық режимімен сипатталады.

Жарықтың мөлшері радиатция жиынтығымен анықталады. Полюстерден экваторға қарай жарықтың мөлшері артады. Жарық режимін анықтау үшін шағылысқан жарық мөлшерін де, яғни альдедо (латын тілінен аударғанда ALBUS - ақ) еспке алу қажет. Жарық күн сәулесінің спектрінде биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін, D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді.

Көзге көрінетін сәулелер - фотосинтезге энергия беретін, жердегі тіршіліктің негізгі көзі. Инфрақызыл сәулелер - жылу энергиясының көзі.

Өсімдіктерге күн сәулесі фотосинтез үшін энергия көзі болғаны үшін маңызды. Ортаның жарықтығына бейімделуіне байланысты өсімдіктер гелиофиттер (жарықсүйгіш), сциофиттер (көлеңке сүйгіш) және фокультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды) болып бөлінеді.

Жануралар күндіз немесе түнде белсенді тіршілік ететін болып бөлінеді. Олар үшін жарық - тіршілік белсенділігінің уақытын анықтайтын фактор.

Жарықты талап етуіне байланысты өсімдіетерді қысқа күнді (төменгі белдеуде тіршілік ететін) және ұзақ күнді (қоңыржай, биік белдеулерде тіршілік ететіндер) деп екіге бөлінеді.

Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын анықтайтын факторлардың бірі - температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уақыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып табылады. Температура жер бетінде ағзалардың таралуына маңызды фактор болып табылады. Осы арқылы ол тірі ағзалардың әр түрлі табиғат зоналарында мекендеуін қамтамасыз етеді.

Ортаның температурасы ағзаның температурасына әсер етеді, яғни ағзадағы зат алмасуды құрайтын барлық химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етеді. Негізінен ағзалар 0-(+50) 0С аралығында тіршілік ете алады. Бұл цитоплазманың қасиеттеріне байланысты. Ең жоғарғы температура шегі 120-1400С (споралар, бактериялар тірі қалуы мүмкін) ең төменгі температура шегі болып - 190-(273) 0С (споралар, тұқымдар, сперматозойдтар шыдай алады) болып табылады.

Температураға байланысты ағзаларды криофилдер (температурасы төмен жерлерді мекендейтін) және термофилдер (температурасы жоғары орталарды мекендейтін) деп бөлінеді.

Ағзалар екі жылу энергиясының көзін қолдана алады: сыртқы күннің жылу энергиясын немесе жердің ішкі жылуын және ішкі - ағзада зат алмасу барысында бөлінетін жылу. Ағзаның жылу балансын реттеуде басым қолданатын энергия көзіне байланысты оларды пойкилотермді және гомойтермді деп бөледі.

Пойкилотермді ағзалар - дене температурасы тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына қарай өзгеріп отыратын ағзалар. Олар микроағзалар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар (балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) жатады. әдетте олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасынан 1-20С - қа жоғары немесе бірдей болады.

Ылғалдылық. Су тірі ағзалардың өмірдегі маңызды экологиялық факторы және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады. Су ағзадағы зат алмасуда және жалпы ағзаның қызметтерін дұрыс атқаруын қамтамасыз етеді. Жасушалардағы судың құрамы шамамен 70%.

Ылғал көбінесе климаттық, құрылықтың температуралық белдеулеріне, табиғат белдемелеріне байланысты болады. Кей бір жағдайда ылғал шектеулі фактор рөлін атқарады. Ылғалдың жетіспеуі өсімдіктерді өнімді төмендетіп жібереді. Әсіресе шөл, шөлейтті белдеулерде ылғал жетпейді. Ал орман мен батпақты жерлерде керісінше әсер байқалады. Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары төмендегідей жіктеледі.

Гидрофиттер - суды мол қажет ететін, ылғалды ортада өсетін өсімдіктер. Мысалы: қамыс, қоға, күріш, тұғиық т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлар туралы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер
Абиотикалық факторлар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы ақпарат туралы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні туралы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер Негізгі абиотикалық факторлардың-жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және тсс экологиялық мәні Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні туралы ақпарат
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні жайлы ақпарат
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz