Биопрепараттар. Олардың түрлеріне сипаттама


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республиккасының Білім және ғылым минмистрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:

Биопрепараттар. Олардың түрлеріне сипаттама

Орындаған: Толеуханов М. Т

Топ: ВС-403

Тексерген: Нуркенова М. К

Семей 2015

http://www.kak-poxudet.ru/wp-content/uploads/images/17_03_2014_06_29_08_271cb7a691babb52a3dd863f01fd249f.jpg http://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=3ae6571e3efb3034&mb=imgdb_preview_1068

Биопрепараттар - адам, жануар және өсімдіктің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т. б. биологиялық активті заттар жатады.

Биопрепараттарға : қан сарысуы, антигендер, аллергендер, комплемент жатады.

1. Қан сарысуы -

қанның сұйық бөлігі. Ол организмнен тыс ұйыған қаннан бөлініп алынады. Күрамы жағынан қан плазмасына ұқсас, бірақ сарысуда фибриноген болмайды.

http://zno.znaimo.com.ua/tw_files2/urls_4/223/d-222260/222260_html_m25d644b6.png Диагностикалық қан сарысуы зертханаларда серологиялық реакцияларды қою үшін және ауру малдың жадығатынан бөлініп алынатын микробтың түрін немесе оның антигендерін анықтау мақсатында қолданылады. Олар өздерінің қолданылуына байланысты: аглютинирлеуші, прециптирлеуші, флоуресцирлеуші, т. б. қан сарысуына бөлінеді. Қан сарысуы тек стерильді болып, өзіне тән антигендермен ғана әрекеттесуі керек. Диагностикалық биопрепараттар серологиялық реакциялар қан сарысуындағы немесе басқа биологиялық сұйықтықтарды анықтау үшін қолданылады. Емдік қан сарысулары (гипериммундық) - малды емдеу мақсатында немесе қауіпті аймақтарда аурудың алдын алу үшін қолданылады. Оларды ірі жануарлардан гипериммундеу арқылы алады.

Иммундік қан сарысулары нақты бір ауру қоздырғышына тән антиденелердің көзі болып табылады. Олар ауруға шалдыққан малдарды емдеу үшін және ардың алдын алу үшін қолданылады. Қан сарысуы егілген организмде пассивті иммунитет пайда болады. Соматикалық торшалар жасанды қоректік ортада өсіп өне алмайды, ал миолемма болса шексіз көбейе береді, басқа сөзбен айтқанда гибридома шексіз көбейетін, өте көп антидене түзе алатын клетка.

2. Аллергендер- созылмалы ауруларды: туберкулездерді, паратуберкулезді, маңқаны, бруцеллезді, малдың тірісінде анықтауға арналған бактериялық массаның гидролизаты. Қазіргі кезде биофабрикалар тазартылып кептірілген туберкулинді, маллеинді, ВИЭВ бруцелинін, атиптік микробактериялардың күрделі антигендерін және т. б. аллергендердерді шығарады.

Аллергия

http://www.zhenskij-zhurnal.com/wp-content/uploads/2014/03/79000655_3431020_pil.jpg

(көне грекше: ἄλλος- басқаша, ergon - әрекет, жауап) - организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К. Пирке мен Б. Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т. б. ), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар (грекше pollen - шөп тозаңдарынан дамитын ауру) және анафилаксиялық шок жатады. Аллергиямен ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек

3. Вакциналар -

http://3.bp.blogspot.com/-340ZH8U3cEA/VUOoGKeHTZI/AAAAAAAAvaw/3N40OJauglE/s1600/614.jpg

(лат. vacca - сиыр, vaccіnus - сиырдікі) - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.

Вакцина түрлері :

Тірі вакцина - микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез (БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады.

Өлтірілген вакцина - микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биопрепараттар мен вакциналардың сапасына қойылатын бақылау
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Биопестицидтер, олардың артықшылықтары
Биопрепараттардың ауыл шаруашылығында маңызы
Актиномикоз, аспергиллез ауруларында қолданылатын биопрепараттар. Пастереллез, колибактериоз ауруларында қолданылатын биопрепараттар
Биопрепараттар жайлы ақпарат
Жаңа мұнайтотықтырушы микроорганизмдер композициясының дақылдау жағдайларын таңдау
Қазақстан Республикасындағы малдәрігерлік жүйе
Бөжектердің саңырауқұлақ аурулары
Биотехнология пәнінен зертханалық жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz