Тәуекелді басқару негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Тәуекелді басқару негіздері

Орындаған:Буркутбаева С

Тобы: ФН-305

Тексерген:Курманбекова Г. А.

Семей, 2015ж

Жоспар:

1. Кіріспе:

1. 1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері

2. Негігі бөлім:

2. 1. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері

2. 2. Тәуекелге ықпал ету әдістерінің жалпы сипаттамасы

2. 3. Тәуекелді басқару

3. Қорытынды

Кіріспе

Нарықтық қатынастарға өту жағдайында коммерциялық ұйымдардың (өндірістік кәсіпорындардың, коммерциялық банктердің, фирмалардың) жүргізуші принципі - пауда табуға ұмтылу болып саналады. Ол шығындарға ұшыраумен шектеліп отырады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл жерде тәуекел ұғымы пайда болады.
Кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелмен байланысты. Тәуекел кез келген экономиканың міндетті элементі болып табылады. Тәуекелдің жүзеге асуыэкономикалық үдерістің негізгі бір бөлшегі ретінде танылады, яғни бұл обьективті экономикалық заң. Бұл заңның тіршілігі, кез келген құбылыстың, сонымен қатар шаруашылық үдерістің аяқталуымен ескертілген. Әр бір құбылыс өз шегін, бітуін біледі. Шексіздік тек қана математикада қолданылады. Ал обьективті құбылыстарда барлығы, яғни барлық элементтер шектелген.
Материалды, еңбек, қаржылық, ақпараттық және басқа ресурстардың шектілігі (бітуі, аяқталуы) ақиқатта дефициттін пайда болуын туғызады және шаруашылық үдерістің элементі ретіндегі тәуекелді қалыптастырады.
Тәуекел белгілі бір оқиғамен байланысты белгісіздікті білдіреді. Кәсіпкер тәуекелдерді минимализациялау үшін кез келген іс әрекеттерді қолданғанымен тәуекелдер әрдайым болдаы. Сондықтан да кәсіпкерлік қызмет үшін басты мәселе - тәуекелдерден сақ болу емес, оларды алдын алу мен минималды деңгейге дейін төмендету болып табылады.
Экономикалық сферада адамдар тәуекелдермен перманентті түрде кездес де, тек қана тәуекелдер теориясын білу жеткіліксіз. Қазіргі күнге дейін тәуекелдің нақты түсініктемесі жоқ. Бұл осы құбылыстың көпқырлығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар тәуекел дегеніміз - көптеген сәйкестіксіздермен, кей кездері қарама қайшылықтар негіздері бар күрделі құбылыс. Яғни бұл тәуекелдің әр түрлі көзқарсатар мен анықтамаларға ие екендігін көрсетеді.
Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.
Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі - кәсіпкерлік тәуекелдіктің екінші қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем.
Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол тәуекелдікті күшейтеді.
Осыдан мынадай шешімге келуге болады - кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы керек, оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек.
Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай: «Тәуекелден қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның алдын ала білу».

1. 1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері

Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.

Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс) .
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді. Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік. Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық) . Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады. Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т. б. ) қатынасы процесінде пайда болады. Қаржы тәуекелінің туындау себептері - инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т. б. Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер; 2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер) .
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі. Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция - инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді. Инфляциялық тәуекел - инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден гөрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады. Дефляциялық тәуекел - дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді. Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі. Өтімділік тәуекелі - тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер. Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі; 2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі; 3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі. Жіберіліп қойған пайда тәуекелі - белгілі бір шараларды (мысалы, сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т. с. с. ) іске асырмау нәтижесінде жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу нәтижесінде туындауы мүмкін. Портфельдік инвестициялар инвестициялық портфельдің пайда болуымен байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді сатып алумен түсіндіріледі. «Портфельдік» термині итальян сөзінен «Porte foglio» шығып, инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады: пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер. Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата алмайды.

2. 1. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері

Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін.

Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т. б. себептер тікелей ықпал жасайды.

Коммерциялық тәуекел - бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық тәуекел - қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т. б.

Инвестициялық тәуекел - бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық тәуекел - бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.

Тәуекелді талдаудың схемасы:

  1. Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.
  2. Айқындалған факторларды талдау.
  3. Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:

а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.

  1. Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
  2. Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
  3. Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.

Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.

  1. Материалдық зиян - бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.
  2. Еңбек зияны - жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.
  3. Қаржылық зиян - бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т. б.
  4. Уақытты жою - бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.
  5. Арнайы зиян түрлері - бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.
  6. Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы т. б.

2. 2. Тәуекелге ықпал ету әдістерінің жалпы сипаттамасы

Қазiргi кездегi экономикалық субъектiнiң тұрақты және табысты
даму талпынысы, тәуекелдi басқару жүйесi әлi тек қалыптасу кезеңiнде болып жатқандықтан толық қолдау таба алмай жүр. Қаржылық тәуекелдi басқару керi қаржылық салдарды болжау мен бейтараптандыру процесiн бiлдiрiп, оларды ұқсастыру, бағалау, алдын алу мен сақтандыруға байланысты.
Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.
Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді.
Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдылығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.
Кәсіпкерлік тәуекел бұл бизнестің түріне байланысты компания қызметінің тәуекелі. Оның негізгі түрлері: өндірістік, коммерциялық және қаржылық тәуекел.
Кәсiпорынның қаржылық тәуекелi деп, белгiсiздiк жағдайда өз қаржылық iс-әрекетiн жүзеге асырғандағы керi қаржылық салдардың, табыс пен капиталды жоғалту формасында көрiнетiн, пайда болу ықтималдығы айтылады.
Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қателері, көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Оның себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.
Қаржылық тәуекелді басқару процесі алты сатыдан тұрады:

• Мақсаттарды анықтау
• Тәуекелді анықтау
• Тәуекелді бағалау
• Оларды жүзеге асыру
• Нәтижелерді бағалау

Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің жоғарлауы, кредиторларға тәуелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға бір мезгілде көп қаражат жұмсау.
Тәуекелді табиғат пен қоғамның кейбір әрекетінен пайда болатын қауіп ретінде түсінуге болады. Тәуекел- бұл тарихи және экономикалық категория.
Әрбip тәуекелдің фирмаға әсерін өлшеу керек. Бұл процесс өзіне келесі бағалауды кіргізеді: 1) шығындардың ықтималдығы мен 2) шығындардың әcерлігі (әрбір шығынның ақша өлшемі) . Жалпы жағдайда әрбip тәуекелдің деңгейі ықтималдығына қарағанда, әсерлігі үлкен мәнде. Ықтималдығы төмен, катастрофалық шығынды тәуекел, жиі, бipaқ аз шығын әкелетін тәуекелге қарағанда үлкен зиян әкеледі.
Шығындар жиілігін өлшегенде ықтималдықты қолдану, тәуекел комбинацияларының ықтималдығын табу оңай.
Тәуекелдің деңгейі - шығын жағдайының болу ықтималдығы, сонымен қатар одан болатын зиян. Тәуекел:
- мүмкін - icкe асырылатын жобаның табысын түгелімен жоғалту қayпi;
- сыни - тек табыстың ғана емес, сонымен қатар түсімнің келмеуінен, кәсіпкердің шығынды өз қалтасынан жабуы;
- катастрофалық - капиталдың, мүліктің жоғалуы мүмкін және банкроттықтың да қаупі тұр.
Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды, яғни ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтулар болатын, рыноктың жалпы шығындар аймағы. Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады. Тәуекелсіз аймақта операция жүргізген кезде кәсіпорын ешқандай тәуекел жасамайды, ешқандай шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады. Жобаны орындау кезінде, теориялық жағынан кәсіпорынның табысы шексіз.
Аз тәуекелді аймақтағы қызмет нәтижесінде кәсіпорын таза табысының барлық мөлшерін немесе бір бөлігін жоғалту ықтималдығы бар.
Жоғары тәуекелді аймақта кәсіпорын, нашар болған жағдайда барлық шығындарын жабады, ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады.
Бұл аймақта өндіріс қызметі қысқа мерзімді несие есебінен болуы мүмкін.
Қауіпті тәуекелді аймақта кәсіпорын есепті табысты ғана емес, сонымен қатар өнім өткізуден (жұмыс, қызмет) түскен табысты жоғалту ықтималдығы бар және шығындарды өзінің есебінен қайтарады.
Жарамайтын (апатты) тәуекелді аймақтағы кәсіпорынның қызметі банкроттыққа әкеледі, барлық инвестицияларын жоғалтады.
Тәуекелді талдау кезінде оның көздері мен себептерін анықтау керек. Пайда болу көзіне байланысты тәуекелділік былайша бөлінеді: меншікті шаруашылық, адамның өзімен байланысты, табиғи факторлармен байланысты, Тәуекелділіктің пайда болу себептері болашақтың анықталмауынан, әріптестің айқындалмаған мінезі, ақпараттың жетіспеуінен туындаған деп жіктеледі. Қандай да бір жағдайда болмасын, тәуекелділік шешімнің ақпаратпен жабдықталу жағдайына байланысты болады.
Инвестор кейде нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпаратқа негізделген жағдайда шешім қабылдайды, Әрине, ақпарат толық. болған жағдайда тәуекея-ділікті жақсы болжап, оны төмендетуге болады. Мұндай жағдайда пайдалы ақпарат тауар түрінде кәрінеді. Ақпарат толық болған жағдайда, толық ақпараттың құны белгілі бір заттың күтілген құны арасындағы айырма түрінде көрініп, ал ақпарат толық болмаған жағдайда күтілетін құны түрінде көрінеді.
Тәуекелді талдауды бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық.
Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады, Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін. Оның басты міндеті жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдік себептерін анықтауға, яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кеиін барып, барлық тәуекелдерді анықтау болып табылады.
Тәуекелдің сандық талдауы - бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау. Жеке тәуекелдің өлшемдерін анықтау түрлі талдаудын әдістері арқылы жүргізіледі, соның ішінде кең тарағандары статистикалық, шығындардың мақсаттылығын талдау эксперттік бағалау әдісі, ұқсастықтарды (аналогтарды) пайдалану
Статистикалық әдістің мәні берілген немесе ұксас өндірістегі шығындар мен табыстардың статистикасы зерттеліп, сол немесе басқа экономикалық қайтарулардың көлемі белгіленіп және болашаққа дэлірек болжау құрылуында болып отыр. Вариация, дисперсия және стандарттық ауытқулардың есептеулері жүргізіледі
Вариация - бір жағдайдан (вариант) басқа жағдайға ауысқандағы белгінің сандық бағасының өзгеруі (тербелмелігі) . Мысалы, экономикалық табыстылықтың (рентабельділіктің) өзгеруін экономикалық табыстылықтың нақты мәнін сәйкес келетін ықтималдылықтың мәніне көбейтуді жинақтау арқылы анықтауға болады.

Мұндағы: ЭД¬і - экономикалық табыстардың мәні; ДІ - ықтималдықтың мәні.
Вариация дисперсиямен, яғни орташа мәніннен белгінің нақты мәнінің ауытқу шамасымен бағаланады Орташа өлшемді дисперсияны математиктер мына формуламен есептейді:

Стандартты ауытқу = Дисперсия
Нәтиже неғұрлым жоғары болған сайын, кәсіпорынның қызметі солғұрлым тәуекелді болады.
Тәуекелділіктің дәрежесін есептеудің статистикалық әдісі көптеген көлемді мәліметтерді талап етеді. Олар әрдайым болмағандықтан, оны қолдану қиындайды.
Шығындардың мақсаттылығын талдау кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының көрсеткіштерін есепке ала отырып, тәуекелдің потенциалды аймақтарын анықтауға бағытталған. Шығындарды артық жұмсау келесі 4 фактормен немесе олардың қосылуларымен байланысты туындауы мүмкін:

1) құнның ең басында жете бағаланбауы;
2) жобалаудың шектерінің өзгеруі;
3) өнімділіктегі айырмашылық;
4) алғашқы құнның өсуі.

Бұл негізгі факторлар нақтылануы мүмкін» Мысал ретінде, қаржы-қаражаттарының тәуекел дәрежесін анықтау мақсатында, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері қызмет ете алады.
Эксперттік-бағалау әдісі маман-сарапшыға сұрақ-сауал қоюға негізделген. Анкеталар кейін қойылған талдау міндетінің сол немесе басқа шешімін қабылдау үшін статистикалық өңделеді.
Сапалы пікір алу үшін сараптауға жоғары білікті және қойылған проблема аумағында үлкен практикалық тәжірибесі бар даму тенденциясын теңдей көрсететін қабілеті бар, қойылған мәселеге ынталы мамандар қатыстырылады.
Ұқсастықтарды пайдалану әдісі құ6ылыстардың құралдардың, жүйелердің ұқсастығын тауып пайдалануында болып табылады, яғни жаңа идеялар мен ұсыныстар ұқсас объектілерді салыстыру негізінде пайда болады.
Бұл әдісті, сонымен қатар эксперттік бағалау әдісін пайдалану түсінікке, талдаушының тәжірибесі мен біліміне байланысты болғандықтан, анықтау субъективті сипат алады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып кәсіпкерлік тәуекелді талдау кезінде тәуекелді төмендетудің жолдарын толық зерттеп білу керек. Тәуекелді тиімді болжаумен фирма ішілік жоспарлау бойынша сапалы жұмыстар жүргізу нәтижесінде төмендетуге болады.
Тәуекелділікті төмендетудің ең жақсы әдісі инвестициялық шешімдерді сауатты таңдау болып табылады. Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті болып табылады. Инвестициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы тиімді шараның бірі.

2. 3. Тәуекелді басқару

Банкте тәуекелдерді басқару Тәуекелдерді басқару саясаты мен Тәуекел-менеджмент басқармасы туралы ережені басшылыққа алатын тәуекел-менеджмент бөлімшесіне жүктелген.

Қаржылық тәуекелдер: Қаржылық тәуекелдер - экономикалық ортаның дүдәмал жағдайында сыртқы әрі ішкі даму факторларының ықпалындағы Банк қызметі нәтижесінде келешекте шығынның туындауына, табыс алмауға, қосымша табысты толық алмауға немесе алуға апарып соқтыруы мүмкін оқиғалардың орын алу ықтималдылығы. Қаржылық тәуекелдерді басқару мақсатында тәуекел-менеджмент бөлімшесі тәуекелдерді басқару саясатын, Банк активтері мен пассивтерін басқару саясатын басшылыққа алады.

Кредиттік тәуекелдер:

  • Нарықтық тәуекелдер
  • Өтімділікті жоғалту тәуекелі

Қаржылық емес тәуекелдер:

  • Операциялық тәуекел
  • Бедел тәуекелі
  • Құқықтық тәуекел

Кредиттік тәуекел - заемдық және басқа операциялар жүргізу кезінде клиенттің қабылдаған ақшалай міндеттемелерін орындауы бойынша шарттың (келісім-шарттың) бастапқы талаптарын бұзуы салдарынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі.

Кредиттік тәуекел түрлері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару
Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері
Қаржы тәуекелдерін басқару
Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы
Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару
Қаржылық тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін басқару
Несие шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақсарту
Қаржылық тәуекелдерді басқару әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz