В.фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары Ф.де Соссюрдің лиенгвистикалық көзқарастары



В.фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Ф.де Соссюрдің лиенгвистикалық көзқарастары
Әдебиеттер
XIX ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік объектісінің айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт /1767-1835/ болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің принциптері, мәселелері шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл білімінің салалары, т.б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Оның бұл салалардағы тұжырымдары толық та, айқын баяндайтын ең-бектері - "Адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы" /1827/, "Ява аралығындағы Кави тілі туралы" /1836/ деп аталатын туындылары.
Гумбольдт бірінші болып, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы жүйе құрды.
Гумбольдт тіл білімінің өзіндік философиялық қоры – тіл философиясы. Тіл философиясының негізгі принциптері - тілді адамдар әрекеті деп тану, оны халықтың ұлттық санасы де есептеу. Гумбольдтың ойынша, тіл - әрекет, ол рухтың жемісі, рухтың әрекеті. Тіл үздіксіз даму үстінде, даму - тілдің өмір сүруінің формасы. Тіл - ойлау әрекетінің шығармашылық синтезі, бірақ сонымен бірге ол - актив форма, ойлау әрекетінің құралы. Тіл мен ойлаудың бірлігі - ажырамас бірлік. "Халық тілі – оның рухы, халық рухы - оның тілі". Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінеді, бірақ ол - жеке адамның табысы емес, халықтың табысы, жалпыхалықтық туынды. Гумбольдт тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысты.
В.Томсеннің пікірінше «Германиядағы ұлы адамдардың бірі» - болып есептелінетін Гумбольдттің лингвисттикалық алымы кең. Лингвистикалық тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт санскрит, қытай, малай, америка индеецтері, баск тілдері сияқты дүниенің әр бұрышында көптеген тілдерді зерттген. Көп тілдердің фактілерімен таныс болуы – оның лингвистикалық ой-өрісін мейлінше кеңейткен. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды.
1. Қордабаев . Т. Жалпы тіл білімі. Алматы, 1999.
2. Қалиев .Б. Жалпы тіл білімі . Алматы, 2000.
3. Хасенов. Ә. Тіл білімі. Алматы, 1996.
4. Алпатов В.М. История лингвистических учений. – М. : Языки славянской культуры, 2005. – 368 с.
5. Амирова Т.А. , Ольховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очеркеи по истории лингвистики. – М. : Наука, 1975. – 201 с.
6. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1993. – 496 б.
7. Березин Ф.М. История лингвистических учений. – М. : Высшая школа, 1984. – 278 с.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласыныңШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: В.фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары Ф.де Соссюрдің лиенгвистикалық көзқарастары

Топ: Қ - 319 с
Орындыған:Мұхаметжанова Гүлназ
Тексерген:Самекбаева Э. М.

Семей 2015 ж
В.фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары..
XIX ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік объектісінің айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт 1767-1835 болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің принциптері, мәселелері шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл білімінің салалары, т.б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Оның бұл салалардағы тұжырымдары толық та, айқын баяндайтын ең-бектері - "Адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы" 1827, "Ява аралығындағы Кави тілі туралы" 1836 деп аталатын туындылары.
Гумбольдт бірінші болып, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы жүйе құрды.
Гумбольдт тіл білімінің өзіндік философиялық қоры - тіл философиясы. Тіл философиясының негізгі принциптері - тілді адамдар әрекеті деп тану, оны халықтың ұлттық санасы де есептеу. Гумбольдтың ойынша, тіл - әрекет, ол рухтың жемісі, рухтың әрекеті. Тіл үздіксіз даму үстінде, даму - тілдің өмір сүруінің формасы. Тіл - ойлау әрекетінің шығармашылық синтезі, бірақ сонымен бірге ол - актив форма, ойлау әрекетінің құралы. Тіл мен ойлаудың бірлігі - ажырамас бірлік. "Халық тілі - оның рухы, халық рухы - оның тілі". Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінеді, бірақ ол - жеке адамның табысы емес, халықтың табысы, жалпыхалықтық туынды. Гумбольдт тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысты.
В.Томсеннің пікірінше Германиядағы ұлы адамдардың бірі - болып есептелінетін Гумбольдттің лингвисттикалық алымы кең. Лингвистикалық тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт санскрит, қытай, малай, америка индеецтері, баск тілдері сияқты дүниенің әр бұрышында көптеген тілдерді зерттген. Көп тілдердің фактілерімен таныс болуы - оның лингвистикалық ой-өрісін мейлінше кеңейткен. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің принциптері, проблемалары шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдинет, тіл мен материалдық дүние тіл мен ойлау т.б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Тұжырымдарын толық, айқын баяндайтын еңбектері: Адамзат тілі құрлысының әр алуандығы туралы, Ява аралығындағы Кави тілі туралы деп аталатын туындылары. Г. Өзінің лингвистикалық, философиялық концепциялары арқылы лингвистика тарихында жаңа бет бұрыс, жаңа дәуір жасаған адам. Дамудың әр түрлі сатысындағы түрлі халықтар тілдері мен олардың рухани өмірінен жиналған материалдарды өз замандастарының қай-қайсынан да көп және терең білетіндігінің арқасында бірінші болып, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы жүйе құрды.
20 ғасыр лингвистикасында ең мәнді проблемалардың бірі болған тілдік жүйе, тілдік құрылым мәселелерін Г. осы салада көрсеткен. Г. Тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жәктеу мәселесімен де айналысты. Ол қалыптастырған бірсыпыра теориялық, философиялық тұжырымдар бертінде идеалистік бағыттағы лингвистердің ұранына да айналды. В.Гумбольдт ілімінің өзінен кейінгілерге еткен әсері туралы профессор В.А.Звегинцев: Лингвистердің кейінгі замандардағы дамуына тигізген әсерінің тереңдігі, күші жағынан онымен пара-пар келетін басқа бірде-бір ғалымды атау қиын, - деп жазды. Зерттеулерінде идеалистік философияны басшылыққа алғандықта Гумбольдттың теориялық тұжырымдарында кейбір қайшылықтар да болды. Бірақ соған қарамастан 19 ғасырдағы тіл білімі тарихында ол өзгелерден оқшау тұрды, ерекше жоғары бағаланды.
Неогумбольдианство В. фон Гумбольдтың жіктелу және құрылымдық ролінің аркасында тілдік мазмұның (мәннің) өзіндік әлемін жасайтын жасампаз күшті тілге тануынан туындайтын тұжырымалар мен мектептердің жиынтығын білдіреді. Белгілі тіл қауымдастығы мүшелерінің әлемді ойша құрастыру мен әлемді тануды жасақтау үрдістері тілдің ішкі формасының әрекетіне саяды. Неогумбольдттиындақтар шашыраңқы тәжерибемен реттеу мен әлем көрінісін ойлау мен танымдық үрдістерді, сол тілге сәйкес мәдениет жасауды байланыстыратын тұтас ретінде құрудағы тілдің шығармашылық роліне екпін түсіреді. Түрлі тіл иелерінің әлем сүретін қабылдаудағы айырмашылығы атап көрсетіледі. Тілдің ішкі формасы әлемді түсінудің кілті және әр түрлі тілде сөйлейтін адамдардың ойлауындағы айырмашылықтың негізі болып табылатын ұғымдық және синтаксистік мүмкіншіліктердің жүйесі ретінде түсіндірледі.
Неогумбольдианство 20 ғасырда европалық және америкалық тіл білімінде тілге младограмматикалық жолының формализміне реакция ретінде туған (неокантиандық Э. Кассирердің философиялық тұжырымдамасы; Л. Вайсгебер, Й. Трир, Х. Глинц, Х. Хольц, Г. Ипсен, П. Хартман, Х. Типпер, Й. Эрбен мектебінің жұмыстары). АҚШ-та неогумбольдттандықтардың идеяларын қолдайтын Э. Сепир мен Б.Уорфтың антропологиялық лингвистикасында көрініс тапты. Неогумболдтианствоның европалық, түсі жағынан неоромантикалық ағымы ең алдымен Германия мен басқа неміс тілді елдерде айқын байқалады (тілдің семантикалық қырына, тіл мен мәдениеттің, тіл мен ойлаудың, тіл мен әлем танудың байланысты екені зердеулерге басым назар аударылып).
Мазмұндық бағдарланған грамматикада ана тіліне тән, әлем көрінісімен көрінетін тілдік аралық әлем зерттеледі (В. фон Гумбольдттың тілдіәң ішкі формасы туралы идеясының негізінде). Аралық тілдік әлем заттардың шашыраңқы әлемін тиісті тілдік қауымдастықпен байланыстыратын және әлемде игерудің динамикалық процесін сөздікті ұғымдық тарқату жолымен ана тілі арқылы. Әлемді сөйлету процесі арқылы бағыттап отыратын рухани, ақылды құрастырушы қашықтық ретінде түсіндіріледі. Сөздік құрастырудағы тілдің категорияландыратын танымдық функциясы атап көрсетіледі (мысалы, Орион шоқ жұлдызы материалды өмір сүретін объект ретінде емес,оймен қабылдаудың нәтижесі ретінде көрсетіледі). Тіл мен тілдің тілдік мазмұнды әлемінің айырмашылуғына басы назар аударылады.
Мазмұнды бағдарланған грамматиканың төрт сатылы құрылымы ұсынылады: а) дыбысқа немесе құрылымға (форма) бағдарланған грамматика; ә) мазмұнға бағдарланған грамматика (лексиканы өріске лексиканы семантикалық келісіммен ұйымдастыру); б) әлемді тіл арқылы оймен игеру процесін зерделейтін функцияға бағдарланған грамматика; в) тіл қауымдастығының өмірлік практикадағы іс-әрекетінің нәтижесінде бағдарланған грамматика. Алғашқы екі саты статикалық, соңғы екі саты динамикалық сипатта болады.
Европалық неогумболдтшылар ( В. Порциг, Г. Ипсен, Й Трир) ұғымдық (семантикалық, лексикалық) өрістер теориясы жасауға елеулі үлес қосты, бұл лексикада жүйелік байланыстарды терең түсінуге заманауи құрылымдық лексиколдогия (құрылымдық семантика да) жасақтауға алғы шарт болды. 50-60-жылдары идеялары мектеп пен халық грамматикаларына енгізілді.
Бұл тұжырымдаманы сынаушылар тілдің коммуникативтік функциясына нұксан келтіре отырып, айтушының өзінің ролін жете бағаламай танымдық ролін асыра көрсететін сәтін сынға алады. Неміс неогумбольдшылары бастапқы кезеңнің өзінде-ақ гумбольдтық жолды соссюрлық идеялармен (тілдік белгі, тіл жүйесі, тіл мен сөздің дихотомиясы ұғымдары) толықтыруға тырысты. 79-80-жылдары олар генеративтік лингвистикамен, әсіресе, лингвистикалық прагматикамен тоғысатын тұстарын іздестірді.
Тіл мен мәдениет онтологиялық қауымдастығының негізінде байланысқан, идеалдық олардың өмір сүруінің объетивті формасы барып табылады. Тіл мен мәдениет - адамның дүниетанымын көрсететін сананың (идеалды) формасы. Табиғи тіл өз мәнінде халықтың материалдық және рухани мәдениетінің көрінісі мен жүзекге асырылуының ұлттық формасы болып табылады. Кейінгі қағида ХІХ ғасырдағы ұлы неміс галымы В фон Гумболдттың (1767-1835) еңбектернде дамыған. Язык и философия культуры кітабында ол тілді халық рұхының көрінісі ретінде қарыстырады, тіл арқылы халық рұхын ұрпақтарына табыстайды. Тіл әлем сүретін тілдік емес шындықты таныстырудың ұлттық тәсілісінің, ұлттық ішкі форманың жаңғырағы ретінде жасақтайды.

Ф.де Соссюрдің лиенгвистикалық көзқарастары
Фердинанд де Соссюр швейцар тіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф. де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп, я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан-жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымының дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланылған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепция жасаған адам. Ғалымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні бүгінге дейін күшті әсерін тигізуде.
Ф. Де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі Жалпы лингвистикалық курс деген кітабы. Бұл еңбек Ф. де Соссюр қайтыс болғаннан кейін 1916 жылы басылып шықты.
Кітап көп ұзамай-ақ Еуропа халықтарының бірнеше тіліне, 1933 жылы орыс тіліне аударылып, тіл білімінде үлкен қозғалыс, қызу айтыс туғызды. Мұнда көтерілген жеке проблемалар жөніндегі пікір таластары күні бүгінге дейін саябырлаған жоқ.
1973 жылы профессор А.А.Холодовичтің редакциясы мен Ф.де Соссюр еңбектері "Труды по языкознанию" деген атпен 2 рет орыс тілінде жарияланды.
Ф. де Соссюрдің атын бүкіл дүние жүзіне жайған, лингвистика әлемінде оны даңққа бөлеген бұл еңбегі бірнеше тарауға бөлінетін кіріспеден және бес бөлімнен құралған. Оның 1-бөлімі "Жалпы принциптер'', 2-бөлімі "Синхрондық лингвистика", 3-бөлімі "Диахрондық лингвистика", 4-бөлімі Географиялық лингвистика", 5-бөлімі "Ритроспективтік лингвистика мәселелері" деп аталады. Әр бөлім өз ішінен бірнеше тарауларға бөлінеді.
Ф. де Соссюр алғашқы кезде салыстырмалы-тарихи тіл білімін қолдаушы, соның принциптерін дамытушы болса, кейін, әсіресе Женева университетінде тілдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В. фон Гумбольдтың және Ф.де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары
В. фон Гумбольдтың және Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары
Тіл білімі тарихында
Гумбольдтың және Соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы туралы ақпарат
В.фон гумбольдтың және ф.де соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы
В.фон Гумбольдтың және Ф.де Соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы жайлы
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
В.Фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулар жүйесі
ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер
Пәндер