Бағалы-үлбір терілерінің құрылымы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Бағалы-үлбір терілерінің құрылымы

Орындаған: Сарқытов Т. М

Тобы :ТК -321

Тексерген:Бауыржанова А. З.

Семей

2015

Жоспар

I. Кіріспе

Тері туралы жалпы мәлімет

II. Негізгі бөлім

Қыртыс

III. Қорытынды

Тері- жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Ол ағзаны сыртқы орта әсерінен қорғайды және сонымен қатар зат алмасу, сыртқа шығару, жылу реттеу процесіне қатысады. Ол түкті, жүнді жабыннан, эпидермистен (қыртыс), дерма (өзең) мен теріасты жасушаға (шел) тұрады. Былғары шығару үшін тері өзеңі, ал үлбір және тон үшін өзеңге қоса қыртыс пен түкті жабын пайдаланылады.

Қыртыс - терінің түкті жабыны астында жатқан үстіңгі қабаты. Ол әрқайсысы үш қабаттан құралатын мүйізденген және өсуші деп аталатын екі қабаттан тұрады (1-сурет) . Қыртыс ақуыз жасушалардан құралған. Оның өзеңмен шекарасы тегіс емес. Түк қалташаларына жақын қыртыс өзеңге тереңдеп еніп жатады, ал ол (өзең) өз кезегінде қыртысқа емізікшелерімен бойлап кеткен. Сондықтан да қыртысы сылынып тасталған тері бетінде белгілі бір суреттер көрініп тұрады, оны бедер (мерея) деп атайды.

http://www.rusnauka.com/15_NNM_2014/Agricole/4_170947.doc.files/image002.jpg

1-сурет. Терінің тік кесілген көрінісі

1-мүйізденген қабаты; 2 -өсуші қабат; 3- дерма (өзек) ; 4- емізікше. бүргікті қабат; 5 - торлы қабат; 6- теріасты жасушалары (шел) ; 7-май қабаты; 8- коллагенді талшықтар тобы; 9- коллагенді талшықтар тобының көлденең (қиындысы) кесілгеңдегі көрнісі;

10- тері бездері;

11- бұлшықеттер;

12- түк қалташасы;

13 -май бездері;

14- түк.

Үлбір өндіру үшін терідегі қыртысты бұзбай сақтау керек. Егер ол бұзылса, түктің өзеңмен байланысы нашарлап, кейініректе түгі түсіп қалатын болады.

Қыртысы сақталған өзеңді тері ұлпасы деп атайды.

"Өзең - терінің негізгі қабаты, ол коллагенді, эластинді және ретикулинді талшықтардың күрделі шиеленісуінен құралған.

Қалыңдығына қарай коллагенді талшықтар:

1) 200 мкм диаметрлі; 2) 5 мкм диаметрлі элементарлы талшықтар тобы деп жіктеледі. Олар 30-300-ге жуық. Әр талшық диаметрі 0, 1 мкм фибрилдерден тұрады, саны 200-300 аралығында.

Эластинді талшықтар топ құрамайды, бірақ тарам-тарам болып кеткендіктен қалың торлар жасайды. Ол торлар көбінесе түк қалташаларымен қан тамырлары айналасында орналасады. Ретикулинді талшықтар тері өзеңінің барлық көлемінде қалың торлар құрайды, әсіресе көп жиналуы өзеңнің қыртыспен астасқан жерінде. Өзең талшықтары арасында талшықаралық зат болады. Оның құрамына былғары даярлау барысында өзеңнен шығып кететін альбуминдер, глобулиндер, мукоидтер, муциндер, мукополисахаридтер және басқа белок тәріздес заттар енеді.

Тері өзеңі екі қабаттан тұрады. Бірі емізікше, екіншісі - торлы қабат.

Жануарлардың басым көпшілігінің терісінде емізікше мен торлы қабаттардың шекарасы түк қалташалары орналасқан деңгей арқылы өтеді. Ал шошқа, түйе және борсық терілерінің ерекшелігі, өзеңдегі бұл екі қабаттың шекарасы анық білінбейді, себебі түк өзеңнің өң бойынан өтіп жатады.

Емізікше қабат жұмсақ және ыдыраңқы болып келеді, өйткені онда тер мен май бездері, түк тамырлары және көптеген қан тамырлары бар. Торлы қабат біркелкі шиеленіскен қуатты талшықтар тобынан тұрады, сондықтан ол терінің беріктігіне үлкен әсер етеді. Мал денесінің белгілі бір мүшелеріне сай келетін және нақты қасиеттерінің жиынтығымен ерекшеленетін (қалыңдығымен, түкті жабын ерекшеліктерімен т. б. ) тері бөлімдері топографиялық бөлік деп аталады (2-сурет) .

Теріасты шел қабаты борпылдақ талшықтардан тұрады. Талшықтар арасында май мен қан тамырлары көптеп орналасады.

http://www.rusnauka.com/15_NNM_2014/Agricole/4_170947.doc.files/image004.jpg

2-сурет. Терінің топографиялық бөліктері:

а -мүйізді ірі малдын терісі; б-жылқы терісі, штрихпен белгіленген ең қалың тығыз жері жая -"шпигель"; в -тиін терісі.

Мүйізді ірі қараның ірі шикізаты

Тана терісі - жаңа сойылған кездегі салмағы 10-нан 13 кг-ға дейін. Жақсы күтімде болған малдың 5-7 айлығында, ал кәдімгі жағдайда бағылған малдың 1-1, 5 жасында терісі осындай салмаққа жетеді. Ауданы 120-250 http://www.rusnauka.com/15_NNM_2014/Agricole/4_170947.doc.files/image007.gif , қалыңдығы 2, 5-3 мм, кейде 4 мм-ге дейін болады. Тананы жазғытұрым немесе қыста сояды, терісін ылғалды тұздау арқылы консервілейді. Терісінің қалыңдығы онша біртегіс емес, аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары жасауға, юфть былғарысын пайдаланылады.

Өгізше терісі, жаңа сойылған мал терісінің салмағы 13-17 кг аралығында ауданы 200 -270 http://www.rusnauka.com/15_NNM_2014/Agricole/4_170947.doc.files/image009.gif сауырының қалыңдығы 3-4 мм. Мойын терісі қалыңдау, сүт сызықтары теріде де, былғарыда да анық байқалады. Өгізше терісі аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары, ұлтарақтық және юфть былғарысын дайындауға қолданылады.

Тайынша терісі, жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг-нан жоғары. Салмағына байланысты сиыр терісі жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25 кг-нан жоғары) болып екіге бөлінеді. Сауырының қалыңдығы 3, 5-5 мм, қол терісінікі 2-2, 5 мм, ауданы 300 -570 дм2, тұрқы 1, 7-2, 2 м аралығында болады.

Тері құрылымы біркелкілеу. Аяқ киімнін жоғарғы жағы үшін былғары дайындауда юфть, ұлтан, ұлтарақ, ер-тұрмандық, техникалық және иленбеген шикі қайыс шығаруда қолданылады.

Бұқа терісі -жаңа сойылған мал терісінің салмағы 17 кг-нан жоғары. Салмағына қарай бұқа терісін жеңіл (17-25 кг) және ауыр (25 кг-нан жоғары) деп бөледі. Бұқа терісінің салмағы кейде 60 кг-ға дейін жетеді немесе одан да асып кетеді. Ауданы 550 -600 http://www.rusnauka.com/15_NNM_2014/Agricole/4_170947.doc.files/image011.gif , тері калыңдығы біркелкі емес, сауырының қалыңдығы 4, 0-4, 5 мм, мойнының қалыңдығы 4-6 мм және одан да жоғары. Терісінен ұлтандық, иленбеген қайыс, техникалық былғары дайындалады, ал жеңіл теріден ұлтарақтық былғары шығарылады.

Сиыр терісі -жаңа сойылған мал терісінің салмағы 13 кг-на жоғары. Салмағына байланысты сиыр терісія жеңіл (13-17 кг), орташа (17-25 кг) және ауыр (25 кг-нан жоғары) деп бөледі. Ауданы 200 - 450 http://www.rusnauka.com/15_NNM_2014/Agricole/4_170947.doc.files/image013.gif , қалыңдығы жеңіл салмақтысыныкі 2, 5-4 мм, орташасыныкі 3-4, 5 мм, ауырыныкі 3, 5-5 мм. Терісі біршама тегістеу, бірақ көп бұзаулаған сиырдың терісі қарын жағы созылған, біраз ақаулы болып келеді. Сиыр терісі аяқ киімнің жоғарғы бетіне арналған былғары және юфть шығаруда қолданылады, бағалы аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары шығаруға іске асатын тілінді (спилок) алынады. Одан басқа сиыр терісінен ұлтан, ұлтарақтық, ер-тұрмандық, техникалық және иленбеген қайыс шығарылады.

Шошқа терісі . Шошқа терісі басқа төрт түлік малдың терісінен өзгешелеу. Шошқа қылы (түгі) нашар дамыған, қыртысы қалың, ол өзең қалыңдығының 2-5%-ін құрайды. Шошқа терісінің сортын анықтау біршама қиынға түседі, себебі терінің бетіңдегі ақаулы-кемістікті айыру оңай емес. Шошқа түгі сиректеу және ірі болғандықтан түк пен қыртысты алып тастағанда, өзеңнің беті тегіс емес, соңдықтан былғарының бедері де сұлу емес, нашарлау бұдырлы көрінеді. Бірақ тері берік, үйкеліске төзімді, бұл қасиет былғарыда да сақталады. Шошқа терісіндегі май мен тер бездері, бұлшықеттері түкті тік тұрғызып тұрады және ол тері қалыңдығының өн бойын тесіп өтеді де, түк қалташалары өзеңнің төмеңгі қабатына орналасады. Сондықтан шошқа терісінің өзеңін торлы және емізікше қабатқа бөлмейді. Дайын былғарының бетінде түк орны өзеңде көптеген тесік түтікшелер түрінде қалады да, оның су өткізгіштігіне әсер етеді, табиғи бұл ақауды жөндеу үшін тері арнайы өңдеуді қажет етеді. Эластинді талшықтар терінің өн бойында орналасқан. Тері асты май қабаты жақсы дамыған. Шошқа терісі ауданына байланысты майда (30-70 http://www.rusnauka.com/15_NNM_2014/Agricole/4_170947.doc.files/image015.gif ), орташа (70-120 http://www.rusnauka.com/15_NNM_2014/Agricole/4_170947.doc.files/image018.gif ), ірі (120 http://www.rusnauka.com/15_NNM_2014/Agricole/4_170947.doc.files/image021.gif -ден артық) болып бөлінеді. Шошқа бөксесі ауданы бойынша шағын (30-50 http://www.rusnauka.com/15_NNM_2014/Agricole/4_170947.doc.files/image023.gif ) және ірі (50 http://www.rusnauka.com/15_NNM_2014/Agricole/4_170947.doc.files/image025.gif жоғары) болып бөлінеді. Олар аяқ киімнің жоғарғы жағына былғары жасауға, юфть әзірлеуге, ер-тұрман былғарысын дайындауға ұлтан мен ұлтарақ және иленбеген қайыс алу үшін қолданылады. Шошқа мегежіні терісінің ауданы 80 http://www.rusnauka.com/15_NNM_2014/Agricole/4_170947.doc.files/image027.gif жоғары болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Консервлеудің ылғалды тұздау тәсілі
Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар
Үлбір ішкі заттарын консервілеу әдістері
Былғары және тері өндірісінің шикізаты
Мамық-үлбір шикізаттарының ассортименттері
Қазіргі кезде киім тігу өңдірісінде көптеп қолдаңылатын жануарлардан алынатын шикізаттардың бір түрлері
Мамық-үлбір жартылай фабрикатының негізгі қасиеттері
Былғары және тері өндірісінің шикізаты жайлы мәлімет
Үлбір және тондық терілерінің жартылай фабрикаттарының көрсеткіштері және оларды анықтау және сұрыптау әдістері
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz