Өсімдіктердің тамыр шірік ауруларын қоздырушылардың терминдер


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ и НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАКСТАН

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени ШАКАРИМА города СЕМЕЙ

СРО

Дисциплина : «Профессиональный казахский язык»

Тема : «Өсімдіктердің тамыр шірік ауруларын қоздырушылардың терминдер»

Шифр, специальность : 5В080700, «Лесные ресурсы и лесоводство»

Выполнила : группа ЛД-312, Мергембаева А. К.

Проверил: Каламов Б. Х.

Семей, 2015

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Ауру туғызатын бактериялар және олармен күресу шаралары

2. 2 Актиномицеттер - антибиотиктер продуценттері

2. 3 Картоп, мақта дақылдарының аурулары

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Фитопатология - өсімдіктердің ауруы және олармен күресу жолдарын қарастыратын ғылым. Оның атауында гректің үш түрлі сөзінен шыққан: phyton - өсімдік, phatos - ауру, logos - сөз, ілім. Жалпы ауылшаруашылық және орман фитопатологиясын айырып алуға болады. Жалпы фитопатологияда өсімдік ауруларының себебін, ауру қоздырғыштарының ара-қатынасын, қоршаған орта, өсімдіктердің ауруға қарсы тұруы және тағы басқа күрес жолдарын жүргізу болып саналады. Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады. Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроағзалармен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады. Сондықтан фитопатология төмендегідей ғылымдардан туындады: микология (саңырауқұлақтар туралы ғылым), вирусология (вирустар туралы ғылым), микробиология (жалпы микроағзалар туралы ғылым) .

Орман фитопатологиясымен орман энтомологиясының үзілмес үлкен байланысын орманға керекті немесе зиянды жәндіктерді ғылыми арқылы көрсетеді. Саңырауқұлақтармен берілетін аурулардың ішінде, мысалы тамырдың шіруі, үнемі аурудың санының өсуіне және зиянкестердің күрт өсуіне әкеп соғады. Өз кезегінде қылқандардың жапырақкеміргіш жәндіктердің зақымдауынан өсімдіктердің әртүрлі ауруларға қарсы тұруын төмендетеді. Көптеген жәндіктер өсімдіктердің ауруларының қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып, оның көбеюіне табиғатта сақталуына ықпал етеді.

Орман фитопатологиясы, орман энтомологиясы және орман құстары мен аңдарының биологиялық негізгі орман қорғау комплексін құрастырады. Орман фитопатологиясының ерекшелігі қоршаған ортаның экологиялық мәселелерн шешу.

http://litterref.ru/files/125/ad539327c317e56c0f589aec88e5413b.html_files/rId6.jpg

2. 1 Ауру туғызатын бактериялар және олармен күресу шаралары

Адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы ауру туғызатын бактериялар деп аталады. Бактериялардың оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаң және т. б. сияқты ауруларды туғызатыны ертеден-ақ белгілі болды. Ауру туғызатын бактериялар адам денесіне енген соң оның ағзалық затымен қоректену, тез көбейе бастайды. Сөйтіп өзінен бөлінген улы заттармен ағзаны улайды (мысалы, баспа мен сіреспе аурулары кезінде, ағзаның қанайналымына улы заттар шығарады) . Қан улы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады. Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тарамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады. Көпшілік орындарда, бөлмеле неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым адамдар аз ауырады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады. Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Сондықтан үйді, сынып бөлмесін күнде желдетіп отыру қажет. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия) дейді.

http://litterref.ru/files/125/ad539327c317e56c0f589aec88e5413b.html_files/rId18.jpg

2. 2 Актиномицеттер - антибиотиктер продуценттері

Практикада кең қолданысқа ие антибиотиктер актиномицеттердің метаболиттері болып саналады. Актиномицетті шығу тегіне ие ең бірінші антибиотиктердің бірі - мицетин, ол 1939 жылы совет ғалымдары Красильников және Коренякомен ашылды.

1940 жылы актиномицетин (Вельш, 1937) және мицетин, сонымен қатар, пенициллин деген антибиотикалық заттар анықталды.

Streptomyces туысы актиномицеттердің ең ірі өкілі болғандықтан, бұл актиномицеттерден түзілетін антибиотикалық заттар:

Антибиотиктер атауы
Продуцент
Антибиотиктер атауы: Адриамицин
Продуцент: Streptomyces peucetius var. Caesius
Антибиотиктер атауы: Бицикломицин
Продуцент: Streptomyces aizunensis
Антибиотиктер атауы: Валидомицин
Продуцент: Streptomyces hygroscopicus
Антибиотиктер атауы: Виргиниамицин
Продуцент: Streptomyces virginiae
Антибиотиктер атауы: Лазалоцид
Продуцент: Streptomyces lasaliensis
Антибиотиктер атауы:

Ливидомицин

Макарбимицин

Продуцент:

Streptomyces lividus

Streptomyces phaeochromogenes

Антибиотиктер атауы: Мидекамицин
Продуцент: Streptomyces mycarofaciens
Антибиотиктер атауы: Рибостамицин
Продуцент: Streptomyces ribosidificus
Антибиотиктер атауы: Солиномицин
Продуцент: Streptomyces albus
Антибиотиктер атауы: Тетранактин
Продуцент: Streptomyces aureus
Антибиотиктер атауы: Эндурацидин
Продуцент: Streptomyces fungicidicus
Антибиотиктер атауы: Стрептомицин
Продуцент: Streptomyces griseus
Антибиотиктер атауы: Канамицин
Продуцент: Streptomyces kanamyceticus
Антибиотиктер атауы: Тетрациклин
Продуцент: Streptomyces aureofaciens

Сонымен, актиномицеттер дегеніміз - диаметрі 0, 4-1, 5 мкм-ге дейін жететін даму сатыларының кейбір стадияларында бұтақтанған мицелий құруға қабілеті бар бактериялар тобы.

2. 3 Картоп, мақта дақылдарының аурулары

Картоп аурулары- картоп дақылында саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар және микоплазмалар қоздыратын өсімдік аурулары. Олардың ішінде республикада аса кең таралып, көп зиян келтіретіндеріне фитофтороз, альтернариоз, макроспориоз, түйнектердің актиномикозды және қара таз қотырлары, сақиналы және фузариозды шіріктері, әр түрлі вирустар мен вироидтар және микоплазмалар қоздыратын аурулар жатады. Картоп фитофторозын төм. сатыдағы оомицеттер (Oomycetes) класына жататын Phytophthora іnfestans саңырауқұлағы қоздырады.

Ауру белгілері

Алғаш жапырақ ұштарында қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Кеселдің дамуына жағдай қолайлы болса, жапырақ тақталары мен сабақтарында бір-бірімен ұласып жататын, қоңырқай немесе қара қоңыр үлкен дақтар пайда болып, олар тез арада солып, қурап кетеді. Ауа өте ылғалды, жаңбыр мол жылдары дақтардың үстінде ақшыл сирек ұлпа түзіледі.

Ауру қатты өршіген жағдайда

Картоп егісі бар-жоғы бір-екі аптаның ішінде қарайып, толық қурап, ал жаңбыр мол болса шіріп кетуі мүмкін. Фитофтороз картоптың түйнектерін де залалдайды. Онда ішке қарай тереңдей беретін қоңырқай дақтар пайда болады да, түйнектер сақтау кезінде толығымен немесе жартылай шіриді. Бұл ауру республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда және солт. өңірде жиірек кездеседі. Ол жаз айлары жаңбырлы және салқын (15 - 17°С), ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары (70 - 80%) болса қатты белең алады. Альтернариоз және макроспориоз (ауру қоздырғыштары Alternarіa solanі Neerg., Macrosporіum solanі Ell. et Mart. ) фотосинтез процесінің екпінділігі төмендейді, осының салдарынан картоптың түсімділігі кемиді. Актиномикозды қотыр және қара таз қотыр түйнектің беткі қабатын, ал сақиналы шірік оның ішін залалдайды. Алғашқылары республикамыздың орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында кең таралған. Кей жылдары олар картоп түсімділігін едәуір төмендетеді. Соңғысы республикада сирек кездеседі. Саңырауқұлақтар қоздыратын картоптың аса зиянды ауруына түйнектердің фузариозды солуы мен шірігі де жатады. Соңғысы картопты қоймаларда сақтау кезінде дамып, жиналған өнімді біраз ысырапқа ұшыратады. Ауруға, көбінесе жиын-терін кезінде жарақаттанған түйнектер бейім келеді. Сақтау кезінде қойманың темп-расы жоғары, ауа дымқыл болса ауру қатты өршиді. Картоп вироздарын А, Х, S, М, L вирустары қоздырады, көбінесе дақыл 2 - 3 вируспен бір мезгілде залалданады.

Аурудың негізгі белгілері

Жапырақтың қатты дақтануы, қатпарланып бұйралануы, түтікше тәріздес оралуы, ширатылуы және өлуі. Жапырақтардың жолақ мозаикасы ауруын У-вирусы қоздырады. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің сабақ буынаралықтары қысқарып, оның өсуі баяулайды, жапырақтары ширатылып қурай бастайды. Вегетация кезінде кесел бір өсімдіктен екіншілеріне өсімдік биттері арқылы таралады. Жапырақтардың түтікше ширатылуын картоптың L вирусы қоздырады. Залалданған дақылдың түйнектері өте ұсақ және олардың өскіндері көп әрі нәзік келеді. Вирус түйнекте сақталады, вегетация кезінде ауруды шабдал биті таратады. Жапырақ мозаикасын М-вирусы қоздырады, жапырақтар хлорозданып, олардың жүйке аралықтары жолақтанады әрі әжімделеді. Вирус түйнекте сақталады. Вегетация кезінде картоп жапырақтары бір-бірімен түйіскен кезде кесел шырын арқылы жұғады және өсімдік биттерімен таралады. Теңбіл мозаиканы Х-вирусы қоздырады. Жапырақ жүйкелерінің аралығында сарғылт теңбіл дақтар ретінде байқалады. Инфекция түйнектерде, кейде латентті (көзге байқалмайтын) жағдайда сақталады.

Күресу шаралары

Фитофтороз және басқа да саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларға қарсы күресу үшін түйнектерді отырғызар алдында беномил, фундазол немесе фенорам препараттарының бірімен бүріккен дұрыс (2 т-ға 1, 5 - 2 л препарат жұмсалады) . Вегетация кезінде фитофтороз, макроспориоз, т. б. аурулардың дамуын тежеу үшін егістікті 1 - 2 дүркін ридомол, ридомол голд, даконил фунгицидтерінің бірімен (га-ға 2 - 2, 5 л) бүрку қажет.

Қорытынды

Арамшөптер - адамдардын қатысуынсыз мәдени дақылдармен бірге өсуге бейімделген ерекше өсімдіктер тобы. Мәдени дақылдарды өсіру үшін қолданылатын агротехника жүйесі арамшөптерге де қолайлы жағдай туғызады. Арамшөптер топырақтан коректік заттар мен ылғалды бойына сіңіреді, өсімдік аурулары мен зиянды жәндіктер де арамшөптерде қоныстанып, мәдени дақылға ауысады. Арамшөптер жер өңдеу, егін жинауды қиындатады, екпе дақылдардың өнімі мен сапасын төмендетеді. Арамшөптердін ішінде өте зияндылары карантиндік шөптер тобы болып саналады. Қазақстан республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты өсімдік қорғау және карантин департаментінің мәліметі бойынша, карантиндік арамшөптерден жатаған у кекіре 2, 5 млн. гектар жерге, арамсояудың 19 түрі 180 мың га, ермен жапырақты ойран шөп Алматы облысында 6100 га жерге, көп жылдық ойран шөп Батыс Қазақстан облысында 3800 га, ал тікенек алқа Жамбыл облысында 100 гектар жерге таралған. Сондықтан күресу жүйесі дер кезінде агротехникалық, биологиялық және химиялық әдістерді қолдану арқылы жоспарланған жағдайда ғана сапасы жоғары өнім алуға болады. Соңғы жылдардағы зерттеу, егіншілік жүйесін игеру мен егістіктегі арамшөптермен күресу технологиясын, сондай-ақ Солтүстік Қазақстандағы егіншілік жүргізудің экологиялық мәселелерін талдау қазіргі жағдайда егіншілік жүргізуге жаңа, баламалы тәсілдеме қажет екенін көрсетті. Қазақстан ғалымдарының көбінің пікірі бойынша, егіншіліктегі экологиялық маңызы қолайсыз салдарларды жете бағаламау пайдаланылған топырақ сапасының айтарлықтай нашарлауына, ондағы қарашірік мөлшерінің 20-30 %-ға төмендеуіне, агрохимиялық және агрофизикалық жағдайының нашарлауына, аса тығыздануына, эрозияның өршуіне, сондай-ақ шектес аймақтардағы тұтастай топырақ экологиясының бұзылуына және де ең маңыздысы егістіктердің арамшөппен ластануына әкеп соқтырды. Республиканың ауылшаруашылығы ғылымдарының алдында егіншілікті одан әрі дамыту, оның жоғары өнімділігін қолдаудың балама жолдарын іздестіру проблемасы туындады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау
Микробиологияның даму кезеңдері
Ауылшаруашылық малды азықта және мал азығына қойылаты санитариялық – гигиеналық талаптар
Фитопатогендік микроағзалар және олардың анатгонисттері
Дәнді дақылдардың тамыршірігі және дақ ауруы
Өсімдіктердің аурулары. Түрлері
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері арасында экспорт бойынша мақта екінші орында
Саңырауқұлақтардың жыныстық споратасушысы
Балық инфекциялық ауруларын қоздырушылардың ерекшеліктері
Бактериялар және актиномициттер туғызатын ауыл шаруашылық дақылдарының ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz