Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау, дамыту


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ

Тақырыбы: Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту. Жеке кәсіпкерлік туралы заң.

Орындаған: Мұхамеджанов М. С.

Тобы: МШ-409

Тексерген: Есенбекова З. Ж.

Семей 2015ж.

Жоспар:

1. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры

2. Жеке кәсіпкерлік туралы заң

2. 1 Жеке кәсіпкерлік туралы заң (2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124)

Пайдаланылған әдебиеттер

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры - бейкоммерциялық қаржы ұйымы. 1997 жылы сәуірде Алматыда құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары түгелдей мемлекетке тиесілі. “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңына сәйкес қордың негізгі міндеттері: жобалық қаржыландыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру; қаржы лизингін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу операцияларын бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін дамыту. Қордың барлық облыс орталықтарында аймақтық бөлімшелері, Астана қаласында өкілдігі, 39 аудан орталығы мен облыстық бағыныстағы қалаларда 40 өкілі жұмыс істейді. Қордың негізгі бағдарламалары республикалық бюджеттен арнайы бөлінетін қаражаттан, халықаралық және отандық қаржы институттарының бағдарламалары бойынша түсетін қаражат есебінен қаржыландырылады. Бүгін таңда қордың несие қоржыны мына бағдарламалардың есебінен қалыптасып отыр: Еуропалық Жаңғыру және Даму банкінің Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы; Азия Даму банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық қарызының ҚҚ траншы; Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін республикалық бюджет есебінен несиелендіру, соның ішінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметін несиелендіру бағдарламасы; шағын қалаларды дамытудың 2004 - 06 жылдарға арналған бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін қордың меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру; шағын кәсіпкерлікті Ақмолаоблысының әкімдігімен бірлесіп, ортақ қаржыландыру бағдарламасы. Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін меншікті қаражат есебінен қаржыландыру бойынша негізгі бағдарламалары: “Қазақстанда кішігірім несиелендіру (микронесиелендіру) жүйесін дамыту” бағдарламасы - кішігірім несиелендіру жүйесін (Қазақстанның несие жүйесінің 3-деңгейін) дамыту арқылы экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және халықтың кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру; “Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2-деңгейдегі банкілер беретін несиені кепілдендіру” бағдарламасы - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің коммерц. банкілер мен басқа да қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелері бойынша қордың кепілдіктерін беру жолымен шағын бизнес аясына көп көлемде ресурс тарту; “Жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі” бағдарламасы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясатының басым бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржылық қолдау; “Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ақпараттық-талдау, ақыл-кеңес беру тұрғысынан қолдау” бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының құрамдас бөлігі ретіндегі ақпараттық қолдаудың, сапалы оқытудың және ақыл-кеңес берудің кешенді жүйесін қалыптастыру. Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2005 - 07 жылдарға арналған жеделдетілген бағдарламасына сәйкес осы үш жыл үшін қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде кішігірім несиелендіру бағдарламасын дамытуға 11 милллиард теңге, кепілдендіру бағдарламасына 15 миллиард теңге, жобалық несиелендіру бағдарламасына 4 миллиард теңге жұмсалды. [1]

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры (ШКДҚ) Үкіметтің, қазақстандық заңи тұлғалар мен кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамырдың 6-сындағы Жарлығын атқару үшін құрылған. Аталған Қордың негізгі қызметі шағын бизнес жобалары бойынша дербес, сондай-ақ екінші деңгей банктерінде конкурстық негізде Қор қаражаттарын шарттасымды орналастыру арқылы кредиттер беруге бағытталған. Қорды құру туралы Үкіметтің қаулысында Қаржы министірлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментіне 1997 жылдың Імаусымына дейін банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам нысанында Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру табысталынған болатын.

Қор іске асыратын бағдарламалар:

  • Қазақстанда шағын бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы секторы үшін халықаралық қаржы институттарының кредиттік желісі;
  • бюджеттік қаражаттардан шағын кәсіпкерлік субъектілерін (соның ішінде әйел кәсіпкерлігін) кредиттеу бағдарламасы ;

Қордың меншікті қаражаттары есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерді кредиттеу, соның ішінде:

  • факторинг;
  • қаржылық лизинг (таза және қайтарылатын лизинг) ;
  • дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру;
  • екінші деңгей банктерімен шағын кәсіпкерлік субъектілердің жобаларын ортақ қаржыландыру;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілердің ойдағыдай жобаларын қайта қаржыландыру;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілер іске асыратын франчайзинг жобаларын қаржыландыру;
  • жұмыс істеп тұрған бизнестің айналым қаражаттарын қаржыландыру;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілердің шығындарын кейін 50 пайызға дейін өтейтін сапаның халықаралық стандарттарын енгізуді қаржыландыру;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерді қолдау инфрақұрылымының қатысушыларын кредиттеу;
  • оралмандар, жастар, зейнеткерлік жастағы әлеуетті кәсіпкерлер, қолөнершілер, мүгедектер іске асыратын жобаларды қаржыландыру;
  • Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша қаржыландыру;
  • әкімяттармен бірлесіп шағын кәсіпкерлік субъектілерді ортақ қаржыландыру бағдарламасы;
  • микрокредиттеу;
  • кепілдік беру.

Қор микрокредиттік ұйымдардың желісін құрған, микрокредиттік ұйымдарды қаржыландырады, соның ішінде қаражаттар рынокта іс-әрекет етуші микрокредиттік ұйымдардың экономикалық айқындамасын күшейтуге бағытталады, Қордың қатысуымен құрылған микрокредиттік ұйымдар қаржыландырылады.

Микрокредиттеу секторына жекеменшік капиталды тарту мақсатымен ШКДҚ жарғылық капиталда ШҚДҚ-ның үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі механизм әзірленді. ШКДҚ-ның үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі жобалар жіберіледі. ШКДҚ шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін оларға екінші деңгей банктерінде кредиттер алу кезінде кепілдіктер береді. Бұл механизмді енгізу шағын бизнес сферасына ресурстардың үлкен көлемін тартуға мүмкіндік береді, сонымен бірге Қазақстанда сақтық компаниялары қызметтерінің спектрін кеңейту үшін қозғау салады.

Лизинг - Қордың қаржылық қызметі бағьттарының бірі; ірі лизингтік компаниялар майда жобаларды қаржыландырмайды, мұның өзі шағын бизнестің қаржылық-қаражаттарға кіруін шектейді. Бұл жағдайда қордың артықшылығы - төмен пайыздық мөлшерлемесінде және мәміленің ең жоғары сомасына шектелімдердің жоқтығында.

Қордың өңірлік филиалдарының торабы, кәсіпкерлік практиканың республикалық оқу орталығы, оқу-әдістемелік, ақпараттық, талдамалық және қолдау көрсететін кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік орталықтары бар.

Жеке кәсіпкерлік туралы заң

Рынок жағдайларында табыс алуға бағыттылған азаматтардың кәсіпкерлік қызметіне кең жол ашылған. Дара кәсіпкерлік ұғымы Дара кәсіпкерлік туралы заңда тұжырымдалған. Дара кәсіпкерлік қызмет мына белгілердің жиынтығымен сипатталады:

  • а) ол ынталы бастамалық қызмет болып табылады;
  • ә) табыс алуға бағытталған;
  • б) кәсіпкерлікпен шұғылданатын азаматтардың өздерінің меншігіне негізделген;
  • в) азаматтардың атынан олардың тәуекелі үшін және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Дара кәсіпкерліктің түрлері Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес, жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады. Дара кәсіпкерлер мынадай шарттардың біріне сәйкес келсе, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады:

  • 1) тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегі пайдаланылады;
  • 2) жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілерімен белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен асып түскен мөлшерде кәсіпкерлік қызметтен салық заңнамасына сәйкес есептелінген жылдық жиынтық табыс алады.

Дара кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес дара кәсіпкерліктің түрлері жекеше және бірлескен кәсіпкерлік болып табылады.

Жекеше кәсіпкерлікті оған меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде бір жеке тұлға өздігінше жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлікті оларға ортақ меншік құқығында жататын мүлік базасында, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) мүлікке иелік етуге болатын өзгедей құқық күшінде жеке тұлғалар тобы (дара кәсіпкерлер) жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жекеше кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелержасалынады, құқықтар мен міндеттіліктер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан сатып алынады және жүзеге асырылады.

3-бап. Жеке кәсiпкерлiктi құқықтық реттеу шектерi

1. Жеке кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген негiздер бойынша ғана шектелуi мүмкiн.
2. Жеке кәсiпкерлiктi шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк органдардың жекелеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң артықшылық жағдайын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауына тыйым салынады.

4-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты мен принциптерi

1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi:
жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнің кепiлдiгі (Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілген) және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгi;
жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi;
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуы;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қатысуы болып табылады.

6-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi

1. Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.
2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мынадай санаттарға жатқызылады:
1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның ішінде микрокәсiпкерлiк субъектiлерi;
2) орта кәсiпкерлiк субъектiлерi;
3) iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi.
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу критерийлері:
жұмыскерлердің жылдық орташа саны;
жылдық орташа табысы.
4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн санаттарға жатқызу:
мемлекеттік статистика;
мемлекеттік қолдау көрсету;
5. Заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

8-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке кәсiпкерлiктiң кез келген түрiн жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбектi пайдалана отырып, жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен филиалдар мен өкiлдiктер құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бағасын дербес белгiлеуге;
5) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өтеулi негiзде қаражат (қарыз) беруге;
6) өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға;
7) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн құруға;
8) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сарапшылық кеңестердiң жұмысына қатысуға;
9) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына және мемлекеттiк органдарға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзуға кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту мәселелерi бойынша жүгiнуге;
10) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сот органдарына жүгiнуге;
11) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалмауына септiгiн тигiзетiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттiк органдардың қарауына енгізуге;
12) әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыру немесе оған қатысу жолымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шараларын өз қызметінде қолдануға құқылы.

Жеке кәсіпкерлік туралы заң (2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124)

19-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Шағын кәсіпкерлік
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz