Баға, баға жасау туралы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БАӨЖ
Тақырыбы: Баға және баға жасау
Орындаған : Тайжұма А. А.
Топ: ТП -211
Тексерген : Нуралина К. Т.
Семей 2015
Мазмұны:
1. Баға және баға жасау процесіне әсер ететін факторлар
2. Баға жасау процесінің негізгі кезеңдері
3. Баға жасау әдістері
Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі экономикалық категория. Бағада іс жүзінде экономиканың жалпы коғам дамуының барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың кұнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады.
Баға жасау деп тауарға бағаны қалыптастыру процесін атайды. Жалпы алғанда баға жасаудың екі жүйесі бар: орталықтандырылған және нарықтық.
Бағаның жасалу процесіне әсер ететін факторлар:
- Қаржы-несие өрісі
- Тұтынушылар (біріншіден сұраныс пен ұсынысқа байланысты, екіншіден тұтынушылардың бағаларға, сатып алуларға қарым-қатынасына байланысты) : соңғы жағдай бойынша 4 түрлі тұтынушы болады: а) тауар таңдағанда оның бағасына, сапасына, ассортиментіне көп көңіл бөледі; б) тауардың «бейнесіне» көп көңіл бөлетін тұтынушылар, сатушылардың қарым-қатынасына, қызмет көрсету дәрежесіне; в) ұсақ фирмаларға демеу жасайтын тұтынушылар (артық бағамен де сатып алуға дайын болады) ; г) тауардың бағасы емес, ол беретін қолайлылықты (комфорт), пайдалылықты көп талап ететін тұтынушылар.
- Мемлекеттік реттеу (заң негізінде баға жасауда әртүрлі заңға, нарық заңдарына қайшы әрекеттер жасатқызбау)
- Тауар қозғаласының қатысушылары
- Бәсеке (нарық, фирма және мемлекет басқаратын бәсеке орталары болады)
Баға жасау процесінің негізгі кезеңдер:
а) Мақсат қою. Тауар шығару мақсатын, оның нарықтағы орнын анықтау қажет. Жалпы алғанда үш басты мақсат болады: фирманың қызметін сақтау (нарыққа ену бағалары) ; пайданы өсіру (сұраныс пен ұсынысқа қарай) ; нарықтағы орнын сақтау (бағаны бір қалыпты ұстау) .
б) Сұранысты анықтау (бағаның максимальды деңгейін көрсетеді) .
в) Шығындарды талдау (бағаның минимальды деңгейін көрсетеді)
г) Бәсекелестердің бағаларын талдау.
д) баға жасау әдісін таңдау
е) соңғы бағаны анықтау
Баға белгілеудің әсіресе кең таралған әдістеріне келесілер жатады:
- Тауар бағасын өндіріс шығындарына негізделіп анықтау
- Капиталға саналған табыс әдісі
- Сұранысқа бағытталған бағаларды анықтау
- Ағымдағы бағалар деңгейіндегі бағаларды белгілеу
Бірінші әдіс толығырақ жеке тақырыпта қарастырылады.
Екінші әдіс бойынша өнім бірлігіне кеткен шығындарға салынған капиталға саналған процент қосылады. Өнім рентабельділігі келесі формула бойынша анықталады:
Рентабельділік = (салынған капиталдың пайда нормасы*баланс активының жиыны+тұрақты шығындар сомасы) /(өткізілетін өнім көлемі*өнім бірлігіне саналған өзгермелі шығындар)
Инфляция кезінде бұл әдісті қолдану қиынү Көбінесе оны ассортименті кең және жаңа тауарлары бар кәсіпорындар қолданады.
Үшінші әдіс тұтынушылардың тауарға берген бағасы (реакциясы) зерттеледі. Бұл әдіс тауарлардың дифференциясы жоғары болатын нарықта көп қолданылады.
Төртінші әдіс бүкіл саланың тәжірибесін жинақтауға негізделген. Бұл әдісті таза немесе олигополиялық нарықта қолдануға болады. Әр кәсіпорын бәсекелестің өз бағасын өзгерту себебін тыңғылықты талдау қажет және сәйкес жауап беру керек. Мысалы, бәсекелес бағаны азайтқанда, оның себебін, жасау мерзімін және нарыққа ықпалын қарастыру қажет.
Баға жасау әдістері:
Фирма жай баға орнатпай, барлық шығаратын тауар ассортиментіне бағалар жүйесін белгілейді. Бастапқы бағаны белгілеп, фирма оны әртүрлі факторлардың әсеріне байланысты түзетіп отырады. Фирма келесі бағалар түрлерін және оларды жасау әдістерін қолданады:
1) жаңа тауарға бағаны белгілеу: ол өз кезегінде патентпен қорғалған нарық үшін шын мәнінде жаңа болатын тауар үшін бағаны анықтау, нарықта бар тауарларға ұқсас болатын тауар-имитаторға бағаны анықтау. Тауар-имитатор бойынша фирма оның нарықтағы орнын дұрыс анықтау қажет. Ол үшін баға және сапа көрсеткіштерінің ара-қатыстары қарастырылады.
2) Тауар номенклатурасы шеңберінде баға жасау. Мұнда фирма өзі шығаратын тауар номенклатурасы бойынша бағалар жүйесін құрып максимальды пайда алуға тырысады. 4 типтік жағдай болуы мүмкін:
а) тауар ассортименті шеңберінде бағаны жасау. Әртүрлі тауарларға әртүрлі деңгейлі бағалар орнатылады (барлық факторлар, әсіресе шығындар деңгейі, бәсекелестер бағалары, тұтынушылардың көзқарасы, есебке алыну керек)
б) толықтырғыш тауарларға баға орнату. Негізгі тауарға фирмалар кейде қосымша толықтырғыш тауарлар ұсынады. Негізгі мәселе: стандартты тізімге және қосымша, толықтырғыш тізімге нені қосу қажет деген сұрақты шешу.
в) Міндетті қосылымдарға бағаларды орнату. Бұл қосылымдар негізгі тауармен қоса қолданылу қажет. Кейде оларға фирмалар асыра бағаларды қояды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz