Сынып жетекшісінің маңыздылығы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №-11

Тақырыбы: Сынып жетекшісінің маңыздылығы. Дискуссия: 1) Сынып жетекшісі қажет. 2) Сынып жетекшісі қажет емес. (көзқарас, пікірлер, фактілер т. б)

Орындаған:Даутова Ғ. А

Тексерген:Турғанбаева Б. Ш

Семей 2015 жыл

Жоспары

Кіріспе

  • Сынып жетекшісінің қажеттілігін атап көрсету
  • Сынып жетекшісі қандай жағдайларда қажет емес құқықтарын туралы пікірім

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеудің, саның негізінде тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми- педагогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата-аналардың көзқарастарының өзгеруі, біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайды, қоғамның құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.

Екіншіден, қоғамның бүгінгі жаңа сипатқа ие болу жағдайында өмір сүріп жатқан балалар өзгеше бір күй кешуде. Ол, бір жағдайда үлкенднр алдында өздерінің тұйықтылығымен әсер қалдырса, яғни ата-аналары мен ұстаздары алданда бір, ал жеке немесе жолдастары ортасында басқа мінезде болып көрінуге тырысады.

Сондықтан, қазіргі мектеп мұғалімінің қоржынында оқушының жеке тұлғасы және оқушылар ұжымын зерттеудің жан-жақты бай ғылыми әдістемесі жинақталған. Олар: педагогикалық, социологиялық, этикалық т. с. с. болып келеді.

Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды. Оқушыларға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысып, өзінен бұрынғы жетекшілік еткен немесе бастауыш сынып мұғалімінен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады.

  • Сынып жетекшісінің қажеттілігі қандай

Сынып жетекшісі - ол кім? Сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интелектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау. Ол үшін сынып жетекшісі тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді үлгілері мен тәсілдерін шығармашылықпен таңдап алып, оның нәтижелерін есептеп, бағалап, оқушыларға жеке-жеке қарау үшін оқушыларды жан-жақты зерттеп, жан дүниесіне үңілу қажет. Сол сияқты сынып жетекші де бала тәрбиесіне кіріспес бұрын, қай бағытта тәрбиелеу керектігін анықтап алған жөн.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т. б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайына байланысты қарастыру. Сынып жетекшінің міндеті - сан алуан. Сал себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

Бүгінгі күні сынып жетекшісі -бала үшін маңыздылығы:
• жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
• сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
• оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
• оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;
• сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
• оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.

Сынып жетекшісі қажет мынадай жағдайларда деп ойлаймын:

Сынып жетекшісінің қажеттілігі менің көзқарасым бойынша мына кездерде деп көрсетер едім. .
1. Оқушылардың денсаулығы және психологиялық жағдайы туралы мағлұмат алып отыру;
2. Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалау;
3. Уақытында көмек көрсету мақсатымен оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы толық мағлұмат жинап отыру;
4. Кіші педкеңестер, консилиумдер өткізу арқылы сынып оқушыларына тәрбиелік ықпал жасайтын пән мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру;
5. Сыныптағы қыздармен, ұлдармен, ата-аналармен өткізетін жұмысты мектеп психологы, әлеуметтік педагогтар, дәрігер немесе медбикелермен бірге жоспарлау керек.
6. Ата-аналарды мектепке шақырып тұру.
7. Егер сынып жұмысының бағасымен келіспесе, өзінің намысын қорғау үшін, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарында немесе мұғалімдер кеңесінде сөз сөйлеуге құқығы бар.

8. Сабаққа кешігіп келген, немесе сабаққа келмей қалған оқушының себебін анықтау;

9. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;

10. Сыныпта кезекшілік ұйымдастыру;

Сынып жетекшісінің қажеттілігі негізгі мына фактілерде

  • ата-аналар жиналысы
  • педагогикалардың оқушылар үйіне баруы
  • педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру.
  • Ұжым- сынып ұйымы, оқушылардың өндірістік бригадалары, сыныптан тыс үйірмелер, спорт коллективтері

Менің көзқарасым сынып жетекшінің қажет емес іс-әрекеттері:

1. Оқушының намысын қорлауға;

2. Қосалқы ат қоюға, кемсітуге;

3. Оқу бағасын оқушыны жазалау үшін қолдануға;

4. Оқушының сенгіштігін пайд

аланып, уәдесіне тұрмай, қате бағдар беруге;

5. Отбасын оқушыны жазалау үшін әдейі пайдалануға;

6. Әріптестерін сыртынан жамандауға немесе кәсіби беделін түсіруге құқы жоқ.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің маңыздылығы. Дискуссия
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі мектептің, отбасы мен жұртшылықтың бірлесіп атқаратын жұмыстары
Сынып жетекшісінің маңыздылығы туралы
Сынып жетекшінің маңыздылығы
Ата-аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы
Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстары
Сынып жетекшілерінің оқушылармен атқаратын жұмыстарының түрлері
Ата-аналармен бірлескен жұмыс мазмұны
Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары
Мектепте жүргізілетін тәрбие жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz