Бірінші дүниежүзілік соғыстың саяси әлеуметтік - экономикалық себептері мен салдары



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Россияның бірінші дүние жүзілік соғысқа кірісуі ... ... ... ... ... ... 9
2. Соғыстың себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3. Россиядағы партиялар мен таптардың соғысқа
көзқарасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
4. ІІ Интернационалдың күйреуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
5. 1914 . 1916 жылдардағы Шығыс майдандағы соғыс ... ... ... ... ... 16
6. Шығыс Пруссия және Галиция операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... 18
7. Түркілердің соғысқа кірісуі. Кавказдағы
соғыс қимылдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
8. 1914 жылғы науқанның қорытындылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
9. Екі жақтың 1915 жылға белгіленген жоспары ... ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Кіріспе
Капиталистік елдердегі экономикалық дамудың секірмелігі, монополия, қаржы капиталының үстемдігінің күшеюі, капитал шығару, рынок үшін күрес, ірі капиталистік елдердің территорияларды түпкілікті бөліп алуы сияқты істер олардың арасындағы келіспеушіліктерді тудырып түбінде осы үлкен соғысқа себеп болды. Нағыз толық мағынасындағы дербес мемлекеттер қатарына – Англия, Германия және АҚШ жатты, Франция, Ресей, Япония – «бірінші класты, бірақ әлі де шын мәнінде емес» - екінші топқа жатты, 3-топқа Австро-Венгрия жатты. Ал бұл соғысты тудыратын қайшылық ағылшын-герман қайшылығы ол – қайшылық отар өте көп, Германияда жоқ. Себебі: Германия отар алғысы келеді, Англия оны өз есебінен бергісі келмейді. Міне, осы екі үлкен соғыс одақтары – Үштік одақ пен Антанта одақтарын дүниеге келтірді.
Ал енді бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының мүдделері қандай болды ?
Герман импералистері жаулап алу бағдарламасында Ресейден көп жер басып алуды армандайды. Ресейдің құнарлы жермен, қазба байлықтарына толы жеріне немістердің колонистерін қоныстандыруды жоспарлады. Өндірісті Бельгияны аннекциялау, Конго, француздың темір рудасына бай Лонгви және Брис бассейіндерін аннекциялау, француз колонияларын басып алу, Англияның теңіздегі үстемдігін тартып алу, Англияны дүниежүзілік рынокта әлсірету тағы басқаны армандады, жоспарлады. Яғни «Ұлы Германияға» он жылдар бойына сырттан ешкімнің кедергісін болдырмауды жүзеге асырмақ болды.
Австро-Венгрия болса Сербияны аннекциялауды, Балқанда австро-венгер үстемдігін орнатуды, Ресейден Поляк, Подолия, Волынды алуды көздеді. Австро-Венгрияның бұл бағдарламасын Германия қолдады. Себебі Германия Австриямен капитал жөнінен байланыстары болып отырған жағдайда Германия Балкан елдеріне капиталын еркін шығаруға мүмкіндік алатын еді.
Патшалық Ресейдің импералистері, помещиктері, ірі буржуазиясы біріншіден соғыстың мақсаты етіп, Германияның ұлылығын жоюды, Ресейге Галицияны қосып алуды, Константинополь мен бұғаздарды алуды ойлады.
Ағылшын буржуазиясы өте күшті қарқынмен дамып келе жатқан Германияның экономикалық қаржыландыру күшін әлсеретуді, Германияның әскери, сауда флотын жоюды, Месопатамия мен Аравия жарты аралын оның мұнай көздерімен қоса алуды, сондай-ақ колонияларын тартып алуды арман етті.
Францияның импералистері де жоғарғылар сияқты Германияның әскери-экономикалық күшін талқандауды мақсат етті. Олар 1871 жылы тартып алынған Эльзас, Лотарингияны қайтарып алуды ойластырып ғана қойған жоқ, сондай-ақ, одан Рейннің сол жағалауын алып, Саар облысын қосып алуды, Сирияны алуды, Палестинаны, тағы басқа Араб территориясын, Германия колонияларын тартып алуды көздеді.
1916 жылдың аяғындағы кезеңдерде соғысқа барлық дамыған капиталистік елдер түгелге қатысты. Бұл уақытқа дейін барлық майданда 50 млн. солдат соғысты. Ал қалған еңбекке жарамды адамдардың бәрі соғыс мұқтажын өтеу үшін шахталар мен өндірістерде жұмыс жасап жатты. Адамзат баласы жасаған байлықтың бәрі түгел дерлік соғыс мүддесіне жұмсалды. Соғыс адамға да, өндіріске де, мемлекеттерге де адам айтқысыз көп зиян шектірді.
Жоғарыда айтқандай бір елдер соғыста байыды. Ол елдерге Япония мен АҚШ-ты жатқызамыз. Япония болса соғыс барысындағы жағдайларды пайдаланып Қытайда өз ықпалын қамтамасыз етті. Қытайдың жақсы-жақсы материальдік-стратегиялық маңызы бар елдерге қару-жарақ шығару арқылы да байыды. 1914 жылға дейін капитал иесі банк иесі болып келген Англия, Франция сияқты елдер енді өзінің капиталының көп бөлігінен соғыс салдарынан айрылып қалды. Бұрын осы капиталистік елдерге экономикалық жағынан қарыздар болып келген АҚШ капиталистік дүниенің финанстық орталығына айналды.
Халықтың кедейленуі мен қатар ірі монополиялардың экономикалық саяси күші өсе түсті, адам айтқысыз дәрежеде өсті. Соғыс кезінде бұрынғы «еркін рыноктың» өрісі тарылып, енді тек соғыс жабдығын шығаруда соғысқа, қазынаға ғана жұмыс жасады. Соғысушы капиталистік мемлекеттер енді тек тапсырыс берушіге айналды. Бұл мемлекеттік тапсырыстар монополистердің баю құралына айналды. Бүкіл мемлекеттік аппаратты монополия өзіне бағындыра бастады. Соғысқа мұқтаж заттармен, мұнаймен, азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында капиталистік елдер үкіметі қатаң бақылау жүйесін енгізді. Осылайша 1914-1918 жылдардағы соғыс аралығында монополистік капитализмге айналды. Әскери тапсырыс мемлекеттік бюджеттен төленді. Сондай-ақ соғысушы елдерде нанға, қантқа, етке, киімге, көмірге, тағы басқа тұтынушыларға керекті заттарға «карточка» жүйесі енгізілді. Ал оның мөлшері соғыстан бұрынғыдан 2, 3 есе азайтылды.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. СССР тарихы. Алматы «Мектеп», 1971.
2. Адольф Гитлер (новые факты, редкие документы, уникальные фотографии): перевод с франц. / М., АСТ-ПРЕСС, 1999.
3. История США. Г. П. Куропятник. «Наука» Москва 1985
4. История Стран Азии и Африки в новое время. Ч. 2: М., Изд-во МГУ, 1990
5. Всемирная история. Под ред. Г. Б. Полякова, А. Н. Морковец. М., «ЮНИТИ», 2000.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ТАРИХ КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыстың саяси
әлеуметтік-экономикалық себептері мен салдары

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Россияның бірінші дүние жүзілік соғысқа
кірісуі ... ... ... ... ... ... 9
2. Соғыстың
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 12

3. Россиядағы партиялар мен таптардың соғысқа

көзқарасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .13

4. ІІ Интернационалдың
күйреуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

5. 1914 – 1916 жылдардағы Шығыс майдандағы соғыс ... ... ... ... ... 16

6. Шығыс Пруссия және Галиция
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... .18
7. Түркілердің соғысқа кірісуі. Кавказдағы
соғыс
қимылдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 23

8. 1914 жылғы науқанның
қорытындылары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 24

9. Екі жақтың 1915 жылға белгіленген
жоспары ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 2

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...34

Кіріспе
Капиталистік елдердегі экономикалық дамудың секірмелігі,
монополия, қаржы капиталының үстемдігінің күшеюі, капитал
шығару, рынок үшін күрес, ірі капиталистік елдердің
территорияларды түпкілікті бөліп алуы сияқты істер олардың
арасындағы келіспеушіліктерді тудырып түбінде осы үлкен
соғысқа себеп болды. Нағыз толық мағынасындағы дербес
мемлекеттер қатарына – Англия, Германия және АҚШ жатты, Франция,
Ресей, Япония – бірінші класты, бірақ әлі де шын мәнінде емес -
екінші топқа жатты, 3-топқа Австро-Венгрия жатты. Ал бұл соғысты
тудыратын қайшылық ағылшын-герман қайшылығы ол – қайшылық отар
өте көп, Германияда жоқ. Себебі: Германия отар алғысы келеді,
Англия оны өз есебінен бергісі келмейді. Міне, осы екі
үлкен соғыс одақтары – Үштік одақ пен Антанта одақтарын
дүниеге келтірді.
Ал енді бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысушы ірі
мемлекеттердің әрқайсысының мүдделері қандай болды ?
Герман импералистері жаулап алу бағдарламасында Ресейден
көп жер басып алуды армандайды. Ресейдің құнарлы жермен,
қазба байлықтарына толы жеріне немістердің колонистерін
қоныстандыруды жоспарлады. Өндірісті Бельгияны аннекциялау, Конго,
француздың темір рудасына бай Лонгви және Брис бассейіндерін
аннекциялау, француз колонияларын басып алу, Англияның
теңіздегі үстемдігін тартып алу, Англияны дүниежүзілік рынокта
әлсірету тағы басқаны армандады, жоспарлады. Яғни Ұлы
Германияға он жылдар бойына сырттан ешкімнің кедергісін
болдырмауды жүзеге асырмақ болды.
Австро-Венгрия болса Сербияны аннекциялауды, Балқанда австро-
венгер үстемдігін орнатуды, Ресейден Поляк, Подолия, Волынды
алуды көздеді. Австро-Венгрияның бұл бағдарламасын Германия
қолдады. Себебі Германия Австриямен капитал жөнінен
байланыстары болып отырған жағдайда Германия Балкан елдеріне
капиталын еркін шығаруға мүмкіндік алатын еді.
Патшалық Ресейдің импералистері, помещиктері, ірі
буржуазиясы біріншіден соғыстың мақсаты етіп, Германияның
ұлылығын жоюды, Ресейге Галицияны қосып алуды, Константинополь
мен бұғаздарды алуды ойлады.
Ағылшын буржуазиясы өте күшті қарқынмен дамып келе жатқан
Германияның экономикалық қаржыландыру күшін әлсеретуді,
Германияның әскери, сауда флотын жоюды, Месопатамия мен
Аравия жарты аралын оның мұнай көздерімен қоса алуды,
сондай-ақ колонияларын тартып алуды арман етті.
Францияның импералистері де жоғарғылар сияқты Германияның
әскери-экономикалық күшін талқандауды мақсат етті. Олар
1871 жылы тартып алынған Эльзас, Лотарингияны қайтарып алуды
ойластырып ғана қойған жоқ, сондай-ақ, одан Рейннің
сол жағалауын алып, Саар облысын қосып алуды, Сирияны
алуды, Палестинаны, тағы басқа Араб территориясын, Германия
колонияларын тартып алуды көздеді.
1916 жылдың аяғындағы кезеңдерде соғысқа барлық дамыған
капиталистік елдер түгелге қатысты. Бұл уақытқа дейін
барлық майданда 50 млн. солдат соғысты. Ал қалған еңбекке
жарамды адамдардың бәрі соғыс мұқтажын өтеу үшін
шахталар мен өндірістерде жұмыс жасап жатты. Адамзат
баласы жасаған байлықтың бәрі түгел дерлік соғыс
мүддесіне жұмсалды. Соғыс адамға да, өндіріске де,
мемлекеттерге де адам айтқысыз көп зиян шектірді.
Жоғарыда айтқандай бір елдер соғыста байыды. Ол елдерге
Япония мен АҚШ-ты жатқызамыз. Япония болса соғыс
барысындағы жағдайларды пайдаланып Қытайда өз ықпалын
қамтамасыз етті. Қытайдың жақсы-жақсы материальдік-стратегиялық
маңызы бар елдерге қару-жарақ шығару арқылы да
байыды. 1914 жылға дейін капитал иесі банк иесі
болып келген Англия, Франция сияқты елдер енді өзінің
капиталының көп бөлігінен соғыс салдарынан айрылып
қалды. Бұрын осы капиталистік елдерге экономикалық жағынан
қарыздар болып келген АҚШ капиталистік дүниенің
финанстық орталығына айналды.
Халықтың кедейленуі мен қатар ірі монополиялардың
экономикалық саяси күші өсе түсті, адам айтқысыз дәрежеде
өсті. Соғыс кезінде бұрынғы еркін рыноктың өрісі тарылып,
енді тек соғыс жабдығын шығаруда соғысқа, қазынаға ғана
жұмыс жасады. Соғысушы капиталистік мемлекеттер енді тек
тапсырыс берушіге айналды. Бұл мемлекеттік тапсырыстар
монополистердің баю құралына айналды. Бүкіл мемлекеттік
аппаратты монополия өзіне бағындыра бастады. Соғысқа мұқтаж
заттармен, мұнаймен, азық-түлікпен қамтамасыз ету
мақсатында капиталистік елдер үкіметі қатаң бақылау
жүйесін енгізді. Осылайша 1914-1918 жылдардағы соғыс аралығында
монополистік капитализмге айналды. Әскери тапсырыс
мемлекеттік бюджеттен төленді. Сондай-ақ соғысушы елдерде
нанға, қантқа, етке, киімге, көмірге, тағы басқа
тұтынушыларға керекті заттарға карточка жүйесі енгізілді.
Ал оның мөлшері соғыстан бұрынғыдан 2, 3 есе азайтылды.

1891 жылғы саяси келісім және 1893 жылғы соғыс
конвенциясы белгілеген француз-орыс одақтастық міндеттемелері орыс
және француз армияларының бас штабтары бастықтарының ауық-ауық
өткізілген кеңестерінде расталып, анықталып отырды. Францияға соққы
бермекші деген жалпы пікір орыс бас штабын француздарға
тағы да жеңілдіктер жасауға мәжбүр етті. 1912 жылғы кеңесте
Франция орыс бас штабымен герман шекарасында 800 мың адам
ұстайтындығы және мобилизация басталғаннан кейін 15 күн
өтісімен-ақ Германияға қарсы шабуылға шығатындығы жөнінде
келісті. Бұл мүлдем жүзеге аспайтын міндеттеме еді. Патша
үкіметі әскерлерді толық шоғырландырып болмай жатып, шабуылға
шықпақшы болып келісім берді, ал мұның өзі армияны аса қиын
жағдайға қойды.
Дәл осы кеңесте Франция Россияға стратегиялық темір
жолдарды дамытудың кең программасын жүзеге асыруды ұсынды.
Бұл программаны орындау үшін 1913 жылы Россия Франциямен
алдағы бес жылдың ішінде батыс шекараға қарай жаңа
темір жолдар салу мақсатына Парижден жыл сайын 400-ден
500 млн. франкқа дейін қарыз алуына болатын келісім жасады.
Бірақ бұл келісім кеш жасалды, сондықтан орыс темір
жолдарының желісін күшейтуде шын роль атқарған жоқ.
1912 жылы Россия Франциямен соғыс-теңіз конвенциясын
жасасты; бұл конвенцияның негізінде Франция австрия-итальян
флотын Қара теңізге өткізбеуге міндеттенді. Конвенция теңіз
қарулы күштерінің бас штабының бастықтарына бір-біріне
мәліметтер беріп отыруға және стратегиялық жоспарларын өз ара
келісіп жасауға өкілдік берді.
Лиман фон Сандерстің ісіне байланысты Сазонов 1914 жылдың
басында Үштік келісімді ашық қорғаныс одағына айналдыру
идеясын ұсынды. Сазоновтың пікірінше Россия мен Англияның
арасында соғыс және жалпы саяси сипаттағы формальді
түрде болса қалған күнде Англия бейтарап қалар деген
үміт тудырды, ал мұның өзі Германияны Россия мен Францияға
шабуыл жасауға айдап салуы мүмкін еді. Оның бер
жағында Россия да революциялық дағдарыстың өршуі және
елдің соғысқа әзірлігінің аяқталмағандығы патша дипломатиялық
соғысты кешіктіре тұрмақшы боп әрекет жасауға
итермеледі. Сазонов Англияның өзіне Россия жөнінде айқын
және байланысты нығайтатын міндеттемелер алуы теңбе-теңдікті
қамтамасыз етеді, сөйтіп, Европадағы бейбіт тыныштық
Германияның қыңырлығынан тәуелді болмайтын болады деп
есептеді.
Сондай-ақ өз тарпынан Англия да Россиямен әскери саяси
байланысты нығайта беруге мүдделі болды, соның арқасында
өзінің басты жауымен сөзсіз болатын соғыста жеңіп
шығуды көздеді. Алайда, сол кездегі ағылшын жұмысшы
қозғалысының өрлеуі жағдайында орыстың қанды балақ
патша өкіметімен одақтасу идеясының ел ішінде аса
ұнамсыз екендігімен ағылшын үкіметінің санасуына тура
келді. Ағылшын буржуазиясының кейбір топтары германшылдық
және бейтарапшылдық көңіл күйде болды. Сондықтан Грей
Англияны Россия мен одаққа шырмалдырғысы келмеді.
1914 жылғы көктемде француз инициативасы бойынша орыс
дипломатиясы Англияға құпия соғыс-теңіз конвенциясын жасасуды
ұсынды. Россия орыстың Балтық жағалауларындағы герман
флотының көпшілігін Англияның мүмкіндігінше өзіне тартуын, ал
Жерорта теңізінің Үштік келісімнің басымдығын қамтамасыз
етіп, австрия-итальян флотының Қара теңізге өтіп кетуіне жол
бермеуін қалады.
Англия келіс сөз жүргізуге асықпады. 1912-1913 жылдары орыс-
француз соғыс міндеттемелерінің дамуы оның мүдделерін
негізінен қамтамасыз етіп отырды. Ағылшын саясатшылары
Россиямен соғыс-теңіз келісімен жасауға онша мүдделі болған
жоқ, өйткені Балтық флотының күшін өте төмен бағалады.
Келіс сөз 1914 жылғы июньнің аяғында қайта жүргізілді,
бірақ ол енді соғыс алдындағы дағдарыстың нағыз қызған
кезінде өтті.
Импералистік топтар мен олардың социалистік партиялардан
шыққан дем берушілері – оппортунистер соғыс-саяси блоктары
нығайту мен қару-жарақтарды жанталаса шығаруды халықаралық
бейбітшіліктің кепілі деп көрсетпекші болды. Ал шындығында
бұл қаруланған бейбітшілік системасы дүние жүзілік
импералистік соғыстың шығуын тездетті.

Россияның бірінші дүние жүзілік соғысқа кірісуі.
Соғыстың себептері. 1914-1918 жылдардағы бірінші дүние жүзілік
соғыс аса ірі импералистік державалар арасында қайшылықтардың
шиеленісуі нәтижесінде туды. Капитализмге тән, имперализм
кезінде өте күшейген, әркелгі даму заңының салдарынан ХХ
ғасырдың бас кезінде ұлы державалар арасындағы
қайшылықтар шегіне жете шиеленісті. Олардың ішіндегі бастысы
ағылшын-герман қайшылықтары еді. Экономикалық дамуының қарқыны
жағынан Англияны қуып жетіп, оны дүние жүзілік рыноктан
ығыстыра бастаған Германия Таяу және Орта Шығыста,
сондай-ақ Африкада кең экспансия жүргізіп, Британияның
отаршылдық империясының біртұтастығын қауіп төндірді.
Дүние жүзінде үстемдік орнатуға тырысып, Германия отарлары
өз пайдасына қайта бөлісуді ашықтан-ашық талап етті.
Германияның экспансиясын әлсірету және өзінің отар
иеліктерін, ықпал жүргізетін салалар мен теңіздегі
үстемдігін сақтап қалу үшін Англия барлық күшін салды.
Сондай-ақ француз-герман қайшылықтары да аса шиелініскен
еді. Францияның өш алуды көздеген топтары 1871 жылы
Германия тартып алған Эльзас пен Лотарингияның қайтарылып
берілуін талап етті. Сондай-ақ Германияның француз отарларынан
дәмеленуі оның Африкада Франциямен де соқтығысып қала
беруіне себеп болды.
Имперализм дәуірінің басындағы халықаралық қатынастардан,
бір жағынан, Россия және екінші жағынан, Австрия-Венгия
арасындағы қайшылықтар да өз орнын алды. Патшалық Россия
бұл елдермен Таяу Шығыста және Балканда соқтығысып қалып
отырды, өйткені мұнда олардың экспансиясының күшеюі
Россияның ықпалын мұнда олардың қаупін туғызды.
Пангерманшылдар Польшаны, Прибалтиканы басын алу, Россиядан Украина
мен Белоруссияны тартып алу жоспарларын құрды. Ал патша
өкіметі өз тарпынан Галиция мен Қара теңіздік бұғаздарды
басып алуға ұмтылды. Россия мен Германия арасында ірі-ірі
экономикалық қайшылықтар да бар еді. Оның үстіне Россия
ұлы держава күйінде қалып, өзінің импералистік мүддесін
көздегенімен оның өз одақтастарынан – Англия мен Франциядан
экономикалық және саяси жағынан тәуелділігінің де үлкен
маңызы болды.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, ең басты-басты импералистік
державалар арасындағы қайшылықтар Үштік одақ пен
Антантаның құрылуына әкеліп соқты. Олардың арасында қарулы
соқтығыстың болуы сөзсіз еді, оның үстіне соғыс ашудың
инициаторы өте агрессияшыл және оған жақсы дайындалған
герман имперализмі болды.
Июльдегі дағдарыс. 1914 жылғы 15 июньде Сараевода Австрия-
Венгия тағының мұрагері эрцгерцог Франс Фердинандты серб
ұлтшысы Гаврила Принциптің өлтіруі соғыстың басталуына
сылтау болды. Солақ екен, Австрия-Венгрияның соғысқұмар топтары
Сербияға қарсы батыл шаралар қолдануды бірден талап етті.
Император Франц Иосиф өзінің одақтасы Вильгельм ІІ-ден
Сербияға қарсы шығуға ризалығын (санкция) сұрады. Вильгельм
ІІ-ден Австрия-Венгрия үкіметінің Сербияны Балкандағы саяси
фактор ретінде жою жөніндегі талабын мақұлдап, кешікпей
қимылдауға кеңес берді.
Герман импералистері соғысты бастау үшін бұл қолайлы
кезең деп тауып, оны жіберіп аламыз ба деп қорықты. Олар
өздерінің жоспарларын Россияның соғысқа әзірленбегенін және
Англия бейтарап қалады деп есептей отырып құрды. Герман
соғысқұмарлары тіпті Россия мен Франция Сербия жағына
шыққан күннің өзінде де соғысуға даяр еді. Құрамында
беделді германшыл элементтер бар ағылшынның басқарушы
топтары өзінің позициясын күндердің бір күніне дейін
ғана бүркемелеп келген, олар тек соғыс үшін қолайлы
жағдайды күткен еді.
Германияның келісімін алған Австрия-Венгрия 10 июльде
Сербияға қатаң ультиматум қойды. Сербия үкіметі кейбір
ескертулерімен болса да ультиматумның барлық талаптарын
орындауға, эрцгерцогтың өлтірілуі туралы істі Сербия
территориясында тергеуге Австрия өкілдерін қатыстыру жайлы
пунктен басқасына келісті. Солай бола тұрса да 15
июльде Австрия-Венгрия оған соғыс жариялады. Россияның соғыс
және теңіз мәселелері жайлы үлкен программасы енді
ғана жүзеге асырыла бастағандықтан және ол тек 1917 жылға
қарай ғана аяқталуы мүмкін болғандықтан, патша үкіметі
Германия арқылы Австрия-Венгрияның Сербиямен қарулы жанжалын
болдырмауға әрекет жасады, бірақ одан нәтиже шықпады.
17 июльде патша жаппай мобилизация туралы указға қол
қойды. Барлық елдерде соғысқа әзірлік басталды. Енді Англия
Францияның талқандалуына жол бермейтіндігін ашық мәлімдеді,
бұған Вильгельмнің қатты ашуы келді. Германия елшісі сыртқы
істер министрі Сазоновтан Россияның мобилизацияны дереу
тоқтатуын талап етті, әйтпесе Германияға да мобилизация
жүргізеді деп мәлімдеді. Патша үкіметі бұл талапты
қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартты.
Соғыс жариялау. 19 июль күні кешкісін Германия Россияға
соғыс жариялады. 20 июльде Германия Бельгияға ультиматум
қойды, ал келесі күні Францияға соғыс жариялады. Англия
Белгияның бейтараптығын қорғауды сылтауратып, 22 июльде Австрия-
Венгрия Россияға соғыс жариялады. Соғыс бірден жалпы
европалық сипатқа көшті де көп ұзамай-ақ дүние жүзілік
соғысқа айналады. 10 августа Жапония Германияға
қарсы соғысқа кірісті. 20 октябрьде түрік эскадрасы орыс
жағалауын бомбылағаннан кейін Россия Түркияға қарсы
соғыс жариялады. Антанта жағында соғысқа барлығы 29
мемлекет, ал орталық державалар жағында 4 мемлекет қатысты.
Соғыстың империалистік сипаты және державалардың
басқыншылық мақсатты көздеуі.
Жаңа шыққан соғыс екі жақтан да импералистік,
реакцияшыл, әділетсіз соғыс болды. Европалық және бүкіл дүние
жүзілік соғысты буржуазиялық, импералистік, династиялық
соғыстың айқын белгіленген сипаты бар. Рыноктар үшін күресу
және бөтен елдерді тонау, елдің өз ішіндегі
пролетариаттың және демократияның революцияшыл қозғалысын
тойтарып тастауға тырысу, буржуазия пайдасына бір ұлттың
жалдамалы құлдарын басқа бір ұлттың жалдамалы құлдарына
өшіктіріп, барлық елдердің пролетарларын ақымақ етуге,
бірінен бірін ажыратып, соққылауға тырысу – соғыстың бірден-бір
нақтылы мазмұны осындай.
Бірінші дүние жүзілік соғыстың сипаты соғысушы
державалардың өздерінің алдына қойған мақсаттарынан айқын
көрінді. Орыс үкіметі 1 сентябрьде Англия мен Францияға
жолдаған өз нотасында алдын ала болашақ бітімнің шарттарын
ұсынды. Бұл шарттар бойынша Шығыс Галиция мен Неманның
төменгі алқабы Россияға өтуге тиісті болды, қайта
қалпына келтірілетін, бірақ Россиядан тәуелді Польшаға
Познаньды, Силезияны және Батыс Галицияны бермекші болды.
Франция Эльзасты, Лотарингияны және Германияның басқа да
бірқатар территориясын алуға тиісті делінді. Германияның
есебінен Бельгия, ал Австрия-Венгрияның есебінен Сербия
айтарлықтай үлкеюге тиісті еді. Австрия-Венгрия үш
мемлекетке бөлінбекші болды. Германияның отарларын батыс
державалары өз ара бөлісетін болды. Кейбір түзетулер
енгізілген бұл шарттарды Англия мен Франция қабыл алды. Ал
орталық державалар өз тарапынан кең көлемді аннексиялық
программаны алға қойды. Герман импералистері Англияның,
Францияның және Бельгияның кең-байтақ отар иеліктерін,
Францияның Солтүстігі мен Шығысындағы бірқатар территориясын
басып алуды, Бельгияға протекторат орнатуды көздеді,
Прибалтиканы, Польшаны, Украина мен Белоруссияны басып алмақшы
болды. Австрия-Венгрия имперализмі бүкіл Балканға өз
үстемдігін орнатуды талап етті.
Екі жақтың да импералистері өз үстемдігін нығайту және
халықтарды қанау мақсатымен дүниені қайта бөлісудің және
бөтен елдердің территорияларын басып алудың кең көлемді
жоспарын жасап жатты.
Россиядағы партиялар мен таптардың соғысқа
көзқарасы.
Россияның Жаңа рыноктарды басып алуды, соғыс
жабдықтарын шығару есебінен баюды көздеген буржуазиясы мен
помещиктері соғыстың басталғаны туралы хабарды масаттана
қарсы алып, патша халықпен бірлесті деп жариялады.
Шовинизм уымен мастанған буржуазиялық интеллегенция,
студенттер, ұсақ буржуазияшыл тоғышарлар да соғысты у-шу
боп қарсы алып, қадірлі монархқа ура деп айқалады.
Шовинистік у алғашқы кезде жұмысшылардың артта
қалған топтары мен шаруалардың бірқатарының басын
айналдырды.
Бірақ тұтас алғанда жұмысшы табының арасында соғысқа
қарсы көңіл күйі күшті болды. Мұны ескере отырып,
Думадағы меньшивиктер фракциясы большевиктермен бірге ортақ
декларация қабылдап, онда соғысты айыптап, оған қарсы
күрестің құралы еңбекшілердің халықаралық пролетарлық
ынтымағы деп жарияланады.
Большевиктер соғыс бюджетіне дауыс беруден бас
тартты және оған бюджетін қабыл алмады. Алайда
соғыстың бүкіл барысында дәйекті революцияшыл позицияны
ұстаған тек большевиктер партиясы ғана болды. Ал ұсақ
буржуазиялық меньшивиктер мен эсерлер партиясыларының ұстаған
бағыты сол тұрғысынша тұрақсыздығымен, ауытқушылығымен көзге
түсті. Олардың ішінде соғысқа түрлі-түрлі көзқарастың
бар екені байқалады. Олардың басым көпшілігі соғысты
ашықтан-ашық қолдады және (барлық соғысушы елдердің социал-
шовинистері сияқты) өздерінің көзқарасын ақтау үшін бұл
қорғаныстық сипаты бар соғыс деп сылтауратты. Олардың
тек азғана тобы – солшылдар ғана соғысқа қарсы шықты;
солшылдар соғысқа қарсы халықаралық социалистік
конференцияларға атсалысты, бірақ қорғанысшылардан ұйымдық
жағынан қол үзуден үзілді-кесілді бас тартты. Ал
Центристер шындығында өздерінің шынайы позициясын соғысқа
қарсы күрес туралы өтірік сөздермен бүркемелеп жүрген
жасырын социал-шовинистік.

ІІ Интернационалдың күйреуі.
ІІ Интернационалдың барлық дерлік партияларының жетекшілері
социализм мен пролетарлық интернационализм принципіне
опасыздық жасап, өз елдерінің импералистік буржуазиясымен
ынтымақтасып кетті. Германия, Франция, Англия, Бельгия
социалистерінің парламенттік фракциялары соғыс кредиті үшін
дауыс берді. Бұл партиялардың өкілдері реакцияшыл
буржуазия үкіметтерінің құрамына енді.
Халықаралық социалистік қозғалыс ішіндегі оппортунизмнің
көп жылдық даму процесі соғыстың бас кезінде
оппортунистердің ашық социал-шовинистерге айналуымен аяқталды.
Социал-демократияның басшылары ІІ Интернационалдық Штуртгарт
(1907) және Базель (1912) конгрестерінде импералистік
соғысқа қарсы шығамыз деп қабылдаған міндеттемелерден бас
тартты. Олар өз елінің буржуазиясы соғыс үшін кінәлі
емес деп өтірік айтып, Отан қорғау қажеттігін
уағыздады. Социал –демократияның басшылары азаматтық бітім
үшін күрескен болып, жұмысшылардың революциялық рухын
түсіруге барынша тырысып бақты.
ІІ Интернационал партияларының социализм ісіне опасыздық
жасауы бұл халықаралық ұйым идеялық-саяси жағынан
күйреп, ыдырап кетті деген сөз еді.
ІІ Интернационал партияларының ішінде ашық социал-
шовинистермен қатар оппортунизмнің олардан да қауіпті
жасырын формасы – центристік ағымы бар еді. Центристік –
Германияда Каутский, Россияда Троцкий ен Мартов - өздеріне
тиімді солшыл лепірме сөзді оппортунистік практикамен
ұштастырды. Центристік сөз жүзінде социал-шовинистермен
келіспейміз деп мәлімдеді, ал шындығында олардың арасында
принциптік жағынан ала ауыздық болған жоқ. Центристер
ашықтан-ашық социал-шовинистерді қорғап, ақтады. Троцкистер:
Жеңіп те керегі жоқ, жеңіліп те керегі жоқ деген
екіжүзді ұран тастады, бұл іс жүзінде пролетариаттың
революцияшыл күресінен бас тарту, буржуазиямен азаматтық
бітімге келу, патша өкіметін қолдау деген сөз еді.
Тек большевиктер партиясы ғана социализм мен
пролетарлық интернационализмнің ұлы принциптеріне ақырына
дейін айнымай, империалистік соғысқа қарсы дәйекті
күрес жүргізді.
1914-1916 жылдардағы Шығыс майдандағы соғыс
қимылдары.
1. Екі жақтың стратегиялық жоспарлары мен күштері.
Соғыс қимылдарының герман бас штабы (Шлиффен мен
Мольтке) жасаған жоспарына қауырт соғыс және
дұшпандарын жеке-жеке талқандау идеясы негіз болған
еді. Алғашында барлық күшті Францияға қарсы жауып
жіберіп, француз армиясын тез қоршап алып
талқандау белгілен-ді. Россияға қарсы тек қорғаныстағы
ұрыс қимылдарын басты ауыртпалығы алғашқы кезде өз
күштерінің жартысынан көбін Галициядан, Висла мен Бугтың
аралығынан шабуыл жасайтын болып бөлген Австрия-
Венгрияға жүктелген. Онан соң, Франция жеңілгеннен
кейін Германия әскерлерін Россияға қарсы көшіріп, оның
талқанын шығарып, тізе бүктіруге мәжбүр етпекші болған
болатын.
Орыс бас штабының жоспарында екі міндет қойылды:
Галицияда австрия-венгер әскерлерін талқандау және Шығыс
Пруссияны алу. Мұнан кейін шабуыл Берлин мен Венаға
қарай өрістеледі деп ұйғарылды. Бұл жоспарды жүзеге
асыру үшін ірі-ірі күштер қажет болып шықты:
майданға жіберілген әскерлердің 25-сі Германияға
қарсы 35-і Австрия-Венгрияға қарсы соғыс қимылдарын
жүгізбекші еді. Соның салдарынан дұшпанның басты күштері
шоғырланған Галиция бағытында соғыстың бастапқы кезеңінде күш
басымдылығы болмады. Көп әскерлер тылда қалып қойды.
Майдан шебінде күшті шоғырландыру ісі шабан жүріп,
мобилизация басталғаннан кейін тек 40 күннен жағдайға
душар болды, ал оның бер жағында Франциямен жасалған келісім
бойынша олар мобилизация басталғаннан кейін 15 күннен соң
шабуылға шығуға міндетті еді. Бейбіт уақытта 1423 мың
адамнан құралған орыс армиясында мобилизация кейін 7088
зеңбірегі бар 5,4 миллиондай адам болды. Сәтсіз аяқталған
орыс-жапон соғысының тәжірибесі ескерілді: әскерлердің
ұйымдығы мен соғысқа әзірлігі жақсартылды, мылтықтар мен
артиллериядан бастырмалата атқылаудың маңызына, әскер
түрлерінің өз ара бірлесіп қимыл жасауына көңіл бөлінді.
Алайда орыс армиясында далалық ауыр артиллерия мүлдем
дерлік болмады, оқ-дәрімен және техникалық құралдармен
нашар қамтамасыз етілген еді, мылтықтар мен зеңбіректердің
жеткілікті қоры болмады. Орыс корпусы өзінің атқылау
күші жағынан герман армиясы күшті дұшпанмен ұзақ
соғысуға әзір емес еді. Оның үстіне тіпті ірі әскери
құрамаларды басқара алмайтын топас генералдар басшылық етті.

Герман армиясында мобилизациядан кейін 9388 далалық
зеңбіректері бар 3,8 млн. адам болды. Қару-жарақтары мен
оқ-дәрісі жеткілікті, соғыс ісіне жақсы үйретілген ол
елеулі күшке айналған еді.
Австрия-Венгрия 4088 зеңбірегі бар 2,3 млн. адамды
мобилизациялады. Оның армиясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен мақсаты
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен салдары
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан
Халықаралық қатынастар теориялары – реализм және либерализм
1918-1938 жылдарындағы Германия
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс. Дүниежүзiн қайта бөлiске салу
Бірінші жүниежүзілік соғыстың себептері мен барысы, қорытындылары
Соғыс қарсаңындағы әлемдік халықаралық дағдарыстың салдары
Пәндер