Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық, жүзеге асырылған экологиялық қуыстар



Кіріспе.
Негізгі бөлім:
І. Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу.
ІІ. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.
ІІІ. Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар.
Қорытынды.
 Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар.
Жоғарыда айтылғандай, әрбір түр биоценозда нақты популяциямен көрсетілген. Оның экожүйе құрамындағы орны, бір жағынан, абиотикалық жағдайларға қойылатын талаптар жинағымен, ал екінші жағынан, басқа түрлер популяцияларымен байланыстар кешенімен және биоценоздың жалпы функцияларына қатысу түрімен анықталады. Бірыңғай көп түрлік қауымдастық құрамында ұзақ уақыт болу өзара қатынастар жүйесінің эволюциялық қалыпта-суына әкелді, ол кезде әрбір түр биоценоздың құрамында кеңістіктік және функционалдық түрде белгілі орын алады. Оның бұл орны түрдің экологиялық қуысы ретінде қарастырылады.
Дж. Хатчинсонның анықтамасы бойынша (1957 ж.), экологиялық қуыс – бұл белгілі түрдегі организмдердің ортаның абиотикалық жағдайларымен және тірі организмдердің басқа түрлерімен байланыстарының сомасы. Бұл тұжы-рымдама экологиялық қуысты көп өлшемді кеңістік ретінде көрсетеді, оның көптеген осьтерінің әрқайсысы бойында түрдің жеке экологиялық факторларға қоятын талаптарының шектері салынған. Түрдің ортаға қоятын талаптарына сәйкес келетін көп өлшемді кеңістіктің көлемі - іргелі (потенциалдық) қуыс, ал нақты экожүйедегі түрлік популяцияның нақты орны іске асырылған қуыс деп аталады. Әдетте іске асырылған қуыс іргелі қуыстан кем болады, себебі әрбір биоценозда түрге сәйкес келетін шарттардың бір бөлігі не болмайды, не бірінші кезекте, ылғи да орын алатын бәсекелік өзара қатынастардан іске асырыла алмайды

І. Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу.

 Популяциялардың жұмыс істеуі мекендеу тығыздығымен байланысқан. Аумақты ұтымды пайдалану тығыздықтың белгілі шектелуін, дарақтардың (топтардың) кеңістікте шоғырлануын көздейді. Популяция ішіндегі функция-ларды жүзеге асыру, керісінше, байланыстардың тұрақты қолданылуын қамтамасыз ететін дарақтардың белгілі шоғырлануын талап етеді. Ол кезде екі биологиялық міндет теңестірілген деңгейін мекендеудің оңтайлы тығыздығы деп түсінеді.
1.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет.
2. Шилов И. А. Экология. М.: Высшая школа, 1997.
3.Христофорова Н.К. Основы экологии. Владивосток: Дальнаука, 1999.
4.Бродский А.К. Краткий курс экологии. СПб.: Изд-во С-Петербургского университета, 2000.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университ

СӨЖ
Тақырып: Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар. Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар. Табиғи сукцессиялар барысында және антропогендік әсерлердің нәтижесінде қауымдастықтың түр әралуандылығының өзгеруі.

Орындаған: Тлеш М.А.
Группа: ХН-501
Тексерген:Жексенаева А.Б.

Семей қ. 2015 ж.

Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
І. Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу.
ІІ. Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.
ІІІ. Экологиялық сукцессия, бастапқы және қайталанған сукцессиялар.
Қорытынды.

Кіріспе.

Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар.
Жоғарыда айтылғандай, әрбір түр биоценозда нақты популяциямен көрсетілген. Оның экожүйе құрамындағы орны, бір жағынан, абиотикалық жағдайларға қойылатын талаптар жинағымен, ал екінші жағынан, басқа түрлер популяцияларымен байланыстар кешенімен және биоценоздың жалпы функцияларына қатысу түрімен анықталады. Бірыңғай көп түрлік қауымдастық құрамында ұзақ уақыт болу өзара қатынастар жүйесінің эволюциялық қалыпта-суына әкелді, ол кезде әрбір түр биоценоздың құрамында кеңістіктік және функционалдық түрде белгілі орын алады. Оның бұл орны түрдің экологиялық қуысы ретінде қарастырылады.
Дж. Хатчинсонның анықтамасы бойынша (1957 ж.), экологиялық қуыс - бұл белгілі түрдегі организмдердің ортаның абиотикалық жағдайларымен және тірі организмдердің басқа түрлерімен байланыстарының сомасы. Бұл тұжы-рымдама экологиялық қуысты көп өлшемді кеңістік ретінде көрсетеді, оның көптеген осьтерінің әрқайсысы бойында түрдің жеке экологиялық факторларға қоятын талаптарының шектері салынған. Түрдің ортаға қоятын талаптарына сәйкес келетін көп өлшемді кеңістіктің көлемі - іргелі (потенциалдық) қуыс, ал нақты экожүйедегі түрлік популяцияның нақты орны іске асырылған қуыс деп аталады. Әдетте іске асырылған қуыс іргелі қуыстан кем болады, себебі әрбір биоценозда түрге сәйкес келетін шарттардың бір бөлігі не болмайды, не бірінші кезекте, ылғи да орын алатын бәсекелік өзара қатынастардан іске асырыла алмайды

І. Шаруашылық маңызы бар түрлердің санын реттеу.

Популяциялардың жұмыс істеуі мекендеу тығыздығымен байланысқан. Аумақты ұтымды пайдалану тығыздықтың белгілі шектелуін, дарақтардың (топтардың) кеңістікте шоғырлануын көздейді. Популяция ішіндегі функция-ларды жүзеге асыру, керісінше, байланыстардың тұрақты қолданылуын қамтамасыз ететін дарақтардың белгілі шоғырлануын талап етеді. Ол кезде екі биологиялық міндет теңестірілген деңгейін мекендеудің оңтайлы тығыздығы деп түсінеді.
Мекендеу тығыздығын оңтайлы деңгейде ұстап тұру - кері байланыс принципі бойынша әрекет ететін күрделі биологиялық реттеу процесі.
Популяцияның мекендеу тығыздығын өсімталдық пен өлімді реттеу арқылы оңтайлы деңгейде ұстап тұруға болады. Жалпы жағдайда, популяцияда мекендеу тығыздығының ұлғаюы популяцияның өсу жылдамдығының төмендеуіне және популяция ішіндегі дарақтар бәсекелестігінің ұлғаюы салда-рынан өлімнің артуына әкеледі. Мысалы, балықтарда уылдырық шашқан жер-лерде уылдырықтың жиынтық мөлшері ұлғайғанда төлдің тірі қалуы және оның өсу қарқындары азаяды. Ақтөбе облысының қасқырларында тығыздық жоғары болғанда төлдің өлімі артады да, үлкен ұрғашылардың көбеюі кешіктіріледі.
Жануарларда өсімталдық пен өлімді реттеу процестерінде химиялық реттеу кеңінен таралған. Мысалы, ұн қара қоңызында белгілі тығыздық тамақ жетіспеуі себебінен анықталмайды, ол ерекше без - этилквинонның газ тәрізді түзінділерінің реттеуші әсерімен байланысты. Осы түзіндінің бөліну қарқын-дылығы байланыстардың жиілігіне (яғни мекендеу тығыздығына) тура пропор-ционал; оның әрекеті - балаң құрттардың өсуі мен дамуының баяулауынан, ал концентрациясы артқанда олардың өлімі көбеюінен айқындалады. Көптеген басқа жануарлар: балықтар, амфибиялар, қарапайымдылар, ұлулар, тікен терілілер, шаян тәрізділер үшін осыған ұқсас реттеу түрлері анықталған.
Тәртібі арқылы реттеу жоғары жануарларға аса тән. Көптеген жануар-ларда мекендеу тығыздығы ұлғайғанда дарақтардың тікелей байланыстарының жиілігі каннибализмге әкеледі. Мысалы, құстарда үлкен балапандар жем жетіспегенде өзінің туыстастарын жеп қояды. Тәртіптік реттеу көбінесе популяция ішіндегі топтардың құрылымымен байланысқан. Мысалы, цейлон-дық макакаларда жем жетіспегенде төмен рангты дарақтардың қалыпты қоректену мүмкіндігі болмайды да, өледі; нәтижесінде бұл маймылдар популяцияларының өлшемдері жем базасының өзгерісіне анық әсер етеді.
ІІ.
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.
Табиғи экожүйелерде организмдер популяциялары күйінің тұрақты өзгерістері болады, олар абиотикалық және биотикалық факторлардың көп санының әр түрлі кездейсоқ комбинацияларымен қамтамасыз етіледі. Алайда осы ауытқулардың барлығы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған қуыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар жайлы
Организмдердің индикаторлық мәні. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар жайлы ақпарат
Дара организмдер экологиясы
Организмдердің индикаторлық мәні. Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар туралы ақпарат
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Жер қойнауының температурасы
Экология ғылымының пайда болуы, дамуы
Нанотехналогия и Наноматериалы
Пәндер