Ауа, жер мониторингі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

CӨЖ

Тақырыбы: Ауа, жер мониторингі

.

Орындаған: Әсімғазы Ә. Б.

Семей 2015 жыл

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Ауа мониторингі

2. Жер мониторингі

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Атмосфералық ауаның мониторингi - атмосфералық ауаның жай-күйiн, оның ластануын бақылау жүйесi, сондай-ақ атмосфералық ауаның жай-күйiне, оның ластануына баға беру мен болжам жасау.

Бақылау желілері стационарлы бақылау посттарын (ПНЗ) қосады, республиканың үлкен қалаларында бекітілген, және тұрғылықты пунктеріндегі ауа аймағының күйі туралы ақпараттарды алуға арналған. Бақылау мына түрде жүргізіледі:-толық емес бағдарлама (тәулігіне 3 рет - 07, 13, 19сағат) . - толық бағдарлама бойынша (төрт рет 01, 07, 13, 19 сағат) . Бақылауға жататын ластағыш заттардың деңгейі бекітілген ол атмосфералық шығарындының көлемі мен құрамына ескеріп және ауа аумағын ластайтын нәтижелерін алдын ала зерттеу. Ауа мөлшерін қарастырумен бірге метеорологиялық сипаттамалар өлшенеді. Желдің бағыты мен жылдамдығы, ауаның температурасы мен ылғалдылығы, ауа райының күйі, ол атмосферада қоспалардың таралуын анықтауға мүмкіндік тудырады. Атмосфералық ауаның күйін оқыған кезде, анықталады: шаң, диоксид күкірт, ерігіш сульфаттар, көміртегі оксиды, азот диоксиды, фторлы су, күкірт су, ауыр метеллдары. Атмосфералық жауын күйінің мониторингі Атмосфералық жауынның химиялық күйі туралы мәліметтер, атмосфералық ластануының көрсеткіші ретінде қызмет етеді, әсіресе қабаттың бұлттың пайда болуын, газ алмасуы жүретін, және осыдан жауын пайда болатынын ескереді. Ауылда және республикамыздың қалаларында орналасқан 40 метеостанцияларында бақылау нәтижелері ай сайын жүргізілетін жиналымда шығарылады. Сынамадан бойынша анықталады: анион- сульфатын, хлоридтерді, катион- амоний, натрий, калий, кальций, магний, қышқылдар мен және жасанды электроөткізгіш металлдар анықталады.

Атмосфералық ауа жағдайына мемлекеттік бақылауды Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы жүргізеді.
Бақылау жұмысы 5 стационарлық бекеттерде және қозғалмалы зертханада жүзеге асырылады. Облыстық бюджет есебі бойынша, 3 стационарлық бекеттерде күндіз-түні бақылану жұмысының жүргізілетінін ата кету қерек. Бірақ бұл жерде де қиыншылықтар туындауда, әсіресе нормативті-құқықтық база ескірген.
Қазіргі күні қолданып жүрген атмосфералық ауаның ластану индексін есептеу әдісі Өскемен қаласындағы ластаушы заттектер шығарындыларының ерекшелілігін толық көлемде ескермейді. Қолданып жүрген атмосфералық ауаның ластану индексін анықтау әдісі атмосфераға ластау заттектерінің тек бес ең жоғары концентрациясын ескереді, бірақ атмосфералық ауаны ластаудың нақты суретін көрсетпейді. Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы алынған нәтижелер бойынша әр бөлімге саралай талдау жасап, ұсынылған ақпараттың дұрыстығымен нақтылығын қамтамасыз етуі қажет.
ҚМЖ күндері атмосфералық ауа жағдайына қатысты туындаған проблеманы шешу үшін «нормативтік-құқықтық акт туралы» заң талабына сәйкес, табиғат қорғау ерекшелігімен сипатталатын заңнама актілерін өңдеп және қолданысқа енгізу қажет. Бүгінгі күнге дейін ҚМЖ күндері шығарындыларды реттеу бойынша әдістемелік нұсқау жоқ.
Қазір барлық мемлекеттік органдарда, соның ішінде біздің Министрлікте де өзгерістер болып жатыр. Жаңа Министрлік құрылымында баяндамада қозғалған сұрақтар қазірде өз жүйесін тапты, енді біз аймақтың экологиялық жағдайын сауықтыру бойынша жұмыстарды бірден өз орындарында шешетін боламыз. Ал мұндай жұмыстарды ғылымды араластырмай, зерттеуді кең шеңбер көлемінде жүргізбей шешу мүмкін емес, ал бұған ғылыми негіз бізде бар. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Департаментімен бірлесіп, облыс орталығының экологиялық жағдайы және тұрғындардың денсаулығын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілгендігін естеріңізге сала кетейін. Өскемен және Семей қалаларының экологиялық төлқұжаттары әзірленді. Өскемен қаласының химия атмосферасы бойынша жұмыстар орындалды. Алынған зерттеу нәтижелері негізінде «2007-2012 жылдарда Өскемен қаласының экологиялық жағдайын жақсарту» бағдарламасы әзірленді. Бұл құжаттарды бүгінде біздер өз жұмыстарымызда қолданамыз.
Ірі қалалардағы және бүкіл облыс көлеміндегі атмосфералық ауаның ластануының негізіне - түсті металлургия және жылу-энергетика кәсіпорындарының шығарындылары себепкер. ЖЭО- атмосфералық ауаға 2- сыныпты қауіпті заттек, диоксид азоты шығарындысын негізгі жеткізуші.
Түсті металлургия кәсіпорындарының шығарындыларының негізі, 3- сыныпты қауіпті -күкіртті ангидрид. Ал, Сіздер, атмосфералық ауаның ластануы тұрғындардың денсаулығына әсер ететіндігін білесіздер. Экологиялық жағдайды жақсарту үшін табиғат пайдаланушы кәсіпорындарда «таза» технологиялар мен қазіргі өндірістерді енгізу арқылы өзгерту жасай аламыз. «Қазцинк» АҚ Өскемен металлургиялық кешенінде Хальдор-Топсе қондырғысы орнатылып, пайдалануға берілді. Және ол Өскемен қаласында атмосфераға ластаушы заттектер шығарындыларын жылына 31 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік берді.
Оны іске асыру үшін 4, 9 млрд. теңге жұмсалынды.
«Қазмырыш» АҚ болашақтағы даму жоспарына 2006-2012 жылдардағы Өскемен қаласындағы металлургтер кешенінде қоршаған ортаны ластаушы заттектерінің шығарындылары мен төгінділерін азайту мүмкіндігін жасайтын ілгерілеу технологиясын енгізу қарастырылуда. Оның негізгісі болып автоклав технологиясы бойынша қорғасын мен мыс өндіру.
2009 жылға «Қазмырыш» АҚ жылына мыс катодының өнімділігі 70 мың тонна болатын мыс қорыту электрыдырау (электролиз) зауытын салуды жоспарлауда. Аталмыш технологияны енгізу қорғасын мен күкірт диоксиді шығарындысын айтарлықтай көлемде азайтады. Бағдарламаның орындалу нәтижесінде, 2006 жылмен салыстырғанда қорғасынның жылдық шығарындысы 32 %-ға, күкірт диоксидін 22 %-ға төмендеп, жылына 22 мың тоннаны құрайды. Жобаның құны -352, 6 млн. АҚШ доллары.
Өскемен қаласындағы барлық ірі металлургиялық кәсіпорындар ИСО -14001 халықаралық стандарт бойынша сертификатталған.
Семей қаласында атмосфералық ауаның ластануы шаң бойынша ерекше байқалады. Ол Семейцемент ЖАҚ зауытынан және шағын қазандықтардан шығатын қатты заттардың шығарындыларымен байланысты. Бұл жерде де ластаушы заттардың шығарындылары бойынша экологиялық жағдайдың тұрақтандырылғаны байқалады - яғни, 2006 жылғы көрсеткіштер 2005 жылғы көрсеткіштерден аспаған.
Соңғы жылдары автокөліктердің санының артуы да ауаның ластануына үлесін қосуда. Өкінішке орай, бұл өсу түтін шығаратын (выхлопной) газдармен және облысқа әкелініп жатқан бензин сапасын қатты бақылау жолы әлі де қамтылмаған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университет негізінде, облысқа келіп түскен бензин сапасын бақылауды күшейту үшін аутокөліктердің жанар майымен майын сертификаттау Орталығы ашылды. 2006 жылы 49 бензин партияларын тексергенде 12 партиясы норматив талаптарына сай шықпағандығы анықталды. Бұның өзі кәсіпкерлердің адал, таза еместігін, бір күнгі түскен табысы- өзінің балалары мен жақындарынан қымбат екендігін байқаталы. Мұнда бізге тұрғындардың экологиялық мәдениетімен сауаттылығы жолында жұмыс жасауымыз керек.
Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.

Жер мониторингi болып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiлетiн жер қорының сапалық және мөлшерлiк жай-күйiн базалық (бастапқы), жедел, мерзiмдi байқау жүйесiн бiлдiредi.

Жер мониторингi қоршаған табиғи ортаның жай-күйi мониторингiнiң құрамдас бөлiгi және сонымен бiр мезгiлде басқа да табиғи ортаға мониторинг жүргiзу үшiн база болып табылады.

Халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларға сәйкес Қазақстан Республикасы жердiң ғаламдық мониторингi бойынша жұмыстарға қатысуы мүмкiн.

Жерге меншiк нысандарына, жердiң нысаналы мақсаты мен пайдаланылу сипатына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық жерi жер мониторингiнiң объектiсi болып табылады.

Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Жер мониторингi бойынша мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды iске асыру Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан келiсiмдерi мен шарттарында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

Жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Жер мониторингiн жүргiзу кезiнде қажетті ақпаратты алу үшiн қашықтықтан зерделеу, жер бетiн суретке түсiру және бақылау әдiстерi, сондай-ақ қор деректерi қолданылады.

Жер мониторингiн техникалық қамтамасыз ету жер ресурстарын басқару жөнiндегi тиiстi аумақтық органдарда ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау пункттерi бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Жер мониторингiнен алынған нәтижелер автоматтандарылған ақпараттық жүйенiң мұрағаттарында (қорларында) және деректер банкiнде жинақталады. Азаматтар, кәсiпорындар мен мекемелер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар жер мониторингiнiң мәлiметтерiн белгiленген тәртiппен пайдаланады.

Жер мониторингі жайлы жалпы түсінік

Адамның әртүрлі ғылыми және тәжірибелік іс-әрекетінде бақылау әдісі қолданылады. Қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастырудың үлгілері Гай Секунда Плинийдің «Жаратылыс тарихы» кітабында сипатталған. Орта ғасырларға дейінгі ең толық энциклопедия болып саналатын отыз жеті томда астрономия, физика, география, зоология, ботаника, ауыл шаруашылығы, медицина және тарих бойынша мәл»меттер келтірілген. Соңғы жүз жылда бақылау жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

Техника дамуымен байланысты адамның табиғатқа деген әсері ұлғая бастады, оның табиғи ресурстарды толық пайдалануға қолы жетті, осыған байланысты геофизикалық ақпарат оған қажетті болып отырады. Бұл ақпарат арқылы әртүрлі іс-шараларды орындау үшін оңтайлы табиғи жағдайларды анықтауға, шаруашылық үшін қолайлы немесе қолайсыз жағдайларды болжауға болады және адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері үшін қолайсыз факторлардың әсерін азайтуға болады. Мұндай ақпаратқа қоршаған ортаның іс жүзіндегі жағдайын бақылау және табиғи жағдайлардың өзгерулерін болжау кіреді. Соңғы уақытта адамның табиғатқа деген әсері өсуде және табиғатты жобасыз пайдаланудың кері әсері бар екені мәлім. Осыған байланысты биосфераның жағдайы туралы толық ақпараттың қажеттілігі де туындап отыр.

Біздің елде мониторинг жүйесін талқылау бұрынғы Совет Одағы уақытында Найробида (Кения, 1974 ж) жиналған мониторинг бойынша Бірінші үкіметаралық кеңестің алдында ғана жандандырылды. Бірақ биосферадағы антропогенді сипаты бар өзгерістерді ерте кезде де гидрометеорологиялық қызмет атқаратын.

Сонымен, ластаушылардың мониторинг жүйесі қазіргі уақыттағы табиғи ортаны бақылау қызметінің бөлігі бола алады және оның бақылау бекеттерінің жүйесін, телекоммуникациялар желілерін, мәліметтерді өңдеу орталықтарын пайдалана алады. Антропогенді сипатта бар өзгерістерді анықтайтын қоршаған ортадағы бақылау жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін ондағы табиғи өзгерістер жайлы толық ақпарат керек, яғни мониторинг жүргізу қажет.

Мониторинг келесі негізгі бағыттарды қамтиды:

  • қоршаған табиғи ортаға әсер ететін факторлар мен қоршаған ортаның күйін бақылау;
  • табиғи ортаның нақты күйін бағалау;
  • қоршаған ортаның күйін болжау және бағалау.

Мониторинг - латын тілінен алдын алатын, бақылайтын, алға қарайтын деп аударылады. Ал ағылшын тілінде «мониторинг» бақылау жүргізу, қадағалау деген түсінікті береді. «Мониторинг» деген терминді алдын ала дайындаған бағдарлама бойынша қоршаған орта бір немесе бірнеше элементтерін кеңістікте және уақыт бойынша қайта бақылау жүйесі.

Сонымен, мемлекеттік жер мониторингі - жер күйінің өзгеруін уақытымен анықтау мақсатында, жер күйін бақылау, осы өзгерістерді болжау, бағалау және кері процестердін алдын алу, жою жайында ұсыныстарды әзірлеу, жер кадастрын жүргізу мен жерді пайдаланудың мемлекеттік бақылау және қорғауды жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың сонымен қатар, азаматтарды қорщаған орта оның ішінде жердің күйі жайында ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Жер мониторингі жер ресурстарын басқарудың жалпы жүйесіне кіреді. Бұл жүйе келесі бір-бірімен байланысты блоктарды қамтиды: жерге орналастыру, жер кадастры, ізденістер, мониторинг, геоақпараттық-техникалық блогы.

Ал жер мониторингі болса үш өзара байланысты блоктардан тұрады:

  • Биосфералық (жаһанды)
  • Биологиялық (санитарлық)
  • Геоэкологиялық (табиғи шаруашылық)

Жер ресурстарын басқару Агенттігімен жүргізілетін мониторинг геоэкологиялық мониторингтің бөлігі болып табылады.

Жер мониторингін жүргізу мақсаты - табиғатты қорғау іс-әрекеті және экологиялық қауіпсіздікті басқару ақпаратты қамтамасыз ету.

ҚР барлық жер қоры жер мониторингісінің объектісі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су ресурстары жағдайының және жер қойынауының мониторингі
Нысанның орналасқан жері
Экологиялық мониторингті жүзеге асыру тәртібі
Қоныс және бектас кен орнындағы өндірістік мониторинг (атмосфералық ауаның ластану мониторингі мысалында)
Ғарыштық мониторинг технологиялары
Климаттық мониторинг
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары
Мониторинг түсінігі
ҚОРШАҒАН ОРТА МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫН НОРМАЛАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz