ҚР Ұлттық банкі - банктердің банкі



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ҚР Ұлттық банкі — банктердің банкі ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі ... ... ... ... ...13
3. Қазақстанның қаржы нарығындағы
халық банкiнiң қызметi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
4. Банктік бақылаудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Кіріспе
Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі — мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу кажеттігі ұсынылады.
Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы банк жүйесі туралы мәліметтер 1-кестеде беріледі.[5]

І-кесте
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі туралы мәліметтер кезеңнін соңына

Несие жүйесінің элементтері 12.2000 12.2001 12.2002 06.2003
Екінші деңгейдегі банктердің барлығы: 48
11 44 38 35
оның ішінде:
мемлекеттік 1 2 2 2
мемлекет аралық 1 1 - -
Шетел капиталының
қатысуымен. 16 16 17 16
оның Ішінде:
- 100%/50%-дан аса, 9/7 9/6 9/6 10/4
оның ішінде 12 11 11 10
еншілес банктер

* Сандық мәліметтер ҚҰБ-нің статистикалық бюллетенінен алынған N6 2003 маусым.
"ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңы. 31.08.1995

1-кестеден көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін (06.2003 ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарында мемлекеттік банктер (мемлекеттің 100% қатысуымен қүрылған) саны - 2. Қазақстанның банктік секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны — 16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. ҚР «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының ресми мәтіні. Алматы: «Жеті Жарғы», 2004 – 4 б.
2. Дэвид С. Кидуэлл и др. «Финансовые институты, рынки и деньги». Санкт-Петербург «Питер» 200-158 с.
3. Рынок ценныз бумаг: Учебник/под. ред. Галанова В.А, А.И. Басова, М: «Финансы и Статистика», 1996 – 23-27 с.
4. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы. -Алматы: Экономика -1999 -189 б.
5. Абдильманова. Журнал «Банки Казахстана» 2001 №2
6. Абдильманова. Журнал «Банки Казахстана» 2001 №4-6
7. Журнал «National Business» Тулегенова Е. «Банковская система Казахстана»ШЧ24, 2004

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ҚР Ұлттық банкі — банктердің
банкі ... ... ... ... ... ... ... .. ... .5

Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі ... ... ... ... ...13

1. Қазақстанның қаржы нарығындағы
халық банкiнiң
қызметi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
8

Банктік бақылаудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 36

Кіріспе
Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес Қазақстан
Республикасындағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі — мемлекеттік орталық банк
ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші
деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі
банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш
жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде
еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан
бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық
банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да
жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге
қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
болып құрылу кажеттігі ұсынылады.
Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы банк жүйесі туралы
мәліметтер 1-кестеде беріледі.[5]

І-кесте

Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі туралы мәліметтер кезеңнін
соңына

Несие жүйесінің элементтері12.2000 12.2001 12.2002 06.2003
Екінші деңгейдегі 48 44 38 35
банктердің барлығы: 11
оның ішінде:
мемлекеттік 1 2 2 2
мемлекет аралық 1 1 - -
Шетел капиталының
қатысуымен. 16 16 17 16
оның Ішінде:
- 100%50%-дан аса, 97 96 96 104
оның ішінде 12 11 11 10
еншілес банктер

* Сандық мәліметтер ҚҰБ-нің статистикалық бюллетенінен алынған N6 2003
маусым.
"ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңы. 31.08.1995

1-кестеден көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға
азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк
жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін (06.2003 ж.)
қысқарды. Жалпы банктер қатарында мемлекеттік банктер (мемлекеттің 100%
қатысуымен қүрылған) саны - 2. Қазақстанның банктік секторында шетел
капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны — 16, яғни жалпы банктер
санының жартысына жуығын алады.

ҚР Ұлттық банкі — банктердің банкі

Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша-несие саясатын жұргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бағытталады.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк — бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте
барлык, кассалық резевтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына
түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру
арқылы арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп
айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе асыра отырып, қажет
жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады. Ұлттық банк — бұл ақшалай
резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа
да материалдык, бағалықтардан тұратын муліктерге ие болып табылатын заңды
тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі
келесідей қүқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас
банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей,
Қазақстан);
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе
мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония,
Белгияда);
- орталық банктің функцияларын біртүтас атқаратын тәуелсіз
банктер жүйесі (АҚШ-та).
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың
капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық
банктердің қосқан жарнасынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады,
ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері
- 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан,
құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым
қорлары банкке тиеслі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан
тұрады.
2004 жылдан бастап, "Ұлттық банкі туралы" ҚР заңына жасалған соңғы
толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті —
еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сол сияқты, Үлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі;
- мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;
- төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінін тұрақтылығын қамтамысыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді
қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және
олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және Үлттық банкте шартты
негізде орналастырылған ақшалай каражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан
қаражаттар есебінен.
Ұлттық, банктің басқару құрылымы.
Қазақстанның Ұлттық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі
біртүтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді.
Басқарма және Басқарма болып негізгі қызметтер Ұлттық банктің
басқару органына: директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.
ҚҰБ-нің жоғары басқару органы табылады және басқармаға келесідей
жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
- банк қызметтіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін
бекіту;
- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру
туралы шешім қабылдау;
- банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау
және Президенттің бекітуіне беру;
- ҚҰБ-нің жылдық балансын және табыс мен зияны туралы есебін қарау
және бекіту;
- ҚҰБ туралы нүсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың
қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану,
ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент
директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін
тағайындау туралы нормативтік қүқықтық актілерді бекіту;
- банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті
нормаларды және шектерді бекіту;
- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және
бекіту;
- ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да үйымдарда қатысуы
туралы шешім қабылдау;
- Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
- бухгалтерлік есептін. қазақстандық стандартын ескере отырып,
ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін
анықтау;
Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің
Басқармасының қүрамына:
- ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалары,
- ҚР Президентінен бір өкіл;
- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы директорлар
кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк
төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері
кіреді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру
мыналарды білдіреді:
- Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрғасын 6 жылға
сайлайды және қызметінен босатады;
- ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ терағасының ұсынуымен ҚР
Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.
- ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Прзеиденті бекітеді;
- Ұлттық валютаның - теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті
бекітеді;
- ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сүрауы бойынша өзінің қызметіне
байланысты ақпараттарды беріп отыруы.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық
басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк
атынан жүмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілсттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ
бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.
Ұлттық банктің функциональдық қүрылымына департаменттер мен басқа да
бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілетіліктері мен
ұйымдары кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес
басқармалары бар:
• зерттеу және статистика департаменті;
• шетел операциялары департаменті;
• ішкі операциялар басқармасы;
• монетарлық операциялар департаменті
• сыртқы байланыстар бөлімі;
• заң қызметі департаменті;
• әкімшілік департаменті;
• қолма-қол ақшалармен жүмыс женіндегі басқарма;
• инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
• бухгалтерлік есеп департаменті;
• есептеу жүмыс орталықтарының департаменті;
• операциондық басқарма;
• төлем жүйесі басқарамсы;
• бақылау және аудит департаменті;
• персоналдармен жүмыс жасау басқармасы;
• халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
• мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.
Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына мынадай дербес белімшелер де кіреді:
• Мемлекеттік сақтау қоймасы;
• Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттігі;
• Банкноттық фабрика;
• Монета сарайы;
• Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО);
• Қазақстан ипотекалык компаниясы;
• Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры;
• Процессинттік орталық;
• Актуарлық орталық;
• Банктік сервистік бюро;
• Ұлттық ақпараттар технологиясы;
• Автобаза.

2004 жыддан бастап, Үкіметтің қаулысымен Ұлттық банктің құрылымынан
қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметіне бақылау және қадағалау
жөніндегі Қаржы агенттігі бөлініп шықты.
Оның қүрамына: банктің қадағалау, бағалы қағаздар нарығын реттеу және
сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу департаменттері кіреді.
Осындай өзгерістерге сәйкес Ұлттық банктің атқаратын қызметтері де
қысқарып, яғни тек қана классикалық қызметтер қалды.
Ұлттық банк мынадай классикалық қызметерді атқарады:
- ақшаны эмиссялау;
- ақша-несие саясатын жүргізу;
- төлем жүйесін үйымдастыру;
- төлем балансын құру;
- валюталық реттеу және валюталық бақылау. Ұлттық банк мынадай
операцияларды жүргізеді:
- бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару
мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;
- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- депозиттік ссртификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын
борыштық бағалы қағаздарды сатып алады жөне сатады.
- депозиттік жөне есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы
қағаздарды, басқа да қүндылықтарды сақтауға жөне басқаруға қабылдайды;
- қаржы қүралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
- қажет кезінде банктерде жөне қаржы ұйымдарында шоттар
ашады;
- чектерді жазып вексельдерді береді;
- жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін
басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.

Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі

Есеп айырысу-кассалық операциялар негізінен клиенггердің банктердегі
ашқан ағымдық жөне басқа да шоттары арқылы жүзеге асады.
Қазіргі кездегі екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашу тәртібі 1998
жылғы 29 маусымдағы "Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы" ҚР заңына жөне
2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бектілген
"Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу,
жүргізу және жабу тәртібі туралы" нүсқаулықта көзделген. Осы нүсқаулыққа
сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ
және корреспонденттік.
Жоғарыдағы ережеге сөйкес, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерді шот ашу
мынадай құжаттар талап етіледі:
Резидент-заңды тұлғаларү шін:
• Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
• Статистикалык. карточка;
• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
• СТТН кешірмесі;
• Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғаның басшыларына
берілген сенім-хаттьщ көшірмесі;
• Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
үшін ҚР Қаржы Министрлігінен рүқсат қағаз;
• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған,
3 дана);
• Қол қоюшы тұлғаларға арналған бүйрықтың көшірмесі мен олардың төл
қүжаттары мен СТТН;
• Банктік шот ашу туралы өтініш;
• Банктік шот туралы келісім-шарт.
II. Бейрезидент-зацды тұлғалар үшін:
• Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, Филиал немесе өкілеттік
туралы ереженің көшірмесі (нотариадцы куөландырылған);
• Статистикалық карточка;
• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің кешірмесі;
• СТТН көшірмесі;
• Филиалдар мен өкілеттік үшін, бейрезидент-занды тұлғаның олардың
басшыларына берілген сенім-хаттың кешірмесі;
• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куөландырылған)
3 дана;
• Жеке куәлігі (көшірмесі);
• Банктік шот ашу туралы өтініш;
• Банктік шот туралы келісім-шарт.
. Шаруа (фермер) шаруашылгы:
• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
• СТТН көшірмесі;
• Жерді пайдалануға жер бөлімшесін беру туралы қүжаттың
көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
• Қол қою жөне мөр басу үлгісі бар карточка
(нотариалды куәландырылған) 3 дана;
• Жеке куөлігі (көшірмесі);
• Банктік шот ашу туралы өтініш;
• Банктік шот туралы келісім-шарт.
IV. Жеке кәсіпкерлер ушін:
• Жеке көсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
куәліктің көшірмесі;
• СТТН көшірмесі;
• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған)
3 дана;
• Жеке куәлігі (көшірмесі);
• Банктік шот ашу туралы өтініш;
• Банктік шот туралы келісім-шарт.
V. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттіктер үшін:
• ҚР Сыртқы істер министрлігінен берілген, оның аккредитациясын
растайтын құжаттың көшірмесі;
• Қол қою және мер басу үлгісі бар карточка
(нотариалды куәландырылған) 3 дана;
• Жеке куөлігі (көшірмесі);
• Банктік шот ашу туралы өтініш; )
• Банктік шот туралы келісім-шарт.
VI. Жеке түлеалар үшін:
• Жеке куөлігі (көшірмесі);
• СТТН көшірмесі;
• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка нотариалды куәландырылған)
3 дана;
• Банктік шот ашу туралы өтініш;
• Банктік шот туралы келісім-шарт.

Есеп айырысу формалары мен құралдары

Банктің есеп айрысу-кассалық операциялары екі формада жүзеге асады:
қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақша-лармен есеп айырысу.
Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар — бұл нақты ақшалармен төлемдер
және аударымдар жасауды сипаттайды.
Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар жөне монеталар жатады. Қолма-қол
ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске
асады.
Есеп айырысу операцияларының басым белігі қолма-қолсыз түрде жүреді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар — клиенттердің банкте ашқан
шоттары көмегімен, олардық тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа
аударшатын төлем-дердің жиынтығы
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалщ карточкалар
электрондык, аударымдар көмегімен пайдаланьиа-тын клиенттердің шоттардагы
сақтаган ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасынца тыгыз байланыс пен
өзара төуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне
өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке
салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы,
жөрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған
жағдайларда қолма-қолсыз акшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
"Қазақстан Республикасы аумағында төлем қүжаттарын пайдалану жөне қолма-
қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі" туралы ҚР
Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен N 179 қаулысына
сәйкес, занды тұлғалар арасындағы 4000 айлкқ есеп көрсеткішінен асатын,
яғни 3488000 = (4000 х 872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар
тек қана қолма-қолсыз төртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес
қолма-қолсыз есеп айрысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне
мыналар жатады:
• төлем тапсырмасы;
• төлвм талабы-тапсырмасы;
• инкассалық укім;
• чекпен есеп айырысу;
• вексельмен есеп айырысу.
Аталған төлем қүжаттарының мынадай өзіне төн көрсеткіштері болуға тиіс:
1) төлем қүжатының атауы;
2) төлем қүжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
3) ақшаны аударушының (тәлеушінің) толық аты-жөні және жеке
идентификациондық коды;
4) ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні жәнс банктік
идентификациондык коды;
5) бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні жөне жеке
идентификациондық коды;
6) бенефициар-банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық
коды;
7) төлемнің тагайындалу коды;
8) санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның
қолдары мен мөрлері (егер құжат кағаз түрінде толтырылған болса);
10) бенефициардың және ақшаның аударушының салықты төлеуші ретіндегі
тіркеу номері (СТТН)

Төлем қүжаттары қағаз жөне электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем
құжаттарының дүрыс толтырылуына үлкен мен беріледі. Әсіресі, ондағы
төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы "Қазақстан
Республикасыныңың Мемлекеттік классификаторы, төлемдердің тағайындалуының
бірдей классификаторын пайдалу ережесі туралы" ҚР Ұлттық банктің
Басқармасының бекіткен N388 қаулысына сөйкес болуга тиіс.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан
Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, телем
балгнсының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шүғыл түрде талдау,
жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағыиын талдауға мүмкіндік беретін
көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы
төмендегідей:

I II III IV V VI VII VIII IX X

мүндағы:
I - ақшаны аударушының резиденттік белгісі;
II - ақшаны аударушының экономит секторы,
III - бенефициардың резиденттік белгісі;
IV - бенефициардың экономика секторы;
V, VI, VII - валюта және багалы металдар коды',
VIII - отрация турі;
IX - төлемніц сипаты;
X – тәлемніқ ашып кәрсетілуі.

Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық зандылықтарына сейкес анықталады
жөне былай белгілгнеді:
"1" - резидент;
"2" - бейрезидент.

Экономиканыц секторының коды мынадай:
0 - Халықаралық үйымдар;
1 - Орталық Үкімет;
2 - Аймақтық және жергілікті басқару органдары;
3 - Орталық (үлттық) банктер;
4 - Басқа депозиттік ұйымдар;
5 - Басқа қаржылық ұйымдар;
6 - Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;
7 - Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;
8 - Үй шаруашылығына қызмет керсететін, коммерция-лық емес үйымдар;
9 - Үй шаруашылықтары.

Телемнің тағайындалу коды операцияның турін анықтайтын 10 санаттан
тұрады:
0 - Зейнет ақы жөне жөрдем ақы;
1 - Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар);
2 - Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар;
3 - Депозиттер;
4 - Займдар;
5 - Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шы-ғарған бағалы
қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары, және шетел
капиталына инвестициялар;
6 - Қазақстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы
қағаздары және вексельдері және Қазақстан капиталына инвестициялар;
7 - Тауарлар мен материалдық емес активтер;
8 - Көрсетілетін қызметтер;
9 - Бюджетке телемдер мен бюджеттен төлемдср. Төлемдердің
тағайындалуының бірыңғай классификаторы толтырылатындарға мынадай төлем
құжаттары жатады:
• төлем тапсырмасы;
• төлем талабы-тапсырмасы;
• салык, (кеден) органдарының инкассалық укімі;
• аударуга берген өтініш;

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу - бұл қазіргі кезде кеңінен
қолданылатын есеп айырысу формасы (1-қосымша).
Төлем тапсырмасы — ақшаны аударушының (төлеушінің) аталган тапсырмада
көрсетілген ақша сомасын бенефициареа аудару туралы к,ызмет корсетуші
банкке берген тапсырмасы.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мынадай төлемдерді жүзеге асыру үшін
қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес
операциялар (зейнетақы жөне сақтандыру қорына төлемдер, салықтык төлемдер,
банкке комиссиондық және т.б. төлсмдер) бойынша, жабдықтаушылар мен
мердігерлерге тауары жоне көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге,
аванстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының ұлттық банксі
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Ақша эмиссиясы
Банктердің экономика дамуындағы рөлі
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Пәндер