Өсімдік шаруашылығын мамандандыру


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

БӨЖ

Тақырыбы: Өсімдік шаруашылығын мамандандыру

Орындаған: Қариполданов Б

Тобы : АГ - 213

Тексерген: Сагандыков С. Н.

Семей - 2015ж

Жоспар:

  1. Жер тілімін таңдау
  2. Топырақты дайындау
  3. Егу мерзімі
  4. Егістікті күтіп-баптау


Жер тілімін таңдау.

Қазақстанның ең жақсы жерлер егіндік ауыспалы егіске арналып игерілген далалық және қуаң далалық аймақтарындағы толық құнарсызданған және шаруашылықтық пайдаланудан шығып қалған өнімді аз беретін мынадай малазықтық алқаптары түбегейлі жақсарту үшін қажетті үлкен қор болып табылады:

а) механикалық қүрамы орташа жэне ауыр, сортанданбаған, толыққүрылымды топырақгы жазық жэне 2-3°-тай ғана еңістігі бар жерлер;

ә) жазықтар мен еңістігі 3°-тан асатын беткейлердегі аз жетілген, шайылған, механикалық қүрамы орташа жэне ауыр, қиыршықтасты, не қиыршықтассыз топырақтар, сондай-ақ 30-40 см-ден кем емес тереңдікте қатты жынысты төсеніші бар жерлер;

б) қүмды, құмайт және жеңіл саздақты топырақтар жэне жазықгар мен өңдеуге болатын беткейлердегі қиыршықтассыз жэне қиыршықгасы аз жерлер.

30 см-ден кем емес тереңдікте жартастық жыныстар мен олардың үгінділерінен төсеніш қабаты бар эртүрлі дәрежеде қиыршьщгасты топырақты жерлер түбегейлі жақсартуға келмейді.

Далалықтарға қарағанда, жауын-шашын аз түсетін, ал жер бетінің будануы күшейіп жатқан шөлейт аймақта түбегейлі жақсарту үшін ылғалдылық тэртібі қанағаттанарлық деңгейдегі: беткейлердің ортаңғы жэне төменгі бөліктері, адырлардың араларындағы жазықтар, топырағы ^ жақсы, шөп пгүйгіні тозған жайылымдар таңцалып алынады.

Шөл аймақта түбегейлі жақсарту үшін жусанды-раңтәріздесті өсімдіктер өскен, бірінші кезекте тау етегіндегі жер телімдері жарамды. Саздақты сортаңды шөлдер, қиыршықгасты беткейлер, 60 см-ден терең емес тығыздалған гипсті қабаты жақын жатқан жер телімдері мұндайға жарамсыз. Мұндай топырақтарға төменде ұсынылған малазықгық жа- байы өсімдіктерді қолдана отырып, өндірістік барлау тәжірибелерін жүргізуге болады.

Шөлейт жерлерде тездетіп жақсарту үшін қуаттылығы 35 см- ден кем емес, механикалық қүрамы жеңіл саздақгылардан ірі емес, қиыршық тасы 5%-дан аспайтын топырақгар жарамды деп есептеледі.

Қара сексеуілге (еркек сексеуілге) механикалық қүрамы құмайт жэне саздақты, тереңдігі 30 м-ден астам жерасты суларына бұзылмайтын, сұр жэне сұрғылт-қоңыр топырақгы жер телімдері тандап алынады. Тығыздалған гипсті қабаты бар, сорланған, тереңдігі 30 м-ден астам жерасты сулары бар топырақтарға егілсе, сексеуіл өте баяу жетіледі.

Изен, күйреуік, шоған, жусандар егу үшін түзы жоқ, раңтәріздес өсімдіктер өскен жер телімдерін таңцап алу ұсынылады.

Жусандар, күйреуік, шоған егу үшін механикалық құрамы құмайт және саздақты, сұр жэне сұрғылт-қоңыр топырақгы, құм изені үшін құмайт және қүмды, тас изеніне жеңіл саздақгы және құмды, саз изеніне жеңіл саздақгы және саздақгы жер телімдері тандап алынады.

Топырақты дайындау . Шөптерді айдалып, жақсылап дайындаған топыракка егу керек. Бұл болашакта шөп шүйгінініц ұзак жылдар бойы өмір сүруін камтамасыз ететін жаппай шыгатын өскіндер алудың кепілі болып табылады. Жер айдалган кезде табиги шөп шүйгіні жонылады, көпжылдык шөптер мен өсімдіктердің дұрыс өсуі мен коректенуі үшін колайлы ылгалдылык жагдайлар жасалады.

Далалық, шөлейт, әсіресе, шөлді аймақтарда көпжылдық шөптер зуіен малазықгық дақылдар егу үшін жақсы орта - пар. Мысалы, Алматы облысының шөл аймағында 1966 жылы егістік аңызына егілген изен 1967 жылдың қүрғақшылық болған жазында түгелдей өліп, ал парға егілгендері 1969 жылы гектарына 29 ц, сүдігерге егілгендері тек 22 ц-ден ғана құрғақ шөп берді.

Топырақты көпжылдық шөптер егуге дайындауды қара пар түрінде де, сондай-ақ ерте пар түрінде де жүргізуге болады. Күзде жауын- шашын жеткілікті мөлшерде түсетін аудандарда жерді сол кезде айдау жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.

Алайда, шөл жэне шөлейт аймактардың едәуір бөліктерінде жауын- шашын көбінесе, көктем кезінде түседі, оның сыртында, бірқатар аудандарда бүл кезде тракторлар ауыспалы егіс жүйесіндегі танаптарда сүдігер жыртып жатады. Сондықтан, бұл аймақгардағы жайылымдарды жақсарту үшін, оларды ерте пар түрінде дайындауға тура келеді. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында мұндай парлар ылғал жинақтау жағынан қара пардан қалыспайды.

Далалық аймақтарда пар көтерудің қолайлы мерзімі мамыр- маусым, ал шөлейт жэне шөл аймақтарда наурыз-сәуір айлары.

Қазақстанның далалық аймағының оңтүстігіндегі карбонатты қаратопырақтар мен қызылқоңыр топырақтарда парды қарашірік қабатының қуатына байланысты 22-30 см; ал кұмды, құмайт және басқа да қарашірік қабаттары нашарлау топырақтарда 15-20 см терендікте жыртады.

Қазақстанның шетсіз-шексіз шөлейт жэне шөл аумақтарында пар жыртудың қолайлы терендігін 20-22 см деп есептеген дұрыс. Тек қарашірік қабаттары нашарлау кұмды, құмайт топырақгарда бұдан аздау тереңдікте жыртуға болады.

Сазды, саздақты жэне механикалық кұрамы ауырлау топырақгарда екпе шабындықтар жасағанда, қайырмалы соқалармен жаппай жыр- тады; екпе шабындықтар жасағанда, жақсартылатын алқаптарды, жайылымда мал азығы жиынтығын көбірек жасау мақсатында, табиғи өсімдіктері бар ені 25-50 м-лік жер қалдыра отырып, ені 100-200 метр болатындай етіп жолақтап жырту керек.

Істің мәні малдардың азықтың кұрамына кіретін өсімдіьсгердің қандай ерекше (хош иісті, т. б) түрлерін қажет ететінін біздің элі де болса білмейтіндігімізде. Оның сыртында, мәдени өсімдіктерге қарағанда, түрлішөптесіндердің көп түрі алмастырылмайтын амин қышқылдарына, микроэлементтерге, тағы басқаларға айтарлықтай бай болады, сондықтан жақсартылатын алқаптардың 25%-ындай бөлігінде табиғи өсімдіктерді қалдыру малдардың алуан түрлі органикалық және минералдық заттарға деген физиологиялык қажетіліктерін мейлінше толық қанағаттандыру нәтижесінде, олардың өнімділігін артыруға септігін тигізеді.

Сазды және саздақты топырақтарды шымаударғышы бар кәдігі соқалармен (П-5-35Ц, П-5-35М, ПН-4-35, т. б. ) жыртады.

Жел эрозиясына ұшыраған құмайт және құмды топырақтарда пар жырту мен оны дайындауға өте сақтықпен қарау керек. Мұндай жерлерде әдеттегі қайыра жыртумен бірге топырақты қайырмасыз соқамен, не КПГ-250, КПГ-2-150 кыршуыш-тереңқопсытқыштарымен және баскалармен де өңдейді.

Қазақстаннын далалық аймақтарындағы жел эрозиясына ұшыраған топырақтарды енін 50-100 м етіп, шөл аймақтарда 50-60 м-ден асырмай міндетті түрде жолақтап жыртады. Жолақтардың ені тұқым себетін кұралдың еселік алымына дәл келетіндей болуы тиіс. Жыртылған жолактар табиғи өсімдіктерімен қалдырылған жолақтармен алмасып отырады және опар үдайы соғып тұратын желдің бағытына көлденең салынады. Одан кейінгі жылдары екпе шабындықтар жасаған кезде, табиғи шөптері бар жолақтар жыртылады, ал екпе жайылымдар жасағанда олар не қалдырылады, не бірен-сарандап жыртылады.

Кейбір мамандар күзгі-қысқы жайылымдарға изен мен соратұкымдастарға жататын басқа да өсімдіктерді енін 12 м-ден жолактап егіп, жолақтар арасында ені 12-24 метрлік табиғи шөбі бар жолақгар калдырып отыруды ұсынады.

Далалық аймақтарда жэне шөлейттердің бірқатар аудандарында шымдарын уату және оларды тегістеу үшін жыртьшған топырақты дискілі сыдыражырткышпен өңдейді. Өңдеу іздерінің саны шымның қуаты мен топырактын шығуына байланысты болады. Содан соң оны тырмалайды жэне сакиналы дөнбекпен тапайды.

Қуатты шымдары жоқ шөлде және бірқатар шөлейт аудандарында жерді айдағаннан кейін дискілемейді, мұнда топырақгы тырмамен, не сокаға тіркелген сакиналы дөңбекпен тегістейді.

Жаз бойы сазды жэне саздақты топырақтарға салынған парларды тырмалау, не дискілеу, ал кұмайт және құмды топырақгарды КПП-2, 2 кутьтиватор-кыршуышымен өңдеу арқылы арамшөптермен күрес жүргізіледі.

Шөптерді егу алдында топырақты тағы да тырмалау не дискілеу (тырмалаумен коса) арқылы қопсытады және тегістейді, жекелеген жағдайларда тіпті, малалайды. Барлық айтылып отырған аймақтарда егуден бұрын топырақты міндетті түрде ЗКК-6А маркалы сақиналы дөңбекпен таптап алады.

Егу мерзімі - барлығы бірден және тығыз шыққан өскін алудың, олай болса, шөптердің көк балаусасьгаан жоғары өнім алудың шешуші себепкері. Дұрыс таңдап алынбаған мерзім егудің толык сэтсіздікке ұшырауына, не көпжылдық шөптер өнімінің едәуір төмендеуіне әкен соғады.

Бұршақтұқымдас шөптер. Қазақстаннын далалык аймактарында да, шөлейт аймақтарында да жоңышқа, эспарцет, түйежонышка егудія ең жақсы мерзімі ерте көктем болып табылады. Бұршаюұкымдастар мен шөп қоспалары егіс науқанының алғашқы күндерінде себіледі.

Бұл шөптерді егуці ерте егілетін жаздық дәнді дакылдарды егудін соңғы кезеңіне не оларды егіп болғаннан кейінгі мерзімге кдлдыру көбінесе, егудің толық сәтсіздікке ұшырауына не өнімнін едәуір төмендеуіне, ең маңызды жағдай есептелетін шөп шүйгінінін ұзак уақыттық өміршеңдігінің жойылуына әкеп соғады. Шөптердін әрі ка- рай қаншалықты өнімді және өміршең болуы олардың бірінші жылы қалай бекемделгеніне жэне қалай өсіп-жетілгеніне байланысты болмак.

Астықтұқымдастар. Астыктұкымдастарды себу мерзімдерінін шектік мөлшері өте кең. Қазақстанның түрлі аудандарында еркекшөпті жекелеген аудандардың ауа райының ерекшел іктері не карай күзде, кыс басталарда және ерте көктемде де себе береді. Өскіндердін жаппай жақсы шығу, қысқа түскенге дейін күшейіп алу жэне түптену мүмкіндігі бар күзі ылғалды аудандарда күзгі мерзім дұрыс. Осындай мерзімдерді, тіпті, тамызда егуді, Павлодар облысының шаруашылыктары далалык аудандарда табысты қолдануда. Мұндай жағдайлар Орталык және Батыс Қазақстанның далалық аудандарында да жиі жасалып жүр.

Күзі көбіне құрғақ, не жекелеген жылдары күзгі жауын-шашын өте аз мөлшерде ғана түсетін аудандарда егу барынша кейінге-кыска қарсы мерзімге, не келесі жылдың ерте көктеміне қалдырылуы тиіс.

Қысқа қарсы егуді Батыс, Орталық Қазақстанның шөлейттеріндегі, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысы мен оңтүстігіндегі шөл жэне шөлейт жерлердегі бірқатар шаруашьшықтар қолданады.

Мұндай уақыттарда егудің табысты болуы көбіне, топырактын механикалық құрамына байланысты. Бұл тәсілдер балшыктанбайтын жеңіл құмайт жэне құмды топырақтарда жақсы нәтижелер береді. Балшықтанып кететін ауыр топырақгарда, эсіресе көктем күрғак бол- са, топырақ бетінде қалың қыртыс пайда болады да, еркекшөптің нэзік өскіні оны тесіп өте алмайды, нэтижесінде, көктері сирек боп шығады. Мүндай топырақ қыртысын тырмалау, сақиналы дөңбекпен тапау арқылы кетіру ойдағыдай нэтиже бермейді.

Талдау көрсеткендей, аймақтардың бэрінде дерлік, әсіресе көктемгі жауын-шашынының көптігімен ерекшеленетін Қазақстанның оңтүстік- шығысындағы шөлейт пен шөлдегі тау етектерінде ерте көктемгі мерзімде егу жақсы нэтиже береді. Дәл осы мерзімде тұқымдардын өнуіне барынша қолайлы жағдайлар болаггыны байкалады, түскен жауын-шашын есебінен топырақ ылғалданады, егу алдындагы өңцеудің нэтижесінде, ылғалдын булануы азаяды. Оның сыртында, арамшөптердің, әсіресе, шөл мен шөлейт жерлерде раңтәріздестердің саны айтарлыктай азаяды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаракөл шаруашылығы
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктері
Шағын кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік қолдау қағидаттары
Нарықтық экономикадағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
Бәсекелестікке қабілетті экономиканың маңызды бір бөлігі – ауыл шаруашлығы саласының бәсекелестікке қабілеттілігі
Ауыл шаруашылығы техникасының паркі
Аграрлық оқу орындарының ашылуы мен даму тарихы
ЖШС Бірлес-Көкше кәсіпорын шаруашалығының талдауы
Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері
Орман және саябақ шаруашылығын басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz