Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы туралы ақпарат



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Вирустардың организмге енуі
2. Вирустардың организмде таралу жолдары
3. Инфекция түрлері
4. Иммунитет механизмдері
5. Иммунитет факторлары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеинқышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.
1. Б.Т. Толысбаев, К.Б.Бияшев «Микробиологияжәнеиммунология» Алматы 2008 ж
2. Жалпы вирусология. Ш. Мырзабекова. Алматы. – 1994.
3. Л.Б.Борисов. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология. Москва – 2005.
4. Жданов В.М. Эволюция вирусов. Москва - 1990

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы: 1.Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама.
2. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары

Орындаған : Тәтіғали А.Д..
Тексерген: Омарбеков Е.О.

Семей 2015
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Вирустардың организмге енуі
2. Вирустардың организмде таралу жолдары
3. Инфекция түрлері
4. Иммунитет механизмдері
5. Иммунитет факторлары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Вирус (лат. vīrus - у) - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеинқышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.


Вирустардың негізгі ерекшеліктері
* Вирустың қүрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ (рибонуклеин қышқылы) немесе ДНҚ (дезо-ксирибонуклеин қышқылы). Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. Ең негізгісі РНҚ-лы бар вирустардың барлық генетикалық ақпараты осы РНҚ-да. Мұндай жағдай биологияда тіпті де кездеспейді.
* Вирустар тек клетка ішінде ғана тіршілік ететін арамтамақтар, демек тек клетка ішінде ғана көбейеді.
* Вирустардың көбею ерекшеліктерін "дисьюнктивтік" түрге жатқызады. Себебі барлық жанды дүние екіге бөліну, бүршіктену, спора арқылы көбейсе, вирустардың өсіп-өнуі одан да ерекше.

Микроорганизмдер денеге әр түрлі жолдармен кіреді:
1) ауыз қуысы арқылы (тамақ, жем-шөп арқылы), ас қорыту жүйелері арқылы
2) тыныс алу органдары арқылы ( жұғудың аэрогендік жолы), микроорганизмдер тамшылар, шаң тозаң арқылы тыныс алу органдарына кіреді.
3) жарақаттанған тері және кілегей қабықтар арқылы кіреді. Зардапты микроорганизмдердің өте уыттылары ( сібір жарасының, оба ауруларының және тағы басқалары) жарақаттанбаған тері және кілегейлі қабықтар арқылы кіре алады;
4) қоздырғыштар адам мен малдың жыныс жолдары арқылы кіреді (гонорея, сифилис және т.б.);
5) көздердің кілегейлі қабықтары арқылы (сібір жарасында, оба, құтыру ауруларында байқалады);
6) анадан ұрыққа баланың жолдасы, малдың қағанағы арқылы беріледі (плацента арқылы берілуі). Туберкулез, сифилис, В гепатиттің вирусы, арбовирустар, проказа ( алапес ауруы), безгектің (малярия) қоздырғыштары осы жолмен анадан ұрыққа беріледі.

Вирустардың организмде тарау жолдары:
1) қан арқылы тарау ( гематогендік жол);
2) лимфа сұйығы арқылы ( лимфогендік жол);
3) нерв каналдары арқылы ( неврогендік жол); Құтырудың қоздырғышы осы жолмен тарайды;
4) көрші жатқан тканьдерге берілуі арқылы да тарайды. Мысалы таңдайдың іріңді қабынуы кілегейлі қабықтар арқылы өңешке, одан әрі өкпеге, өкпенің терең қабаттарына - альвеолаларға берілуі мүмкін.
Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі -- баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.
Вирустардың патогенділігінің мекенжайлық сипаты болады. Әрбір вирус өзінің экологиялық қуысынан орын алады. Олардың кейбіреуі иелердің кең шеңберін,басқалары - шамалы өзара жақындау түрлерді, ал үшіншілері - тек қана бір түрді зақымдайды. Әйтсе де тәжірибелік үлгі (модель) ретінде әртүрлі жануарларды пайдалануға болады. Ие түрінің шегінде осы вирустарға рецепторлары бар тиісті жасушаларды ғана вирус зақымдайды, ол өз кезегінде вирустардың тіндік тропизмін анықтайды. Сонымен қатар әр түрлі жасушаның әртүрлі рецепторларымен өзара әсерлесе алады, өйткені жасушалардың біреуінде әр түрлі вирустар үшін рецепторлары болуы мүмкін. Және де вирустың бір түріне рецепторлар әр түрлі жасушаларда болуы ықтимал. Жасушаларда вирустар үшін рецепторлардың болуы көбінесе оларда вирустардың репродукциялану мүмкіндігінің көрсеткіші болып табылады.
Инфекция (латынша infestio - ластану - микроорганизм мен потогендік микробтардың әрекеттесуіндегі эволюциялық қалыптасқан биологиялық процестер комплексінің даму барысындағы қағыну күйі. Инфекция қоздырғышы микробтардың енуі өрбуі және тіршілік етуі микроорганизмнің қорғаныс - бейімделу реакциясының тууына себепкер болады. Осы реакциялар комплексінің дамуын инфекциялық процесс деп аталады.
Белгілі бір клиникалық көрінісі бар инфекция білінуінің ең ашық түрі инфекциялық (жұқпалы) ауру деп есептеледі (анық инфекция). Мал немесе адам организмінде паразиттік тіршілік етуге эволюциялы бейімделген микроорганизмдердің қоздыруынанпайда болған барлық ауруларды инфекциялық деп атайды. Инфекциялық ауруларға ең тән қасиет - спефицикалық тірі қоздырушы - паразиттің бар болуы жанасуымен берілуі немесежұқпалылығы (таралу қабілеттілігінің салдарынан қоздырушының ауру малдардан сау малдарға берілуі), инкубациялық (жасырын) кезеңнің бар болуы циклділік дамуы, қоздырушының әрекетіне организмнің спецификалық реакциясы (антиденелердің құрылуы, аллергиялық жай-күйі және ауырып, айыққан малдардың иммунитеті болуы).
Қазіргі кезде вирустық инфекциялардың келесі түрлерін ажыратады:
1. Түсікті (абортивная) инфекция - нақты организмде репродукцияланудың толық циклын атқара алмайтын вирустарға тән, бірақ мұндай инфекцияның иесінің организміне тигізетін әсері жоқ деуге болмайды. Мысалы: кеміргіштерде SV40 вирусы қоздыратын инфекция пермиссивті емес, бірақ жасушаларда трансформациялық процесс дамуына әкеледі. Пермиссивтілі емес деген термин - жасуша ішіне енген вирустың репродукциялануын қолдай алмайтын жағдайды білдіреді.
2. Жедел (жіті ) инфекция - соңында иесінің иммундық жауабы арқылы вирустан толық арылатын жағдай.
3. Кейіннен латентті инфекцияға айналатын жедел инфекция. Бұл кезде белсенділігінің қайталану және организмннен шығу кезеңдері алмасып, вирус инфекциялық емес (неинфекционный) жағдайда болады. Инфекцияның осындай түрін қоздыратын вирустардың белгілі бір жағдайларда жасушалардың біреуінде өнімді (продуктивная) инфекция, ал басқа жасушаларда пермиссивті емес инфекция қоздыру қабілеттілігі болады.
4. Кейіннен персистентті инфекцияға айналатын жедел инфекция. Бұл кезде инфекциялық вирус тұрақты бөлінеді, немесе зақымданған тінде кездеседі. Иесінің иммунды жауабы жедел инфекция кезінде вирусты жоя (элиминирлей) алмаған жағдайда персистентті инфекция пайда болады.
5. Баяу, үдемелі (прогрессирующий) инфекциялар. Бұл инфекциялар айналымға түспейтін (циркуляцияланбайтын) агенттерге тән (приондар), олар бас миын зақымдайды. Иесімен оған енген вирус арасындағы күрес вирустың элиминациялануымен немесе инфекция персистентті, болмаса латентті түрімен аяқталады. Персистентті инфекцияға айналуы үшін вирус, иесінің иммунды реакциясынан қашықтау механизмін пайдаланады. Вирустардың сол үшін пайдаланатын стратегиясы өте спецификалы және иммундық жүйенің әр түрлі деңгейін зақымдайды.

Иммунитет (латынша іm-munіtas - босап шығу, арылу, құтылу)-организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет - көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді, олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.
Иммунитеттің механизмдері
Адам және мал организмінде түрлі вирустар кездеседі. Соған орай организмде сол вирустарға қарсы арнайы қорғаныс механизмдері пайда болады.Вирусқа қарсы иммунитеттің негізгі қызметі - организмге енген вирустарды тауып алу және организмді сол вирустан, олардың антигендерінен және вирус зақымданған жасушалардан тазарту.
Осы қорғану қызметі организмнің иммунологиялық жүйесінің және иммунитетке жауапты жасушаларының арқасында іске асады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары туралы ақпарат
Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Вирустардың органимге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Вирустар, түрлері және организмге орналасуы
Вирустың организмге енуі,таралуы,орналасуы жайлы мәлімет
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфеция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері.Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары
Вирустардың организмге таралуы, енуі, орналасуы.Инфекцияның түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы жайлы
Пәндер