Популяция.Таралуы,көшірмесі. Жабайы жануарлардың мінез-құлығы және әдетімен пішіні



1.Популяция.
А) Популяция туралы тусінік.
В) Популяцияның құрылымы,көшірмесі,таралуы.
2.Жабайы жануарлардың мінез.құлығы және әдетімен пішіні.
С) Жануарлардың анатомиясы,физиологиясы.
Д)Жануарлардың бейімділігі,морфологиясына сипаттама.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Популяция (лат. populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын азғалар тобы.Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі ағзалардың өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке,бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады.Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен қатар әрбір жеке дарақтардың өзіне тән қасиеттерге де ие.
1."Қазақ Энциклопедиясы"
2.Акимушкин И., Мир животных. Млекопитающие или звери, М., 1988;
3.Соколов В.Е., Фауна мира. Млекопитающие. Справочник, М., 1990;
4.Бекенов А., т.б., Қазақстан сүтқоректілері, А., 1995.
5.Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 248 б., ISBN 5-625-03599-7

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО
Такырыбы: Популяция.Таралуы,көшірмесі.

Жабайы жануарлардың мінез-құлығы және әдетімен пішіні.

Орындаған: Есркенова А.Б
Тобы: Бл-209
Тексерген: Тугамбаева С.М

Семей-2015
Жоспар:
1.Популяция.
А) Популяция туралы тусінік.
В) Популяцияның құрылымы,көшірмесі,таралуы.
2.Жабайы жануарлардың мінез-құлығы және әдетімен пішіні.
С) Жануарлардың анатомиясы,физиологиясы.
Д)Жануарлардың бейімділігі,морфологиясына сипаттама.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Популяция (лат. populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір
кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы
өзін-өзі жаңғыртып отыратын азғалар тобы.Осы топтың популяция болып
есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын
сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы;
сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып
тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу,
энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән
статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас
ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен
тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның
статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін
көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның
динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай)
қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы
тірі ағзалардың өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша
анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және
эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп
тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен
өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін
күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір
жануарлардың (шегіртке,бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт
өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен
тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон),
физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және
популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады.Топтық
бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен қатар әрбір жеке
дарақтардың өзіне тән қасиеттерге де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз -
бұл популяциялардың негізгі сипаты. Оған мыналар жатады:
1) жалпы есебі (сан) - бөлінген аумақтағы дарақтардың жалпы саны;
2) тығыздық - популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе көлеміне
келетін дарақтардың орташа саны;
3) өсімталдық - көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа
дарақтар саны;
4) өлім-жітім - белгілі уақыттың бір бөлігінде дарақтар популяциясында
өлгендердің мөлшерін көрсететін көрсеткіш;
5) популяция өсімі - туу мен өлім-жітім арасындағы айырма; өсімнің пайдалы
да, пайдасыз да болуы мүмкін;
6) өсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі орташа өсім;
7) жыныстық құрам — берілген популяциядағы еркек және әйел жынысты дарақтар
арақатынасы;
8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы бойынша бөліп тарату.
Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (1857 — 1927) енгізді.
Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар
популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса,
ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан
зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық, генетикалық,
экологиялық бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы — популяциялық
биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу, зиянды
түрлердің санын тежеу, экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде
(интродукция) популяцияны зерттеудің маңызы зор.
Популяциялар құрылымы - бір жағынан түрдің биологиялық қасиеттеріне
негізделіп, екінші жағынан - ортаның абиотикалық факторлары мен басқа
түрлердің популяциялары әсерінен қалыптасып құрылады. Популяциялар құрылымы
тұрақты болмайды. Территориядағы особьтардың таралуы топтардың жынысы,
жасы, морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлықтары және генетикалық
ерекшеліктері бойынша ара қатынастары популяцияның құрылымын
көрсетеді.Популяцияның кеңістіктегі құрылымы - популяция особьтарының
кеңістікте орналасу ерекшеліктері. Ол тіршілік ортасының және түрдің
биологиялық ерекшелігіне байланысты. Жылдың маусымы, популяцияның сандық
мөлшері уақыт бойынша өзгеруі мүмкін. Сондықтан популяция особьтары
кеңістікте бірқалыпты, кездейсоқ және топтанып орналасады.Табиғатта
особьтардың бірқалыпты орналасуы сирек кездеседі. Кездейсоқ (диффузиялық)
орналасу көптеген өсімдіктерде, ясануарларда кездеседі. Топтанып орналасуда
(мозайкалық) особьтар топ-топ болып кездеседі, мысалы, сүтқоректілер
табыны, құстар колониясы. Топтанып орналасу популяция үшін қолайсыз
жағдайларда үлкен тұрақтылық береді. Жануарлардың ортаның қолайсыз
жағдайларына немесе олардың даму циклдарына байланысты жылжып қозғалуын
миграция деп атайды. Олар жүйелі (тәуліктік немесе маусымдық) ясәне жүйесіз
(қуаңшылық, су тасқыны, өрт, және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, құстардың
жылы жаққа ұшуы маусымдық миграцияжатады.Ценопопуляциядағы өсімдіктер
әрқалай, кейде топтанып, кейде бір-бірінен оқшауланып орналасып
микроценопопуляциялар, субпопуляциялар түзеді. Мұндай топтанып орналасуда
особьтардың саны, тығыздығы, жастық құрылымы бойынша айырмашылықтар
болады.Жануарлардың қозғалуына байланысты территорияда орналасуы әр текті
болады. Тіпті субстратқа бекініп тіршілік ететін түрлерінің өзінде
кеңістікті үнемді пайдалануға икемділігі болады. Асцидияларда (су түбіне
бекініп тіршілік ететін омыртқасыз жануар) өсіп келе жатқан колонияларының
шеті басқа түрдің колонияларына жанасқан соң олардың үстін орай өсіп, оны
көміп тастайды. Егер бір түрге жататын колониялар кездессе, оның әрқайсысы
көршісінің өсуін тоқтатып басқа бағытқа қарай өсе бастайды.Популяциядағы
жекелеген особьтардың кеңістікте орналасуына қолдау жасайтын инстинктер
құстарда, сүт қоректілерде, кейбір балықтарда және амфибияларда, сондай-ақ
жүйке жүйесінің құрылысы күрделі кейбір жәндіктерде, өрмекшілерде,
сегізаяқтарда және т.б. кездеседі. Кеңістікті пайдалануына байланысты
қозғалатын барлық жануарларды екі топқа бөледі: бір орнында тіршілік ететін
және көшіп-қонып жүретіндер.Бір орнында тіршілік ететін ағзаларда өмірінің
барлық кезеңі немесе негізгі кезеңдері ортаның белгілі бір бөлігінде ғана
етеді. Мұндай жануарлар өзінің тіршілік етіп жатқан жерін тастап кетпейді.
Егер қандай да бір жағдайлармен сол жерді тастап кетуге мәжбүр болса,
кейінірек сол жерге қайтып оралады. Көптеген түрлер ұзақ та алые
миграциялардан кейін өздері көбейетін жерге қайтып келеді. Мұны экологияда
хоминг (ағылш. home -үй) деп атайды. Мысалы, қараторғайлардың бір жұбы
жыл сайын өзінің ұясына келіп қонатыны белгілі. Ал көгершіндерді іс жүзінде
- хат тасу үшін пайдаланғаны бәрімізге белгілі.Популяцияның жыныстық
құрылымы - особьтардың жыныстары бойынша ара қатынасы. Популяциядағы
жыныстардың ара қатынасы генетикалық зандар бойынша анықталады және оларға
орта әсер етеді. Көптеген түрлерде болашақ особьтың жынысы ұрықтану кезінде
хромосомдардың комбинацияларының өзгеруі нәтижесінде анықталады.Жыныстық
белгілері көбіне аталықтары мен аналықтарының морфологиялық (өлшемі, түсі),
физиологиялық (өсу қарқыны жыныстық жетілу кезеңі), экологиялық және мінез-
құлықтық айырмашылықтарын анықтайды. Мысалы, қан сорғыш масалар (Culicidae)
тұқымдасына жататын масалардың аталық особьтары имаго кезеңінде (жәндіктер
мен кейбір буын аяқтылардың жеке даму кезеңіндегі ересек стадиясы) аналық
особьтары сияқты қанмен емес, тек өсімдіктердегі шықтарды жалаумен,
өсімдіктер шырынымен қоректенеді немесе тіпті қоректенбейді де. Табиғатта
аналық особьтары көп өлетін түрлер де (мысалы, ондатра, пингвин, жарқанат)
және керісінше аталық особьтары көп өлетін түрлерде де (көптеген
кемірушілер, қырғауылдар) кездеседі. Кейбір жарқанаттарда қысқы ұйқыдан сон
аналық особьтардың үлесі популяцияның тек 20%-ын ғана құрайды. Сондай-ақ
популяциядагы жыныстар ара қатынасына орта жағдайлары да әсер етеді. Кейбір
түрлерде жыныс генетикалық факторларға емес, экологиялықщ факторларға
байланысты. Мысалы, Arisaema japonica өсімдігінің жынысы түйнектеріндегі
қоректік заттар қорының жиналуына байланысты. Үлкен түйнектерінен аналық
гүлдері бар особьтар, майда түйнектерінен аталық особьтары өсіп шығады.
Сары орман құмырсқаларында (Formica rula] + 20°С төмен температурадағы
салған жұмыртқалардан аталық особьтары, ал жоғары температурада - аналық
особьтары Дамиды. Бұл құбылыс ұрық сақталатын ұрық қабылдағыштын бұлшық
еттеріне байланысты, өйткені олар тек жоғары температурада ғана белсенді
болып, жұмыртқалардың ұрықтануын қамтамасыз етеді. Ал ұрықтанбаған
жұмыртқалардан жарғақ қанаттыларда тек аталық особьтар дамиды.Әсіресе
популяцияның жыныстық құрылымына ортаның жынысты және партеногенетикалық
(жынысты көбеюдің бір түрі - аналық ұрық клеткалары ұрықтанбай дами
бастайды, эволюция барысында жеке жынысты және гермафродит формаларда пайда
болған бір жынысты көбею) ұрпақтары кезектесіп отыратын түрлерде жақсы
байқалады. Дафнияларда (Daphnia magna) қолайлы температурада
партеногенетикалық жолмен аналық особьтар, ал жоғары немесе томен
температурада популяцияларда аталық особьтар пайда болады. Ал шіркейлерде
қос жынысты ұрпақтың пайда болуына күн ұзақтығы, температура, особьтар
тығыздығының артуы және т.б. әсер етеді.Популяцияның генетикалық құрылымы -
особьтардың әртүрлі дәрежедегі генетикалық әр түрлілігімен сипатталады.
Популяция особьтарындағы гендердің жиынтығын генефонд деп, ал бір ағзаның
хромосомасындағы бүкіл гендердің жиынтығын генотип деп атайды. Генетика
тұрғысынан, популяция - генотиптер жиынтығы.Генотип орта жағдайларымен өз
ара әрекеттесіп фенотип түзеді- Фенотип - генотиптің орта жағдайларымен
әрекетгесуі арқылы құрылатын особьтардың барлық белгілерімен қасиеттерінің
(морфологиялық, физиологиялық және мінез- құлықтық) жиынтығы.Вирустар мен
микроағзалардан бастап жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларға дейінгі
тірі ағзалардың бәріне тән қасиет - мутацияға ұшырау мүмкіндігі. Мутация -
табиғи немесе жасанды жолмен тұқым қуалайтын генетикалық материалдың
өзгеруі нәтижесінде ағзаның кейбір белгілерінің өзгеруі. Популяцияның
жастық құрылымы особьтардың барлық жас топтарын, оның ішінде ағзаның барлық
даму стадиялары мен фазаларын қамтиды (мысалы, жәндіктердің қуыршақтары мен
личинкалары, өсімдіктер өскіндері).Жануарлар популяциясында үш экологиялық
жасты бөледі: репродуктив алды (өндіруге дейінгі), репродуктивті (өндіруші)
және репродуктив соңы (өндіруден кейін). Жалпы өмірінің ұзақтығына қатысты
әрбір жастың ұзақтығы әр түрде әрқалай болады. Адамдарда әрбір жас тобына
бүкіл өмірінің үштен бір бөлігі келеді. Ал көптеген өсімдіктер мен
жануарларда алғашқы Жас тобы ұзақ болып келеді.Өсімдіктердің тіршілік
циклын 4 кезеңге біріккен 11 жастық күйге бөледі.
Түрдің популяциялық құрылымы әрбір түр белгілі бер территорияда (ареалда)
тіршілік ете отырып сол территорияда популяциялар жүйесі ретінде көрінеді.
Түр тіршілік еткен ареал неғұрлым күрделі, бөлшектенген болса популяциялар
арасындағы алшақтық та соғұрлым жоғары болады. Алайда түрдің популяциялық
құрылымын оның биологиялық ерекшеліктері - особьтардың қозғалу
белсенділігі, табиғи кедергілерді, тосқауылдарды жеңе білуі және т.б.
анықтайды. Егер түр мүшелері үлкен кеңістікте үнемі қозғалып, араласып
жатса мұндай түр аз ғана ірі-ірі популяциялардан тұратын түр болып
сипатталады. Көшіп-қону (миграция) қабілеттілігімен әдетте солтүстік
бұғылары, Африка саванналарындағы тұяқты жануарлар ерекшеленеді. Олар
маусымдық көшіп-қону кезінде жүздеген шақырым жерлерді артқа тастайды.
Мұндай түрге жататын популяциялардың шекаралары әдетте, үлкен географиялық
тосқауыл, бөгеттер - үлкен өзендер, тау жоталары т.б. бойынша
өтеді.Қозғалуға белсенділігі төмен жағдайда түрдің құрамында ландшафттың
мозайкалығын білдіретін көптеген майда популяциялар құрылады. Мозайкалық -
қауымдастықтың кеңістікте көлденең таралуы. Өсімдіктер мен аз және баяу
қозғалатын жануарларда популяция саны ортаның әртүрлілігіне тікелей
байланыста болады. Мысалы, мұндай түрлердің таулы аудандарда жазық
жерлермен салыстырганда территория бойынша бір-бірінен алыстап, бөлінуі
жоғары. Кейде түрдің кішкентай ареалда тіршілік етуі ортаның әртүрлілігіне
емес, ағзаның мінез-құлқына да байланысты. Мысалы, аюлар өздері тіршілік
етіп жатқан жерге бауыр басып қалатындықтан ол жерді тастап кетпейді,
сондықтан үлкен ареалда бір-бірінен кейбір қасиеттері бойынша өзгешеліктері
бар көптеген майда топтар болып тіршілік етеді.Көршілес популяциялардың бір-
бірінен алшақ өмір сүру ерекшеліктері әртүрлі. Кей жағдайда олар тіршілік
етуге қолайсыз жерлермен бір-бірінен оқшауланса, кейде тіршілікке қолайлы
ортада (шөлді жердегі өзен аңғарлары мен оазистерде) бір жерге көптеп
шоғырланған.Бір түрге жататын популяциялардың ішінде шекаралары жақсы
байқалатын және керісінше, анық байқалмайтын ареалда тіршілік ететін
популяциялар да болуы мүмкін. Көпшілікке белгілі, астық тұқымдастардың
зиянкесі тасбақалы қандала жұмыртқаны жарып шыққан сон 2,5-3 айдан кейін
дәнді алқаптардан ондаған, жүздеген шақырым жердегі тау етегіндегі
ормандарға ұшып, қоныс аудару басталады. Ол жерде олар келесі көктемге
дейін ағаштардан түскен жапырақтар арасында қыстап шығады. Ұшу ұзақтығы
особьтардың қоңдылығына байланысты. Нәтижесінде қыстап шығатын бір жерде
әртүрлі жерлерден ұшып келетін қандалалар араласып кетеді. Ал көктемгі ұшу
бағыты желдің бағытына байланысты болады. Осыған байланысты үлкен
кеңістікте особьтардың үнемі қозғалуы және бір-бірімен араласуы болып
жатады да жекелеген популяциялардың шекаралары бола бермейді. Сондықтан түр
ішінде популяциялар әртүрлі көлемдегі топтар ретінде кездесуі
мүмкін.Популяциялар арасында жекелеген особьтардың алмасуы ұдайы немесе ара-
тұра болып жатады. Қарғалардың маусымдық көшуі кезінде жас құстардың бір
бөлігі қыстайтын жерінде сол жердегі басқа особьтармен жұп түзіп қалып
қояды.Жекелеген особьтар арасындағы байланыстар бір нәтижеге, популяция
арасындағы байланыстар басқаша нәтижелерге алып келеді. Мысалы, белгілі бір
паразиттің ұзақ уақыт бойы әсер етуі иесінің физиологиялық жағдайының,
ұрпақ шығаруының, өмір сүру ұзақтығының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
Осы түрге жататын популяциялар арасындағы қарым-қатынастар олардың топтық
сипаттарының - санының, жастық құрамының, өлуі мен популяцияның өсу
қарқындылығьшың өзгеруіне алып келеді. Популяциялар арасындағы байланыстар
оларды бүтін бір түр ретінде ұстап тұруға көмектеседі. Популяциялар
арасындағы ұзақ және толық оқшаулану әдетте жаңа түрлердің пайда болуына
алып келеді.Кейбір популяциялар арасындағы өзгешеліктер әртүрлі деңгейде
болады. Ол өзгешеліктер олардың тек топтық сипатына ғана емес, жеке
особьтарының мінез-құлық, морфологиялық және Физиологиялық ерекшеліктеріне
де қатысты болуы мүмкін. Ареалдың әртүрлі бөлігіндегі ақ қояндар бір-
бірімен түсі, дене мөлшері, ас қорыту жүйесінің құрылысы бойынша
айырмашылықтары болады. Мысалы, Ямал түбегіндегі ақ қояндардың аш
ішектерінің ұзындығы Орал тауының орманды далаларындағы өкілдеріне
қарағанда 2 есе ұзын. Бұл қоректену ерекшеліктеріне, қорек құрамындағы
қатты азықтардың мөлшеріне байланысты.Тіршілік орталарының айырмашылықтары
неғұрлым көп және особьтар арасындағы алмасу нашар болса, соғұрлым
популяциялардың бір-бірінен өзгешеліктері көп болады.Генетикалық
біртұтастығына және көбею түріне байланысты популяциялар: панмиктикалық
(айқас ұрықтану), клонды және клонды-панмиктикалық (мысалы, шіркейлерде
партеногенетикалық ұрпақ жынысгы ұрпақпен алмасады) болып бөлінеді.
Популяцияның жыныстық құрылымы– особьтардың жыныстары бойынша ара қатынасы.
Популяциядағы жыныстардың ара қатынасы генетикалық заңдар бойынша
анықталады және оларға орта әсер етеді. Көптеген түрлерде болашақ особьтың
жынысы ұрықтану кезінде хромосомдардың комбинацияларының өзгеруі
нәтижесінде анықталады. Жыныстық белгілерімен тіркескен белгілері көбіне
аталықтары мен аналықтарының морфологиялық, физиологиялық, экологиялық және
мінез-құлықтық айырмашылықтарын анықтайды.
Популяцияның генетикалық құрылымы– особьтардың әртүрлі дәрежедегі
генетикалық әр түрлілігімен сипатталады. Популяция особьтарындағы гендердің
жиынтығын генефонддеп, ал бір организмнің хромосомасындағы бүкіл гендердің
жиынтығын генотип деп атайды. Генетика тұрғысынан, популяция – генотиптер
жиынтығы.
Популяцияның жастық құрылымы особьтардың барлық жас топтарын, оның ішінде
организмнің барлық даму стадиялары мен фазаларын қамтиды. Жануарлар
популяциясында үш экологиялық жасты бөледі: репродуктив алды (өндіруге
дейінгі), репродуктивті (өндіруші) және репродуктив соңы (өндіруден кейін).
Жалпы өмірінің ұзақтығына қатысты әрбір жастың ұзақтығы әр түрде әр қалай
болады. Адамдарда әрбір жас тобына бүкіл өмірінің үштен бір бөлігі келеді.
Көптеген өсімдіктер мен жануарларда алғашқы жас тобы ұзақ болып келеді.
Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі
(екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі;
негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты
организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп
жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар
(ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда
болған.Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд.
жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық
дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның
өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық
жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға
бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып
қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым
организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын
жасуша формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда
болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эволюциялық генетика
Зиянды кеміргіштер Кеміргіштердің жалпы сипаттамасы және экономикалық маңызы
Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторлары
Сабақ түрлерін биология сабақтарында қолдану
Популяциялар генетикасы және эволюциялық генетика негіздері
Эволюциялық ілім пәні бойынша дәріс
Популяциялардың кеңістіктік құрылымы
Эволюциялык идеялар
Насекомдардың басты дұшпаны насекомдар
Экологиялық факторлар және олардың өзара ықпалы
Пәндер