Картогафиялық проекциялар



• 1.1 Картогафиялық проекция
• 1.2 Бұрмалану түрлері
• 1.3 Гаусс.Крюгер проекциясы.Тік бұрышты координаталар.
• 1.4 Қорытынды
• 1.5 Пайдаланған әдебиеттер
• 1.6 Қорытынды
Картогафиялық проекцияларды таңдау және қолдану – сызылатын картаның мақсатына және масштабына байланысты. Өлшеу есептерін шешуге арналған ірі, орта масштабты карталар тең бұрышты проекцияларда, ал жалпы шолу және белгілі бір аумақтар аудандарының арақатысын анықтаушы ұсақ масштабты карталар тең шамалы проекцияларда жасалады. Картогафиялық проекцияларды таңдағанда қарапайым проекциялардан бастап, күрделі проекцияларға көшеді. Картогафиялық проекция теңіз қатынасында, аспан денелерін картаға түсіруде, т.б. ғыл. салаларда да пайдаланылады.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
2. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур.ISBN 978-601-293-170-9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №1
Тақырыбы: Картогафиялық проекциялар.

Орындаған:Жақанов Д.Қ. ГК-407
Тексерген: Аубакирова С.М.

2015 ж.
Кіріспе

Картогафиялық проекцияларды таңдау және қолдану - сызылатын картаның мақсатына және масштабына байланысты. Өлшеу есептерін шешуге арналған ірі, орта масштабты карталар тең бұрышты проекцияларда, ал жалпы шолу және белгілі бір аумақтар аудандарының арақатысын анықтаушы ұсақ масштабты карталар тең шамалы проекцияларда жасалады. Картогафиялық проекцияларды таңдағанда қарапайым проекциялардан бастап, күрделі проекцияларға көшеді. Картогафиялық проекция теңіз қатынасында, аспан денелерін картаға түсіруде, т.б. ғыл. салаларда да пайдаланылады.

Жоспар:
* 1.1 Картогафиялық проекция
* 1.2 Бұрмалану түрлері
* 1.3 Гаусс-Крюгер проекциясы.Тік бұрышты координаталар.
* 1.4 Қорытынды
* 1.5 Пайдаланған әдебиеттер
* 1.6 Қорытынды

1.1 Картогафиялық проекция

Картогафиялық проекция - жер эллипсоидының немесе планетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Картографиялық проекция теориясы - жер элипсоидын қағаз бетінде кескіндеудегі жіберілетін бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді және өте аз бұрмаланумен ғана кескінделетін проекциялауды құру әдістерін қарастырады. Проекциялар ұсақ және орта масштабты карталар жасауға қолданылатындықтан, Жер эллипсоидысы бетінің сферадан айырмашьлығы ескеріліп сфера жазықтығындағы карта белгілі бір радиус R мөлшерінде ғана бейнеленеді. Картогафиялық проекциялардағы меридиандар (λ-const) болған жағдайында)мен параллельдерден (ω=сопst жағдайда) картографиялық тор құралады.
Картографиялық проекция теориясының дамуы геодезияның, астрономияның, географияның, математиканың дамуымен тығыз байланысты. Оның ғылыми негізі Ежелгі Грекияда (б.з.б. 6 -- 1 ғ.) жасалды. Ең көне Картографиялық проекциялар -- жұлдыздар картасын жасауға қолданылған милеттік Фалестің гномондық проекциясы. Картографиялық проекция, б.з.б. 3 ғ-да Гиппархтың, Птолемейдің, б.з. 16 ғ-нда Г.Меркатордың, 17 -- 18ғасырларда Р.Бонның, Д.Кассинидің, И.Ламберттің, Л.Эйлердің, И.Лангранждың 19 ғ-да К.Гаусстың, А.Тиссоның еңбектерінде дамыды. Қазақстанның картографтары В.В. Каврайский, Н.А. Урмаев, т.б. еңбектері Картографиялық проекция теориясын одан әрі жетілдірді.
Сфераның жазықтыққа (қағаз бетіне) жайғанда тең бұрыштық, тең шамалық, тең аралық және ортодромиялық қасиеттері пайдаланылмайды. Кескінделетін аймақтың әр жеріндегі бұрмалануды көрсету үшін төмендегі әдістер қолданылады:
а) карта торының немесе эскизінің әр жерінде бұрмалану эллипсі көрсетіледі; ә) изоколдар (мәні бірдей бұрмалану сызықтары) беріледі;
б) карталардың әр жерінде кейбір сфералық сызықтар (көбінесе, ортодромия "0" мен локсодромия "Л") сызылады. Қалыпты Картографиялық проекцияларды меридиандар мен параллельдердің кескінделуі жағынан жік-телімдеу -- Картографиялық проеклардың тарихи дамуының нәтижесі
Цилиндрлік проекциялар -- меридиандары тең қашықтықпен өтетін параллель түзу сызықтармен, параллельдері меридиандарға перпендикуль түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұлар экватордың не белгілі бір пареллельдің бойындағы ауданды бейнелеуге қолайлы. Теңіз қатынасы карталарын сызуға М е р к атордың тең бұрышты цилиндрлік прое к ц и я с ы қолданылады. Гаусс -- Крюгер проекциясы -- тең бұрышты, көлденең, цилиндрлік
Картографиялық проекциялар -- топографиялық карталар жасауға және триангуляция деректерін өндеуге пайдаланылады. Конустық проекциялар -- параллельдері концентрлік шеңберлермен, меридиандары ортогональдік түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұл проекцияларда бұрмалану бойлыққа байланысты болмайды, сондықтан параллельдер бойымен орна-ласқан аудандарды бейнелеуге қолайлы келеді, сондай-ақ, геодезиялық проекция ретінде де қолданылады.
Азимуттық проекциялар -- параллельдері коңцентрлік шеңберлер, мери-диандары параллельдердің радиустары болып келетін картографиялық проекция. Оларда меридиандардың арасындағы бұрыш тиісті бойлықтардың айырымына тең болады. Азимуттық проекциялардың жеке түріне перспективтік проекциялар жатады.
Жалған конустық проекциялар -- параллельдері концентрлік шеңберлермен, орта меридианы түзу сызықпен, қалған меридиандары қисық сызықпен бейнеленетін проекциялар.
Жалған цилиндрлік проекциялар -- параллельдері параллель түзу сызықтар-мен, орта меридианы осы сызыққа перпендикуль түзумен, қалған меридиандары қисық сызықтармен кескінделетін проекциялар.
Жартылай конустық проекциялар -- параллельдері орта меридианды кескіндейтін түзу сызық бойындағы шеңберлермен бейнеленетін проекциялар. Картографиялық проекцияларды таңдау және қолдану -- сызылатын картаның мақсатына және масштабына байланысты. Өлшеу есептерін шешуге арналған ірі, орта масштабты карталар тең бұрышты про-екцияларда, ал жалпы шолу және белгілі бір аумақтар аудандарының арақатысын анықтаушы ұсақ масштабты карталар тең шамалы проек-цияларда жасалады. Картографиялық проекцияларды таңдағанда қарапайым проекциялардан бастап, күрделі проекцияларға көшеді. Картографиялық проекциялар теңіз қатынасында, аспан денелерін картаға түсіруде, т.б. ғылым салаларда да пайдаланылады.

1-сурет.Калыпты проекция жағдайындағы меридиандар мен параллельдер түрлері:А-цилиндрлік; Б-конустық; Вазимутальдық; Г-жартылай конустық; Д-жалған цилиндрлік; Е-жалған конустық(Т.С.Комиссарова бойынша)
1.2 Бұрмалану түрлері

Әр түрлі Картографиялық проекцияларда қүрылған карталар накты жер бетінің кескінін біраз бұрмалап көрсетеді.
Бұрмаланудың үш түрі болады:
а) бұрыштық картадағы бұрыштар глобустардағы бұрыштарға тең болмайды.
б) аудандық (аудандардың масштабты картаның әр аумағында әртүрлі); в)сызықтық (картаның бір сызығының әрбір нүктесінде масштаб әр түрлі).
Картографиялық проекция бұрмалану сипатына қарай :
Тең бұрышты (конформдық) картографиялық проекцияларға масштаб тең нүктенің орнына ғана тәуелді болады, ал бағытына қарай байланысты болады.Мұндай проекциялардағы бұрмалану эллипстері шеңберге айналды,мыс. Меркатор проекциясы мен стереография проекциясы;
Тең шамалы (эквиваленттік) картографиялық проекцияларда аудандар сақталады: мұндай проекцияларда жасалған карталардағы фигуралардың ауданы осы фигуралардың ауданына пропорционал, ал пропорционалдық коффициенті картаның бас масштабының квадратына кері шама болады. Бұрмалану эллипстерінің ауданы әр уақытта да өзгермейді, тек олардың пішіні мен бағдары жағынан ғана айырмашылығы болады.
Еркін Картографиялық проекциялар тең бұрышты да тең шамалы да проекцияларға жатпайды. Олардың ішінде тең аралық (бас масштабтары бір-біріне тең) және ортодромиялық (шарының үлкен шеңбері- ортодромиялары түзу сызықпен кескінделеді.

1.3 Гаусс-Крюгер проекциясы.Тік бұрышты координаталар.

Біршам.а қыска ара қашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде тікбүрышты жазық координаталар жүйесі пайдаланылады. Бұл жүйеде нүктелердің координаталары, ара қашықтығы және бағыттары арасындағы байланыс аналитикалық геометрияның қарапайым формулаларымен өрнектеледі, мұның өзі есептеулерді айтарлықтай жеңілдетеді. Егер жер беті учаскесінің өлшемі жердің сфералылығын ескермеуге мүмкіндік беретін болса, онда геодезиялық жұмыстар жүргізген кезде тікбүрышты жазық координаталардын шартты жүйесі жиі колданылады, онын координаталар басы еркін таңдап алынады. Осы коорди-
наталар жүйесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франция Республикасының қабырғалық физикалық картасын құрастыру және жобалау
Кеңістіктегі фигураларды жазықтықта салу
Айналдыру әдісі
Проекциялардың жіктелуі мен дамуы
Аксонометриялық проекцияның түрлері
Картографиялық проекциялар және олардың түрлері
Инженерлік сызбаны модульдік технология арқылы оқыту
Қазіргі сызуларға қойылатын талаптар
Туристік карталардың қасиеттері мен негізгі элементтері. Математикалық негіз
Гаусс Крюгер проекциясы.Тік бұрышты координаттар
Пәндер