Азот тыңайтқышы және оның классификациясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ №1
Тақырыбы: « Азот тыңайтқышы және оның классификациясы. Нитрат аммоний өндірісі ».
Оқу пәні: Жалпы химиялық технология
Шифр, мамандық: 5В072000, «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
Орындаған : ХО - 303 тобы, Жұмаханова Г.
Тексерген : аға оқытушы Лебаева Ж. Т.
Семей қ, 2015 ж
Жоспар:
- Азот тыңайтқышы жайлы жалпы сипаттама
- Азот тыңайтқыштары, түрлері, қолданылуы
- Аммоний нитратының өндірісі
- Пайдаланылған әдибеттер тізімі
Азотты тыңайтқыштар - құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы - натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты - (NH4) 2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [(NH4) NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты тыңайтқыштарға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі азотты тыңайтқыштарға карбамид жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады. Ол көмір қышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3= CO(NH2) 2+ H2O. Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі. Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NH4H2PO4) немесе диаммонийфосфат [(NH4) 2HPO4] өндіріледі. Нитрофоска - құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [(NH4) 2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда азотты тыңайтқыштар Ақтаудағы “Каскор” Акционерлік Қоғамында Степногорск кен-химия комбинатында (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында өндіріледі.
Тыңайтқыштар
ең маңызды түрі азот аммоний нитраты, несепнәр, аммоний сульфаты, сулы ерітінділері бар аммиак және басқалар. Азот өмірінде өте маңызды рөл тиесілі өсімдіктер: бұл акцепторлық күн болып табылатын, хлорофилл бір бөлігі болып табылады тірі жасуша құрылысы үшін қажетті энергия және белок. Өсімдіктер болады тек байланған азот тұтынады - нитраттар, аммоний тұздары немесе амидтердің түрінде. Тіркелген азот салыстырмалы түрде шағын сомалар атмосфералық құрылады топырақ микроорганизмдер қызметіне байланысты. Алайда, қазіргі заманғы қарқынды Ауыл шаруашылығы топырақ қосымша қолдану мүмкін емес өнеркәсіптік түптеу алынған азот тыңайтқыштар атмосфералық азот.
Азот тыңайтқыштар өзгешеленеді азоттық қосылыстар (нитраттар түрінде астында, олардың азот мазмұны басқа ерекшеленген ретінде аммоний, амид), () қатты және сұйық фаза мемлекеттік, физиологиялық қышқыл және сілтілік физиологиялық тыңайтқыштар.
Азот тыңайтқыштары, түрлері, қолданылуы
Адамар ғасырлар бойы озінің күнделікті өмірінде қоршаған ортаны, табиғатты игеруде көп тажірибелер жинақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды. Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығы өндірісінің оның ішінде егіншіліктің даму деңгейіне адам баласы 12 мың жыл бойы жан жақты шұғылдану арқасында жетіп отыр. 1980 жылы жер жүзінде ауыл шаруашылығы өндірісінде 107млн Т минералды тыңайтқыштар пайдаланып, әр гектар егістікке 7. 1кг тыңайтқыш енгізіліпті. Бүкіл тыңайтқыштардың шығу тегі, қолданылуы құрамы, алу тәсілі жағынан әр түрлі түрлерге бөлінеді. Олар шығу тегі жағынан минералды, органикалық, органикалық-минералдық және бактериалдық болып келеді. Минералды тыңайтқыштар шығу тегі жағынан анорганикалық заттарды табиғи минералдардан ауадағы азоттан немесе кейбір химиялық заводтардың қосымша өнімдері ретінде алынады. Ал түрлі жағынан азотты, фосфорлы калийлі, кейбір микротыңайтқыштарға (бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобальт т. б) бөлінеді. Шығу тегі, өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтары, көң, фекалий, шымтезек, қаланың қоқсықтары т. б. Құрамында органикалық минералды заттардың озара химиялық және адсорбты байланысты болатын қосылыстар органикалық-минералды тыңайтқыштарңа жатады. Олар органикалық заттарды (шымтезек, көмір, топырақ шірінділері, қоқыс, сланец т. б) минералды қосылыстар мен азоттың, фосфаттың және калийдің тұздарымен, немесе ерітінділерімен өңдегенде алынады. Бактериалды тыңайтқыштарға кейбір препарат құрамындағы бактериялар, бұршақ тұқымдас дақылдардың тамыр түйнектері, топырақтағы азот жинақтайтын (фиксациялайтын ) түзілуі, топырақтың органикалық бөлігінің минералдануына жататын нитригин жатады. Минералды тыңайтқыштар құрамында бір немесе бірнеше қоректік заттар болғандықтан жай және комплексті болып бөлінеді. Жай тыңайтқыштар құрамында бір ғана қоректік заттар болып, бір жақты асер етеді. Ал комплексті тыңайтқыштар құрамында 2-3 немесе одан да көп қоректік элементтер, немесе микроэлеметтер болады. Ал комплексті тыңайтқыштар өндіру тәсіліне қарай араласқан, комбинациялы және күрделі болып келеді. Олардың біріншісін әртүрлі жай, күрделі тыңайтқыштардың майдаланған және түйіршіктелген түрлерін механикалық жолмен араластыру арқылы дайындаса, комбинациялы тыңайтқыштар белгілі технологиялық жүйеде бастапқы заттардың химиялық реакцияларымен алынады. Ал күрделі тыңайтқыштар құрамында бір химиялық қосылыстардың аммофос-диаммофос, калий селитрасы қатарына жатады, бүл әдетте 2 немесе бірнеше элементтер болады. Тыңайтқыштардың сапасы, олардың құрамындағы қоректік заттар, яғни оның ішінде азот жекелеген элемент түрінде қалғандары олардың тотықтары күйінде өрнектеледі. Әр түрлі топырақтарда қолданылған тыңайтқыштар топырақтағы жылжымалы қоректік заттардың мөлшерін ғана көбейтпейді, сонымен бірге топырақтың қасиеттеріне, құнарлығына әсер етіп, оның қышқылдығын өзгертеді. Азот-жер бетіндегі ең көп тараған элемент. Ол табиғатта бос күйінде және қосылыстар түрінде де кездеседі. Ауа құрамының 78 проценті осы газ болса, жер қыртысында 0, 04 процент қосылысқан азот кездеседі, өсімдіктер мен жануарлардың организміндегі азот органикалық қосылыстардан тұрады. Тірі организм азотсыз өмір сүре алмайды, өсімдіктер, жан-жануарлардың денесін құрайтын клеткалар, оның құрамдас бөлігі протоплазма белок заттарынан, немесе құрамында азоты бар заттардан тұрады. Демек, белоксыз тіршілік жоқ, ал азотсыз белок жоқ. Бактериялар арқылы азоттың қосылысқа түсуі өте баяу, қалыпты жағдайда жүзеге асады. Бактериялар азотты ауадан сіңіріп, өсімдіктерге қажетті түздарға айналдырады. Өсімдік топырақтағы азот тұздарын судың көмегі арқылы, басқада тұздармен бірге сіңіреді. Құрамында азоты бар органикалық заттар өсімдіктен жануарларға, одан соң адам ішіру, ыдырау процестерінің нәтижесінде топыраққа қайта оралады. Бірақ өсімдітер мен жануарлардың қалдықтарындағы барлық азот пайдаланбайды. Оның едәуір бөлігі атмосфераға оралады. Азоттың табиғаты осылай бір күйден екінші күйге үздіксіз өтіп отырады. Ол жай ғана күрделі белоктардың, өсімдік клеткасының цитоплазмаларының және нуклеин қышқылдары құрамына кіріп организмдердегі заттардың алмасуында басты рөл атқарады. Сонымен бірге хлорофилл, фосфатидтер, алколлидтар, ферменттер т. б органикалық заттардың құрамында болады. Азотты тыңайтқыштарды жеткілікті нормада қолданғанда организмдердің тіршілігі біраз уақыт ұзарып, қуатты сабақтары мен жапырақтары жақсы дамиды, әр жақсы түптенеді. Мұның өзі өнімнің жоғарлауына, белоктың кобеюіне жақсы әсер етеді. Азоттың топырақтағы кездесетін негізгі түрлері - органикалық қосылыстар 94-95 процент, аммоний қосылыстарының формалары түрінде және алмаспай жинақталған сазды минералдардың 3-5 процент құрамында болады. Ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы дақылдарын бір жерге еге беру азоттың жалпы қоры мен топырақтың құнарлығын кемітіп жібереді. Табиғи жағдайларда топырақтағы азот қорын көбейтудің жолын атмосферадағы азоттың пайдалануынан да іздестірген жөн. Әр гектар жердін үстінде 80 мың тонна азоттың болатыны анықталады. Осы молекуляры азот бос күйінде болғандықтан өсімдіктер ішінде оны бұршақты дақылдардан басқасы пайдалана алмайды. Табиғи жағдайларда топырақтағы азот қоры екі түрлі жолмен толықтырылады. Өзара байланысатын азоттың кейбір түрлері (аммиак, нитрат) найзағай ойнағанда, оның үстіне жауған жауын-шашынмен бірге әр гектар жерге 3-5кг келіп түседі. Ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылатын тыңайтқыштардың тиімділігі белгілі нормаларда, қатынаста болуы қажет. Осыған орай азотты тыңайтқыштардың артық қолданылуы дақылдардың жатып қалуын көбейтіп, пісуін кешіктіреді, өнім құрамында нитраттарды нормадан тыс асырып су қоймалары мен жер асты суларын ластайды. Осыған байланысты азотты тыңайтқыштарда көп қолданатын жекелеген шаруашылықтар мен аймақтарда олардың ерігіштігін төмендету қажет. Азотты тыңайтқыштар 4 группаға бөлінеді. а) нитратты тыңайтқыштар тотықтанған азот қосылыстары түрінде азот қышқылының тұздары болып саналады, оларға натрий, кальций селитралары жатады. б) аммиакты тыңайтқыштарға азот катионымен қышқылды қалдықтардың қосылыстарымен(амоний сулъфаты, хлорлы амоний, сусыз сулы аммиак) жатады. в) аммиакты-нитратты азотты тыңайтқыштарға аммиак селитрасы, аммиакаттар жатады. г) аммидті тыңайтқыштар құрамында амид формалары бар мочевина, калъцийдің цинамиттері жатады. Нитратты тыңайтқыштар. Бұл тыңайтқыштарға натрий және калъций тұздары жатады. Әсіресе Чили селитрасы көп уақыт табиғи жағдайларда өндірілп келеді. Оның табиғи қорының таусылуына байланысты қазіргі кезде аммиакты тотықтыру арқылы алынады. Суармалы жерлерде егілетін күріш, мақта т. б. дақылдарға қолданатын селитралар тиімділігі тыңайтқыштарға қарағанда онша көп болмайды. Аммиакты тыңайтқыштар. Бұл тыңайтқыштар өндірісі нитратты тыңайтқыштарға қарағанда күрделі емес(аммиакты азот қышқылына тотықтырып керегі жоқ), ал аммоний сулъфаты бұрын тас көмір құрамындағы 0, 5-1, 5 азоты бар қосылыстардан алынып келеді. Қазақстанның және Орта Азияның қарақоңыр, сұр топырақтарында аммоний сулъфатының әсері топырақта қышқылды орта туғызбайды. Сондықтан олардың қышқылдық орта туғызбауынан зиянды жақтары кездеспейді әрі қолдануға болатындығы анықталды. Сондықтанда бұл тыңайтқыштар жерді жыртар алдында, күзде немесе көктемде беріледі. Олардың тиімділігі топырақтың қышқылдық және буферлік дәрежелеріне және дақылдардың түрлеріне қарай анықталады. Мысалы, қышқылды топырақтарда қолданылатын әк және фосфорит ұнынан кейін берілген аммиакті тыңайтқыштардың тиімділігі жоғары болады. 1ц аммоний 1. 3ц көмір қышқылы, калъцийді қанықтырып, бейтараптайды. Топырақтың қышқылды ортасына төзімділігі жоғары дақылдарға сұлы, күздік қара бидай, картоп аммоний сулъфатының туғызған қышқылдағы әсері етпейді, ал қара, сұр топырақтар негіздерге қаныққан, бейтарап болса, қолданылған аммоний сулъфаты натрий нитратына қарағанда төмен болмайды. Күздік бидайға нитратты немесе аммиакты -нитратты тыңайтқыштарды үстеп қоректендіру, ал суармалы жерлерде аммиакты тыңайтқыштарды қолдану жақсы нәтиже береді. Сұйық аммиакты тыңайтқыштар. Азотты тыңайтқыштардың аса қатты түрлерімен бірге сұйық түрлері де кездеседі. Құрамында 82. 3 процент азот бар сусыз аммиакты арнаулы болатын жасалған жабық цистерналарда сақтайды. Топырақтың қатты бөлігінің аммиакты бойына сіңіру олардың механикалық құрамына, қарашірікке, ылғалдылығына, оларды қолданудың тәсілдері мен тереңдігіне байланысты болады. Мысалы, ауыр органикалық заттарға бай топырақтар жеңіл, оларды қолданудың тәсілдері мен тереңдігіне байланысты болады. Мысалы, ауыр органикалық заттарға бай топырақтар жеңіл, қарашірігі аз топырақтарға қарағанда аммиакты жақсы сіңіреді. Ал құмдақ топырақтарда аммоний тұздарының түзіліуі баяу жүреді. Сондықтанда жеңіл топырақта аммиакты бойына шамалы уақыт ішінде сақтайды және тез арада ұшып кетеді. Топырақ ылғалы жоғары болса олда соғұрлым ұзақ сақталады. Аммиак суы екі сортта шығарылады, бірінші сорт құрамында 20. 5процент азот (25 процент аммиактын судағы ерітіндісі), екінші сортында 16. 4процент(20 проценттік аммиак ерітіндісі) . Олардың жерге сіңіруді арнаулы машиналармен ауыр топырақтарда10-12см, ал жеңіл топырақтарда14-18см тереңдіктерде жүргізу керек. Мұндай жолмен енгізілген тыңайтқыштар ұшып кетпейді. Жалпы тыңайтқыштарды біркелкі шашылуын реттеуде егіс алқаптарының қатар аралықтарын өңдеу жұмыстарымен ұштастыру басты рөл атқарады. Аммиакты-нитратты тыңайтқыштар. Бұл тыңайтқыштарға азот қышқылы аммонийдін тұзы жатады. Аммиак селитрасы ылғалды жақсы тартады әрі тез қатып қалады. Шашылу қасиеті дн төмендейді. Бұл жағдайда болдырмау үшін фосфориттің сұйығының, гипс каолитін т. б. аздап араластырып қосады. Мұның өзі аммиак селитрасын ыдыратпайды, тыңайтқыштардың түрлері аздап сарғыш түсті болады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz